Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жасуша биологиясы УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать

3.3.3. Лабораториялық сабақтардың жоспарлары

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: «Жемістегі хромопласт, лейкопласт»

Клетканың қоректік заттары.

Крахмал дәнінің және алейрон дәні.

Керекті құрал-жабдықтармен материалдар:

Микроскоп суда жібітілген және спиртте

фиксацияланған бидайдың дәндері, иодты калийдегі

иодтың ертіндісі итмұрынның, бұрыштың, шетеннің

(рябина), ландыштың және т.б. жемістер. Картоптың

түйнегі алдын ала суға жібітілген бидайдың, жүгерінің

сұлының, күріштің дәндері. Скальпель заттық шыны,

жабындық шыны.

Жұмыстың барысы:

І. Өсімдік жемісіндегі мысалы, рябина, шиповник немесе

қызыл бұршақтағы хромопластпен танысу.

а) Ол үшін инемен немесе скальпельмен жемістің

азғантай етженін алып бір тамшы суы бар зат шынысына

салып, жабындық шынымен жауып анықтау.

б) Бір-екі клеткасының суретін салу. Хромопластың

формасын, түсін, санын белгілеу.

ІІ. Лейкопласпен танысу. Картоп өсімдігіндегі крахмал

дәнімен танысу. Ішкі тірі пластид лейкопласттан

қоректік крахмал дәні пайда болады.

а) Картоп түйнегін кесіп, крахмал дәні бар ылғалды

бөлігін бір тамшы суы бар зат шынысына салу.

б) Дәптерге ірі қарапайым дәнді күрделі және жартылай

күрделі дәнді салу.

в) Дайындалған препаратқа Люголь ертіндісін тамызып,

әр түрлі бояу дәрежесінде крахмал дәнін суретін салу.

Фасоль (бұршақ) тұқымының клеткасындағы алейрон

дәнімен танысу және суретін салу. 11-14-17 суреттер.

Сұрақтар:

  1. Қарапайым күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері

бір-бірінен қалай ажыратылады?

  1. Крахмал дәнінің күрделену себебі неліктен?

  2. Қандай крахмал дәнін эксицентрлік деп эксицентрлік деп атаймыз?

  3. Алейрон дәні деген не? Құрылысы және дамуы.

  4. Хлоропласт, хлоропласттан қалай ажыратылады?

  5. Химиялық жағынан алып қарағанда крахмал дәнінің құрамында қандай заттар болады?

  6. Крахмалды физиологиялық тұрғыдан қаншаға бөлеміз. Оның жүру механизмі қандай?

Тапсырмалар:

1) Ә.Ә.Әметов. Ботаника оқулығынан 45-ші беттегі 25-сурет.

2) Лабораториялық жұмыс кітабынан 6-7 суреттер 16-17

беттерден.

3) Микроскоп арқылы. Микроскоп арқылы препараттан көрген

суреттерін салу.

4) Қортындыны дәптерлеріңе жазу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ботаника 1 том. Л.Н.Курсанов, Н.А.Комарницкий.

  2. Яценко-Киселевский «Краткий курс по анатомии растений».

  3. Жуковский. Ботаника Н.С.Воронин Руководство к лабораторным занятием по анатомии растений и морфологии растений.

  4. Р.Т.Барыкина, А.Н.Костенкова «Практикум по анатомии растений».

  5. Ә.Ә.Әметов. Ботаника 2001 ж.

  6. Т.М.Мұсақұлов Ботаника. Анатомия және морфология. 1978 ж.

  7. Л.Н.Дорохина., А.С.Нехлюдова. Руководство к лабораторным занятием по ботанике с основами экология. 1980 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Өсімдіктегі биоактивті заттар. Қ.А.Ажғалиев.

  2. Қазақстан Өсімдіктері С.А.Арыстанғалиев., Е.Р.Рамазанов 1977.

  3. Занимательная ботаника. В.Рохлов, А.Геремов.

  4. Ботаника высших и наземных растений. А.Г.Еленевский., М.П.Соловьева, В.Н.Тихомиров 2000 г.

3.3.4. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: «Клетка қыбықшасы. Жаңғақтың, алмұрттың,

зығыр талшығының қайыршақ клеткалары»

Керекті құрал-жабдықтармен материалдар:

Микроскоп, скальпель, ине, заттық, жыбындық

шынылар. Иодты калий, иод ертіндісін, глицерин, жаңғақ, алмұрттың фиксацияланған жемісі, қазтамақтың

(герань) сабағының кесіндісі.

Жұмыстың барысы:

І. Зығырдың сабағының талшықтарымен танысу,

(микропрепараттан) және суретін салу. Клетканың қалың

қабықшасын белгілеңдер. (препорат 1892, 2,3)

ІІ. Алмұрт жемісінің қайыршақ клеткалары.

1. Піспеген алмұрттың жеміс қоршауынан кесінді жасап, оны зат шынысына салып қабықшасының ағаштануының

реакция жасаңдар.

а) Артық суды алып және 1,2 тамшы күкірт қышқыл

анилин қосып, жабынды шынымен жабыңдар.

б) Артық суды алып және 1,2 тамшы флороглюцин

қосыңдар. Реактив кесінділерге сіңгеннен кейін оны

фильтр қағазымен сорып, оған 1,2 тамшы

тұз қышқыл қосыңдар. Жабынды шынымен жабыңдар.

Ағаштанған қабықшаның қызыл түске боялғаннан кейін,

шыныны көтеріп қышқылды фильтр қағазымен сорып,

оған лиицерин қосып, шыныны қайтадан жабыңдар.

2. Кіші үлкейткіш арқылы қайыршақ клетканың

группасын табыңдар.

3. Үлкен үлкейткіш арқылы екі қатар жатқан клетканы

қарап, сурет салыңдар.

ІІІ. Орман жанғағының мацерированная скорлувасын

қайыршақ клеткалары.

Бірнеше мацериров. Клеткадан тұратын навеска тамшысын

алып, оны тамшы суы бар зат шынысына салып, жабынды

шынымен жабыңдар. Кіші үлкейткіш арқылы суретін

салыңдар. Қабықшаның қабаттарын қарап, сынылау

каналдарының түрлерінің суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Клетка қабықшасының атқаратын қызметі қандай?

  2. Клетка қабықшасы мен плазмодесманың айырмашылығы неде?

  3. Клетка қабықшасының өсуі қалай жүреді?

  4. Клетканың алғашқы және екінші реттік қабықшаларының бір-бірінен құрлысы мен химиялық құрамы жағынан айырмашылығы қандай?

  5. Клетка қабықшасының құрамына кіретін заттарды қандай реактивтермен және болғыш заттармен табуға болады?

  1. Клеткалардың бір-бірімен қарым-қатынасы қалай жүзеге асады?

  2. Поралар (санылау) дегеніміз не?

  3. Өсімдік клеткасының жануар клеткасынан айырмашылығы неде?

  4. Механикалық тканнің түрлерін атаңыз?

  5. Механикалық тканнің атқаратын қызметі қандай?

  6. Колленхима неге өсімдіктің жас өсіп келе жатқан органдарына тән?

  7. Склеренхиманың клеткаларының колленхиманың клеткаларынан айырмашылығы неде? Сүрек талшықтардың тін талшықтарынан айырмашылығы неде?

  8. Склереидтің құрылысының ерекшеліктері қандай?

  9. Флоэма мен ксилема қандай гистологиялық элементтерден тұрады?

Тапсырмалар:

    1. Ә.Ә.Әметов. Ботаника оқулығынан 73-74 беттегі 42-43-44-45

суреттер.

    1. Лабораториялық жұмыс кітабынан 11-12 суреттер. 24-25 беттер.

    2. Микроскоп арқылы препараттан көрген суреттерін салу.

    3. Қортындыны дәптерлеріңе жазу.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ботаника 1 том. Л.Н.Курсанов, Н.А.Комарницкий.

  2. Яценко-Киселевский «Краткий курс по анатомии растений».

  3. Жуковский. Ботаника Н.С.Воронин Руководство к лабораторным занятием по анатомии растений и морфологии растений.

  4. Р.Т.Барыкина, А.Н.Костенкова «Практикум по анатомии растений».

  5. Ә.Ә.Әметов. Ботаника 2001 ж.

  6. Т.М.Мұсақұлов Ботаника. Анатомия және морфология. 1978 ж.

  7. Л.Н.Дорохина., А.С.Нехлюдова. Руководство к лабораторным занятием по ботанике с основами экология. 1980 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Өсімдіктегі биоактивті заттар. Қ.А.Ажғалиев.

  2. Қазақстан Өсімдіктері С.А.Арыстанғалиев., Е.Р.Рамазанов 1977.

  3. Занимательная ботаника. В.Рохлов, А.Геремов.

  4. Ботаника высших и наземных растений. А.Г.Еленевский., М.П.Соловьева, В.Н.Тихомиров 2000 г.

3.3.5. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Клетка ораноидтары. Эндоплазмалық тор

Мақсаты: Эндоплазмалық тордың ультрамикроскопиялық құрылысымен танысу.

Цитоплазманың гиалоплазмасында эндоплазмалық тор, митохондрия, Гольджи аппараты, центросома, рибосомалар, лизосома, ядро, ядрошықтар, тек өсімдік клеткасында кездесетін пластидтер және т.б. органоидтар болады. Органоидтар құрылыстарына, атқаратын қызметтеріне байланысты әр түрлі болып келеді.

Эндоплазмалық тор – (1945ж. Портер зерттеген) ядроның айналасын қоршап орналасқан торлы каналдардан тұратын органоид, диаметрі 250-300 А0 болады (1-сурет).

1-сурет. Эндоплазмалық тор және мембранасына орналасқан рибосомалар. Егеуқұйрықтың ұйқы безі клеткалары (П.Кемп, К.Армс)

Эндоплазмалық тордың формасы, көлемі клетканың типіне оның физиологиялық, биохимиялық жағдайына, даму стадиясына байланысты болады. \эндоплазмалық тор цитоплазманың негізгі құрылысы болып саналады, тек электронды микроскоп арқылы көруге болады. Эндоплазмалық тордың құрылысы цистерна-түтік тәрізді болып келеді де, ядроны қоршап, оның қабықшасын қалыптастырады. Өсімдіктер мен жануарлар клеткасында кездеседі. Эндоплазмалық тор атқаратын қызметіне қарай – тегіс (агранулярлы) және кедір-бұдыр (гранулярлы) болып екіге бөлінеді. Тегіс эндоплазмалық тордың негізгі қызметі майлар мен көмірсулардың алмасуына тиісті ферменттер жүйесінің болуына байланысты синтездеуге қатысады. Ал, кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың қызметі мембраналарында орналасқан рибосомалар арқылы белоктың синтезіне қатысуы. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың мембраналары өте тығыз орналасқан жері эргастоплазма деп атайды. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың мембраналарының арасында рибосома түйіршіктері орналасқан. Клеткалық мембраналардың барлығы (Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор, плазматикалық мембрананың) кедір-бұдырлы эндоплазмалық торда түзіледі.

Жалпы эндоплазмалық тор өзінің мембраналы каналдары арқылы заттарды тасымалдайтын транспорттық жүйе болып табылады.

1-ші тапсырма: Көк бауыр клеткаларынындағы эндоплазмалық тор. Электронды микросуреттен эндоплазмалық торды анықап, сурет салу. Бұл микросуретте тегіс (агранулярлы) және кедір-бұдырлы (гранулярлы) эндоплазмалық тор, қуыстардың, қапшықтардың, каналдардың кесіндісі көрсетілген.

2-ші тапсырма: Тышқан (бауыр, сілекей бездерінің, нерв) клеткаларындағы ЭПТ көріп, суретін салу.

3-ші тапсырма: Атжалманның ұйқы безі. Бояуы – гемотоксилин-эозин. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып, препаратты зерттеп, ацинустарды табыңыздар. Ацинус бірнеше панреатит клеткаларынан тұрады. Панкреатит клеткаларының негізгі асқорыту ферменттерін өндіреді, оған амилаза, липаза, трипсоген жатады. Сондықтан мұнда түйіршікті эндоплазмалық тор өте жақсы дамыған. Үлкен ұлғайтқышқы ауыстырып қарағанда цитоплазмасы базофильді бояумен жақсы боялған, оның жақсы боялуы эндоплазмалық тордың рибосомаларымен байланысты. Цитоплазманың базофильді бөлімі тек қана эозинмен боялмай гемотоксилинмен де көкшіл түске боялады. Ацинус клеткаларының суретін салып, базофильді цитоплазманы белгілеңіздер.

Бақылау сұрақтары:

    1. Эндолпазмалық тордың жалпы құрылысын атаңыз?

    2. Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордың қызметін және құрылысын түсіндіру.

    3. Тегіс эндоплазмалық тордың қызметі мен құрылысын түсіндіріңіз.

    4. Тегіс эндоплазмалық тордың кедір-бұдырлы эндоплазмалық тордан айырмашылығы неде?

Студенттердің өзіндік жұмыстарына тапсырма:

    1. Тиісті әдебиеттерден «Клетка органоидтары. Эндоплазмалық тордың түрлері мен қызметі» тақырыптарын оқып меңгеру.

    2. «Эндоплазмалық тордың белок синтезіндегі ролі» тақырыбына баяндама жазу.

3.3.6. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Гольджи аппараты

Мақсаты: Гольджи аппаратының ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.

Гольджи аппараты – немесе ішкі торлы аппарат барлық өсімдіктер және жануарлар клеткасында кездеседі. Бірінші рет 1898 жылы нерв клеткасынан италиян ғалымы Камилло Гольджи тапқан. Электронды микроскоптың көмегімен қазіргі уақытта Гольджи аппартының құрылысы анықталды. Гольджи аппараты – жазық мембраналардан тұратын жалпақ қапшықтар (цистерналар) жүйесі, бұл қапшықтардың ара қашықтығы 14-15 нм (2-сурет). Әрбір қапшықтың ішкі қуысының ені 9 нм, мембрананың қалыңдығы 7 нм. Диаметрі 30-50 нм көпіршіктер – белок секретін тасымалдайды. Диаметрі 0,2-0,3 мкм болатын ірі вакуольдерден тұратын күрделі құрылым. Гольджи аппаратының бытыраңқы орналасқан түрін диктиосом деп атайды. Олар жазық қапшықтардан, майда көпіршіктерден тұрады. Гольджи аппараты клеткала өте маңызды қызметтер атқарады, эндоплазмалыұ тордың мембраналарында синтезделген белоктар, полисахаридтер мен майларды клетка тіршілігіне қажетті, қажетсіз деп сараптап, сіңіріп, іріктеп секреторлық қызмет атқарады. Осы заттарды Голдьжи аппараты түйіршік немесе тамшы түрінде өз элеметтеріне жинайды, клеткада пайдаланады немесе сыртқы ортаға шығарылады. Көмірсулар синтезіне қатысады және оларды полипептид тізбегіне жалғастырады.

2-сурет. Қарапайымдар (Euglena)клеткасындагы Гольджи аппараты (П.Кемп, К.Армс. Biophota Associates)

1-ші тапсырма: Тышқан – ішек эпителиальды клеткаларында Гольджи аппараты. Клетканың ядросы базальды уяаскеге жақын орналасқан. Ядроға жақын учаскеде Гольджи аппараты орналасқан, ол қара түске боялған. Кейбір клетка Гольджи аппараттарының пішіні сақина, жарты сақина, таяқша тәрізді болып, ядроның астында орналасады.

2-ші тапсырма: Мысықтың арқа түйініндегі клеткаларының Гольджи аппараты. Бояуы-осьмий қышқылы. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып препаратты зерттеңіздер. Бірден көзге соақша келген клеткалар жақсы көрінеді. Цитоплазмасы жасыл түсті, ал, ядросы ашық түсті, ядрошығы жақсы көрінеді. Арқа туйіні дәнекер ұлпасымен қапталған. Әр түрлі боялған нейрондар топтасып түйіннің шет бөлімдерінде орналасады. Үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып қойып зерттеп, суретін салып, белгілеп қойыңыздар: 1) ядро; 2) цитоплазма; 3) Гольджи аппараты (3-сурет).

3-ші сурет. Жұлын түйіні клеткаларындағы Гольджи аппараты Осмий қышқылымен боялған х400 1-ядро мен ядрошық; 2- цитоплазма; 3-Гольджи аппараты (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша)

3-ші тапсырма: Тышқан – қарынасты бездер клеткасында Гольджи аппарты. Клетка ядросында базальды учаскеде Гольджи аппаратының диктиосомаларын күміспен өңделген, клетканың апикальды бөлімінде орналасқан. Кейбір клеткаларда Гольджи аппараты ядродан әр түрлі қышықтықта орналасқан. Мұның себебі клеткада секторлық заттардың жиналуына байланысты.

4-ші тапсырма: Тышқан-бүйрек клеткаларындағы Гольджи аппараты. Клетканың ядросы, базальды учаскесінде жиналған. Гольджи аппарты экваторды қошап тұрады. Формасы сақина, жарты сақина тәрізді. Ғалымдардың болжауы бойынша Гольджи аппаратының орналасуы бүйрек канал клеткаларының ерекше қызметіне байланысты.

5-ші тапсырма: Эпителий клеткасындағы Гольджи аппараты (тышқанның ішегіндегі микробүрлер). Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) жалпақ цистерналар; 2) тасымалдаушы көпіршіктер; 3) вакуольдар.

Бақылау сұрақтары:

1.Гольджи аппаратының құрылысын атаңыз?

2.Гольджи аппараты қандай компоненттерден тұрады?

3.Гольджи аппараты клеткада қандай процестерге қатысады?

4.Гольджи аппараты қандай қызмет атқарады?

5.Диктиосома дегеніміз не?

Студенттердің өздік жұмыстарына тапсырма:

1.Тиісті әдебиеттерден «Клетка органоидтары. Гольджи аппаратының түрлері және қызметі! Тақырыптарын оқып меңгеру.

2.»Гольджи аппаратының маңызы» тақырыбына баяндама жазу.

3.3.7. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы:Лизасомалар

Мақсаты: 1.Лизосомалардың ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.

2.Лизосомалардың трлерін ажырата білу.

Лизосомалар-(грекше “лизео”-еріту) жануарлар мен өсімдіктер клеткасының белок,нуклеин қышқылдары,полисахоридтер мен липидтерді ыдырата алатын ферменттері (қышқыл фосфотаза,рибонуклеаза,дезоксирибонуклеаза,катексин,В-глюкурони даза, сульфа таза т.б.)бар оргоноидтар.Бірінші рет лизосомаларды 1955 жылы де Дюв тышқан бауырының клеткасында тапқан.Шағын домалақ денелі диаметрі 0,2-0,5 мкм шамасындай.Ғалымдардың зерттеулері бойынша,лизосомалар эндоплазмалық тордан немесе Гольджи аппаратынан қалыптасқан.Негізінен олар клеткада асқорыту,клетканы қорғау (бактериядан) ,иммунологиялық реакциялық некроз,зәр шығару т.б. процестерге қатысады.Өсімдіктер клеткасында лизосомалардың рөлін үлкен вакуолялар атқарады.

Лизосомалардың бірнеше түрлері бар:

1.Алғашық лизосомалар (протолизосом) – сыртқы мембранамен қапталған, іші қышқыл затқа толы ұсақ көпіршіктер.

2.Екінші лизосомалар-алғашқы лизосомалар пиноцитоздық вакуольдермен қосылуы нәтижесінле пайда болады. Бұлардың құрамында ыдыратқыш гидролаза ферменті болады. Ішіне түскен заттар гдролазалармен мономерлерге дейін ыдырайды.Фагоцитоз есебінен фагосомдар-вакуольдар пайда болады.Фагосомдар алғашқы лизосомалармен бірігіп фаголизосомаларды құрайды.Аутолиз процесінің нәтижесінде аутолизосомдар (екінші лизосомдардың түрі) пайда болады.Лизосомаға түскен заттардың қорытылуы аяғына дейін жүрмей, қуыстарда қалып қоюы мүмкін,бұл қалдық денешіктерді телолизосомалар деп атайды.

1-тапсырма:Тышқанның бүйрек каналдары клеткасының қышқыл фосфотаза препараты микроскоп астында қарап,зерттеп,суретін салу.Теориядан белгілі қышқыл фосфотаза ферменті лзосомаларда болады.Егер клеткада қышықыл фосфотаза болса,онда қоңыр немесе қызыл-қоңыр түске боялып,цитоплазмада көрінеді.Лизосомалар цитоплазманың барлық учаскелерінде кездеседі.

2-тапсырма:Электронды микросуреттерді қарап, суретін салу.Суретте мембранамен қоршалған дөңгелек тәріздес күйде болады. Олар 3 қабатты құрылым болып,іш жағында қатты,тығыз учаскелері болады(4-сурет).

4-ші сурет. Лизосомалар. Егеуқұйрықтықтың, лимфа түйініндегі микрофаг цитоплазмасы бар бөлігінің электронды микросуреті. Х 26000. 1- электронды тығыз бөліктері бар лизосомалар; 2-митохондриялар; 3-эндоплазмалық тор (Ю.В.Машковцев бойынша)

3-тапсырма: Лизосомалар пайда болуын және қызметін көрсететін үлгіден Гольджи аппаратының ,секретті түйіршіктердің, лизосомалардың байланысының суретін салыңыздар.(5-сурет).

5-сурет.Клетка ішіндегі ас қорытылуы.

1-фагоцитоз; 2-пиноцитоз; 3-фагосома; 4-біріншілік лизосома;5- лизосоманың фагосомамен қосылуы;6-фаголизосома;7-митохондрия;8-эндоплазмалық тор; 9-Гольджи аппараты; 10-лизосоманың аутофагосомамен қосылуы; 11-аутофаголизосома; 12-пластинкалы денешік; 13-қалдық денешік; 14-экскреция ( В.Г.Елисеев,Ю.И.Афанасьев,Е.Ф.Котовский,А.И.Яцковский бойынша).

Бақылау сұрақтары:

1.Лизосомалардың құрылысын атаңыз?

2.Лизосоманың негізгі және алғашқы қызметі неде?

3.Лизосомалардың неше ферменттің (гидролазалардың)түрі кездеседі?

4.Клетка лизосомалар қандай органоидтан түзіледі?

5.Лизосомалардың қанша түрі бар,әрқайсысына түсініктеме беріңіз.

Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырама:

1.Тиісті әдебиеттерден «Клеетка органоидтары.Лизосоманың түрлері және қызметі» тақырыптарын оқып меңгеру.

2. «Эндоплазмалық тор,Гольджи аппараты және лизосомалардың байланысы» тақырыбына мәнжазба (реферат) дайындау.

3.3.8. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Рибосома. Центрасома немесе клетка орталығы

Мақсаты: Рибосомалардың және центраома немесе клетка орталығының микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.

Рибосомалар-прокариоттар мен эукариоттардың клеткаларында диаметрі 15-25 нм өте ұсақ жұмыр бөлшектер.Эукариоттар клеткаларында рибосомалардың екі популяциясы байқалады: гранулярлық эндоплазмалық тордың мембраналарының бетінде бекінген және цитоплазмада бос орналасқан.Электорнды микроскоп арқылы ғана көрінеді.Рибосомалар үлкен және кіші суббірліктен құралған. Бқл суббірліктер белок пен РНҚ-дан тұрады, ядрошықтан түзіледі. Рибосомалар - өсімдіктер мен жануарлардығ тез өсуші клеткаларында және бактерияларда, белоктарды жедел синтездейтін клеткаларда көп болады,ересек және кәрі клеткаларда аз мөлшерде болады немесе болмайды.Көптеген клеткаларда м РНҚ-ның молекулалары бос рибосомаларды біріктіріп,полирибосома деп аталатын кішкене топтар құрайды. Рибосомалар үнемі қозғалыста болады,белоктарды синтездейді (6-сурет).

6- сурет.Клеткадағы белок синтезі.

1-рибосоманың кіші суббірлігі; 2- рибосоманың үлкен суббірлігі; 3 – информациялық (матрицалық) РНҚ; 4- тасымалдаушы РНҚ; 5-рибосомалық РНҚ; 6-амин қышқылдары;7- кодондар; 8- антикодон; 9-полипиптидтер тізбегі(В.Г.Елисеев,Ю.И.Афанасьев, Е.Ф.Котовский,А.Н.Яцкобский бойынша)

Центосома немесе клетка орталығы- 1875 ж. Флеминг, 1876 жылы Бенеден жарық микроскопынң көмегімен ұсақ тығыз денешік ретінде әр түрлі клеткалардан клетка орталығын ашты.Клетка орталығы барлық жануарлар клеткаларына тән.Клетка орталығы барлық жануарлар клеткаларына тән.Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда және кейбір қарапайымдарда болмайды. Клетка орталығы ядроға тақау орналасады. Екі ұсақ тығыз денешіктен (центроли) және оларды қоршаған цитоплазманың ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан бөлінген жіңішке жіпшелерден тқрады. Центриольдің пішіні цилиндр тәрізді болады, ұзындығы 500нм, диаметрі 150нм. Цилиндр қабырғасы микротүтікшелердің 9 тобынан құралған. Центриольдар функциясының бірі кіраікшклкр мен талшықтылардың негізінде орналасатын базальдық денешіктерді құрау және бөлініуші клеткаларда олар бөліну ұршыған қалыптастыруға қатысады.

1-тапсырма:Дайын таблицаларды пайдалана отырып прокариотты және эукариотты организмдердің клеткаларындағы рибосомалардың орналасуымен танысу.Эндоплазмалық тордың мембранасында орналсақан рибосомалардың суретін салыңыздар. Егеуқұйрықтың нейрогипофиз клеткаларындағы полирибосомалардың суретін салып белгіліңіздер (7-сурет).

7-сурет. Егеуқұйрық нейрогипофиз клеткаларындағы полирибосомалардың электронды микросуреті. Х 68200.1-полирибосомардың тізбектері; 2-митохондрия (И.И.Дедов бойынша)

2-тапсырма: Аскариданың жұмыртқа клеткасының бөлщектенуі кезіндегі клетка орталығы.Аскариданың жатырының көлденең кесіндісі. Жатырдың ішінде дөңгелек пішінді бөлшектеніп жатқан клеткасын көруге болады.Үлкен ұлғайтқышқа қойып жұмыртқа клеткасын тауып, хромосомаларды және клетка орталыңғын көруге болады. Суретін салып белгіліңіздер (8-сурет).

8-сурет. Жылқы аскаридасындағы овоциттің бқлшектені кезеңіндегі центросомасы (клетка орталығы). Бояуы: темірлі гемотосилин Гейденгайн бойынша. Х 900. 1-овоциттің қабығы; 2-центриольдар; 3-центросфера; 4-астросфера; 5-хромосомалардығы экваторлық пластинка (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша)

3-тапсырма: Ұйқы безінің қатерлі ісікпен зақымдалғын жасушаның, электронды микросуретінен центросоманы (клетка орталығы) анықтап суретін салу(9-сурет).

9-сурет.А-центриольдың қиғаш және бойлық кесінділері х160000. Б-центриольдердің қиғаш және көлденең кесінділері х90000. 1- клетка орталығы; 2-шеткі қос микрофибрилалар (И.П.Дмитиева бойынша).

Бақылау сұрақтары:

  1. Рибосомалардың клеткадағы атқаратын қызметі қандай?

  2. 2.Рибосоманың құрылысы

  3. Центросома немесе клетка орталығының құрылысы

  4. Центросоманың клетка бөлінуі кезінде қандай рөл атқарады?

Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма:

  1. Тиісті әдебиеттерден «Рибосомалар. Клетка орталығы» тақырыптарын оқып меңгеру.

  2. «Клеткадағы белок синтезі және оның кезеңдері», «Клетканың бөлінуінде клетка орталығының қызметі» тақырыптарына баяндама дайындау.

3.3.9. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Митохондриялар

Мақсаты: Митохондрияның ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу, қызметімен танысу.

Митохондриялар немесе хондриосомдар (грекше “митос”-жіпше, “хондрин”-дәнек,түйіршік) деген ұғымды береді,митохондрияны алғаш болып Мевес 1908 ж. хондриосома деп зерттеген. 1850 ж. Келликер насекомдардың бұлшық еттерінен байқаған.

Митохондриялар-жануарлар мен өсімдік клеткасында ұдайы кездесетін,клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Формасы жіпше, сопақша және таяөша тәріздес,екі мембраналық қабықшамен қапталған. Олардың ішкі құрылысы қатпарлы камераларға бөлінген. Ұзындығы 0,2-7 мкм шамасындай. Барлық эукариотты организмдерде кездесетін органоид. Митохондрия ішкі және сыртөы мембраналардан тұрады. Сыртқы тегіс, ал ішкі қабаты қатпарлардан,кристалдардан тұрады (10-сурет). Осы қатпарларда энергия алмасуына қатысатын көптеген ферменттер болады. Митохондрияның химиялық құрамында белоктар,липидтер,тыныс алу ферменттері, РНҚ болады. Қызметі осы ферменттерге байланысты. Матриксінде «Кребс» ЦИКЛІНЕ ҚАТЫСАТЫН ФЕРМЕНТТЕР БОАЛЫ. Митохондриялардың құрамына липидтер- 30,белоктар – 70,нуклеин қышқылдары, витаминдер кіреді.

Митохондрия қызметі- көмірсулардың т.б. заттардың тотығуы арқылы клетканың негізгі энергия көзі АТФ түзілуі. Митохондриялар аденозин үш фосфаты қышқылы (АТФ) ыдырап, айырылуы кезінде бөлінген энергиямен клетканы қамтамасыз етеді. Оалрдың пішіні, саны, көлемі және қызмет жағдайы сыртқы орта факторларына және клетканың физиологиялық жаңдайына да байланысты өзгеріп отырады.

10-сурет. Митохондрияның, ультрамикроскопиялық құрылысы. 1-сыртқы мембрана; 2- ішкі мембрана; 3- тарақшалар(кристалар). (И.В.Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).

1-тапсырма:Тышқан ішегінің эпителий клеткаларындағы митозхондрия. Кіші ұлғайтқышқа қойып қарағанда, клеткада митохондриялар таяқша тәріздес болып көрінеді. Ядросы бірден көзге түседі. Екі-үш клетканың суретін салып, митохондряны белгіліңіздер.

2-тапсырма: Тышқан-сілекей бездері клеткаларының митохондриясы. Митохондриялардың көпшілігі ядро маңына доға тәріздес, бойлап орналасқан. Формасы өте майда, таяөша тәрізді.Клетка ядросы дөңгелек,оқшауланып тұрады. Митохондрияның базальді учаскіде жинақталуы цитоплазманың бұл бөлімінде белоктың көп синтездеу ерекшелігіне байланысты,энергияның керек екенін байқатады.

3-тапсырма: Тышқан-қарынасты бездер клеткасының митохондриясы. Клетка формасы сопақша. Ядро клетканың ортаңғы бөлімінде. Митохондрияның көпшілігі клетканың базальды бөлімінде орналасқан, олардың формасы жіп немесе таяөша тәрізді.

4-тапсырма: Тышқан-бауыр клеткасының митохондриясы. Препаратты клеткалардың формасы 5-6 бқрышты, ірі ядролы. Митохондрияның формасы таяқшасы тәрізді ядроның маңына орналасқан. Митохондрияның клетканың кейбір учаскелерінде шоғырлануы сол учаскеде активті процестердің (белок синтезі т.б.) жүргенін көрсетеді.

5-тапсырма: Амфибилердің бауыр клеткасындағы митохондриялар. Альтман тәсілімен боялған. Кіші ұлғайтқышқа қойып көп бұрышты бауыр клеткаларын, бірден көзге түсетін бір-екі ядросын көруге болады. Үлкен ұлғайтқышқа ауысытырып қарағанда,цитоплазма қызғылт түйіршік тәрізді шашырап жатқан митохондрияларды байқайсыздар. Көпбұрышты бауыр клеткасының суретін салып митохондрияларды белгіліңізлер (11-сурет).

11-сурет. Амфибилердің бауыр клеткасындағы митохондриялар: 1-ядро;2- митохондрялар;

Ескерту: митохондриялардың клеткада таралу ерекшеліктеріне,цитоплазманың кейбір учаскелерінің функциональды активтілігіне, клеткалық процестерге байланысты екенін дәлелдеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Митохондрияның құрылысы

  2. Митохондрияның клеткадағы атқаратын қызметі.

  3. АТФ және оның клеткадағы маңызы қандай?

  1. Рибосомалардың клеткадағы атқаратын қызметі қандай?

  2. 2.Рибосоманың құрылысы

  3. Центросома немесе клетка орталығының құрылысы

  4. 4. Центросоманың клетка бөлінуі кезінде қандай рөл атқарады?

Студенттердің өздік жұмыстарына тапсырма:

  1. Тиісті әдебиеттерден «Митохондриялардың құрылысы мен атқаратын қызметі» тақырыбын оқып меңгеру.

  2. «Кребс циклі», «Клеткадағы энергияның алмасуы» тақырыбына баяндама дайындау.

  1. Тиісті әдебиеттерден «Рибосомалар. Клетка орталығы» тақырыптарын оқып меңгеру.

  2. «Клеткадағы белок синтезі және оның кезеңдері», «Клетканың бөлінуінде клетка орталығының қызметі» тақырыптарына баяндама дайындау.

3.3.10. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Пластидтер

Мақсаты:1.Пластидтердің ультрамикроскопиялық құрылысын зерттеу.

2.Пластидтердің түрлерінің ерекшеліктерін анықтау.

Пластидтер. Өсімдіктерде ғана кездесетін органоид. Көк-жасыл балдырларда, саңырауқұлақтарда, бактерияларда пластидтер болмайды. Алғашқы болып 1676 ж. Левенгук байқаған. 1862 ж. Шимпер зерттеп пигменттерінің құрамына қарай пластидтердің үш түрін ашты лейкопластар, хромопластар, хлоропластар. Олар бір түрден екінші түрге ауысып отырады (12-сурет).

12-сурет. Хлоропласт (а), лейкопласт (б), хромопласттың (в) құрылысы:1-сыртқы мембрана; 2-ішкі мембрана; 3-матрикс; 4-строма ламелласы; 5-грана; 6-тиллакоид; 7-крахмал түйіршігі; 8-пигмент;

Хлоропластар- өсімдіктерге көк-жасыл түс беретін пластидтер,құрамында төрт пигмент кездеседі: екі жасыл түсті хлорофилл “a” ( Mg), хлорофилл “в” ( Mg), сарғыш-қызыл түсті каротин немесе кароген және сары түсті ксантофилл. Жарықсыз жағдайда хлоропластарда хлорофилл дәндері түзілмейді. Хлорофилл каротиноидтарына- каротин мен ксантофилл жатады.

Хлоропластар өзінің бойындағы хлорофилл пигменттері арқылы күн сәулесінің энергиясын сіңіріп бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді.Бұл процессті фотосинтез деп атайды.

6 + 6 O= + 6

Хлоропластарда хлорофилл, ксантофилл және каротин болады. Хлоропластардың пішіні көбінесе сопақша болып келеді, ұзындығы 5-10 мкм, ені 2-4 мкм.Хлоропластардың саны әр өсімдікте әр түрлі, жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде 10-30 шамасында.Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады, олардың қалыңдығы 7 нм. Ішінің негізгі заты табақша пішінді, ламеллярлы құрылымды,ішінде ДНҚ, рибосомалар мен қосындылар орналасқан матрикстен стромадан тұрады. Хлоропластарда тилакоидтар (қапшық) – арнаулы фотосинтездеуші құрылымдар болады, бірнеше тилакоидтар жиылып грана деп аталатын цилиндр тәрізді құрылым құрайды. Грандар арасында бір-бірін байланыстыратын строма ламелласы орналасады. Олардың пішіні жалпайған қапшық тәрізді болып, хлоропластардың ішкі мембранасымен тығыз байланысып бір-біріне параллель орналасады. Хлорофилл грандарда шоғырланғандықтан осында фотосинтез процесі жүреді.

Хромопластар (грекше хромо-түс,пластос-мүсін). Әртүрлі жапырақтардың, жемістердің, гүлдер мен кейбір тамырлардың сарғыш қызғылт,қою қызыл түске боялуы олардың клеткаларындағы каротин, ксантофилл пигменттеріне байланысты. Хромопластарда кездесетін каротиноидтар әртүрлілігімен ерекшеленеді, пигменттер түрлері 50-ден асады. Олардың ішінде кеңінен таралғаны ликопин. Хромопластарда - ликопин және ксантофилл болады.

Лейкопластар (грекше лейкос-ақ, пластос-мүсін). Пішіні дөңгелек, таяқша тектес, пигменттері болмайды. Пластидтердің ең майдасы, көбіне ядро маңында орналасады, ішкі мембраналық жүйесі нашар дамыған. Олар түссіз, тамырларда, өсімдіктердің түссіз бөлімінде кездеседі. Ең жиі кездесетіні амилопласт.

1-ші тапсырма: Өсімдік клеткасындағы хлоропластар.Традесканция жапырағының үстіңгі бетінен жұқалап кесіп алып, заттық шыныға орналастырып, үстіне су тамызып, жапқыш шынымен жабыңыздар. Микроскоптың үлкен көрінісіне қойып зерттегенде, клеткалар ішінде көптеген хлоропластар көрінеді, сонымен қатар, граналарды көруге болады. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) клетка қабығы; 2) ядро; 3) хлоропласт.

2-ші тапсырма: Сәбіз және қызанақ клеткаларындағы хромопластар. Қызанақтың сыртқы қабығын кесіп алып тастап, жұмсақ ішкі жағынан жұқалап кесіп алып, зат шынысына орналастырып, микроскоп арқылы зерттеңіздер. Бірден көзге түсетіні- сарғыш келген пластидтер ядроның маңайында орналасқан. Анықтап қарағанда пластидтер ішінде каротин кристалдары көрінеді. Сәбіздің кесіндісінде микроскоппен қарағанда лейкопластарда каротин кристалдарын байқауға болады. Осы көргендеріңіздің суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) сыртқы мембрана; 2) ішкі мембрана; 3) матрикс; 4) строма ламелласы; 5) грана; 6) тилакоид (13-сурет).

13-сурет. Сәбіз (А) және қызанық (Б) клеткаларындағы хромопластар: 1-клетка қабығы; 2-май тамшылары; 3-каротин кристалы; 4-цитоплазма; 5-вакуоль; 6-хромопластар; 7-клеткааралық зат; 8-ядро.

3-ші тапсырма: Микросуреттерді қарап пластидтердің түрлерін, құрылысын анықтап, суретін салу.

Бақылау сұрақтары:

1. Пластидтер, олардың ерекшеліктері. Құрылымы және биологиялық маңызы.

2. Пластидтердің түрлерін және олардың бір-бірінен айырмашылығын атаңыз?

3. Фотосинтездің маңызы неде?

4. Ламелла, грана, тилакоид деген атауларға сипаттама беріңіздер.

Студенттердің өздік жұмыстарына тапсырма:

  1. Тиісті әдебиеттерден «Пластидтер» тақырыптарын оқып меңгеру.

  2. «Өсімдік клеткасының пластидтері (хлоропласт, хромопласт, лейкопластар) пигменттері, атқаратын қызметтері» тақырыбына мәнжазба (реферат) дайындау.

3.3.11. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Клетканың қозғалыс органдары

Мақсаты: Қарапайымдылар мен омыртқалы жануарлардың қозғалыс органдарының микроскопиялық құрылысын зерттеу.

Кірпікшелер диаметрі 200 нм цитоплазманың нәзік цилиндрлік өсіндісі. Сыртын плазматикалық мембрана жауып тұрады, негізгі белогы- тубулин.Кірпікшелер (14-сурет) мен жіпшелер қозғалыс кезінде ұзындықтары қысқармайды.

Әр клеткада бұл қозғалыс толқын тәріздес , ілме немесе түтікше тәріздес болып келеді, мұндай қозғалыс көбінесе қарапайымдарда кең тараған. Жіпшелер арқылы жоғары сатыдағы жануарлардың аталық жыныс клеткалары қозғалады. Бұлшық ет қозғалысында бұлышқ ет фибрилі миозин мен актиннің қарама-қарсы жылжуынан болады.

14-сурет. Клетканың кірпікшелері. Егеуқұйрық кеңірдегінің дистальды бөлімінің кірпікшелі эпителиоциттерінің электронды микросуреті А-клетка кірпікшелерінің көлденең кесіндісі х 96000. 1-клетка қабығы (цитолемма); 2-кірпікшенің цитоплазмасы; 3-шеткі қос микрофибриллалар; 4-орталық қос микрофибрилла; (Шестранд бойынша).

1-ші тапсырма: Айқұлақ ішегінің кірпікшелі эпилеийі. Темірлі гемотоксилинмен боялған. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып, цилиндр тәрізді эпителий клеткаларын табыңыздар.Содан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырып, сол клеткалардың апикальді жағында орналасқан көптеген кірпікшелерді көресіздер. Сол кірпікшелердің әрқайсысының астында бі-бірден базальды денешік орналасқан.

Көрген клеткаларыңыздың суретін салып белгілерін қойыңыздар (15-сурет).

15-сурет. Ішек эпителиоциттерінің апикальды бетіндегі бүрлер. Электронды микросурет. Х 16000. 1-сору, сіңіру жиектерін (каемкаларын) түзетін клеткалардың микробүрлері; 2-байланыстырушы пластинка; 3-клеткалардың қабықшалары; 4-митохондриялар; 5-лизосома; 6-эндоплазмалық тор (Родин атласынан).

2-ші тапсырма: Талшықты клетка – сперматозоид.Бояуы-темірлі гемотоксилин. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып қарағанда басы, талшығы бірден көзге көрінеді.Осы талшықты клетканың суретін салып, белгілейтіндеріңіз: 1) бас; 2) талшық.

3-ші тапсырма: Бірыңғай салалы бұлшықет клеткасының миофибриллалары. Бояуы- гемотоксилин-эозин. Препараттан көретіндеріңіз- ұршық пішінді миоциттер. Сопақша келген ядросы ортасында орналасқан. Цитоплазмада фибриллярлы құрылымдарды көруге болады. Осы фибриллалар клетканы қозғалысқа келтіреді. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) миоциттер; 2) ядро; 3) цитоплазма; 4) миофибрильдер.

4-ші тапсырма: Көлденең жолақты бұлшықет талшықтары. Бояуы –темірлі гемотоксилин. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып қарағанда талшықтар, көптеген ядросы бар, сарколемма жақсы көрінеді. Цитоплазмада (саркоплазмада) бірде жарық, бірде күңгірт болып кезектесіп орналасқан сызықтарды көруге болады, олар миофибрильдер, саркомерада орналасқан. Суретін салып, белгілеңіздер: 1) саркоплазма; 2) ядро; 3) сарколлема; 4) миофибриллалар; 5) микрофиламенттер.

5-ші тапсырма: Жүйке клеткасындағы нерофибриллер. Азот- қышқыл импрегнация. Тармақталған жүйке клеткасының нейронының ортасында үлкен сопақша ядросы орналасқан. Нейроплазмада қара түске боялған, ретсіз орналасқан жіпшелерді, яғни нейрофибрилдерді көруге болады. Көргендеріңіздің суретін салып, белгілеңіздер (16-сурет).

16-сурет. Метаплазмалық түзіліс: 2-нейрондары нейрофибриллалар

Бақылау сұрақтары:

  1. Клеткада болатын қандай қозғалыс органоидтарын білесіздер?

  2. Тонофибрильдер, миофибрильдер, нейрофибрильдер қайда кездеседі?

  3. Кірпікшелер қандай қарапайымдыларда кездеседі, мысал келтір.

  4. Талшықтылар қандай клеткада кездеседі және мысал келтір.

  5. Кірпікшелер мен талшықтылардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

  6. Клетканың авктивті қозғалысына қандай белоктар қатысады?

Студенттердің өздік жұмыстарына тапсырма:

  1. Тиісті әдебиеттерден«Клетканың қозғалыс органдары» тақырыптарын оқып меңгеру.

  2. «Қарапайымдылар мен омыртқалы жануарлардың қозғалыс органдары» тақырыбына баяндама жазу.

3.3.12. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЛАРЫ

Лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Интерфазалық ядро

Мақсаты: 1.Ядроның микроскопиялық құрылысын зерттеу.

2.Ядроның клеткадағы атқаратын қызметін түсіну.

Ядроның 1831 жылы ботаник Роберт Браун өсімдік клетканларында тапқан. Ядро- эукариотты организімдердің клеткасында тұрақты түрде болатын-органоид, бір клеткада бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Пішіні домалақ, таяқша тәрізді, көлемі түрлі клеткаларда әр түрлі болады.

Клетканың тіршілік әрекеті- ядроның қадағалауымен орындалады, генектикалық информация клетканың бөлінуі арқылы жаңа клеткаларға беріледі, яғни генетикалық ақпаратты ДНҚ молекуласында сақтайды. Билок синтездейтін макромолекулаларды қалыптастырып отырады.

Клетка бөлінуі арасында “тыныштық” кезеңді –интерфазалық ядро кезеңі дейді. Бұл кезеңді ядро- ядро қабықшасынан (ішкі, сырты мембрана), ядро сұйықтығы –кариоплазмадан, хроматиннен, бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады. Ядро қабықшасы (кариолема) –ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады. Электорнды микроскоппен карағанда ядро қабықшасы ішкі және сыртқы мембранадан, екі мембрана арасы қоймалжың затқа толы кеңістіктен тұрады. Бұл кеңістік мембрана аралық кеңістік деп аталады. Ядро қабықшасында көптеген поралар (тесіктер) болады, осы поралар арқылы ядродан цытоплазмаға және керісінше белоктар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, су және иондар өтеді. (17-сурет). Осылайша зат алмасу процесі белсенді түрде жүргенімен , ядро қабықшасы ядро шырынын цитоплазмадан бөліп тұрады, яғни олардың химиялық құрамындағы айырмашылық сақталады.

Ядрошық –тығыз келген денешік, диаметрі 2-10 мкм, құрамына РНҚ және билок енеді. Алғаш рет 1781 ж. Фонтана тапқан. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ, 30% ядролық РНҚ синтезделінеді.

Ядро шырынының (кариоплазма) құрамына белоктар, көмірсулар мен нуклеин қышқыларды, ядро ферменттері, амин қышқылдары, РНҚ-ның барлық түрлері кіреді.

17-сурет. Ядроның құрылысы: 1-ядро қабықшасы; 2-поралар; 3-хроматин; 5-ядрошық; 7-кариоплазма; 8-перинуклеар кеңістігі

1-ші тапсырма: Аксолотльдің қара бауыр клеткасы. Гемотоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып зерттеп, жақсы жерлерін тауып, содан кейін үлкен ұлғайтқышпен қарап, көргендеріңіздің суретін салыңыздар:1) ядро қабықшасы; 2) ядрошықтар; 3)нуклеоплазма; 4) хроматин түйіршіктері.

2-ші тапсырма: Бақа қанының жағындысы. Гемотоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші ұлғайтқышына қойып зерттеп, содан кейін үлкен ұлғайтқышқа ауыстырыңыздар.Клетканың ортасында орналасқан ірі ядроны көресіздер, цитоплазмасы ашық түсті. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) ядро; 2) цитоплазма; 3) плазмолема.

3-ші тапсырма: Адам қанының жағындысы. Бұл препаратта бірден көзге түсетіні – эритроциттердің клеткаларының ядросының жоқтығы. Яғни, сүтқоректілер класының эритроциттерінде ядросы болмайды. Микроскоптан көрген клеткалардың суретін салып, белгілеңіздер (18-сурет).

18-сурет. Адам канының жағындысы. Бояуы: Романовский-Гимза әдісі бойынша. Х900. 1-эритроциттер; 2-лимфациттер (ұсақ, ірі); 3-моноцит; 4-нейтрофильді лейкоциттер; 5-эозинофильді лейкоциттер; 6-базофильді лейкоцит; 7-қан пластинкалары (тромбоциттер) (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).

4-ші тапсырма: Ядро құрылысында фиксацияның әсерін көрсететін препараттарды көру.

Фиксация – деп зерттеу барысында тірі клетканың даму процесінің қажетті кезеңін белгілеу үшін, химиялық ерітінділер арқылы өсу процесін тоқтату.

Зерттелетін препараттар тышқан бауыр клеткасын әр түрлі фиксаторлармен (осмийдің төрт тотығы, Ценкер ерітіндісі, Флеминг ерітіндісі, сузи) фиксациялайды. Клетка ядросы ацетокарминмен боялған. Препараттарды иммерсиялық обьективпен (90*15) қарау қажет.

1.Бауыр клеткаларын осмийдің төрт тотығымен фиксация жасағанда препаратта, ядро теп-тегіс, ядрошығы болады.

2.Бауыр клеткаларын Ценкер ерітіндісімен өңдеген препаратта құрамында “Сулема” болғандықтан ядрода хроматин жіпшелері көрінеді.Ядрошық дөңгелек.

3.Бауыр клеткаларын Флеминг ерітіндісімен өңдеген препаратта, құрамында сірке қышқылы болғандықтан хроматин жіңішке, ядро бетінде бірдей таралған. Ядроның формасы хроматинге қарағанда дөңгелек.

5-ші тапсырма: Ядро пішінінің әртүрлілігін анықтайтын препараттарды көріп, суретін салу. 1.Тышқан ішегінің эпителий клеткасындағы ядро, клетка формасы цилиндр тәрізді, базальды бөлігінде ядро орналасқан.Ол овальды, ірі, хроматині кіші және үлкен түйіршіктерге бөлінген. Ядрошығы дөңгелек.

2.Тышқанның тегіс бұлшық ет клеткасының ядросы. Клетка формасы ұзынша, созылыңқы, таспа тәрізді, ұшы үшкірленген. Ядросы клетканың формасына сәйкес созылыңқы. Ядрода 1-2 ядрошық көрінеді. Хроматин түйіршіктері әртүрлі формалы.

3. Лейкоциттердің ядросы. Препаратта эритроциттер көрінеді. Олардың формасы сопақша және көк түске боялған ядросы бар. Лейкоциттер препараттың шет жағына орналасқан. Лейкоциттер эритроциттерге қарағанда ірі, клеткалары дөңгелек. Лейкоциттердің ядросы сегменттелген 3-4 бөлімнен тұрады.

4. Өсімдіктер клеткасының ядросы. Өсімдіктер клеткасының ядросы құрылысы жағынан жануарлар клеткасынан айырмашылығы жоқ. Өсімдіктер клетка ядросының ерекшелігі, ондағы хроматин жіпшелерінің орналасуы. Препараттарды талдау жасау кезінде студенттер осы ерекшелікке көңіл аударуы қажет. Бұдан басқа ядро құрамында хроматинді тор хромоцентр болады. Ол ядрошықтың жанында орналасады.

Бақылау сұрақтары:

1.Клетка ядросының құрылысын атаңыз?

2.Клеткада ядро қандай қызмет атқарады?

3.Прокариотты және эукариотты организмдердің ядро құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

4.Ядролық мембрана қандай органоидпен жалғасады?

5.Ядрода хроматин қандай роль атқарады?

6.Ядрошықтардың құрылысы және қызметі қандай?

7. Клетканың қандай ядроларында хромосомаларды көруге болады?

8.Тұқым қуалайтын информация ядроның қандай затында болады?

Студенттердің өздік жұмыстарына тапсырма:

  1. Тиісті әдебиеттерден «Клетка органоидтары. Ядроның құрылысы мен қызметі» тақырыптарын оқып меңгеру.

  2. «Ядроның құрылысы мен атқаратын қызметі», «Ядро мен цитоплазманың қарым-қатынасы», «Белок синтезі, трансляция, транскрипция, репликация» тақырыптарын таңдап алып, мәнжазба (реферат) дайындау.