Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shmkt.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
475.65 Кб
Скачать

52.Герман империясының 1871 ж. Конституциясы.

Бұл конституция бойынша Германия федерацияға ауысты. Оның құрамына 22 монархия (4корльдік, 18герцогтіктер мен графтіктер) 3 қала Любек, Бремен, Гамбург кірді. Бұл конституция бойынша Германия сыртынан парламенттік монархия болғанымен, неміс халқы Пруссия юнкерлері әрекетінен ең реакциялық топтың үстемдігін сезді, бұл имперлік конституция мемлекттердің шиеленіскен және шатысып қалған құқықтық тәртібін бір арнаға келтіре алған жоқ. Ол халықтың өкілдігін одақтық мемлекетте теңестіре алмады, сословиелік айырмашылықтар мен айрықша құқықтарды жойған жоқ. Сондықтан да германдық империя полицейлік бюрократтық империя болды. Жетекшілік жағдайда Пруссия астана етіліп Берлин қаласын бекітті. Бұл герман федерациясының ерекшеліктері өте көп еді. Жалпы федеративтік органдардың билігі өте күшті, ал субьектілердің құқықтары бір біріне тең емес болатын. Германияда жалпы империялық әкімшілік болған жоқ, қабылданған жалпы заңдардың орындалуы империя мүшелерінің қолында болды. Бұл конституция Германияның солтүстік одақтың конституцияна ұқсас. Бірақ король бүкіл федерацияның басшысы емес, ол мұрагерлік монарх. Федерация субьектілерінің саны көбейді. Бұл федерацияға Эльзас және Лотарингия кірді. Эльзас пен Лотарингия Германияның құрамына ерекше империялық аудан ретінде кірді. Оларды орталыұтан тағайындалған обер президент басқарды. Германияның жылғы конституциясының түзетулері өте жеңіл жасалған. Ол үшін рейхстаг және бундесраттың шешеімі керек болды. Бірақ бұл түзетулерді жою үшін Одақтық кеңесте он төрт дауыс болуы шарт. Бұл конституция Германия үшін жақсы прогрессивтік өзгерістер алып келді. Бұл өзгерістер орталық федеративтік биліктің күшеюімен байланысты.

Бундесрат одақтық кеңес парламенттің жоғарғы палатасы, уәкілдер корпусы оның мүшелері өз мемлекеттеріндегі өкімет өкілдері олар арнайы императордың жаңына жіберілген. Бундесратта елу тоғыз болады, олардың он тоғызы Пруссиядан жіберілген еді. Кейінірек олардың саны алпыс бірге жетті. Бірақ Пруссия бұрынғыдай он тоғыз мүшесін жіберіп тұрды. Бұл мемлекеттік орган неміс ұлтының егемендігін көрсететін әрі әкімшілік сот және заң шығару функцияларын атқаратын орган болатын. Оны атқаратын функциялары Рим мемлекетіне өте ұқсас. Ол басқа органдарға берілмеген функцияларды атқарады. Бұл герман империясының ең маңызды органдары еді.

Рейхстаг 397адам сайлауына бәрі қатысатын. Сайлау тікелей және құпия өтетін. ІЗІ мың адам бір депутатты сайлайды. Барлық депутаттардың 236 Пруссиядан сайлайтын. Рейхстаг үш жылға сайланады, сайлауға 25 жасқа жеткен ер адам қатысады. Рейхстаг мәжілістеріне император шақыртылады. Ол жылына бір шақыртылып қызметін ашық істеуге тиісті.

53.Германияның 1900ж. Азаматтык зандар жинағы

Рим құқығының ең күшті ықпалы тиген кодекс ГАЖ. Оның бірінші кітабы 7 бөлімнен тұрады. Оларда тұлғалар, жеке адамдар, занды тұлғалар, зан келісімдерінің жағдайлары туралы және заттар,зандық істер, әрекет қабілеттілігі туралы айтылған. Заңды тұлағалар одақтар және мекемелер болып бөлінеді.

Екінші кітабы міндеттемелер. Міндеттемелер заттардан бурын айтылған.

Үшінші кітабы заттар құқығы. Жеке меншіктің иесі өзінің заттарына не істесе де құқықты. Оның құқықтары шектелген жіне шектелмеген құқықтарға бөлінеді.

Төртінші кітабы неке нормалары туралы. Некеге әйелдер 16, ер адамдар 21 жасқа толғанда тұратын, некеге тұру үшін тек әкенің келісімі керек. Некесіз туған балалараға келісімін шешесі береді.

Бесінші кітабы мұрагерлік құқық. Мұрагерліктің заң және өсиет бойынша. Заңды мұрагерлік алдында екі мақсат кояды: жеке меншік тек жеке адамдардың, туысқкандардың қолында қалу керек жіне жеке меншік ыдыралуға тиіс. Бұл ірі кодекс өзінің заманына сәйкес болғанын заңды тұлғалар туралы айтылғанынан байқаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]