Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
виза.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.28 Mб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1. Халықаралық туризм мәні мен түсінігі.....……………..……6

1.1 Халықаралық туризмнің жіктелуі..........................................6

1.2 Халықаралық туристік іс-құжаттардың түсінігі...................7

2. Виза жайлы жалпы түсінік......................................................13

2.1 Қазақстандық визаларды алу ережелері..............................13

2.2 Шенген визасының типі мен спецификасы ........................25

Қорытынды.......................................................................................30

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................31

Қосымшалар.....................................................................................32

Кіріспе

Курстық жұмысымның негізгі өзектілігі визаның әлем елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасының айнасы екенін айқындап көрсету.

Әлем күннен күнге инновациялық жаңалықтармен толығуда. Технологияның дамуы жаңа салалардың дүниеге келуіне алып келуде. Еліміз әлемде бар салалардың түгел дерлігімен игеруде деп айтсақ артық айтпағанымыз. Сол жаңа да жас салалардың бірі туризм саласы. Туризм – еліміз тәуелсіздігін алғаннан соң қолға алынған салалардың бірі.

Әңгімемізді осы туризмдегі ең басты құжат – виза жайында қозғасақ.

Виза халықаралық туризмнің дамуына өз септігін тигізер бірден бір фактор. Неге десеңіз, бүгінгі замануи талап шетелге шыққан кез келген адамнан ең бірінші визаның бар-жоқтығы сұралады, тексеріледі.

Виза – бұл тек қана құжат емес. Ол мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты нығайтатын құрал.

Бүгінде өркениеті дамыған «кәрі құрлық» Еуропа елдері бүкіл әлемге үлгі болып, бір-біріне виза ашпастан-ақ шекара асып жүрген жайы бар.

Жалпы бұл жоғарыда айтылған толлеранттылықтың да бір көрінісі деп айтсақ қателеспейміз.

Ғылыми жаналық. Радикалды экономикалық реформаның Қазақстанда объективті және туристік қызметтің жаңа құқықтық негізін қалауды талап етті, осы шеңберде нормативтік құқықтық актісінің төлқұжат-визалық қызметі күшіне енеді.

Практикалық маңыздылығы. Қазіргі таңда шекара асу төлқұжатының мақсаты осы елден шыгатын азаматтарды қадағалау.

Жалпы, курстық жұмысымның негізгі мақсаты визаның құрылымын ашып көрсету және виза толтырудағы негізгі шарттарға тоқталу. Қазақстандағы және шет елдердегі.

Курстық жумыстың міндеті:

- туристік формальдылықтардың теориялық негіздерін қарау

- ортақ визалық формальдылық ұғымын ашу

- туристік формальдылық ұйымдарының негізін қарау

Зерттеу нысаны. Халықаралық туристік формальдылық болып табылады.

Зерттеу пәні. Туризмдегі визалық формальдылық ұйымының үдерісін жақсарту.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

1. Халықаралық туризм мәні мен түсінігі

1.1 Халықаралық туризмнің жіктелуі

Халықаралық туризм - халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылады, қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10%-ы тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25%-ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60%-дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді.

Тау шаңғысы туризмі. Әлемдегі ең ірі тау шаңғысы туризмінің орталығы Альпі болып табылады, жылына бұл аудан 60 млн-нан астам туристерді қабылдайды. Сол себепті альпілік елдерде, әсіресе Швейцария мен Австрияда туристерге қызмет көрсетумен байланысты салалар (шаңғы жолдары мен тауға көтеретін қондырғыларды жабдықтау, аса жайлы қонақүйлер, көлік пен сауда қызметін ұйымдастыру) жоғары дәрежеде дамыған. Әлемнің басқа бөліктерінде де туризмнің бұл түрі дамуда, бірақ бұл жөнінен Альпіге тең келетін аудан жоқ. Біздің елімізде тау шаңғысы туризмін дамытуға қажетті жағдайлар бар, сондықтан Алматы маңындағы Шымбұлақ мекенін халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналдыру жоспарлануда.

Теңіз жағалауындағы курорттар.Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан. Сонымен қатар Таиланд пен Мұхит аралдарында, Калифорния мен Флориданың құмды жағалауларында, Бразилия мен Мексиканың теңіз курорттарында демалушылар саны артып келеді. Қазақстандағы бірқатар туристік агенттіктер аталған аудандарда еліміз азаматтарының демалысын ұйымдастыру бағытында жұмыс істеуде. [1].

Круиз.Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.

Қасиетті діни орындар. Халықаралық туризмнің айрықша түріне қасиетті діни орындарға құлшылық ету жатады. Барлық мұсылмандар үшін Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына қажыға бару қасиетті борыш деп есептеледі. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі сәулет өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, мұсылмандардың қадір тұтатын нысаны ретінде де кеңінен танымал. Ал христиан дінінің қасиетті жәдігерлері Иерусалим қаласында шоғырланған. Халықаралық туризмнің басқа да салыстырмалы түрде аз тараған түрлері жеткілікті. [А].