Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KRMKT wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

6.Түрiк қағанатының құқығы .

Көшпелi түркi қағанатының ел басқару құрылымы үштiк жүйеге негiзделген. Олар қағанатты тардуш (оң қанат), төлес (сол қанат) және iчрекi (орталық) деп үшке бөлген. Түрiк қағанатының негiзгi құқықтық көзi-әдет-ғұрып болған.Қылмыстық әдет-ғұрып құқығының кодификацияланғаны туралы дерекер бар. Көптеген тайпаларда «Храмдарда түрік ережелері бар. Жаза қолданғанда сол ережелерді алады және істі шешеді» . Түрік қағанатында қылмыстық жазаның әртүрі қолданылды. Сатқындық, әскери тәртіпті бұзғаны үшін, қағанға қарсы шыққаны және т.б. жағдайларда өлім жазасы қолданылды. Мал ұрлаған үшін онын құны он есе артығымен төленді. Біреудің көзін шығарып қойған адам оған қызын беруі қахет болды немесе жылқы төледі. Сот билігі қағанның және оның атынан іс жүргізетін бұйрықтар мен тархандардың қолында болды. Сот ашық түрде екі жақты толық жүргізілді. Түрік қағанатары сол кезең үшін дамыған мемлекеттік құрылыс жағдайында өиір сүрді. Оның мемлекеттік апаратында көптеген лауазым иелері қызмет етті.

7.Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық саяси құрылысы

Қарахан мемлекетiнiң басқару жүйесiнде мемлекет басшысы қаған болып есептелді. Одан кейiнгi мемлекеттiк аппараттағы билiк басқышы жеке удельдiктердi билеушiлері болды. Келесi басқыштардағы билiк билiк жүргiзушi династиялардың өкiлдерiнiң қолында болды. Олар хақанның басты кеңесшiсi және удельдiк хандар мен жоғарғы билiктегiлердiң арасын байланыстырушы ұлұг-хаджиб, әскери басшы - сипахсалар, мұсылмандардың рухани басшысы — халиф, бас төрешi — қазы жоғарғы шенеунiктер — жабғу, капуг басшы, торғұл, чигир, инанчбек, сагун, йиркан, йига болды Келесi мемлекеттiк аппарат басшылықтарында югуруштер, туркисиндер, хаджибдер, ялввочтер, қазы-әскерлер болса, бесiншi категориядағы шенеунiктер қатарына сюбашы, пардачи-башы, битукчи, қазынашы, казибек және мухтасибтер болды. Жалпы, барлық шенеунiктердiң тұтастай атын тапұқшы дейтiн. Қарахан мемлекетiнiң аппаратында кеңселiк (канцелярия) жүйе — диван болып, ол әртүрлi мемлекеттiк жүйелер салаларымен байланысты едi. Барлығы 10 диван болған. Жергiлiктi билiк далалық аудандардағы елшi басшы, яғни ел басы, тағы сондай ел басшылары көшпелi қауымдастықтардың әскери-потестардағы билеушiлер болды. Мемлекет бiрнеше iрi және шағын удельдерге бөлiнiп, оны билеушi династия өкiлдерi басқарды. Қазақстандағы құқықтың даму барысында Х ғасыр ерекше бiр кезең болып саналады. Исламды қабылдаған Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан өңiрлерiнде жаңа құқықтық жүйе мұсылмандық немесе шариғат қалыптасады. Шариғат — заңдық нормалардың жиынтығы, әрi iс-әрекет ережесi мен қағидалары болып саналады. Құқықтың негiзгi көзi — Құран мен Сунна. Шариғат бойынша құқықтың төрт түрi болды.

8.Қарахан мемлекетiндегi "Ихта" институты мен "Комендация" институтының түсiнiгi.

Қарахан мемлекетiнiң салық жүйесiндегi ерекшелiгi — ол Ихта институты болды. Жеке тұлғаларға мемлекет беретiн салық жинау құқы солай аталды. Оларды кейде ихтадерлер немесе мүхта дейтiн. Бұл жерде ихтадарлықтарға салық мөлшерiн көтеруге рұқсат берiлмейтiн немесе Ихтал тұрғындарына қысым жасамайтын. Мұндай жағдайлар билеушi династиялар, шенеунiктерге, әскер басшыларына жасалды. Ихтаның кең тараған формасы ихтат-и-хашам - әскери ихта, яғни ихтадерлерге әскери қызмет кезiнде жасалатын жағдай едi. Қарақытайлықтар Ихта институтын қысқартып, салық жүйесiн күшейттi. Сөйтiп, Жетiсу өңiрiнiң тұрғындары жаңа салық үй басына бiр динардан төлейтiн болды. Салық жинаумен мен Гурханның наместниктерi айналысты. ХII ғасырдың ортасында салық саясаты күрделенiп, қарақытайлар өздерiне қарайтын тұрғындарды қатты қыспаққа алып, көшпелi қауымдар отырықшылыққа күштеп көшiрiлдi. Ол жер салығы “харадж” салығын арттырды. Бұл саясат жергiлiктi тұрғындардың ашу-ызасын келтiрiп, қарақытайлар мемлекетiнiң әлсiреп, ақыры оның күйреуiне әкеп соқты.

9.Шыңғысханның ұлы жаса заңы.

Шыңғыс ханның кезiнде Яса немесе Жасақ заңы қабылданып, ол қоғамдағы жаңа саяси- әлеуметтiк қатынастарға сәйкес келдi. Ұлы Қағаннан кейiн Жасақты мұрагер ретiнде қабылдап және сақтаған оның ұлы Шағатай едi. Сонымен бiрге, империяда жоғарғы сот-төрешi қызметi Яргу, джаргулугсан және судьялар — джаргучилар болды. Соттар — яргу мен қадилер үстем тап, ауқатты адамдардың мүдделерiн қорғап, солардың жыртысын жыртты. Сот iсi жөнiнде арнайы диуан-яргу де болған.Шыңғыс ханның Ясасы екi бөлiмнен тұрды. Бiрiншi бөлiмi, билiк — Шыңғыс хан айтқандарының басын бiрiктiрген жинақ болуымен бiрге моральдық-нормативтiк түрдегi мемлекеттiк құқықтың негiзгi нормалары болып есептелiндi. Екiншi бөлiмi, Жасақ атанып, ол қылмыстық құқық нормаларын жинақтап, дiни тыиымдарды бiрiктiрдi. Жасақтың басты нормалары қатарында әскери ұйымдар мен тәртiптердi және соғыстан түскен түсiмдердi бөлетiн заңдылықтар болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]