Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
виза.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

2.2 Шенген визасының типі мен спецификасы

Шенген визасы қалай рәсімделеді?

1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.

Шенген визасы Шенген аймағы елдері үшін виза болып табылады. Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония. [В].

ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?

Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі. [17].

Шенген визасын алудың талаптары:

•Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;

•Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;

•Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);

•Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;

•Сауалнама толтырылуы тиіс.

Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:

•Шетелдік құжат;

•Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;

•Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;

•Валюталық шотыңыз туралы анықтама;

•Әуебилет;

•3,5х4,5 фотосурет (2 дана);

•Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?

•Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.

•Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.

•Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.

•Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.

•Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.

Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары

  • Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

  • Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

  • Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

  • Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

Шенген визасының жаңа түрі

Еуропа Парламентінің және Еуропа Одағы Кеңесінің 2010 жылдың 5- сәуіріндегі жаңа қаулысына сай Шенген визасын алуға талапкерлер сауалнаманың жаңа түрін толтыруы тиіс. Үлгі виза алуға өтініш тапсырушымен ағылшын және француз тілдерінде талап етілген ретте толтырылуы тиіс екендігіне назар аударыңыз.

Ұлыбританияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:

1.Төлқұжат

2. төлқұжаттық үлгідегі 2 фотосурет (4/5-ке 3/5 ақ фонда)

3. он-лайн сауалнамасының және аппедикс № 8 қосымшасының қағазға басылған түрі

4.шетелдің жоғары оқу орны берген ‘Visa Letter' хатының түпнұсқасы

5.Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы

6.Орта білім туралы аттестаттың (бакалаврлар) және дипломның (магистрлер) нотариалды куәландырылған көшірмесі.

7.Консулдық жинақ (сома құжаттарды тапсыратын күні төленеді)

Британдық виза дайындау ұзақтығы 5-тен 10-ға дейінгі жұмыс күнін алады.

Ұлыбританияға виза ресімдеу жүйесінің ерекшеліктері: визаға құжаттарды Алматы қаласындағы Виза Орталығында, биометриялық деректерін тапсыруға байланысты жеке өзі келген кезде тапсыруға болады.

Британдық виза орталығында құжаттар ресімдеу процесі

Өтініш Британдық Виза Орталығында өтініш берушінің жеке өз қолынан қабылданады. Сауалнаманы өтініш иесі атынан оның өкілінің немесе агенттің толтыруына рұқсат беріледі, алайда өтініш иесінің өзі сауалнамада көрсетілген ақпарат үшін толық жауапкершілікте болады және міндетті түрде өз қолымен қол қоюы тиіс. Осы ережелерді сақтамау виза беруден бас тартуға әкеп соғуы мүмкін. Британдық Виза Орталығына құжаттар тапсыру кезінде барлық қажетті құжаттардың болуы, қол қойылған сауалнама мен тиісті фотосуреттің болуы тексеріледі. Сонымен қатар, өтініш тапсыру кезінде өтініш иесі бар екендігін растайтын құжаттар тізімі құрылады және оған қол қойылады.

Құжаттарды қабылдағаннан кейін Британдық Виза Орталығы өтініш беруші туралы ақпаратты компьютерге енгізеді, сондан кейін сауалнама мен барлық қосымша құжаттарды Елшілікке тапсыру үшін буып жинақтайды. Алматыдағы Британдық Виза Орталығында 1 күні тапсырылған визаға кез келген өтініш Алматыдағы Ұлыбритания Елшілігі Өкілдігінің Визалық бөліміне 2 күні жеткізілетін болады. Визалық Офицер өтінішті Виза бөліміне қабылданғаннан кейін бірден қарайды. Виза процесінің бұл бөлігі Аутосорсинг жүйесін енгізгенде өзгермейді. Осы өтініш бойынша шешім қабылданысымен құжаттар қайтадан Виза Орталығына жіберіледі. Құжаттарды қарау нәтижесі қатаң құпияда және Виза Орталығының қызметкерлері ол туралы білмейтін болады. [18-20].

Студенттік визаға құжаттар тапсыру кезінде

Ұлыбританиядағы университеттен, колледждан немесе мектептен оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы. Хатта оқу курсы, оның ұзақтығы мен құны туралы толық ақпарат қамтылуы тиіс. Басқа құжаттармен бірге оқу орнынан хат көшірмесін ұсыну қажет. Хаттың түпнұсқасы елге келгеннен кейін Құрама Корольдіктің иммиграциялық билігіне көрсету үшін қайтарылады;

Оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы Елшілікке тікелей жіберілмеуі керек. Ұлыбританияда оқығысы келген адамдар университеттермен, колледждармен немесе мектептермен визаға құжаттар келіп түскенге дейін, осындай хатты алуы туралы өз еріктерімен келісулері тиіс;Қазақстанда тиісті білім және оқудан өтуі туралы кез келген қолда бар дипломдар мен сертификаттар (мысалы, студенттік билет, университеттен, колледждан немесе мектептен хат);

Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы.

Германияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:

1. 3 толық толтырылған және қол қойылған сауалнама (барлығы да неміс тілінде)

2. 3,5 х 4,5 см. көлеміндегі 4 актуалды фотосурет (3-еуі сауалнамаға желімделген, 1 бос)

3. қолданыстағы шетелдік төлқұжаттың 2 көшірмесі

4. оқуға рұқсат алған студенттерде: оқуға үміткерлерге германдық жоғары оқу орнының немесе арнаулы жоғары оқу орнының оқуға рұқсаты туралы шешімінің 2 көшірмесі: германдық жоғары оқу орнынан/мамандандырылған жоғары оқу орнынан оқуға өтініш беруі туралы немесе неміс тілін базалық білуі туралы растаманың және ЖОО-да оқуға рұқсат алу құқығын беретін құжаттардың (алғашқы білімі туралы құжаттар) 2 көшірмесі

5. оқу орнын бітіргені туралы куәлікті, сондай-ақ еңбек қызметі туралы құжаттарды қоса алғанда, алғашқы білімінің болуы туралы құжаттардың 2 көшірмесі

6. қаржы қаражаттарының болуын растайтын құжаттардың 2 көшірмесі

7. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың 2 көшірмесі қажет болған жағдайда, туған кездегі тегі, және кейінгі тектері бойынша берілген)

8. Қазақстандағы тұрғылықты жерінен өзекті анықтамасының түпнұсқасы не түпнұсқасы болған жағдайда, үй кітапшасының көшірмесі

­Өтініш беру кезінде Сіз шетелдік төлқұжаттың түпнұсқасын көрсетуіңіз керек. Куәлікті, құжаттарды және анықтаманы да түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен (тұрғылықты жерінен анықтама не үй кітапшасының көшірмесі бір данада, неміс тіліне аударылмай ұсынылады) ұсыну қажет. Куәліктерді, құжаттар мен анықтамаларды түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсыну қажет. Қажет болған жағдайда, азаматтық жағдайы туралы қазақстандық куәлік пен сот шешімін апостилдеу қажет.

Қарау мерзімі: 3-7 күн