Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KRMKT wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

10.Шыңғысхан жасасы бойынша қылмыс пен жаза жүйесi .

«Жасақ» ұрлыққа, өтірікке, көзге шөп салуға тыйым салып, өзгені өзіңдей жақсы көр деп талап қойды. Өз еркімен берілген елдер мен қалаларды қиратуға рұқсат етілмейді. Ола алым салықтан босатылады. Өтірік куә болғаны, сатқыедығы, ұрлық жасағаны үшін өлім жазасы қарастырылады. Шыңғыс хан заңдарында арақ шарап ішудің зияндығы ерекше атап көрсетіліп, ол үшін жазаның түрлері де қарастырылған. Зайыбының көзіне шөп салушы ешнәрсеге қарамай, ол үйленген болсын не үйленбесін өлімге кесіледі.

11.Ноғай Ордасының саяси құрылысы .

Ақ Орда ыдырағаннан кейiн ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстанның батысында — Ноғай Ордасы пайда болды. Ноғай Ордасында, яғни маңғыт ұлысында ұзақ уақыт моңғолдардың әдеттегi құқық нормалары сақталды. Маңғыт ұлысында өзiнiң iшкi сот жүйесi болды. Яғни, билер соты немесе ру соты. Олардың үстiнен ұлыс билерi — мырзалар соты қарайтын. Би-мемлекет басшысы болып есептелдi, ол Едiге әулетiнен шықты. Бидi Үлкен Кеңес — Құрылтай сайлады. Үлкен Кеңеске әскер басылар, рудың таңдаулы адамдары, бастысы Едiге әулетiнiң мырзалары кiрдi. Би болса өзiне көмекшi орган Кiшi кеңестi сайлады. Бидiң жанында қара дуан деп аталатын басқару органы болып, ол шенеунiктiк аппарат ретiнде саналды. Сонымен бiрге аталған орган соттың рөлiн атқарды. Ноғай Ордасы Қазан және Астрахан хандықтарын Ресей басып алғаннан соң, ХҮI ғасырдың ортасында бiрнеше бөлiктерге бөлiнiп, оның Қазақстан территориясында тұратын iрiлi-ұсақты тайпалары Кiшi жүздiң құрамына кiрдi.

12.Қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуы.

ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттiк құрылым - Қазақ хандығы құрылды. Қазақ хандығының пайда болуына бiрден-бiр себеп болған жағдайларды тұтас саяси-экономикалық және этникалық iс-әрекеттерден деп бағалау керек. Оның саяси себептерiнiң бiрi — Ұлы ұлыстың империялық дәстүрi негiзiнде қалыптасқан саяси-құқықтық жүйенiң қоғам өмiрiнде жүйелi түрде дами алмауы болды. Сонымен бiрге Сырдария өзенiнiң бойындағы қалалардың маңызы артып, Жiбек жолы бойындағы халықаралық сауда-саттық дамуы сауда — егiншiлiкпен айналысатын Повольжьеден мал-жер шаруашылығымен айналысатын Қазақстанға көшедi. Сөйтiп, жаңа мемлекеттiң қалыптасу кезеңi басталды. Қазақ хандығының қалыптасуына ерекше ықпал еткен жағдай, ол этникалық процестiң жан-жақты жүруi болды. қазақ хандығының құрылуына байланысты төмендегiнi айтуға болады:1.Керей, Жәнiбек сұлтандардың Шу өзенi аймағына көшiп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын жариялауы болса, немесе сол Керей, Жәнiбек сұлтандардың 1469-1470 жылдары Сарыарқа және Сырдария аймақтарындағы территорияларда өздерiн екiншi рет хан сайлаулары. Тарихи жазбаларға қарағанда мұның екiншiсi Қазақ хандығының құрылғанына бiрден-бiр себепкер болған секiлдi. 2.Қазақ хандығы ХҮ-ХҮI ғасырларда Ұлы ұлыстың бiр ұлысының негiзiнде пайда болып, оның көшпендi ұрпақтарынан өрген және оның мұрагерi ретiнде дамығандығы едi. Ұлыстың территориясы ХҮI-ХҮII ғасырдың басында Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасында бөлiнiп алынды.3.ХҮ-ХҮI ғасырлардағы Қазақ хандығы ХIII-ХIҮ ғасырлардағы Ұлы ұлыс қыпшақтарының тiкелей мұрагерлерi ретiнде өздерiнiң этникалық, мәдени, антропологиялық жағынан еш өзгермеген едi. 4.ХҮ-ХҮIII ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ұйымдасуы Моңғол империясы мен Ұлы ұлыстың мемлекеттiлiктерiнiң моделi ретiнде дамуына негiзгi база болып саналды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]