- •1.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының пәнi.
- •2.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының кезеңдерi.
- •3.Әскери демократияның түсiнiгi.
- •4.Үйсiн, қаңлы және ғұндардың әскери-демократиялық одағы
- •5.Батыс-түрiк қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы.
- •6.Түрiк қағанатының құқығы .
- •7.Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық саяси құрылысы
- •8.Қарахан мемлекетiндегi "Ихта" институты мен "Комендация" институтының түсiнiгi.
- •10.Шыңғысхан жасасы бойынша қылмыс пен жаза жүйесi .
- •11.Ноғай Ордасының саяси құрылысы .
- •12.Қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуы.
- •13.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Негiзгi таптары мен әлеуметтiк топтары.
- •14.Қазақ хандығының саяси құрылысы.
- •15.Хандар мен сұлтандардың қолындағы мемлекеттiк билiк.
- •16.Билердiң,батырлардың ж/е ақсақалдар/ң қолындағы билiк ж/е олардың құқықтық мәртебелерi
- •17.Билер кеңесi .
- •19.Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы демократиялық пен iзгiлiк.
- •21.Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы неке және отбасы құқығының негiзгi институттары.
- •22.Әдет-ғұрып құқығындағы мiндеттемелiк құқтың ерекшелiктерi .
- •23.Әмеңгерлiк.
- •28.Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық құқығы. Қылмыс пен жазаның түсiнiгi.
- •29. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс пен жазаның түрлерi және оларды саралау.
- •30.Әдет-ғұрып құқығы б/ша сот iсi ж/е сот iсiн жүргiзу. 31.Сот шешiмi/ң орындалуын қам/сыз етудiң әдiсiтері.
- •34.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекетiк-құқықтық салдары мен шарттары .
- •37.Бөкей хандығының құрылуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
- •38.Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуы. Жалпы сипаттамасы.
- •41.1822 Жылғы ереже бойынша сот және сот iсiн жүргiзу .
- •42.1824 Ж. Жарғы бойынша кiшi жүздегi әкiмшiлiк-территориялық құрылыс.Әкiмшiлiк реформалар.
- •43.Кiшi жүздегi саяси дағдарыс 1803 ж. “Обет”.
- •44.1824 Жылғы жарғы бойынша сот және сот iсiн жүргiзу.
- •45.Абылай хан мемлекеттiгiне саяси сипаттама. Абылай ханның реформалары.
- •46.1844 Жылғы ережеге жалпы сипаттама. Сот және сот iсiн жүргiзу.
- •47.1867-68 Ж.“Уақытша ережеге” жалпы сипаттама.Реформа бойынша әкiмшiлiк билiк органдарының жүйесi.
- •48.1867-68 Жж. Реформа бойынша құқық және сот жүйесiндегi өзгерiстер.
- •49.1867-68 Жж. Рефорома бойынша билер сотының атқаратын ролi.
- •50.Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша дәлелдеу жүйесi.
- •51.1891 Ж. “Далалық облыстарды басқару” туралы ереже.
- •52.Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi қазақ әдет-ғұрып құқығындағы өзгерiстер.
- •53.1905-1907 Жж. Орыс буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсері.
- •54.XXғ. Қазақстанның қоғамдық-әкiмшiлiк-саяси құрылымы мен құқық жүйесiндегi өзгерiстер.
- •55.1916 Жылғы көтерiлiстiң себептерi. Жалпы сипаттамасы.
- •56.Сырым Датұлының бастаған көтерiлiсiне құқықтық жалпы сипаттама.
- •57.И.Тайманов көтерілісіне құқықтық жалпы сипаттама.
- •58.Ш.Ш.Уәлихановтың сот реформасы жайында жазба.
- •59.А.Құнанбаевтың “қара сөздерiндегi” құқықтық-саяси көзқарастары.
- •60.Қазақстанда патша үкiметiнiң құлауы. Уақытша үкiмет органдарының құрылуы.
- •61. «Алаш Орда» ұлттық мемлекетінің құрылуы.
- •62. «Алаш» партиясының құқықтық бағдарламасы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
- •63.Қаз.Рев.Ком-ның құрылуы, қызметтерi мен мiндеттерi.
- •64.Хх ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
- •65.Қазақ асср-iнiң құрылуы.
- •66.Қазақ асср-iнiң құрылуы.Оның құқықтық және саяси салдары.
- •67.Қазақ асср-нің «Қалың мал» институтын жою туралы Декреті.
- •68.Қазақ асср-iндегi алғашқы қабылданған декреттер.
- •69. Қазақ сср-нiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация.
- •70. Қазақ сср-нiң еңбекшiлерi құқығының декларациясы.
- •71. Қазақстандағы коллективтендiру. Оның əлеуметтiк жəне саяси-құқықтық салдары.
- •72. Барымта ұғымы жəне жалпы сипаттамасы.
- •73.Рулық өзара көмек институттына жалпы сипаттама.
- •74. Қазақстандағы Қазан төңкерiсi жəне оның жағымсыз кереғар салдары.
- •83.1978 Ж. Қазақ сср-iндегi Конституция. Саяси жүйедегi партияның монополиясы немесе жеке билiгi.
- •87.1993 Ж. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясы.
- •88. 1995 Ж. Казақстан Республикасының Ата Заңы (Конституциясы).
- •89.1990Ж.25 қазандағы «Қазақ сср-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы.
- •90.1991Ж.16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •92.Қ азақстанның 1992 ж. 2 наурызда бұұ-на мүше болуы.Оның құқықтық және саяси салдары.
13.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Негiзгi таптары мен әлеуметтiк топтары.
14.Қазақ хандығының саяси құрылысы.
Қазақ хандығының жоғарғы заң шығарушы билiгi мәслихат немесе құрылтай — сұлтандар мен қауымдастық өкiлдерiнiң съезi болды. Мәслихатқа қатысуға ересек және еркiн ер азаматтардың құқы бар едi. Олар мәслихаттың толық мүшесi болу үшiн өздерiнiң қару-жарақтары болуы керек болатын. Съезд жұмысына халықтың көп бөлiгi жиналатын, сондықтан да кейбiр жазбаларда мәслихатты халық жиналысы деп атайды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Хан мәслихат кезiнде Шыңғыс хан ұрпақтарынан сайланып, ол хандық қызметiн өле-өлгенше атқарды.Сайланған ханды жоғарғы билеушi деп атап, оны ақ киiзбен үш рет көкке көтеретiн. Ханның құзырына төмендегiлер кiретiн: 1.Мемлекеттi сыртқы жаулардан қорғайтын қарулы күзеттi ұйымдастыру.2.Мемлекеттiң сыртқы саяси бағыт-бағдарын анықтау.3.Жоғарғы сот билiгi қызметiн атқару. 4.Қоғамдық құрылысты және түзелген тәртiптi қорғау. Ханның қолында әскери және азаматтық билiк шоғырланды. Хан әскерлердiң бас қолбасшысы болып есептелдi. Мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бiтiм мәселелерiн шештi. Рубасы сұлтандарды тағайындады. Билердi белгiледi. Хан жоғарғы билiктiң сот-төрешiсi болып саналды. Оның құзырына өзiне дейiнгi билер шешiмiне апелляция жасау, әр түрлi ұлыстардың арасындағы дау-дамайларға төрелiк айту кiрдi. Сот iстерiн шешкен кезде хан әдеттегi заң нормаларын басшылыққа алды. Ханнан кейiнгi жоғарғы мемлекеттiк билiк сұлтандардың қолында болды. Сұлтан деген атақ тек Шыңғыс ханның ұрпақтарына берiлдi. Сұлтандар болашақта хан сайлануға құқылы болды.Сұлтандар ханның тапсырмасымен жергiлiктi әкiмшiлiк билiктi жүзеге асырды. Ол ханға тiкелей бағынып, өз иелiгiнде соттық, азаматтық және әскери билiк жүргiзе алды.Билер кеңесi хан бұйрығыменен жиналып, ең күрделi саяси және заңды мәселелердi кеңестiк құзырда шештi. ХҮ-ХҮI ғасырларда бұл органның рөлi оншалықты болған жоқ. Оның құрамына беделдi билер мен қауымдастықтардың өкiлдерi кiрдi. Ол билердiң бiрi хан кеңесшiсi болды. Жалпы, сот құрметтi де жасы келген бiр биден тұрып, ол өзiнiң айналасына алтыға дейiн тұратын билер тобын құрайтын. Хан жанындағы iс-қағаздарды жүргiзетiн кеңсе қызметкерлерi дуан деп аталды.
15.Хандар мен сұлтандардың қолындағы мемлекеттiк билiк.
Хан билiгiнiң күшi ондағы удельдiк басқару жүйесiнiң қаншалықты мықты да қалыпты болуына байланысты болды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Хан мәслихат кезiнде Шыңғыс хан ұрпақтарынан сайланып, ол хандық қызметiн өле-өлгенше атқарды. Тiптi кейде хандар алмастырылып, олар қуғынға түсiп тұратын да кезеңдер болды. Хан сайлауы өткiр саяси талас-тартыспен өтетiн. Кей кезде қарулы қақтығыстар да болып тұратын. Кей кездерi мәслихат екiге жарылып екi не одан да көп хандар пайда болатын. Сондықтан да сайланған ханды жоғарғы билеушi деп атап, оны ақ киiзбен үш рет көкке көтеретiн. Ханның құзырына төмендегiлер кiретiн:1.Мемлекеттi сыртқы жаулардан қорғайтын қарулы күзеттi ұйымдастыру.2.Мемлекеттiң сыртқы саяси бағыт-бағдарын анықтау.3.Жоғарғы сот билiгi қызметiн атқару. 4.Қоғамдық құрылысты және түзелген тәртiптi қорғау.Ханның қолында әскери және азаматтық билiк шоғырланды. Хан әскерлердiң бас қолбасшысы болып есептелдi. Мыңбасыларды тағайындады. Соғыс жариялау және бiтiм мәселелерiн шештi. Рубасы сұлтандарды тағайындады. Билердi белгiледi. Хан жоғарғы билiктiң сот-төрешiсi болып саналды. Оның құзырына өзiне дейiнгi билер шешiмiне апелляция жасау, әр түрлi ұлыстардың арасындағы дау-дамайларға төрелiк айту кiрдi. Сот iстерiн шешкен кезде хан әдеттегi заң нормаларын басшылыққа алды. Пайдаланудағы тәртiптер мен қоғамдық жағдайларды қалыптастыру және оны нығайту үшiн хан өзi бұйрықтар шығарып, тапсырмалар бере алатын. Ол сонымен бiрге салықтардың түрi мен көлемiн белгiлеп, хандықтың әкiмшiлiк құрылымдарын қалыптастырды және олардың басшыларын тағайындады. Ханнан кейiнгi жоғарғы мемлекеттiк билiк сұлтандардың қолында болды. Сұлтан деген атақ тек Шыңғыс ханның ұрпақтарына берiлдi. Сұлтандар болашақта хан сайлануға құқылы болды.Сұлтандар ханның тапсырмасымен жергiлiктi әкiмшiлiк билiктi жүзеге асырды. Ол ханға тiкелей бағынып, өз иелiгiнде соттық, азаматтық және әскери билiк жүргiзе алды.
