Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОҚО презент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.86 Кб
Скачать

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық магистралі

Жобаны іске асыру үшін қаржыландырудың үш көзі белгіленген. Айталық, республикалық бюжет есебінен 136,1 млрд теңге сомаға Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы учаскесі, Ақтөбе қаласын айналып өту, Шымкент қаласы арқылы өту, АҮААЖ-на (Алматының үлкен айналма автомобиль жолы) шығу, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары қаражаты есебінен қаржыландырылатын учаскелерге қосымша қаржыландыру көзделген.

Бұл жобаның қазіргі бар балама дәліздермен (Транссіб, автожолы, Суэц каналы арқылы теңіз жолы) салыстырғандағы оң көрсеткіштері оның ұзақтығының төтелігі мен жолға кететін уақыттың аздығында. Егер теңіз дәлізін пайдаланғанда жолға кететін уақыт 45 тәулікке дейін. Ал Транссіб арқылы 14 тәулік кетсе, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" дәлізімен Ляньюньгань портынан Еуропа мемлекеттерінің шекарасына дейінгі жолға кететін уақыт 10 тәулік шамасында. Жоба мынадай негізгі үш бағыт бойынша жүк тасымалын жасауға мүмкіндік ашады: Қытай - Қазақстан, Қытай - Орталық Азия, Қытай - Қазақстан - Ресей - Батыс Еуропа.

Жобаның өңірлердің дамуы жөнінен де орасан маңызы бар. Оны іске асыру барысында тек ағымдағы жылдың өзінде 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады, ал шырқауына жететін 2010 жылы бұл цифр 50 мыңға дейін көтеріледі. Сол сияқты шағын және орта бизнесті, қызмет көрсету индустриясын, туризмді және экономиканың басқа да секторларын дамытуға едәуір серпіліс беріледі.

Жобаның ТЭН-н жасау кезінде өткізілген зерттеулер 2020 жылға қарай жүк тасымалының көлемі 2,5 есе ұлғаймақшы. Бұл жобаны іске асырудың орташа жылдық жиынтық экономикалық тиімділігі жолға кететін уақыттың қысқаруынан 33,9 млрд. теңге, ЖКО-ның (жол-көлік оқиғаларының) санының азаюынан – 49,9 млн. теңге, жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) ұлғаюына байланысты – 82,9 млрд. теңге болады деп бағалануда.

Экотуризм

Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Қазақстан үшін эко­логиялық туризмді дамыту елдегі экономикалық жағдайды тұрақ­тан­дырып қана қоймай, оның әлеу­меттік мәселелерінің де оң­тайлы түрде шешімін табуына ық­пал ететін болады. Бір ғана мысал: ұлттық табиғи парктер мен қорықтарға келген 244 мың 700 туристен 2004 жылы мемлекетке 9 млн.-ға жуық кіріс келіп түскен. Ал шетелдік тәжірибеден мүлдем басқа жәйтті аңғаруға болады. Мә­селен, АҚШ, Қытай мемлекет­тері­нің ұлттық парктерінде болған турис­тер жылына 1 млн. АҚШ дол­лары шамасында қаржы қалдырып ке­тетін көрінеді. Бұған қоса, атал­мыш елдердің шетелдік саяхат­шы­лар келіп аралайтын көрнекті орын­дарында түрлі тауарлар мен ақылы қызмет көрсетуді лайықты деңгейде үйлестіру негізінде өз беттерімен қаржы табуларына да рұқсат етілген. Туристерден түскен қаражат, ең алдымен, сол аймақ, өңірдегі жұмыстың жедел жүруіне, түрлі шаралардың ұйымдастырылуына пайдаланылып отырады.

Мысалы, Йеллоустоун Ұлттық Паркі. Жергілікті американдықтар Йеллоустоунда 11мың жыл бұрын өмір сүрген. XIX ғасырдың басында бұл аймақты Льюис пен Кларктың экспедициясы зерттеді. Парк құрылғаннан кейін АҚШ әскеріне тапсырылды, ал 1917 жылы үлттық парк қызметіне өтті. Йеллоустоун ұлттық паркі 3,468² мильге созылып жатыр. Мұнда өзен, көл, каньон, шатқалдар бар. Йеллоустоун көлі Солтүстік Америкадағы ең үлкен таулы көл болып табылады. Бұл парк - ұлы Йеллоустоун экожүйесінің Жердің солтүстігіндегі адам аяғы баспаған орталығы болып саналады. Паркте сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың жүздеген түрі кездеседі, алайда олардың көпшілігі жойылып кету қауіпінде тұр. Йеллоустоун паркінде демалуға жағдай жасалған: жаяу туризм, кемпингтер, балық аулау және парк құндылықтарын көріп тамашалау. Арнайы жасалған жолдар үлкен геотермальды бұлақтарға, көлдерге, сарқырамаларға апарады. Қыс айларында туристер паркке экскурсиялық автобуспен немесе қар шаналарымен бара алады. АҚШ-тың әйгілі Йеллоустоун ұлттық паркіне XX ғасырдың 60 ж. бастап жыл сайын 2 млн турист келеді. Туристердің ең көп келетін маусымы – жаз айларында мұнда 3700 қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар парк меншігінде жалпы саны 2238 бөлмелі 9 қонақ үй мен мотель, дүкендер, жанармай бекеттері, арнайы лагерьлер орналасқан. Ұлттық Парк Жүйесінің тапсырмасы бойынша қосымша 800 адам паркті үздіксіз бақылайды. Ондағы экологиялық жағдай былайша көрініс табады. Жалпы парк аумағы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде туристер үшін демалуға жағдай жасалған, яғни, демалу, от жағу, палатка құру еркіндігіне ақылы түрде рұқсат берілген. Ал екінші бөлігінде жабайы табиғат сақталғандықтан онда демалуға рұқсат берілмеген.

Шетелдік “ІPK Іnternatіonal” консалтингтік компа­ниясының бас сарапшысы Алессандро Груззо өткен жылы еліміздегі туризмді дамыту үшін аса қолайлы аймақ саналатын Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің жеке зерттеуін жүргізген. Маманның Түлкі­бас ауданындағы аты әйгілі Ақсу-Жабағылы қорығын, тереңдігі 500 метрден асатын Ақсу шатқалын аралап көруі оның сол жердің тамаша табиғатына деген сүйіспен­ші­лігін арттыра түскен. Бұл зерт­теулер, біріншіден көптеген шетел­дік сарапшылар бойында “Түлкібас өңірі туризмді дамытуға қолайлы аймақ” деген пікірді берік қалып­тас­тыра алды. Екіншіден, өзіміздің сала мамандарына туған еліміздің туриз­мін дамытуға берілген нұсқау болды.

Қазақстанда экологиялық ту­ризмді дұрыс жолға қоюға тек өзіміздің сала мамандары ғана емес, шетел азаматтары да қызы­ғушылық танытуда. Мәселен, 1998 жылдан бері әсіресе, аме­ри­калықтар тарапынан бұл салаға баса назар аударушылық бай­қа­лып келеді. АҚШ-тың белгілі фототілшісі Уэйн Истеп бүкіл қазақ елін аралап жүріп, тамаша ландшафтқа толы жерімізге, кли­маттың сан алуандығына, мәде­ни-тарихи ескерткіштеріміздің көп­тігіне керемет қызығып, со­ның нәтижесінде кең ауқымды фото­очерк­тер сериясын жасап шықты. Ол 2001 жылы “Қазақ­стан­ның жан дүниесі” деген атпен арнайы кітап болып жарық көрді. Маман­дардың айтуынша, содан бері бұл фотоальбом қазақстандықтарды өзге жұртқа таныстырудың та­ма­ша “визит карточкасына” айнала бастаған. Соның нәтижесінде қазір көп­теген елдер тарапынан қазақ жеріне деген қызығушылық арта түсуде. Десек те, шетел­дік­тердің таңданысына тоқмейілсіп отыра бермей, өзіміздің отандық мамандар экологиялық туризм саласының жедел қарқынмен өрістеуіне бірдей жұмыла кіріссе, нәтижесі көрінер еді.