Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жасуша биологиясы УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.95 Mб
Скачать

2.Глоссарий

1. Клетка – элементралық тірі система, барлық тірі организмдердік тіршілігімен құрылысының негізі.

2. Метоболизм – организм денесіндегі ассимиляция және диссимиляция процестерінің бірлігінің нәтижесі болып табылатын алмасу процесі.

3. Нуклеин қышқылдары – белоктың биосинтезінің және организмдердің тұқым қуалау белгілерінің берілуінде жетекші рөл атқаратын барлық тірі системалардың қажетті құрамдас бөлігі.

4. Онтогенез – өсімдіктердің және жануардың пайда болғанна бастап өлгенгі дейінгі жеке бастың дамуы. Онтоногезді тектің немесе түрдің тарихи дамуымен (филогенезбен) бірлікте қарау керек.

5. Синтез – заттың , құбылыстың мәнді белгілері мен қасиеттерін ойша біріктіріп, біртұтас нәрсе деп зерттеу әдісі (анализге қарама-қарсы).

6.Система – іштей өзара заңды байланысқан көптеген элементтердің біртұтас жүйесі.

7.Ферменттер – биологиялық катализаторлар химиялық табиғаты бойынша – белоктар ; олар организдегі заттарды өзгертіп , оның зат алмасуына бағыт береді және реттейді.

8. Ген – тірінің тұқым қуалаушы факторы , тұқым қуалаушы информацияның одан әрі бөлінбейтін функциональдық негізі. Химиялық құрамы жағынан гендер нуклеин қышқылдарына (ДНК, РНК) жатады.

9. Белоктар – аминқышқылдардан тұратын және барлық организмдердің тіршілігінің негізін құрайтын жоғары молекулалы органикалық зат.

10. Вирус – өсімдіктерді, жануарлар мен адамдарда жұқпалы аурулар тудыратын , ДНК немесе РНК деп аталатын нуклеин қышқылдарынан тұратын, тірі клеткалардың ішінде ғана көбейетін, бірақ клеткалық емес аса ұсақ бөлшектер.

11. Бактерия – микроскоппен ғана көрінетін, көбіне бір клеткадан тұратын тірі организмдер.

12 Гаплоид – ядро, клетка, организмнің біртекті хромосомдар жиынтығымен сипатталады түрлік қасиеті , толық жинақтық жартысы.

13. Геном – жануардың немесе өсімдіктердің берілген клеткасындағы бір хромосомдар жиынында бар гендердің жиынтығы.

14. Генотип – организ белгілерінің дамуын анықтайтын тұқым қуалаушы бастамалар жиынтығы.

15. Фенотип – организ қасиеттерімен белгілерінің жиынтығы, фенотип организмнің тұқым қуалау қасиеттері генотиппен тіршілік ортасының жағдайларының өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады.

16. Биомасса – бір түрдің особьтарының , түрлер топтарының немесе түгел қауымның аудан немесе көлем бірлігіндегі органикалық заттардың мөлшері.

17.Фитомасса – белгілі бір аудандағы өсімдіктердің тірі және өлі органикалық заттарарының жалпы салмағы.

18. Гетеротрофты организм – дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер.

19.Филогенез – организмдердің , олардың түрлерінің, тегінің, тұқымдастығының,отрядының кластарының ,типінің тарихи даму процесі. Филогенезді жеке организмдердің дамуы бірлікте және өзара тәуелділікте қарастыру керек.

20.Полиплоид- ядро, клетка, организм негізгі хромосом санының көбеюімен сипаттталады (3n , 4n т.б символымен белгіленеді )

21.Ауксины – фитогормондар бұтадағы тамырдың түзілуінің жағдай жасайды.

22.Аутосомы – жыныссыз кез-келген хромосомдар

23.Гиббереллиин – фитогормондар, сабақтың өсуін активтендіреді тұқымнығ көктеуін жеделдетеді.

24.Гомозмгота – ата-анасының ұқсас гендерінің арасына айырма жасап қатынаспауы.

25.Диплоид – ядро, клетка, организмнің гомологиялық хромосомның екі есе жинағы мен сипатталады. (2n символымен белгіленеді)

26.Диплоидный набор – екі гаплоидты хромосом жиынтығы , ата-анасының екеуінің де немесе тек біреуінің хромосомы болуы.

27.Зигота – жұмыртқа клетканың ұрықтануы.

28.Меристема – клеткада активті бөлінетін түзуші ткань.

29.Морфогенез – органдардың қалыптасу процесі (органогез), ткань (гистогонез) және клетка (цитогонез немесе клеткалық дифференцировка).

30.Протеиназы , протеазы – белоктың гибролизденуіне әкелетін ферменттер. Нуклеин қышқылын бөлу кезінде белоктан тазарту үшін пайдаланады.

31.Абиотикалық факторлар – деп жер бетінің ой-қыры, жалпы құрылысы, судың қасиеті мен құрамы, ауаның қасиеті мен құрамы сияқты неорганикалық дүниеден құралған ортаның жиынтығын айтады.

32. Авитаминоз – адамның ішкен жеген асында, малдың жем-шөбінде витаминнің аздығынан яки жоқтығынан пайда болатын аурулар.Витаминнің түрлеріне қарай авитаминозда сол витаминнің атымен аталады.Мысалы : авитаминоз А, авитаминоз Б т,б.

33.Автомиксис – бір организмдегі екі жыныс клеткасының өзара ұрықтануы. Мұндай

құбылыс тек төменгі сатыдағы қарапайым жәндіктер мен саңырауқұлақтарда ғана кездеседі.

34.Автотрофтық организмдер – айналасындағы ортадан анорганикалық заттарды ғана қабылдап қоректенетін организмдер.Бұған көбінесе жасыл өсімдіктер мен бірлі-жарым бактериялар жатады.Органикалық заттардың даяр түрімен қоректенетін организмдерді гетеротрофты организмдер дейді.

35.Аденозинтрифосфор қышқылы – аденил және фосфор қышқылдарының қосындысы. Тіршілік үшін аса қажетті зат. Көптеген химиялық процестер; зат алмасу, тыныс алу құбылыстары осы заттың қатысуымен жүзеге асады.

36.Адсорбция – ерітінді түрінде немесе бу күйінде кездесетін заттың сұйық яки қатты дененің үстіңгі бетіне сіңісуі.

37.Акация, қараган – бұршақтұқымдас өсімдіктерге жатады, мимоза мен бұршақгүлділер тұқымдастары тармағына жататын түрліше ағаштар мен бұталардың жалпы аты. Қазақстанның 700 түрі бар. Олар: сенегал, жібек, ақ қараған, сары, шарқараған, сөлбір, қараған, бозқараған.

38.Алейрон дәндері – кейде мұны протеин дәндері деп те атайды. Тұқым жарнақтарындағы вакуоляда болатын клетка шырыны құрғағаннан пайда болатын дән тәрізді белок заты, алейрон дәндері өсімдік ұрығының қорегі есебінде пайдаланады.

39.Алкалоидтер – құрамында азоты бар күрделі органикалық зат, көбінің фармакологиялық әсері бар. Алкалоид тұңғыш рет 1806 жылы ашылған , қазір 550 астам түрі бар. Алколоид көбінесе өсімдіктерден, кейде жануарлардан шығады.

40.Амитоз – клетка ядросының хрососам ахроматин заттарын шығармастан, екіге немесе бірнешеге тікелей бірден бөлінуі.

41.Амилоза – крахмалдың құрамына кіретін органикалық күрделі зат.

42.Амилоид – 1)жануарлардың денесі кейбір потологиялық процестерге ұшыраған кезде олардың бауыраны, көкбауырына және басқа да мүшелеріне жиналатын белок; 2)өсімдіктердегі амилоидтың химиялық құрамы өзгеше – тұқым жарнақтарындағы немесе жас клеткаларның қабықшасындағы гемицеллюлоза деп аталатын углевод.

43.Амилопектин – крахмалдың құрамында болатын аморфтық зат, ыстық суға салса бөртіп, желімтектенеді, йод тамызса күлгін түске айналады.

44.Амилопласты – денесіне крахмал жинайтын өсімдік клеткаларындағы мөлдір пластидтер.

45.Аминоқышқылдар – радикалдағы сутегі атомының орнына амин тобы (NH2) жиналған қышқылдар. Мысалы : сірке – амин қышқылы , ферменттің әсерімен организмдегі белоктың бапталауынан пайда болады.

46.Антеридин – оогамиялы организм түрлерінің аталық гаметасы – сперматозоиды жасалып шыгатын клеткалар.

47.Антеридий – балдыр , саңырауқұлақ, мүк және папоротник сияқты споралы өсімдіктердің аталық жыныс мүшелері.

48.Антибиотиктер – микроорганизмдерден пайда болып басқа бактериялардың өсуіне бөгет боларлықтай немесе оларды өлтіріп жіберерлітей қасиеті бар химиялық зат.Антибиотиктердің дәрілік мәні бар.

49.Антигормондар – гормон араласқан белок заттарын денеге жіберген кезде, организмде пайда болатын ерекше қорғаныш зат.

50.Апикальдық орган – көбінесе өсімдіктер организмінің үш жағына таяу біткен мүше, яки оның бөлімшесі.

51.Апикальдік өсу – өсімдік мүшелерінің ұшынан өсуі.

52.Апогамия – жоғарғы сатыдағы кейбір өсімдіктердің көбею тәсілі.

53.Апокарпты гинецей – бір гүлдің ішінде бірнеше аналығы болып , олар бір –бірімен бірікпей өзара дара- дара жататын болса, ондай аналықтардың жиынтығын апокарпты гинецей дейді. Бұл сарғалдақтарда , розалықтарда болады.

54.Апомиксис – организмнің жыныс мүшелері бола тұрсада олардығ ұрықтанбай өсіп шығуы.Жоғарды сатыдағы өсімдіктерде апомиксистің мынадай түрлері кездеседі: 1) партеногез – ұрықтанбаған аналық клеткадан өсімдіктің өсіп шығуы ; 2) апогамия – ұрық клеткасындағы синергидтерден немесе антиподадан өсімдіктің өсіп шығуы ; 3) апоспория – өсімдіктердегі жынысты ұрпақтың спорада емес , ал спорофиттің вегетативтік клеткаларынан өсіп шығуы ; 4) адвентивтік эмбриония – өсімдіктің нуцеллустен , немесе интегументтен өсіп шығуы.

55.Аэренхима – өсімдік органдарының ауа қуыстары көп тканьдері.Аэренхима көбінесе сулы жерде немесе судың ішінде өсетін өсімдіктердің мүшелерінде жақсы жетіледі.

56.Биотикалық фактолар – бір организмнің өмір сүруіне екінші организм тигізетін ықпалы. Бұл сөз көбінесе экологияда қолданылады.

57.Биоценоз – тұрған жағдайы азды – көпті біркелкі келген ортада тіршілік ететін өсімдіктермен жануарлар организмдерінің жиынтығы.

58.Вакуоль - барлық өсімдіктердің және көптеген жан-жануарлардың клеткаларында болатын қуыс. Организмнің түріне қарай вакуольдің ішінде кейде мөлдір , кейде бояулы заты болады , оны клетка шырыны деп атайды.

59.Өсімдік клеткасындағы вакуоля – протоплазмада пайда болатын клетка шырыны жататын қуыс.Клетка шырыны өсімдігіне қарай кейде түссіз, кейде бояулы болады. Өсімдіктің жас клеткаларындағы вакуоля өте майда келеді немесе болмайды да , өсімдік клеткалары өскен сайын вакуоля бір – біріне қосылып үлкейеді , сөйтіп орталық вакуоляға айналады.

60.Вегатативтік бүршік – өсімдік денесіндегі вегетатацялық мшелер шығатын бүршік.

61.Конституциялық заттар – организм клеткаларының протоплазма құрамында болатын негізгі заттар.

62.Клеткааралық зат – көршілес клеткаларлың аралығындағы бос жерді алып жататын зат. Клеткааралық зат клеткаларлың бір - біріне жабысып тұруына себепкер болады. Егер клеткааралық зат еритін болса, клеткалар ыдырап кетеді, бұл мацерация делінеді.

63.Гамета - жануарлармен өсімдіктердің аталық және аналық жыныс клеткалары.

64.Гаметангий – 1) балдырлар мен саңырауқұлақтардың қыймылды жыныс элементтері пайда болатын клеткалары; 2) кейбір саңырауқұлақтардың ішіндегі заттары гаметаларға жіктелген көп ядролы клеткалы, бұлар жыныстық жолмен көбейгенде қосылып кетеді.

65.Гаметогенез – өсімдіктер мен жан – жануарлар организмінің жаныс клеткаларының, гаметаларының пайда болу процесі. Жануарлардың организмміндегі ата – жыныс клеткаларының пайда болу процесі сперматогенез, ал аналық жыныс клеткаларының пайда болу процесі овогенез немесе оогенез делінеді.

66.Гаметофит – ұрпақтары кезектесетін өсімдіктердің жынысты ұрпағы. Бұлардың жыныссыз спорофит делінеді. Гемотофит клеткаларындағы ядроның хромосомаларының спорофиттікіне қарағанда тең жартысы кем – гаплоидты болады.

67.Гаплоидті фаза – клеткада болатын ядроның редукцияланып бөліну кезінде ондағы хромосом санының тең жара кеміп, парсыз болатын дәуірі.

68.Гаплоидты ядро – ішіндегі хромосомдары парсыз болатын клетка ядросы.

69.Гемотоксилин – гистологияда клетка ядросын бояуға қолданылатын күлгін түсті бояу.

70.Генеративтік көбею – өсімдіктердің ұрпағынан көбеюі.

71.Генеративтік ядро – генеративтік клетканың бөлінуінен пайда болатын 2 ядро, бұл снермия деп те аталады.

72.Генеративтік органдар – өсімдіктердің жыныс мүшелері. Бұған гүлдің аталықтары мен аналықтары жатады.

73.Гетероауксин – өсімдіктің бойлап өсуі үшін өте қажет химиялық зат. Бұны бой гармоны деп те атайды.

74.Гетерофты организмдер – табиғаттағы даяр тұрған органикалық заттармен көректеніп тіршілік ететін организмдер.

75.Гетерофты өсімдіктер – даяр азық заттармен қоректенетін өсімдіктер.

76.Гиалоплазма – жануарлар мен өсімдік клеткаларының протоплазмасында болатын микроскоптық, структурасыз бөлімшілер.

77.Гифа – нәзік түтікше тәрізді клетка немесе саңырауқұлықтардың көп клеткалы жіпше сияқты бөлімі.

78.Гамогендік – физикалық қасиеті немесе химиялық құрамы жағында біркелкі болатын күрделі зат. Мысалы, клетка ядросының бөлінер кезіндегі бастапқы қалпы.

3. ПӘННІҢ ОҚУ – ӘДІСТЕЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ