
- •1.Мұсылман құқығының пәні мен әдістері
- •2.Фикх ілімі және оның мазмұны
- •3.Құран - мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретінде
- •4.Сунна - мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретінде
- •4. Мұсылман елдеріндегі конституциялық құрылыс
- •5. Мұсылман құқығының ханифи мектебінің ілімі
- •7. Шариат – мұсылмандық заң. Шариаттың мазмұны.
- •10. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед (с.Ғ.С) – пайғамбар және мемлекеттік қайраткер
- •11. Мұсылман құқығы бойынша джихад мәселесі. Джихадтың түрлері.
- •12. Исламдағы міндеттер мен парыздар
- •13. Араб халифатының қалыптасуы және дамуы
- •14.Ислам және адам құқығы
- •15. Мұсылмандық неке (никах) және оның нысандары
- •16. Шариаттағы сот өндірісінің ұйымдастырылуы мен жүйесі
- •17. «Кисас» және «тазир» категориялы қылмыстар
- •18. «Хадд» категориялы қылмыстар
- •19. Мұсылман құқығындағы жазаның мақсаты, түрлері және ерекшеліктері
- •20. Мұсылман құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •21. Ислам құқығы бойынша қылмыстың ұғымы және түрлері
- •30.Талақ беру тәртібі. Талақтың түрлері. Идда мерзімі
16. Шариаттағы сот өндірісінің ұйымдастырылуы мен жүйесі
Шариаттың басты қағидасы ол адам өмірінің, ар-ұятының, интеллектуалдық еркіндігінің жекелігі қорғалуы болып саналады.Исламның іс жүргізу құқығы: Соттарға жүретін бағытты және ислам қоғамындағы сот жүйесін анықтайды. Сондай-ақ мұсылман заңгерлері құқық тарихында алғаш рет іс жүргізу құқығына басқа құқықтарға қарамастан жеке құжаттарды дайындап қарастырған. Құқық тарихындағы іс жүргізу бойынша жұмыс жасаған алғашқы құқықтанушы болып имам Ханифаның шәкірті имам Абу Иусуф болды.Мұсылмандық қылмыстық құқық тәртіп бұзушылықтың бәрін қылмысқа есептеп, оларды санкциялайды. Құран мен Суннада ең ауыр да қауіпті қылмыстарға жазалар нақты көрсетілген. Ең ауыр қылмыстық Аллаға серік жасау, нақақ қан төгу, жезөкшелік пен зінәқорлық, ата-анасын ренжіту, тонау, діннен безу, мемлекетке қарсы көтеріліс т.б. Мұсылмандық құқықтың әлеуметтік саяси механизмі адамдарға екі норма есебінде, бірі тысқы және бірі ішкі ниет-сенімдерді қамти отырып әсер етеді. Осының салдарынан тәртіп бұзушы әрбір мұсылман тек «жалған фәни» ережесін бұзған болып табылмай, «шын дүние» ережесін де бұзған болып табылады.Осыдан келіп, мұсылмандар арасында тәртіп бұзушылық өте сирек ұшырасады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мемлекеттің араласуынсыз-ақ дұрыс шешіліп жатады. Сондықтан да мұсылмандық соттарда мәжбүрлеу шаралары тіпті қолданылмайды. Өйткені, жауапкершілік әрбір мұсылманның ар ұятына, мұсылмандық имандылығына негізделеді. Міне, осы себепті де мұсылмандық құқық өресі кең, ол саясатпен де, мемлекетпен де, құқықпен де тығыз қабысып жатады. Исламның басты қағидаларында халықтық өкімет мынандай бағамдарды қатаң сақтағанда ғана діттегеніне жетеді, - делінген.Қасиетті Құранда олар жайлы былай делінген:Өкімет өз азаматтарының ар-ожданын, өмірін және мал-мүлкін қорғауға міндетті (Құран: 5 сүре, 59 аят);Өкімет басшысы әрқашанда адамдар мен халықтар қатынасында әділ шешімде болуы тиісті (Құран: 5 сүре, 59 аят);Мемлекеттік мәселелер ақылдасып, талқылау жолымен шешілуі қажет (Құран: 42 сүре, 39 аят);Өкімет адамды ең қажетті нәрселермен, яғни тамақ , киім және баспанамен қамтамасыз етуі шарт (Құран: 20 сүре, 119 120 аяттар);Халықтың қауіпсіздігіне, өмірі мен мал-мүлкіне, ар-ожданына кепілдік беріліп, қорғалуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);Экономикалық жүйе әділ, әрі құқықтық жолмен саралануы қажет (Құран: 2 сүре, 206 аят);Денсаулық жүйесі міндетті түрде ұйымдастырылуы, әрі тегін болуы тиіс (Құран: 2 сүре, 206 аят);Діни сенімге толық еркіндік берілуі шарт (Құран: 2 сүре, 257аят);Жеңіліс тапқан халықпен әділетті болу (Құран: 5 сүре, 9 аят);Тұтқындарға мейірімділікпен қатынас жасау (Құран: 8 сүре, 68 аят);Уәдеге опа етіп, міндеттеме-келісімдерді таза орындау (Құран: 47 сүре, 5 аят);Өзіңнен әлсіздерді әділетсіз келісімдерге мәжбүрлеуге болмайды (Құран: 47 сүре, 5аят);Өкімет басшысымен арада келіспеушілік туындаған жағдайда, қасиетті Құран бағамдарына сүйену, жеке адам мүддесі мен пайдасына жол бермеу (Құран: 4сүре, 60 аят);Халық өкіметтің таянышы, сондықтан өкімет те жалпы халықтың әл-ауқатын көтеруі тиіс. Мойын ұсынбайтын ұйымдарға тыйым салынады (Құран: 5 сүре, 3 аят);Қандай қуатты мемлекет болса да, оның басқа елге шапқыншылық жасауына тыйым салынады. Қару- жарақ тек қорғану мақсатында ғана пайдаланылуы тиіс (Құран: 20 сүре, 132 аят);Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар да зор адамгершілік тұрғыдан шешіледі. Мысалы:Адамдар арасындағы келіспеушілік тек әділ жолмен шешіңдер (Құран: 4 сүре, 59 аят);Әділеттілікті таза сақтаңдар. Бастарың кетсе де, тіпті өзіңе, не ата-ана, туыстарына қарсы болса да әділ куәлік беріңдер (Құран: 2 сүре, 136 аят);Өзіңе дұшпандық етушіге қарсы күрес, бірақ заңсыздыққа барма (Құран: 2 сүре, 191 аят);Татуласуға бейім тұр (Құран: 8 сүре, 62 аят);Тезис: Мұсылмандық қылмыстық құқық тәртіп бұзушылықтың бәрін қылмысқа есептеп, оларды санкциялайды. Құран мен Суннада ең ауыр да қауіпті қылмыстарға жазалар нақты көрсетілген. Ең ауыр қылмыстық Аллаға серік жасау, нақақ қан төгу, жезөкшелік пен зінәқорлық, ата-анасын ренжіту, тонау, діннен безу, мемлекетке қарсы көтеріліс т.б.