Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Istoria_33__33__33 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
99.29 Кб
Скачать

7. Түрік(552-603), Батыс Түрік(603-704) қағанаттары

Түрік қағанатының құрылуы ортағасырлық Казақстанның бастамасы болды. Б.з. VІ ғасырында Қазақстан территориясы қуатты держава – Түрік қағанатының иелегіне өтті, оның билеушілері түрік тайпасы ашина династиясының өкілдерінен шыққан. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында 542 ж. кездеседі. Он жыл уақыт өткеннен кейін 552 жылы түріктер Ішкі Азия далаларында саяси және әскери билікті иемденіп, Түрік қағанатын құрды. VІ ғасырдың соңында Түрік қағанаты ең жоғары кезеңді бастан кешірді. 587 жылы Түріктер Бұхарада эфталиттерді талқандайды. Ал 571 жылы Истеми қаған Солтүстік Кавказды иеленіп, Боспорға (Керчен бұғазы) шығады. Оның ұлы Түрксанф Керчьті жаулап алып, Қырымға басып кіреді (576 жыл). Бірнеше жылдардағы өзара тартыстан соң Түрік қағанаты ыдырап, батыста 603-704 жылдары дербес Батыс-Түрік қағанаты құрылып, өмір сүреді. Түрік империясының шығыс бөлігінде ұзақ мезгіл Тан мемлекетінің тәуелділігінде болған Ашин руының билігі Орхонда қайта жанданды. Олардың тарихы Күлтегін, Тоныкөк, Білге-қаған ескерткіштері мен стелаларында және тағы басқа да көптеген алып жазба түрік ескерткіштерінде сақталған. 679 жылы түріктер қағанатты жандандыру мақсатында Тан билігіне қарсы шығып, түрік халқының қолбасшысы болып Құтұлығ-чор тағайындалды. 734 жылы Білге-қаған қайтыс болған соң, түріктер өткен даңқын қайтара алмады. 744 жылы Орхондағы қоныстардың мирасқоры Ұйғыр кағанатының тарихының бастамасы болған ұйғырдың қағандық яглакар руы болды.

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы.Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды.Аумағы.Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]