- •Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихының пəні, əдісі жəне оның заң ғылымдары жүйесінде алатын орны.
- •Ежелгі Египеттегі орталық жəне жергілікті басқару.
- •Ежелгі Вавилон халқының құқықтық жағдайы. Құлдық жəне оның ерекшеліктері.
- •Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы. Орталық жəне жергілікті басқару.
- •Хаммурапи заңы бойынша қылмыс жəне жаза. Талион жəне композиция. Сот ісін жүргізу.
- •Хаммурапи заңы бойынша неке, отбасы жəне мұрагерлік.
- •Ежелгі Үндістан халқының құқықтық жағдайының ерекшеліктері: Варналар жүйесі. Құлдық.
- •Ежелгі Үндістанның мемлекетік құрылысы. Орталық жəне жергілікті басқару. Сот жүйесі.
- •Ману заңдары бойынша қылмыстық құқық жəне сот ісінің жүргізілу тəртібі.
- •Ежелгі Қытайда мемл және құқықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •Афиныда мемлекеттің пайда болуы. Тезей реформалары.
- •Ежелгі Афиныдағы Солонның және Клисфеннің реформалары.
- •Ежелгі Спартаның қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •Римде мемлекеттің пайда болуы. Патрицийлер мен плебейлердің күресі. С.Туллийдің реформасы.
- •Рим республикасының мемлекеттік құрылысы. Сенат жəне магистраттар.
- •Империя кезеңіндегі Римнің қоғамдық-саяси құрылысы. Принципат жəне доминат.
- •3.Затты сақтау шарты.
- •4.Тасу ж/е көшіру шарты.
- •Меровинг жəне Каролинг монархиялары тұсындағы франктардың мемелекеттік құрылысы.
- •Францияның абсолюттік монархия кезеңіндегі мемлекеттік құрылысы.
- •Франциядағы мемлекетті орталықтандыру процессі. Людовик іх-ның реформалары.
- •Сеньориалдық монархия кезеңіндегі Францияның қоғамдық-саяси құрылысы. Сословиелердің қалыптасуы.
- •Салийлік правда бойынша қылмыстық жəне неке-отбасылық құқық .
- •Нормандықтардың жауап алуы жəне оның хі-хіі ғғ. Англияның қоғамдық құрылысына тигізген əсері. Генрих іі-нің реформалары.
- •Ағылшын феодалдық құқығының ерекшеліктері. Жалпы құқық жəне əділеттілік құқығы.
- •Абсолюттік монархия кезеңіндегі Англияның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері.
- •Феодалдық Германиядағы қылмыстық құқық жəне кылмыстық іс жүргізу. 1532 ж. Каролина.
- •Германия феодалдық мемл/ң п.Б мен дамуының ерекшеліктері. Герман ұлтының қасиетті Рим империясы.
- •Германиядағы сословиелік-өкілдік монархия. Рейхстаг жəне ландтагтар.
- •Ерте феодалдық орыс мемлекетінің қалыптасуы: қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Орыс правдасы.
- •Ерте феодалдық Орыс мемлекетінің пайда болуы. Қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •Ерте феод/қ Орыс мемл/де құқықтың дамуы. Орыс правдасы
- •34.Араб халифатының пайда болуы. Теократиялық монархия.
- •35.Мұсылман құқығының қайнар көздері.
- •36.Мұсылман құқығы бойынша неке-отбасылық жəне мұрагерлік қатынастарды реттеу.
- •37.Хүіі ғ. Ағылшын революциясы кезеңіңде шығарылған заңдар: 1628 ж. Құқық туралы петиция, 1641 ж. Үш жылдық акт, 1641 ж. Ұлы ремонстрация.
- •38.Хүіі ғ. Соңы - хүііі ғ. Бас кезіндегі конституциялық актілер (Хабеас корпус акт, Құқық туралы билль, Тақ мұрагерлігі туралы заң). Англияда конституциялық монархияның қалыптасуы.
- •40.Англиядағы 19 ғасырдағы сайлау реформасы.
- •41.Тəуелсіздік үшін соғыс жəне ақш-тың 1776 ж. Тəуелсіздік Декларациясы.
- •42.Құқық туралы билль – ақш Конституциясына енгізілген алғашқы 10 түзету.
- •43.1787 Жылғы Конституция б/ша ақШтың мемл/к құрылысы.
- •45.20Ғ 1 жартысында ақш мемл/ң дамуы. Рузвельттың жаңа бағыты.
- •46.18 Ғ Ұлы Француз буржуазиялық революциясы. 1789 ж Адам және азамат құқықтарының Декларациясы. 1791 ж Конституция.
- •47. Наполеон Бонапарттың төңкерісі ж/е республиканың 8-ші жылының Конст/сы.(1799ж)
- •48.Якобиндіктердің революциялық актілері. 1793 ж. Конституция.
- •49.Францияның 1804 ж. Азаматтык Кодексі.
- •51.Франциядағы Төртінші ж/е Бесінші Республикалар
- •52.Герман империясының 1871 ж. Конституциясы.
- •53.Германияның 1900ж. Азаматтык зандар жинағы
- •54.Германияда нацистік партияның билік басына келуі. Нацистік Германияның 1933-34 жылы шығарған негізгі заңдары.
- •55.Германиядағы 1919 жылғы Веймарлық Конституция.
- •56.Италияда 1919ж фашистік партия диктатурасының заңды түрде орнауы.
- •57.1889Ж. Конституция бойынша Жапонияда формасы жағынан конституциялық, ал мазмұны жағынан абсолюттік монархия орнағандығын дəлелдеңіз.
- •58.Жапонияның 1947 ж Конституциясы.
- •59.Қытайдағы 1911 жылгы революция. Маньчжур билігін құлату және республиканы жариялау.
- •60.Хх ғасырдың екінші жартысындағы Қытай мемлекеті. 1954 жылғы Конституция. Үлкен секіріс және Мәдени революция.
Ерте феодалдық орыс мемлекетінің қалыптасуы: қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Орыс правдасы.
Шығыс славян тайаларының жерінде құрылған мемлекет “Русь” деп аталады.ІХ ғасырдың басында шығыс славян тайпалары екі мемлекеттік одақ құрды.Біріншісі-полян тайпаларының одағы,астанасы-Киев қаласы,екіншісі-солтүстікте Ильмен көлінің маңындағы кривич және басқа тайпалар одағы.ІХ ғасырдың екінші жартысында “ 862 жылы Шығыс славян тайпалары өздерін басқару үшін Скандинавиядан Рюриктер тегінен шыққан кінәздерді шақырды.Рюриктерді шақыруының себебі,біріншіден,сол кездегі Еуропада үстемдік жасап отырған викинг тайпасына тойтарыс беру үшін болса,екіншіден,Ильмен көлінің бойындағы тайпалар арасындағы бақталастықты жою үшін” деп жазады сол кездегі жылнамаларда.
ІХ ғасырдың соңында Рюриктің туысы Олег полян тайпасының астанасы Киевті жаулап алады.Киев кінәздері Аскольд пен Дирді өлтіріп,882 жылы древлян,северян және радимичтер тайпаларын бағындырды. Кінәз Олег Киев жерін 33 жыл бойыбасқарды.Днепр өзенінің орта ағысында славян тайпаларын бағындырып,мемлекет құрды.Рюриктің баласы Игорь Олегтен кейін Киев Русі мемлекетін басқарды.Кінәз Игорьден бастап орыс тұқымдары Рюриктен шыққан деп саналады.
945 жылы Игорьді древлян тайпалары салық жинау кезінде өлтіреді.Игорьдің жесірі Ольга кейіннен древляндардан күйеуінің кегін алады.Игорьдің баласы Святославтың (945-972)тұсында Киев Русінің қуаты артады. Әскери жорықтар жасап,көрші тайпаларды бағындыру арқылы мемлекеттің жері кеңейеді.Бірақ Киев кінәздігінде бақталастық күшейіп,Святославтың екі баласы Ярополк пен Олег бірін-бірі өлтіріп,Киев Русі тағына кіші баласы Владимир отырады.
Владимир 980-1015 кезінде Орыс мемлекеті құрылып,күшейе бастайды.Владимир кезінде Киев Русі мен Византия арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар дамыды.988 жылы Киев Русі Констанинополь шіркеуінен христиан дінін қабылдады.Христиан дінін қабылдағаннан кейін Киев Русінің халықаралық беделі өсе түсті.Славян алфавитінің қабылдануы жазба ісінің кең қолдануына және Византия,Ұлы Моравия,Болгар шіркеулерімен байланыстар күшейіп,орыс,украин және белорус халықтарының қалыптасуына жол ашты.
Киев Русі мемлекетінің астанасы ежелгі Киев қаласы.Оның іргесі осыдан 1,5 мың жыл бұрын қаланған.
Ұлы кінәз Ярослав Мудрый Орыс мемлекетінің нығайып,гүлденуіне негіз қалады.Еділ бойында Ярославль қаласын салдырады.Мемлекет жері кеңейедң.ХІ ғасырда ол солтүстік-батыста Ладога және Онега көлдерінен оңтүстікте Қара теңіз жағалауына дейін,Дугнай сағасына ,Карпт бойынан Дон өзенінің бас жағына,Еділ өзеніне дейінгі кең-байтақ жерді алып жатты.
Ярослав Мудрый Орыс мемлекетінің сыртқы саясатын дамытты.Орыс саудагерлері Еуропа,Шығыс елдерімен сауда қатынастарын жасап отырды. Киев қаласы сауда орталығына айналды. Орыс тауарлары Бағдад,Александрия,Хорезм қалаларында сатыла бастады.Балқан түбегіндегі Сербия және Болгария,Чехия мен Словакия,Польша мемлекеттерімен мәдени және сауда қатынасы жасалды.
Ежелгі Орыс мемлекетінің дамуы.Қазіргі орыс,украин және белорус халықтарының мәдениеті ежелгі Киев Русі мемлекетінің мәдениеті негізінде қалыптасқан.Шығыс славян тайпаларының рухани мәдениеті күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.Рухани мәдениетке жазу,жылнамалар,сәулет,сурет және қолөнер жатады.Рухани мәдениет халықтың материалдық мәдениеті негізінде қалыптасады. Ертедегі шығыс славяндар шаруашылығы материалдық мәдениеттің дамуына жол салды.Ежелгі Русь мемлекетінің мәдениеті шығыс славян тайпаларының дәстүрлі мәдениетінің негізінде ,оның ішінде туыс оңтүстік және батыс славян тайпаларымен тығыз байланыста дамып,жетілді.Владимир тұсында Киев Русіндегі аса маңызды оқиға 988 жылы христиан дінін қабылдауы болды
