- •1. Транспорттық құралдарды жалға алу негізінде келісім шартқа қойылатын талаптар.
- •2. Келісім шартқа және де басқада міндетті байланыстарға қойылатын талаптар.
- •Келісім шарт және заң.
- •Құнды және құнсыз келісім шарттар.
- •Келісім- шарттың күшіне енуі,күшінің жойылуы.
- •Экипажсыз транспорттық құралды жалға алу, беру келісім шарты.
- •1.Жекелеген жолаушылар.
- •2.Жекелеген әуе жайлар.
- •Әуе тасымалдауының техникалық жағынан қамтамасыз ету және әуе жайларға қысқаша сипаттама.
- •Сурет 3. Боинг 757-200 Амстердамда Сурет 4. Боинг 757-200
- •Әуе жолаушыларына қызмет ету технологиясы.
- •Кедендік бақылау.
- •Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.
- •Паспорттық-визалық бақылау.
- •1. Жолаушыларға жалпы қызмет көрсету сипаттамасы.
- •2.Стандартты емес жолаушыларды алып жүру.
- •Тегін алып жүру.
- •Vip категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшеліктері
- •Тасымалдауға тыйым салынған жүктегі заттар
- •Шектеулі көлемде тасымалдауға рұқсат берілген заттар
- •Жүкті буып – түю
- •Жүктің кешіктірілуі мен жоғалуы
- •Жүкті тасымалдау кезіндегі жауапкершілік
- •Наразылықтар мен шағымдар
- •Жеке топтағы заттарды тасымалдау ерекшелігі.
- •Ақша, асыл тастар, құжаттар
- •Оптика және аппаратура
- •Мылтықтар мен оқ-жарақтар
- •Жануарлар мен құстар
- •Ұшақ салонындағы жүк
- •Ауқымды жүк
- •1. Жолаушыларды тасмалдаудағы тік ұшақ типтері.
- •2. Қазақстандағы автомобиль және су көлігі
- •3. Мотоцикл көлігі және тарихы.
- •1.Турларды жобалау
- •2.Туристерді күтіп алу және оларға қызмет көрсету
- •3. Туристерге қызмет көрсету бағдарламасы
- •Гуляев в.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Нолидж. Москва. 1996.
- •Тынчерова з.В., Ягофаров г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
- •1. Гуляев в.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Нолидж. Москва. 1996
- •2. Гуляев в.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998
- •3. Тынчерова з.В., Ягофаров г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
- •1. Гуляев в.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Нолидж. Москва. 1996
- •2. Гуляев в.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998
- •3. Тынчерова з.В., Ягофаров г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
- •4. Гуляев в.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998
- •5. Тынчерова з.В., Ягофаров г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
- •4. Гуляев в.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998
- •5. Тынчерова з.В., Ягофаров г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.
- •Қосымша е
Тасымалдауға тыйым салынған жүктегі заттар
Кейбір тіркелген немесе қол жүгі ретіндегі заттар әуе тасымалдауда тыйым салынатынын естен шығармау керек.
Бірінші топқа әуе судносының ұшуына, адамның денсаулығына, өмірі мен мүлкіне қауіп төндіретін заттар жатады. Бұл жарылғыш заттар, қысылған газ, коррозиялық заттар, радиактивті материалдар, магниттер және улы заттар. Тасымалдаудағы тыйым салатын заттар тізімін азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы анықтайды (ICAO).
Екінші топқа елден алып шығуға немесе алып кіруге немесе территориясынан өткізуге рұқсат бермейтін елдің мемлекеттік органының нормативті актілері және заңдылықтары тыйым салған заттар жатады.
Үшінші топқа, тасымалдаушының ойы бойынша жүктің салмағы, мөлшері немесе басқа да қасиеттері (нәзіктігі, иісі және т.б.) үшін тасымалданбайтын заттар жатады.
Шектеулі көлемде тасымалдауға рұқсат берілген заттар
Жолаушыға тіркелген немесе қол жүгіндегі заттарды, бірақ шектеулі көлемде, тасымалдауға рұқсат берілетін заттар тізімі бар. Оларға мыналар жатады:
Алкогольді сусындар, әрбір жолаушы үшін 2 л (21 жастан жоғары тұлғалар үшін);
Жеке тұтынуға қажетті көлемдегі әтірлер мен одеколондар;
Қара уылдырық – 280 г. 1 адам үшін;
Қызыл уылдырық – 280 г. 1 адам үшін;
Дәрі – дәрмектер - 2 кг;
Жеке қолдану үшін портативті медициналық термометр;
Құрғақ мұз – 2 кг;
Жеке қолдануға арналған қауіпсіз сіріңке;
Медициналық мақсаттарға қажетті көмірқышқыл немесе оттекті газды портативті баллондар;
Табак өнімдері – 200 сигарет 1 адам үшін;
Жүкті буып – түю
Авиакомпанияның жауапкершілігіне тасымалдауға өткізілген жүкке оның буып – түюіне қатысты нақты талаптар ұсынылады.
Жүктің байлауы оны жай ұстағанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.
Өткізілген әрбір жүктің алып жүру үшін арнайы ұстағышы болуы керек. Сонымен қатар, онда басқа жолаушылардың жүгіне зақым келтіретін өткір заттар шығып тұрмау қажет. Жолаушы тіркелген жүкке нәзік заттарды, тез бұзылатын өнімдерді, ақшаны, зергерлік бұйымдарды, құжаттарды қоспауы керек.
Жүкті алу
Тағайындау пунктінде жолаушы өзінің тіркелген жүгін тасымалдаушы ұсынған соң алуы керек. Әдетте, жолаушы өз жүгін қозғалмалы транспорттық лентадан өзі алады; оның сәйкестігін білу мақсатында жүк биркасының жыртылған талонын ұсыну керек.
Егер жолаушы жүк түбіртегі мен жыртылған талонды жоғалтып алса, онда жүктің құжаты жоқ екендігін растайтын акт құрылады. Тасымалдаушы бұл тұлғаға жүкті, егер оныкі екендігін дәлелдесе (мүлікті сипаттау, кейбір ерекшелігін көрсету) береді.
Егер жолаушы жүгін алғанда, ондағы кейбір ақауларды байқаса, онда әуежай бұл ақау жөнінде акт құру қажет. Акттің бір нұсқасы жолаушыға, ал екіншісі әуежай тасымалдаушының комиссиясына беріледі.
Жүктің кешіктірілуі мен жоғалуы
Егер жолаушы тағайындалған әуежайға келген соң, өзінің тіркелген жүгін таба алмаса, онда оның өтінішімен әуежайда бұл жайлы акт құрылады және авиакомпания оны іздестіруде шара қолданады.
Халықаралық рейсте жүкті іздестіру. «World Tracer» атты автоматты жүйенің көмегімен жүргізіледі. Бұл жүйе іске 1993 жылы енгізілген болатын және қазіргі таңда 300 әуежайлар мен авиакомпанияларда қолданылып жатыр. «World Tracer»-ге жоғалған және табылған зат жөнінде мәлімет түседі; жүйе банктегі ақпарат бойынша берілгендердің нақты параметрлерін салыстырады және дұрыс нәтиже шыққанда жүктің иесін анықтайды.
Жүк тағайындау пунктіне түскен күннен бастап, 21 күн аралығында табылмаса, жоғалған деп саналады.
Бұл жағдайда жолаушы тасымалдаушыдан жоғалған затты өтеу жөнінде акт пен наразылық құжат толтырады. Бұл жөнінде наразылықтар авиакомпанияның басшыларын халықаралық тасымалдауда 18 ай, ал ішкі тасымалдауда 6 ай аралығында бағытталады.
Жүктің кешіктірілуі мен байланысты жағдайлар тәжірибеде жиі кездесе бермейді. Әлемдік статистикаға сәйкес жоғалған жүктің 95% табылады, көптеген авиакомпаниялар бұл мәселені шешуге үлкен назар аударады. Олар жоғалған жүкті тез табу үшін шаралар ойлап табады немесе мұндай жағдайлардың болу мүмкіндігін мүлдем жояды.
Жүкті сақтау мен өткізу
Тағайындалған әуежайға келген жүк келген күннен бастап 2 күн аралығында тегін сақталады. Одан кейін де сақталып жатса, ақы төленеді. Егер жүк тасымалдаушымен уақытынан ерте жеткізілсе, онда ақыны тасымалдаушының есебінен жүргізеді.
Алынбаған жүк әуежайда халықаралық тасымалдауда 30 күн, ішкі тасымалдауда 6 ай аралығында сақталады. Белгіленген мерзім біткен соң қалыптастырылған тәртіпке сай жүк өткізіледі.
Жүкті сақтау процессінде авиакомпания оның иесін іздестіреді. Бұл үшін ол басқа тасымалдаушыларды алынбаған немесе құжатсыз жүк барлығы жөнінде хабарландырады, заттарды тану мен алу жөнінде жүктерін жоғалтып алған жолаушыларды ақпараттандырады. Егер жүктің иесі 30 күн аралығында келмесе, онда жүк өткізуге жіберіледі.
Жолаушылардың ұшақ салонында, автобуста және әуежайда жоғалған немесе ұмытылған заттары 30 күн аралығында сақталады.
