Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОҚО презент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.86 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің қазіргі жағдайы

Туризм Қазақстанда халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жолында көптеген тұрғыларда алдыңғы қатарда келеді. Туризм қысқа уақытта экономиканың ең табысты салаларының біріне айналуға мүмкіндігі бар екенін халықаралық және отандық тәжірибе көрсетеді. Халықаралық қатынастар және экономика туризмнің дамуына ең қолайлы орта екенін әлемдік тәжірибе де айқын көрсетті. Бұл туризмнің даму процессі нарықтық қатынастардың дамуымен тығыз байланысты екенін айқындайды. Әрине ,бұл салада да, оны құрайтын бөлшектеріде ең алдымен тұтынушының көңілінен шығуға бағытталған,яғни нарықтық кеңістікті қалыптастырып туризмді дамытуы қажет. Туризм саласы Қазақстанда қолайлы жағдайлар республика экономикасының дамуына зор әсер етеді. Қазақстанның туризм саласы бұл басымдықты әлі толық қолдана алмай отыр,оны Қазақстанға келушілердің саны көрсетіп тұр,яғни 2,8 млн келуші әлемдік нарықтың небәрі 0,4 % құрайды.Облыста заманауи және тиімді, бәсекелестікке жарамды туризм саласының дамуы бірқатар мәселелердің шешілуіне байланысты.

Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге бай аймақ. Облысымызда туристік қызығушылықты тудыратын объектілердің саны жеткілікті. Мұнда 802 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның 226 архитектуралық ескерткіштер, 42 тарихи ескерткіштер,528 археологиялық ескерткіштер. Компаниялар туризмнің келесі түрлерін ұсынады: экологиялық, спорттық, аңшылық, зиярат жасау, емдеу-сауықтыру т.б., онымен бірге бұл туризм салалары толық дамыған деп айтуға болмайды. Сонымен қатар облысымызда туризмнің басқа түрлерін дамыту потенциалы бар. Облыста өткізілген анализ бойынша шетелдік туристер және Қазақстан Республикасының азаматтарын қызықтыратын орталықтарды бөліп қарауымызға болады.Оларға : Түркістан, Шымкент қаласын және Отырар, Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Бәйдібек,Созақ және т.б аудандарды жатқызамыз.

ІРК International компаниясының жұмыс тобы өткізген зерттеулеріне қарағанда шет елдік келушілерді ұлттық тұрмыс қызықтырады екен, сол себептен туристік объектілердің қасынан этникалық ауылдар,қолөнер шеберханаларды салуды ұсынды.

Туризм индустриясының материалдық базасын жақсарту туристік бизнес дамуының ең маңызды бағыты болып табылады.

Авиациялық қызмет рыногінде Қазақстан территориясында жүйелі рейстері бар 6 шетел ауекомпаниялары қызмет атқарады. Казақстандық әуежелілерде алыс шетелдерге бағытталған 7 рейс бар. 12 әуекомпаниялар ТМД елдерінің желілерімен жұмыс атқарады. Шымкент қаласының аэропортында 17 әуе рейстері, темір жол вокзалынан 24 темір жол бағыттары бойынша қызмет көрсетіледі. Жолаушылар тасымалымен 51 транспорттық компания айналысады.Транспорт саласынла білім алған маманданған азаматтар да аз емес.

ОҚО туризм саласын дамыту мақсатында бірнеше жобалар жасалып жатыр. Мұндай жағымды жұмыстар сайрам ауданында жүргізіліп отыр. Жуырда ғана сәулетші Асқар Мамырбаевтың жетекшілігімен «Көне Сайрам» орталығының жобалары дайындалып, ҚР Туризм және Спорт Министрлігіне жаңа жобалар ретінде ұсыныс берілді. Төлеби ауданында іске асырылғалы отырған «Қасқасу» тау шаңға базасы жобасы алдағы уақытта спорттың қысқы түрлерімен қоса туризм саласында да жыл бойы қазақстандық және шетелдік туристердің демалыс орнына айналады деп күтілуде.