
- •2. »Қазақстан тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Сақтар. Территориясы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •4. Қола дәуіріндегі Қазақстан
- •5. Үйсін мемлекеті
- •6. Қаңлылардың мекендеген аумағы және саяси тарихы
- •7. Түрік(552-603), Батыс Түрік(603-704) қағанаттары
- •8. Түркеш қағанаты(704-756)
- •9. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).
- •10. Ғұндар. Ғұн тайпаларының батысқа миграциясы
- •11. Оғыз мемлекеті
- •12. Қимақ(кимек) қағанаты
- •15. Қазақстан аумағында Ислам дінінің таралуы
- •16. Қарахан мемлекеті
- •17. Қыпшақ хандығы
15. Қазақстан аумағында Ислам дінінің таралуы
Араб түбегіндегі Араб халқы қалыптасып , VII-ғ басында жаңа Діни жүйе – Исламның негізінде мемлекет құрылды. Мунда феодалдық қатынастар қалыптасыптасты . Мұхаммед өлгеннен (632 ж) кеиін Араб түбегінде билік үшін күрес өріс алды . Араб шонжарлары ішкі қайшылықтарды әлсіретіп , дін басылары билейтін мемлекеті нығайту мақсатында, соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына түсті . 633-ж арабтар “дін үшін соғыс ” деген мақсатта , жаулап алу соғыстарын бастады . Аз уақыт ішінде Иран , Сирия ,Палестина ,Әгипет ,Ирак жерлерін басып алып , Орта Азияның оңтүстік аудандарына жабул жасай бастады . Арабтар Оңтүстік Қазақстанда 714-ж Кутейба Испиджапқа жорық жасады .723-ж Фергана қарлұқтары түріктер мен шаштықгармен бірігіп , арабтарды Ходженттен Самархандқа дейін қуды . 724-ж арабтар Фергана астанасы Қорасанды қоршап алды . Ферғаналықтар түргеш қағаны Сұлудан көмек сұрайды . Ферғаналықтар мен шаштықтар Сырдария бойында арабтарға соққы беріп шегінуге мәжбүр қылды . Түргештер Мауаранахр үшін арабтармен таласатын құдіретті күшке айналды . Түргештер қағаны арабтарға батыл күш көрсеткені үшін арабтар оны “Әбу Музахим”(Сүзеген) деген а қойды . Арабарға қарсы күш жалғаса берді , бір-ақ 737-739 ж.ж Насыр ибн Сей яр Самархандағы , Шаштарғы ,Фарабтарғы көтерілісті қарумен жаншыды .748 жылы Қытайлар Суябты уақытша басып алып қиратты, келесі жылы Шаштың билеушісін өлірді. Оның баласы Арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Тараз жеріндегі Атлах қаласының түбінде Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжиннің арасындағы шайқастан Қытай әскері талқандалды. 766 жылы Жетісуда би лікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті Қарлұқ жабғу бастады. Арабарға қарсы және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы Мукана қозғалысы болды. Оны Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу түркі тайпалары қолдады. Арабтар бүлікті басып, 810 жылы Қарлұқардың астанасы Құланға жорық ұйымдастырды. ІХ ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастады.Арабтар үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат құрамына кір ген тек бір бөлігі ғана жерді(( Ал Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісудың ұлан-ғайыр аймағында арабтардың жаулап алуының леулі зардптар тек Х-ХІІ ғасырларда ғана білінні .Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін, өз билігін нығайту үшін Орта Азия мен Қазақстанның Оңтүстігінде әділеттсіз соғыстар жүргізді. Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ, ол халифтің қо астында болған жерлердің әлеуметтік –эканомикалық, саяси және мәдени өмірінеде, ондағы этникалық және тілдік үрдістерде өз ізін қалдырды.Бағндырылған халықтар талан –таражға түсіп , зорлық зомбылық көрді, жері мен малынан айырылды, екі жақы езгіге түсірді. Арабтардың Мауеренахрда жеңісерге жетуі Батыс түрік және Түргеш қағанаттарының ыдырауына себепші болды. Жаңа мемлекетік дін – ислам дінінің, араб тілі мен жазуның таралуы қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі болды. Ежелгі торік жазуы ығыстырылып шығарылды, ал торік лексикасына араб сөздері кірді.Орта Азия сияқты, Оңтүстік Қазақстанның жекелеген ай-мақтарының халифат құрамына енуі феодалдық қанастардың даму үрдісін тездетіп, ол терең әлеуметтік қайшылықтар мен халық қозғалысары жайында өтті.Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың дәстүрлері мен тарифи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына қарамастан , ұзаққа созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келгенде олардың мәдени қабысуының нәтижесінде бірқатар халықтар үшін көп жғынан ортақ араб –мұсылман мәдениеті қалыптасты.Кят, Отырар, Тараз, Шаш , Бухара , Самарканд және басқа қалалар Ірі мәдениет орталығына айналды, оларда әл-Хорези, әл-Фараби, әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина және басқада көптеген тамаша ғалымдар өмір сүрді. Халифатың бүкіл аумағында араб әдеби тілінің орнығуы көптеген аса көрнекі ғалымдар мен ақындардың осы тіл де жаза бастауына әкеп соқты.