
- •1.Мұсылман құқығының пәні мен әдістері
- •2.Фикх ілімі және оның мазмұны
- •3.Құран - мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретінде
- •4.Сунна - мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі ретінде
- •4. Мұсылман елдеріндегі конституциялық құрылыс
- •5. Мұсылман құқығының ханифи мектебінің ілімі
- •7. Шариат – мұсылмандық заң. Шариаттың мазмұны.
- •10. Ислам дінінің пайда болуы. Мұхаммед (с.Ғ.С) – пайғамбар және мемлекеттік қайраткер
- •11. Мұсылман құқығы бойынша джихад мәселесі. Джихадтың түрлері.
- •12. Исламдағы міндеттер мен парыздар
- •13. Араб халифатының қалыптасуы және дамуы
- •14.Ислам және адам құқығы
- •15. Мұсылмандық неке (никах) және оның нысандары
- •16. Шариаттағы сот өндірісінің ұйымдастырылуы мен жүйесі
- •17. «Кисас» және «тазир» категориялы қылмыстар
- •18. «Хадд» категориялы қылмыстар
- •19. Мұсылман құқығындағы жазаның мақсаты, түрлері және ерекшеліктері
- •20. Мұсылман құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •21. Ислам құқығы бойынша қылмыстың ұғымы және түрлері
- •30.Талақ беру тәртібі. Талақтың түрлері. Идда мерзімі
1.Мұсылман құқығының пәні мен әдістері
Біздің заманымыздың VII-ші ғасырының басында Арабия түбегінде өмір сүрген араб тайпаларының арасында қарама-қайшылықтар орын ала бастады. Олар өзара бір-біріне шауып, тыныштықты, бейбіт жатқан халықтарды қанай бастады. Мемлекеттік және әлеуметтік дифференциация күшейді. Халықтың тұрмысы нашарлады, шейхтар мен сайдтер ең құнарлы жерлерді иемденді. Құлдардың саны көбейіп кетті. Қылмыс және тәртіпсіздікке жол ашылды. Ислам дінінің келуіне дейін көптеген діндер болды.Осы арада әлеуметтік-экономикалық дағдарыста жаңа қоғам қалыптаса бастайды. Бұл қоғамның ұстанған негізгі идеологиясы бара- бара дамып жан-жағындағы халыққа таралып, салт-дәстүрлік негізі қалыптаса бастайды. Бұл салт діни нанымдық түр ала бастайды.Жаңа діни наным-Исламның қалыптасуы Мұхаммедтің (570-632ж) атымен байланыстырылады. Мұхаммед жаңа тәртіптің қалыптасуын жариялайды. Себебі:сол арқылы халықтардың арасындағы қайшылықтарды, шиеленістерді шешуге жағдай туғызған. Барлық арабтар бір ұлттылыққа жиналуды шақырады. Олардың басшысы болып, құдайдың жолын уағыздаушы, соңғы елшісі Мұхаммедті тағайындайды. Халық бұған көнеді. Ол дінге кірудің басты талабы, ол дінді қабылдау және оны қатаң түрде сақтау. Сонымен қатар мұсылман діні шыққан тегіне, нәсіліне қарамастан барлық адамдарда тең деп жариялады және Мұсылман құқының халыққа рухани жағынан тәлім-тәрбие беру арта түсті. Қарапайым халық осы дінді ерекше жылдам қабылдады. Себебі: қалың көпшілік мүлдем сауатсыз, қараңғыда түртінектеген су қараңғы соқыр секілді, жарыққа яғни, шамға ұмтылған көбелектей кез-келген діндерге кіріп сенуден қалады. Алғашқыда сенім халықтық мінез танытты, ол бай адамдарды шошыта бастады. Кейіннен ақсүйек қауымның көздері жетіп мұсылман дінін қабылдайды.Өйткені, бұл дін олардың түпкілікті, терең мүдделеріне сай болып шығады. Ислам діні негізі «салям» сөзінен бастау алған, оның мағынасы бейбітшілік және жақсылық . Бұл екеуіде бақытпен теңеледі, ал бақыт болса өз кезегінде сенімділікті, еркіндікті, денсаулықты, әділеттілікті жариялайды.Бұл жеке тұлғаның өмірге деген көзқарасын тек жақсы нақтылығын көрсетеді. Ислам- бұл «Алланың көрсеткен жолы» болып табылады және оны адамзат ұстануы қажет. Өйткені өмірдің тепе-теңдік заңы бұзылмауы керек және ол ақыл-ойдың салты деп аталады. Нәтижесінде бұның бәрі қасиетті «Құранда» жазылған, оның авторы- бір Алла.Алланың негізгі талап ететін жағы ол адамдардың діни және рухани материалдық білімпаз болуы және осы негізде ақиқатты білуге болады делінеді. Бұл туралы мәселердің барлығы сүреде жазылған. VII ғасырдың 10-шы, 32-ші жылдары Арабияда пайда болды және оның негізін қалаушы жоғарыда айтылғандай Мұхаммед пайғамбар. Ең негізгі мұсылман діни наным, оқудың қайнар көзі болып «Құран» мен «Сунна» болды. Сонымен осы бағытпен құрылған Араб Халифаты ерекше нығайып күшті мемлекет құрылды. Мұсылмандық құқық – шариғат Шығыстағы мұсылман елдерінің көпшілігінің мемлекет және құқық тарихының өркендеп өсуіне ерекше әсер етті. Әлбетте, қазақтардың да мемлекет және құқық тарихы мұнан шет қалған жоқ. Оның заңдық және идеологиялық әсер ету факторының шеңбері өте кең болып, бұл елдердің қалың жұртшылығының сана-сезімі мен көзқарастарының қалыптасуы барысында өшпес із қалдырды. Оның үстіне, әлемдегі барлық діндерге қарағанда ислам діні мемлекет және құқықпен өте тығыз қабысып жатыр. Бұларды байланыстырушы күш ретінде мұсылмандық құқық пен исламдық құқықтық идеология мықты қызмет атқарды. Қазіргі кезде әлемдегі мұсылмандардың саны 1,5 миллиардтан астам. 30-дан астам елдерде ислам діні мемлекеттік дін болып саналады. 120 елде мұсылман қоғамдарының алар орны басым. Бұл елдерде ең соңғы тарихи жағдайларға қарамай, ислам діні белсенділікпен өркендеп-өсуде, мұсылмандық құқық құқықтық өмірлерінде, саясаты мен идеологиясында көрнекті қызмет атқару үстінде. Сондықтан да қазіргі заманғы құқықтық жүйелерден мұсылмандық құқықты оқып-үйрену маңызды болып табылады. Рас, әлі күнге мұсылмандық құқық жете зерттелмеген. Оның да себеп-салдары бар.Дегенмен, кеңес дәуірінің шығыстанушылары бұл тақырыпқа қалам тартқандары жасырын емес. Бірақта олар бұл тақырыптың маңызды көп тұстарына көңіл бөлмеді. Ал мұсылмандық құқықтың түрлеріне келетін болсақ олар яғни келесі төменгі құқықтарды айтсақ болады. Отбасылық құқықтар, азаматтық құқық, әкімшілік және конституциялық құқық, қылмыстық құқық, іс жүргізу құқығы, халықаралық құқық, мұсылмандардың әлеуметтік жағдайын анықтаушы құқық.Тезис: «Мұсылман құқығы» курсы мұсылман елдеріндегі шариаттың рөлінің негізгі мәселелерін, оның мұсылман қоғамының өміріндегі, құқық шығармашылық және құқық қолдану қызметтеріндегі ролін терең теоретикалық тұрғыдан зерттеп, талдайтын курс болып табылады.