Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KRMKT wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.68 Mб
Скачать

1.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының пәнi.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы — тарихи және құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi — ол мемлекеттiк құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн, сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы — мемлекеттiң пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса, кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген

территориясы.

2.Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының кезеңдерi.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын төмендегiдей кезеңдерге бөлуге болады.

1.Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу кезеңi.

2.Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң өркендеу кезеңi.

3.Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң жойылуы мен дағдарысқа ұшырау кезеңi.

4.Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында конституциялық даму кезеңi.

5.Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу кезеңi.

Әрбiр дәуiр бiрнеше кезеңге бөлiнiп, олар өзара iшкi логикалар арқылы үндесе жалғасып жатады.

I-ші дәуiр өндiретiн шаруашылық түрi пайда болып, қоғам ә/тiк жiкке бөлiнедi. Бұл процесс Қаз/да б.э.д.III мыңжылдықта басталған.Ол уақытта билiктiң жариялылық түрi қалыптасып, мемлекеттiк құқықтық жүйенiң тағы басқа элементтерi құқықтық нысанда пайда бола бастаған едi.Б.э.д.IХ-VIII ғ. аралығында Қаз/н территориясында көшпелi мал шару/ағы мен өндiргiш күштердiң дамуына бай/ы,ондағы мем/т пен құқ/ң даму процесi де жаңа кезеңге көшедi.Ол алғашқы мем/тiң негiзi болып саналады.Бұл процесс б.э.д.III ғ.дейiн созылды.Содан кейiн Қазақстанды жайлаған көшпендiлер тыныс-тiршiлiгiнде мемлекеттiлiк қалыптасып, оның мемлекеттiк-құқықтық жүйесi жаңа өркендеу кезеңiн бастайды.Ол төрт кезеңге бөлiнедi. Алғашқы үшеуi еуразиялық ғұн, түрiк, Моңғол-қыпшақ империясы тарихының дамып құлдырауы мен күйреуi кезеңiн анықтайды.Бiрiншi көшпелi ғұн империясы кезеңi б.э.д.III ғ-дан бастап Vғ. аралығындағы уақытты қамтиды. Екiншi кезең VIғ. бастап көшпелi түрiк империясының Түрiк-ашин iрi мемлекетiн құрайды да,оның құлдырауына дейiнгi аралықты айқындайды.Содан кейiн қарлұқ, Қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттерi құрылып, олар өздерiнiң тыныс-тiршiлiгiнде түркi дәстүрiн сақтайды. Үшiншi кезең болса ХIIIғ. бастап Моңғол-қыпшақ көшпелi империясы деп аталады. Оның негiзi — моңғол империясының Шыңғыс хан жасаған “Ұлы ясасы”. Аталған мемлекеттiк-құқықтық жүйе Еуразия даласында ХVI ғасырдың аяғына дейiн билiк құрды. Моңғол империясы тарихы әдеттегiдей өркендеу, құлдырау және күйреу кезеңiнен тұрады. Ол кейiн Сiбiр, Маңғыт және Қазақ мемлекеттiлiгiн өмiрге келтiрдi. Ал соңғы төртiншi кезең ХV ғасырдан бастап ХVIII ғасыр басы аралығындағы тұтас қазақ хандығын өмiрге әкелдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]