Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KRMKT wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

3.Әскери демократияның түсiнiгi.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірін әскери демократия кезеңі деп атайды. Бұл ұзақ уақытқа созылған алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлкеттің пайда болуы арасынағы көпір іспеттес кезең. Әскери демократияға мынадай ерекшеліктер тән. Рулар мен тайпалар арасында соғыстар мен қақтығыстар үнемі болып тұрды. Осындай жағдайда қоғам өмірі әскери соғыстық сипат алады. Рулық қоғамдағы жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш қуаты мол жас әскери көсемдердің рөлі артады. Әскери көсемдер әлі де рулардың жалпы жиналысында тәуелді болды. Жалпы жиналыс әскери көсемдерді сайлап қойды, қаласа алап тастады. Әскери көсемдердің жеке билік құруға бейім екендігін сезген рулық демократия оларды тежей отырып, соғыс жағдайында оларға төзуге мәжбүр болды. Әскери көсемдер бірітіндеп рулық демократияны талқандап жеке билігін орната бастады.

4.Үйсiн, қаңлы және ғұндардың әскери-демократиялық одағы

Ғұн қоғамы әскерленген қоғам болды. Ғұннеің әрбір ер азаматы бала кезінен өлгенше әскери міндетті болып,белгілі бір әскери бөлімде есепте тұрды. Ғұндардың орасан мол әскері болды. Өздері жаулап алған жерлердің бәрінде 24 тайпадан тұратын ғұндар артықшылықпен пайдаланды. Бұл таза ғұндар әскердің негізін құрды. Осы 24 ғүн тайпасының әрқайсында ең кемі он мың адамнан тұратын әскері болды. Он мың іскердің басшысын түменбасы деп атады. Түменбасылар өз кезегінде өзіне бағынышты әскер ішінен мыңбасы, жүзбасы.онбасы сияқты әскербасыларын тағайындады және оларға басқаруға белгілң бңр территориямен халықты берді. Бүкіл үйсін елі сол қанат, оң қанат және орта деп үш әскери әкімшілік бөлікке бөлінді. Сол қанат қолбасшысы және оң қанат қолбасшысы деп аталатын екі қолбасшы болды. Күнбидің өзі басқолбасшысы болған соң, әскердегі онан кейінгі билік сол қанат қолбасшыда болды. Ол Күнби жоқта бүкіл әскерге басшылық етті.Б.з.д. II-I ғасыр аралықтарында Қаңлылар алып мемлекетке айналып, ол туралы “Сұй патшалығының тарихы. Батыс өңiр шежiресi. Қаңлы тарауында”; Қаңлы елiнiң 120 мың үй, 600 мың жан саны, 120 мың әскерi барын жазады.

5.Батыс-түрiк қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы.

Батыс түрiк мемлекетiнiң бiрiншi басшысы-қаған, жоғарғы билеушi, билеп-төстеушi, әскер басы болды. Ол бүкiл қағанатты биледi. Сонымен бiрге оның билiгiне Шығыс қағанат та кiретiн. Ал оның Батыс бөлiгi жалпы қағанға бағынатын Ябгу-қаған дәрежесiндегi басшының билiгiнде болды. Батыс қағанатында удельдердi басқаратын еркiндер мен шоралар басшылығы болды. Кейiн әрбiр әскери әкiмшiлiк бiрлестiгiне ябғу қағанның өкiлдерi болып келетiн шадтар сайланды. Жергiлiктi жерлердегi ақсүйектер сословиесiнiң басты тiрегi болған тайпа бастықтары бектер деп аталды. Түрiктерге бағынышты Орта Азия княздiктерiнде бұрынғы билеушiлер өз орнын сақтап, олардың басым көпшiлiгi қағанға бағынатын қаңлы династиясынан болды. VIII ғасырда әрбiр князьдiкке қаған наместнигi тұдындар сайланды. 603 жылы Батыс қағанаты өзiнше жеке мемлекет болып, кейiн Батыс-Түрiк қағанаты атымен белгiлi болды. Оны ашин руынан шыққан қаған биледi. Қағаннан кейiнгi екiншi адам ұлық деп аталды. Қалған шенеунiктер санаттық қағанатының басқару құрылымын қайталады. Ол 704–756 жылдар аралығында Түргеш қағанаты аталса да, сол басқару жүйесi сақталып қалды. Ал, түргеш қағанаты ашин династиясын алмастырған болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]