Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KRMKT wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

23.Әмеңгерлiк.

Адатта ерекше әмеңгерлік институты болды. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан соң күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуы тиіс болды. Бірінші кезек өлген ерінің аға інілеріне берілді. Әмеңгерлік жолымен ерге шыққан әйелдер көбіне жаңа күйеуінің некінші не үшінші әйелі болатын.Кей жағдайларда жесір әйелдің өзінен жасы кіші әмеңгерге шығуы да кездесті.Мұндай жағдайда ол күйеуіне екінші жас әйел әперуге келісім берді. Әйел құқығының ең бiр ерекше тұсы әмеңгерлiк институтынан байқалды. Егер әйелдiң күйеуi қайтыс болса, ол жесiр ретiнде қайтыс болған күйеуiнiң ағасына, не iнiсiне тиедi. Қайтыс болған адамның дүние мүлкi әмеңгерге көшедi. Әмеңгерлiк сондай-ақ қайтыс болғанның туған ағасы болмаса ағайындарына да ауыса беретiн. Егер жесiр әмеңгерлiкке көнбей, күйеуге тигiсi келмесе, ол өз отбасындағы мүлiкке бала-шағалары ер жеткенше иелiк еттi.

24-25.Әдет-ғұрып құқығындағы мұрагерлiк құқығы. Мұрагерлiк тәртiбi.

Қазақтың әдет-ғұрып салтындағы мұрагерлiк құқы қолданылды. Қазақ отбасындағы мүлiк пен малдарды оның балалары, ағайындары немесе ең жақын туыстары, сондай-ақ әйелiнiң туысқандары мұрагер ретiнде алып қала алатын. Жесiр мұрагер ретiнде мұраның 1/8 бөлiгiн, күйеуге шықпаған қызы ұлға бөлiнген үлестiң жартысын алатын. Сондай-ақ мұраның бiр түрi ата мұрасы деп аталды. Бұл қазақ үшiн ең тиiмдi жол едi. Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет түрінде жасалады. Мұра ретінде мал, қыстау, үй жай, ақша, жесір қалдырып отырған. Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның жақын туыстарының бірі оның әйеліне үйленіп балаларын қамқорлығына алады да ма мүлкіне заңды түрде иелік етеді. Өлген адамның артында бала болмаса, жесірі мен мал мүлкі әменгерлікке өтеді. Адат әке мұрасын әділ бөлуге, осы негізде балалар мен туыстар арасында алауыздық тумауға ерекше көңіл бөлген.

26-27.Әдет-ғұрып құқығындағы меншiк құқығы. Меншiк түрлерi.

Қазақ құқығындағы меншiк қатынастары ХIХ ғасырға дейiн ру және қоғам, қазақ хандары мен билерi меншiгiндегi әдет-ғұрып құқығы арқылы анықталды. Мысалы, жайлаулар формальды-заңды түрде жерге ие адамдардың меншiгi ретiнде саналды. Ал, XVIII ғасырдан бастап кейбiр қыстаулар феодалдардың жеке меншiгiне көштi. Кең байтақ кеңiстiкте көшiп жүретiн малшылардың жерге қатынасы екi түрде дамыды. Бiрiншi жайлауларды иелену құқы және екiншiсi бос немесе иесi жоқ жайлауларды басып алу. Хандар, ханның руластары ең құнарлы жерлердi иелендi (сұлтандар, билер, ру басшылары, ауыл ақсақалдары). Қазақтың әдет-ғұрып құқығында кейбiр дау-дамайлар төмендегiдей шешiлдi. Егер жерге екi адам таласса, оның бiрi сұлтан, екiншiсi жай қазақ болса, онда жер оның алдыңғысына берiлдi. Ендiгi бiр жағдайда жерге таласушылардың бiрi би, екiншiсi бiр рудағы ақсақал болса, онда ол жер соңғысына бұйырды. Ал, жерге таласушылардың екеуi де қарапайым адамдар болса, онда ол жер әлгi екеудiң үлкенiне бұйырды. Меншiктiң екi түрi болды. Оның бiрiншiсi — мал, екiншiсi — мүлiк деп аталды. Малға таңба салынды. Жеке меншiк мал жеке меншiктiң негiзгi объектiсi болып саналады. Оған жасалатын қылмыстың ең басты қатерлiсi — барымта. Ал жермен айналысатын Жетiсу және Сырдария өңiрiнде феодалдар меншiгiнде құдықтар және сирек кездесетiн су көздерi болды. Қазақ әдет-ғұрып заңы (адат) бойынша меншiк шарттары көп жағдайда рулық немесе ауылдағы қоғамдық қарым-қатынастар арқылы жүргiзiлдi. Оның тағы бiр ең жақсы, бүгiнгi тiлмен айтқанда демократиялық бағыт-бағдары ағайындық қарым қатынастан анық байқалды. Оның түрлерi малды қарызға беру. Қарыз алушы мен қарызға берушi арасында кепiлдiк жүрдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]