Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KRMKT wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

59.А.Құнанбаевтың “қара сөздерiндегi” құқықтық-саяси көзқарастары.

Абайдың шығармашылығы, өмірі бойынша өткізілген іс-шара (әдеби-әуенді кеш, сахналық көрініс, поэзия сағаты, т.б.) әрбір баланың көңіліне шу­ақ, өмірге деген көзқарасына анық­тық берері сөзсіз. Өйткені, Абай ата­мыздың әрбір қара сөзін қайта оқып, тереңірек барлай бастасақ, олардың соны қыр-сырлары ашыла түседі.Абай бірінші сөзінде қара сөз­дер­дің жазылу себебін түсіндіре келіп, одан әрі оқырманға ой салады. Мы­са­лы, 15-сөзінде: Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім, – дей келіп, екеуінің айырмашылығын айқын суреттейді. Абайдың өзге шығарма­шы­лық мұралары қатарында оның қара сөздеріне де жеке та­рау­ша ар­на­ған. Ұлы ұстаздың про­­залық шығармалары жөнінде ал­ғаш рет жүйелі ғылыми пікір айтқан да Мұхтар Омарханұлы бо­латын.Бұл орайда Абайдың өлеңнен қа­ра сөздерге қарай ойысып, жаңа бір өріске бет түзеуі жөніндегі Мұхтар Әуезовтың байқаулары назар ау­дарарлық.“1890 жылдардан бастап, – деп жазды М.Әуезов, – ұстаздық, үгіт­шілік жолына түскен соң, Абай өлеңді аз жазса да, “қара сөз­бен” айтатын өсиетті көп жазады. “Ғақлия” деген өсиеттері сол 1890 жыл мен 1898 жыл­дар­дың арасында жазылған. 1891 жыл­дан соң өлең­мен айтпақ бол­ған сөздерінің талай­ын қара сөз үгітіне айналдырып жіберген. Кей уақыттарда бірталай өлеңдердің сол қара сөзде айтқан пікірлерінен шығарып, өлең қылып кеткені де бар”. Қара сөздерді талдауға келген­де М.Әуезовтің алдымен ауызға алатыны – олардың жанрлық ерек­шелігі. Өйткені Абай мұрасы халық­қа кеңінен таныс бола бастаған кезде, осы қара сөздердің жанры жөнінде әр түрлі пікірлер қалыптасты, әркім әр саққа жү­гіртіп, өздерінің білген-қадерінше неше түрлі болжаулар айтысты. Абай мұрасын өздеріне тартқысы кел­ген кейбір өзге мамандық өк­іл­­дері бұл сөздерді әдеби шығар­маға жатқызбай, бөліп әкетіп, өздері иемденбек болған фактілер де байқалған.

60.Қазақстанда патша үкiметiнiң құлауы. Уақытша үкiмет органдарының құрылуы.

Патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады:олар Кеңестер,Уақытша үкіметтің атқару комитеттері және мұсылмандар ұйымы.Ең алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда,жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай,бұрынғы саясатты жүргізсе,ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге асықты.Уақытша үкімет құрылған сәттен бастап,яғни 1917 ж 3 наурызда Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы мемлекеттік комиссар болып тағайындалды.7 сәуір күні Ә.Бөкейханов сонымен бір мезгілде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып бекітілді.Қазақстандағы Уақытша үкімет іс жүзінде патша өкіметінің саясатын жалғастырды.Ол ұлт мәселесін шеше алмады және аграрлық мәселені де шешуге асықпады.

61. «Алаш Орда» ұлттық мемлекетінің құрылуы.

Алаш партиясы мен Алаш орда үкіметі құқықтық мемлекеттік жағдайға ерекше көңіл бөлді.Орынбор қаласында бүкілқазақтық 1-ші және 2-ші съездерінің қаулыларында,Алаш партиясы бағдарламасының жобасында,Алашорда үкіметінің актілерінде 1917 жылғы 21-27 шілдедегі бүкілқазақ съезінің қаулысында Ресейде демократиялық,парламенттік,федеративтік республика болуы керек деп көрсетіледі.Осындай ой Алаш партиясының бағдарламасында айтылды.Алаш партиясы мен Үкіметі сот ісіне ерекше мән беріп,әр халықтың соты әдет ғұрыпқа лайық болуы керек деп көрсетті.Сот ісі қай халық көп болса сол тілде жүреді.Сот алдында барлық халықтар тең.Алашорданың жерге қатысты саясатының құқықтық негіздері партия бағдарламасында съездерінде және Үкіметтің 1918 жылғы 14-24 маусымдағы Алаш автономиясы территориясындағы жерді уақытша пайдалану туралы қаулысында көрініс тапты.Орталық үкімет Алашорда территорияларын жергілікті,облыстық және өздік кеңестер арқылы басқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]