Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shmkt.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
475.65 Кб
Скачать

37.Хүіі ғ. Ағылшын революциясы кезеңіңде шығарылған заңдар: 1628 ж. Құқық туралы петиция, 1641 ж. Үш жылдық акт, 1641 ж. Ұлы ремонстрация.

Англияда конституциялық монархия құрылды.Оның негізін құрған конституциялық актілерге 1628 ж. Құқық туралы петиция, 1641 ж. Үш жылдық акт, 1641 ж. Ұлы ремонстрация жатады.

Карл Бірінші 1628 жылы парламент мəжілісін шақырды. Парламент оның қолына "Құқық туралы петиция" деген актіні ұстатты. Бұл құжатта Англияның бұрыннан келе жатқан еріктері мен əдеттері, парламенттің құқықтары туралы айтылған.

Бұл петицияның 1-бабында Эдуард Бірінші жəне Эдуард Үшінші корольдердің XIII ғасырда алынған заңдарына сүйеніп, ешқандай салықты король парламенттің келісімінсіз сала алмайды делінген. Соңғы уақытта заңға қайшы салықтар болды. Оларға парламент рұқсат еткен жоқ 3,4- баптарында Еркіндік Ұлы Хартиясы бойынша Англияның бір де бір адамы сотсыз құқығынан айырылуға, түрмеге қамалуға, жерден айырылуға, жауапқа тартылуға тиіс емес.

5 - бабында Жұлдызды палатаның қызметі заңды емес делінген. Бұл ерекше трибунал саяси қылмысты істерді қарайтын. Басқа дінге қарсы істерді ерекше сот органының "Жоғарғы комиссиясы" қарайтын. Бұл екі сот та корольдің қолында болды. Бұлар Еркіндік Хартияның бостандықтарына қайшы еді.

6 - бапта солдаттар мен матростардың жеке адамдардың үйлерінде тұруы ежелгі əдеттерге қарсы деп көрсетіледі. Бұл жағдай ел заңдарына қайшы болатын.

7 - бапта солдаттар мен матростарды əскери жағдайдың соттарымен соттаудың дұрыс еместігі айтылған. Бұндай жағдай тек соғыс кезінде қолданылуға тиісті. Бұл заңға жəне елдің салтына қарсы енгізілген, ал осы уақытта нағыз қылмыскерлер бос жүреді.

8,9- баптарда өлім туралы көптеген бұйрықтардың нəтижесіз қалып отырғаны айтылған.

10 - бапта осы тоғыз бапта айтылған талаптардың бəрін бірге түйіндеп корольдің алдына қою принципі бар. Парламент Ұлы Еркіндік Хартиясының баптарын корольдің есіне салып дəлелдеген болатьін. Бірақ король парламенттің айтқан талаптарына көңіл бөлген жоқ. Парламент бұған наразылық білдіргеннен кейін король парламентті таратып жіберді. Ол 11 жыл парламентсіз мемлекетті басқарды. Парламенттің басқарушысы Тауэр түрмесіне қамалып, сол жерде қайтыс болды.

1641 жылы парламент Үш жылдық акт деген заңды қабылдады. Бұл заң бойынша парламенттің екі мəжілісінің арасындағы үзіліс үш жылдан кем болуға тиісті емес. Король парламенттің мəжілісі басталғаннан кейін оны 50 күн тоқтата алмаған болатын. Сөз бостандығы туралы заң қабылданды. Англияда буржуазиясының арқасында абсолюттік монархия орнына шектеулі монархия құрылды. 1641 жылдың аяғында парламентте корольге қарсы көтеріліске шығуды қауіпті деп есептейтін мүшелер кобейді.

1641жылдың аяғында парламент корольге Ұлы ремонстраңияны берді. Парламент бұл заңды соғысып қабылдады дегенмен, король оны қабылдаған жоқ. Бұдан кейін парламент корольге 19 баптан тұратын ұсыныс енгізді. Бұл талаптарда корольдің билігін шектеу туралы айтылған болатын. Бірақ король бұған да көңіл аударған жоқ. Ал 1642 жылы король мен парламенттің арасында ашық шиеленіс басталды. Король өзі бұрыннан келе жатқан əдеттерді бұзып, парламентке оппозицияның өкілдері қамауға келді. Бірақ олар тығылып, ұстатқан жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]