- •1.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының пәнi.
- •2.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының кезеңдерi.
- •3.Әскери демократияның түсiнiгi.
- •4.Үйсiн, қаңлы және ғұндардың әскери-демократиялық одағы
- •5.Батыс-түрiк қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы.
- •6.Түрiк қағанатының құқығы .
- •7.Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық саяси құрылысы
- •8.Қарахан мемлекетiндегi "Ихта" институты мен "Комендация" институтының түсiнiгi.
- •10.Шыңғысхан жасасы бойынша қылмыс пен жаза жүйесi .
- •11.Ноғай Ордасының саяси құрылысы .
- •12.Қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуы.
- •13.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Негiзгi таптары мен әлеуметтiк топтары.
- •14.Қазақ хандығының саяси құрылысы.
- •15.Хандар мен сұлтандардың қолындағы мемлекеттiк билiк.
- •16.Билердiң,батырлардың ж/е ақсақалдар/ң қолындағы билiк ж/е олардың құқықтық мәртебелерi
- •17.Билер кеңесi .
- •19.Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы демократиялық пен iзгiлiк.
- •21.Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы неке және отбасы құқығының негiзгi институттары.
- •22.Әдет-ғұрып құқығындағы мiндеттемелiк құқтың ерекшелiктерi .
- •23.Әмеңгерлiк.
- •28.Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық құқығы. Қылмыс пен жазаның түсiнiгi.
- •29. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс пен жазаның түрлерi және оларды саралау.
- •30.Әдет-ғұрып құқығы б/ша сот iсi ж/е сот iсiн жүргiзу. 31.Сот шешiмi/ң орындалуын қам/сыз етудiң әдiсiтері.
- •34.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекетiк-құқықтық салдары мен шарттары .
- •37.Бөкей хандығының құрылуы және қоғамдық-саяси құрылысы.
- •38.Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуы. Жалпы сипаттамасы.
- •41.1822 Жылғы ереже бойынша сот және сот iсiн жүргiзу .
- •42.1824 Ж. Жарғы бойынша кiшi жүздегi әкiмшiлiк-территориялық құрылыс.Әкiмшiлiк реформалар.
- •43.Кiшi жүздегi саяси дағдарыс 1803 ж. “Обет”.
- •44.1824 Жылғы жарғы бойынша сот және сот iсiн жүргiзу.
- •45.Абылай хан мемлекеттiгiне саяси сипаттама. Абылай ханның реформалары.
- •46.1844 Жылғы ережеге жалпы сипаттама. Сот және сот iсiн жүргiзу.
- •47.1867-68 Ж.“Уақытша ережеге” жалпы сипаттама.Реформа бойынша әкiмшiлiк билiк органдарының жүйесi.
- •48.1867-68 Жж. Реформа бойынша құқық және сот жүйесiндегi өзгерiстер.
- •49.1867-68 Жж. Рефорома бойынша билер сотының атқаратын ролi.
- •50.Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша дәлелдеу жүйесi.
- •51.1891 Ж. “Далалық облыстарды басқару” туралы ереже.
- •52.Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi қазақ әдет-ғұрып құқығындағы өзгерiстер.
- •53.1905-1907 Жж. Орыс буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсері.
- •54.XXғ. Қазақстанның қоғамдық-әкiмшiлiк-саяси құрылымы мен құқық жүйесiндегi өзгерiстер.
- •55.1916 Жылғы көтерiлiстiң себептерi. Жалпы сипаттамасы.
- •56.Сырым Датұлының бастаған көтерiлiсiне құқықтық жалпы сипаттама.
- •57.И.Тайманов көтерілісіне құқықтық жалпы сипаттама.
- •58.Ш.Ш.Уәлихановтың сот реформасы жайында жазба.
- •59.А.Құнанбаевтың “қара сөздерiндегi” құқықтық-саяси көзқарастары.
- •60.Қазақстанда патша үкiметiнiң құлауы. Уақытша үкiмет органдарының құрылуы.
- •61. «Алаш Орда» ұлттық мемлекетінің құрылуы.
- •62. «Алаш» партиясының құқықтық бағдарламасы. Мемлекеттік басқару жүйесі.
- •63.Қаз.Рев.Ком-ның құрылуы, қызметтерi мен мiндеттерi.
- •64.Хх ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
- •65.Қазақ асср-iнiң құрылуы.
- •66.Қазақ асср-iнiң құрылуы.Оның құқықтық және саяси салдары.
- •67.Қазақ асср-нің «Қалың мал» институтын жою туралы Декреті.
- •68.Қазақ асср-iндегi алғашқы қабылданған декреттер.
- •69. Қазақ сср-нiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация.
- •70. Қазақ сср-нiң еңбекшiлерi құқығының декларациясы.
- •71. Қазақстандағы коллективтендiру. Оның əлеуметтiк жəне саяси-құқықтық салдары.
- •72. Барымта ұғымы жəне жалпы сипаттамасы.
- •73.Рулық өзара көмек институттына жалпы сипаттама.
- •74. Қазақстандағы Қазан төңкерiсi жəне оның жағымсыз кереғар салдары.
- •83.1978 Ж. Қазақ сср-iндегi Конституция. Саяси жүйедегi партияның монополиясы немесе жеке билiгi.
- •87.1993 Ж. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы конституциясы.
- •88. 1995 Ж. Казақстан Республикасының Ата Заңы (Конституциясы).
- •89.1990Ж.25 қазандағы «Қазақ сср-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы.
- •90.1991Ж.16 желтоқсандағы «қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •92.Қ азақстанның 1992 ж. 2 наурызда бұұ-на мүше болуы.Оның құқықтық және саяси салдары.
30.Әдет-ғұрып құқығы б/ша сот iсi ж/е сот iсiн жүргiзу. 31.Сот шешiмi/ң орындалуын қам/сыз етудiң әдiсiтері.
32-33.Қазақ хандығының инстанциялары. Қарсылық бiлдiру институты.
Сот билiгiн Қазақ хандығында хандар, сұлтандар және билер жүргiздi. Хандар мен сұлтандар ең маңызды деген қылмыстық және азаматтық iстердi тексерiп-тергедi. Оларға ру аралық және ауыл аралық талас-тартыс, сондай-ақ төрелер мен атақты ру басшылары арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Ең маңызды деген iстердi хан мен сұлтандар белгiлi билердiң және халықтың араласуымен жүргiздi. Өлiм жазасын тек хан немесе сұлтандар соты шеше алатын. Би билiгi сот билiгiнiң негiзi болып саналатын. Кез келген ру басшысы би — төрешi бола алмайтын. Би билiк айту үшiн ол қазақтың әдет-ғұрпын жақсы меңгеруi және өзiн әдiл би ретiнде көрсетуi тиiс. Билердi ешкiм сайламаған және тағайындамаған. Би дәрежесi мұрагерлiкке қалдырылмайды. Билiк айту iс барысында, құқық бұзушының iс-әрекетiн талдау жағдайында жүзеге асырылды. Сондықтан да би ру басшысы, сот жергiлiктi жердегi әкiмшiлiк билiктiң рөлiн атқаратын. Сот процесi арызданушының немесе жапа шегушiнiң өтiнiшi бойынша өздерi таңдаған биге байланысты жүргiзiлдi. Жапа шегушi таңдаған би қылмысты iстi қараудан бас тартуға құқығы жоқ болды. Iстi қарауға биге сенiм бiлдiрген кезде айыпталушы да, жапа шегушi де бидiң алдына отырып, ақ орамал тастайды. Осы арқылы арызданушылар сот шешiмiне келiсiм беретiнiн көрсететiн. Куәгерлердiң сотқа қатынасуын бидiң күштеп жүргiзуiне де құқығы болды. Куә ретiнде әйелдер және арызданушы мен жауап берушiнiң ағайындары жүрмейдi. Азаматтық iстiң күрделiлiгiне байланысты екi-үш куәге дейiн тартылды. Куәгерлер iс барысында әртүрлi себептермен iстiң анық-қанығын ашуға көмектеспей жатса, би ант қабылдау институтын пайдаланған. Би шешiмдерi ауызша шығарылды. Процессуальдық нормалар би шешiмiне қарсы болған жағдайда сұлтандар тарапынан iстi қайта қарауға болатын. Сот шешiмдерiн орындау арызданушының өзiне тапсырылды. Сондықтан да ежелгi уақытта барымта институты сот шешiмiн орындаудың негiзi болып табылды. Барымта қазақ әдет-ғұрып заңдарына ғана тән институт едi. Ол айыпкердiң ағайындарының және туған-туысқандарының малдарын айдап кетуменен орындалды. Негiзсiз жасалынған барымта, ұрлық немесе жазықсыз шабуыл деп саналып, құқықтық негiзде жазаға тартылды. Сондай-ақ , барымта би шешiмiн орындау ғана емес, құқықтық айып жолын орындаудағы бiрден-бiр iс-әрекет болды. Ол заң ғылымында әлi толық зерттелiп бiтпеген құбылыс.
34.Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекетiк-құқықтық салдары мен шарттары .
Тәуке ханның орнын иеленген Болат ханның билiк жүргiзудегi әлсiздiгi Қазақ хандығын бiрнеше өз егемендiктерiне ие хандықтарға бөлiп тастады. Сөйтiп, бiртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кiшi жүзге бөлiнiп, бытыраңқы мемлекет негiзiнде дами бастады. 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезеңiнде халық “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атты қасiретке ұрынды. 1726 жылы үш жүздiң өкiлдерiнiң бас қосуымен өткен Ордабасы кездесуiнен кейiн қазақ халқының басы бiрiгiп, Жоңғарларға қарсы көтерiлдi. Нәтижесiнде, қазақтар “Қалмақ қырылған”, “Аңырақай” шайқастарында жоңғарларды жеңдi. Сөйтiп, Жоңғар шапқыншылығына кең байтақ қазақ даласында тосқауыл қойылды. Соған қарамай қазақ қоғамындағы саяси дағдарыс бiрден тыйылған жоқ едi. Қазақтар өздерiнiң Жоңғар шапқыншылығындағы жеңiсiн тиiмдi пайдалана алмады.Басы бiрiкпеген үш жүз хандарының арасындағы қайшылық олардың әрқайсысы бiр орталыққа бағынған билiкке қол жеткiзуге өзiнше жол iздеуге мәжбүр еттi. 1730 жылы Болат хан қайтыс болған кезде Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайырдың “бүкiлқазақтың ханы боламын” деген мақсаты орындалмағаннан соң, iргелес Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақшы болды. Сөйтiп, ол Уфаға елшiлiк жiберiп, өзiнiң Кiшi жүз хандығын Ресейдiң қол астына алуын өтiнiш етедi.Ал 1731 жылы 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кiшi жүздiң Ресейдiң қол астына кiргенi туралы грамотаға қол қояды.1731 жылы 10 қазанда Кiшi жүз қазақтары Ресей құрамына қосылғаны жөнiндегi құжатқа қол қояды. Ресей мен үш жүз хандарының арасындағы келiсiм Қазақ хандығының тұтастығына нұқсан келтiрiп, оның құқықтық халықаралық қатынастағы беделiн жоққа шығарды. Ресей өзiнiң қол астына кiрген хандарды сыртқы жаулардан және ресейлiктердiң оларға жөн-жосықсыз шабуыл жасауларына жол бермеуге мiндеттеме алды. Ресей қазақ даласында өзiнiң әскери-саяси экспансиясын тынымсыз жүргiзiп отырды. Соның себебiнен орыс-қазақ шекараларында қақтығыстар жиi болып тұрды. Сондай-ақ, Ресей тарапынан протектораттық-вассалдық қатынас отаршылдық саясатпен ұштасып, қазақтар өз жерлерiне деген билiктен бiртiндеп ығыстырылып жатты. Вассалдық қарым-қатынас қалыптасқан жағдайда тәуелдi мемлекет халықаралық құқық субъектiсi болудан қалады.
35-36.Қазақ жүздерiне хандық билiктi шектеудiң алғашқы түрлерi. Игельстром реформасы, шекаралық сот және ағамандарды тағайындау.
Патша өкiметiнiң ә деген кезде-ақ Қазақ жерлерiн отарлауға кiрiскен саясаты iске асып, ХVIII ғасырдың 50-шi жылдарында Каспий теңiзiнен бастап Ертiске дейiнгi аралықта бiрнеше қамалдардан тұратын әскери бекiнiстер салынып, қазақ жерi тарыла бастады. Жайық, Тобыл, Елек, Есiл, Ертiс өзендерiнiң бойындағы жақсы мал жайылымдары казак әскерлерiнiң қолына көштi. Сөйтiп, 1756 жылы патша рескриптi, 1755 жылы сыртқы iстер коллегиясының Жарлығымен аталған жерлердегi жайылымдарда қазақтар мал жаймайтындай дәрежеге жеттi. Сондықтан да қазақ халқы Патша өкiметiнiң отарлау саясатының қазақ даласында кең етек жайып бара жатқанын байқап, көптеген көтерiлiстер жасады. Солардың алғашқысы 1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған көтерiлiс едi. Патша өкiметi бұл көтерiлiстi аяусыз басып, Кiшi жүзде хандық билiктi жоймақшы болды. “Игельстром реформасы” деген атпен енген Орынбор генерал-губернаторы Игельстромның iс-әрекетi Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстi Патшалық Ресей мүддесiне пайдалану едi. Нұралы хан Кiшi жүзден қашып кеткен соң Игельстром хан сайлауға рұқсат етпей, елдi сайлау құқығынан айырды. Сөйтiп, бұл шара сұлтандар арасындағы қайшылықты қайта күшейте түстi. Аталған реформа Кiшi жүздi тайпалық құрамына қарай үшке бөлiп тастауды ұсынған болатын. Әр бөлiктi басқару үшiн расправолар құру көзделдi. Ол Орынборда 1786 жылы құрылған шекаралық сотқа бағынуы тиiс болатын. Реформа бойынша билiк ру басшылары саналатын старшындарға өткенiне қарамай расправолар мен шекаралық сот қалыпты жұмыс iстей алмады. Соның салдарынан II Екатерина патша хан сайлауын қайта қалпына келтiруге келiсiм берiп, Патша өкiметiнiң Кiшi жүзде хандық билiктi жою туралы алғашқы адымы iске аспай қалды.
