Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРГ.Транспорт обслуж Алия ЛЕКЦ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
969 Кб
Скачать
☆

1. Гуляев в.Г. Организация туристской деятельности. Учебное пособие. Нолидж. Москва. 1996

2. Гуляев в.Г. Туристские перевозки. М. Финансы и статистика. 1998

3. Тынчерова з.В., Ягофаров г.Ф. Основы планирования и организации туристского бизнеса. Алматы. 2003.

Туристерге автокөлікпен қызмет көрсету.

Автокөлікті транспорт туристік саяхаттаы ұйымдастыруда маңызды болып табылады. Бұл оның мобильділігімен байланысты және басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда арзанырақ және ақпаратты тез алуға болады. Автокөлікпен тасымалдау ерекшелігінің анықталуы, ол тек келген туристердің орын ауыстыруына, танымдылығына, шоп – турдағы ойын – сауықта көңіл көтеруге ғана емес,сонымен қатар жолаушы тасымалдауда әуе, су көліктері және темір жол көліктерінің қызметін пайдаланады.

Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар.

Автокөлікпен тасымалдау сферасында, ішкі және халықаралық мәлімдемеде автокөлік транспортының қимылын реттеп отыратын, құқық жөніндегі бірнеше құжаттар бар. Халықаралық тасымалдаудағы тасымалдау дегеніміз, тасымалдау кезінде кем дегенде екі мемлекеттің теериториясынан өту. Халықаралық автотасымалдау кезінде, тасымалдауды өткізуші мемлекеттер өздерінің территориясынан көліктерді өткізу жөніндегі мемлекеттік заңдары мен нормалық актілерін іске асырады. Осыған байланысты халықаралық құжаттар келесі сұрақтарды қамтиды:

  • инфрақұрылым;

  • жол қозғалысы;

  • автокөлік құралдарына талаптар;

  • көлік құрал экипаждарымен қызметтік шарт;

  • салықты реттеу;

  • жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, кедендік рәсімдеу;

  • өзгеше категориялы жүктерді тасымалдау;

Жолаушыларды халықаралық автокөлікпен тасымалдау негізінде, бірнеше немесе екі мемлекет арасында құқықтық дәрежеде көпжақты және екіжақты тұжырымдық келісім – шарт жасалады. Көпжақты келісім – шарт жасауда маңыздыларының бірі, 1973 ж Европадағы ішкі көлік комитеті жөніндегі экономикалық комиссиясы қабылдаған «Жолаушыларды және жуктерді халықаралық автокөлік тасымалдау жөніндегі келісім конвенциясы» болып табылады.

Конвенцияда талаптар мен істерді ұсынулар жөніндегі статьялар қарастырылған. Жолаушының тасымалдаушыға жүк жөнінде шағымы болса, онда жолаушы жүгін алғаннан кейінгі 7 күн ішінде айта алады.

1997 ж қазанда Бишкекте ТМД елдерінің қатысуымен «Жолаушыларды және жуктерді халықаралық автокөлік тасымалдау жөніндегі конвенциясы» қабылданды. Бишкекте қабылданған конвенцияның Европадағы қабылданған конвенциядан айырмашылығы, қауіпсіздік жөніндегі сұрақтар, кедендік реттеу, бақылаудың шекаралық және санитарлы түрлері. Мұнда айтылған халықаралық конвенция аспектілері, көпжақты және екіжақты құқықтық келісімдер, сонымен қатар мемлекеттің ішкі заңдылықтары, осы құжатқа қол қою рәсімі реттелуі тиіс. Конвенция тасымалдаушыға, жолаушының денсаулығына немесе оның багажына нұқсан келмеуіне, сонымен бірге шағымдармен істерді уақытысында қарау және реттеу жауапкершілігін қарастырады.

Жүйелі тасымалдау дегеніміз, маршрут уақыты белгіленіп, жолаушыларды орналастыру және түсіру тоқтау орнынан бұрын анықталатын жайттарды айтамыз. Тұрақты тасымалдау ертерек жасалынған кесте және бекітілген тариф бойынша орындалады.

Жүйелі емес тасымалдау бұл – белгілі бір сайланған тасымалдаушымен айтылған уақытта айтылған жерде бітеді, мұнда ешкімде көліктен шығарылмайтын көлікпен қызмет көрсету түрі.

Жүйелі емес тасымалдаудың орындалуы кезінде, көлік кұралының ішіндегі жолаушылардың мөр басылған және тасымалдаушы мен жургізушінің қолы қойылған тізімі болу керек. Егер автобус жолаушысыз бос болса, онда жолаушылардың тізімі оларды орналастырып болғаннан соң жасалуы мүмкін.

Россия Федерациясы автокөлікті мәлімдемені екіжақты келісім негізінде құрайды. Мұндай мәләмдемені Россия Әзірбайжанмен, Австриямен, Албаниямен, Армениямен, Белорусьямен, Бельгиямен, Болгариямен, Великобританиямен, Венгриямен, Германиямен, Грециямен, Грузиямен, Даниямен, Иранмен, Ирландиямен, Италиямен, Қазақстанмен, Кипрмен, Қытаймен, Қырғызстанмен, Латвиямен, Литвамен, Люксембургпен, Македониямен, Молдавиямен, Монголиямен, Нидерландымен, Норвегиямен, Польшамен, Португалиямен, Румыниямен, Сербиямен, Словакиямен, Тажікістанмен, Украйнамен, Финляндиямен, Франциямен, Хорватиямен, Чехиямен, Швейцариямен, Швециямен, Эстониямен құрған. Осы келісімге сай келісім – шартқа тұрған жақтар бір – біріне жүйелі тасымалдауды ұйымдастыруды ұсынады. Ұсыныста тасымалдаушы (фирма) жайында ақпарат, жол (маршрут) бағыты, қозғалыс кестесі, жолаушыларды отырғызу және түсіру кезіндегі тоқтау пунктері, сонымен қатар уақытты жобалау және жүйелі тасымалдауды орындау қамтылуы керек. Келісімге келген компетентті органдар жағы өздерінің мемлекеттік территориясынан жолаушыларды өткізу кезінде тұрақты тасымалдауға жазбаша түрде рұқсат беру керек.

Егер жолаушылар тобын тасымалдау кезінде жолдың барлық ағымы бір автобуспен өткізілсе, онда жүйелі емес тасымалдауды орындауда рұқсат талап етілмейді, ол үшін: 1) келісімге келген мемлекеттердің территориясында тіркеуге тұрған автобуспен бірге сапар шегу басталады және аяқталады; 2) келісімге келген жақтың тіркеуінде тұрған автобуспен сол жақтың территориясында сапар басталады, басқа келісімге келген жақтың территориясында мынадай шарт арқылы аяқталады, егер автобус бұл территориядан бос кетсе немесе автобус келісімге тұрған бір жақтың территориясынан жолаушыларды келесі мемлекетке жеткізіп, қайтса. Жүйелі емес тасымалдауда, бұзылған автобустан келесі автобусқа ауыстырған кезде рұқсаттама сұралмайды. Жүйелі емес тасымалдауда жоғарыда айтылғандай, автобустың жүргізушісі өзімен бірге келісімге тұрған компетентті органдар жағының бекіткен арнайы формадағы, жолаушылардың тізімін алып жүру керек.

Халықаралық құжатта автокөлікпен тасымалдау кезінде жүйелі инфрақұрылымға мыналар қатысты, «Халықаралық жол бағыты (магистраль) жөніндегі Европалық келісім» (1975 ж қарашаның 15 бастап) және «Халықаралық тасымалдауды құрамдастыру жөніндегі маңызды тізбек және соған сай объекті жайындағы Европалық келісім» (1997 ж ақпанның 1 бастап). Бірінші құжатта халықаралық жол тораптарының тізімі, халықаралық автокөлік жолдарына сай шарты, халықаралық «Е» торабының (сеть) жоспарын анықтау; екіншісінде халықаралық тасымалдау құрамын көрсететін, шекаралық пунктер мен теміржол тоқталымдары және порттар халықаралық терминалдар тізімі көрсетілген.

Халықаралық құжатта жол қозғалысының маңыздыларын атап айтсақ, «Жол қозғалысы жөніндегі конвенция» (1968 ж қарашаның 8 бастап); «Жолдағы белгілер мен дыбыстар жөніндегі конвенция» (1968 ж қарашаның 8 бастап). Көрсетілген нормативті актілерде негізгі ереже жол қозғалысы; автокөлік құралдарына және жүргізушілерге талап; халықаралық тасымалдау кезіндегі жол белгілермен дыбыстар жүйесі болады. Көлік құралында көрсетілген 5 категориясы (А, B, C, D, E) бойынша басқару, белгілі бір білім деңгейіне сай куәлік беріледі. Әр автокөлік құралында тіркеу куәлігі және мемлекеттің ерекше тіркеу белгісі болу керек. Сонымен бірге құжат құрамына автокөліктің ішкі және сыртқы құрылымдарына талап, шум деңгейі, сыртқы жарық приборлары, тежегіш және басқа да техникалық , экологиялық сипаттары кіреді.

Автокөлік құралы жұмысының халықаралық шартында «Транспорт құралдарының экипаж жұмысына қатысты халықаралық автокөлікпен тасымалдау жөніндегі Европалық келісім» (1970 ж маусымның 1 бастап) кіреді. Бұл келісімде негізгі талаптар былай көрсетіледі, жургізушіні ұсыну, оның жасына, квалификациясына, күнделікті автокөлікті басқаруына, тоқтаусыз айдағанның максимальды уақытына, сонымен бірге еңбек режимінің сақталуына бақылау және жүргізушінің көлікте демалуына. Автокөлік құралындағы соңғы талапты орындауда, жолаушыларды және жүктерді халықаралық тасымалдауда бақылау жағдайы тахографимен жабдықталады. Тахограф бақылау жағдайын, тоқтаусыз жүрілген жолдың тіркелуін, ондағы қозғалыстың жылдамдығын, еңбек режимін және жүргізушінің демалысын көрсетеді.

Жоғарыда айтылған келісімдер мен конвенциялардың барлығы шет мемлекеттерге сапар шегуде қолданылуы тиіс. Россияда шетелдерге автотасымалдау ұйымымен байланысы тәжірибе жүзінде сұрақтарды шешуге көмектесетін Автотасымалдаудың халықаралық ассоцияциясы құрылды.

Барлық ұйымдар қауіпсіздік сұрақтарымен, кедендік формальдылықтармен, ережелермен, автокөліктік тасымалдауды регламенттеумен, автокөлік мәселесіне қатысты ұлттық және халықаралық мәселелерді шешумен айналысады.

Ресей Федерациясында қабылданған нормалық актілердің автотранспорт сферасында ұлттық заңдылық базаларына кіретін, басқа жағынан алғанда халықаралық автокөлік мәлімдемелеріндегі құқықтық норманы анықтайды. Мұндай заңға «Халықаралық автокөлік тасымалы және оларды орындаудағы жауапкершіліктің бұзылуын бақылап отыратын мемлекеттік заң» кіреді. Бұл құжат ресейліктермен шетел тасымалдаушыларының халықаралық мәлімдемелерін реттейді. Дәлірек айтқанда, шетел тасымалдаушылары міндетті:

  • компетентті органдардан тасымалдауға рұқсаты болу;

  • тасымалдау кезінде жолаушылардың тізімі болу;

  • транспорт құралының тіркелген жерінен мемлекеттік тех белгілерін білу және тағы басқа.

Бұл ережелердің орындалуын Ресей территориясында орналасқан транспорт жөніндегі инспекция қадағалап отырады. Тасымалдаушылар бұл құжаттағы талаптарды бұзса, арнайы дайындалған штраф төлейді немесе халықаралық тасымалдаудағы лицензиясы тоқтатылады.

Ішкі мәләмдемелердегі автокөлік транспортымен жолаушыларды тасымалдауды реттеп отыратын бірнеше құжаттар бар. Бұл жерде негізгі акті болып табылатын Ресейдегі автокөлік жөніндегі қаулы. Жоғарғы кеңес бекіткен бұл құжат (РФ № 4604 – 1999 ж наурыз 3 бастап) қазіргі уақытта Ресей Федерациясындағы ұлттық заңдылықтарға қарсы келсе де, мемлекеттердің нарықтағы дамуына сай келмесе де көптеген бөлімдері дәл қазіргі уақытта ескірсе де жұмыс істеп келеді. Жақын уақыттарда жаңа нормалық құжат қабылданады деген болжам бар, онда қазіргі автакөлік тасымалы жағдайымен есептелініп жасалынады.

Ішкі автотасымалдауға қатысты, маңызды құжаттарының бірі Ресей Федерациясының «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» заңы. Заң өмірді қауіптен қорғауға, азаматтардың денсаулығы мен жеке заттарын қорғауға бағытталған. Бұл үшін автотасымалдауды қамтамасыз ететін ұйымды міндетті түрде лицензиялайды, дәлірек айтқанда:

  • жолаушылармен жүктерді ұйымдастыратын автомекемелер;

  • жөндеу кәсіпорны және автотранспорт құралдарына техникалық қызмет көрсету;

  • жүргізушілерді дайындаумен айналысу және олардың мамандық дәрежесін жоғарылату орындары;

  • өндірістік құжаттарды (жүргізушілік куәлік, анықтама, бланк және т.б), номер белгілерін, автотраспорт құралдарын сатумен айналысатын мекеме.

Автокөлік құралдарына арналған заңдарға сай Ресей Федерациясының территориясында немесе шетелдерге 6 айдан артық шыққанда органдарда қабылданған сертификатты алып жүру керек. Заңда жүгізушінің міндетті түрде медициналық куәландырған құжаты, сонымен бірге рейстен бұрынғы, рейстен кейінгі және ағымдағы медициналық тексеруден өткендігі туралы қарастырылған.

Автотранспорттағы автокөлікпен тасымалдау жүйе ережесінің ескіруінен кейін орнына, 1997 ж РСФСР Министерствасының тапсырысымен бекіткен «Ресей Федерациясында автокөлік транспортымен уақытша жолаушыларды және жүктерді тасымалдау» заңы жұмыс істеп келеді. Ережеде «жолаушы», «жүргізуші», «тасымалдаушы», «жүк», «автовокзал», «автостанция» және тағы басқаларға түсінік берген; жолаушыларды әртүрлі автокөліктер құралдарымен тасымалдау тәртібі қарастырылған; негізгі ереже мағынасы және тасымалдаушы мен жолаушының міндеттері қарастырылған.

Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету.

Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады.

Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ.

Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде.

Егер Қазақстан автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы бойынша ТМД елдерінің арасында үшінші орында тұрса, жолдың жиілігі жөнінен ең соңғы орындардың бірінде.

Қазақстандағы ірі республмкалық деңгейдегі автокөлік жолдарының бірі Алматы – Бішкек – Тараз – Шымкент – Ташкент жолы. Алматыдан Семей және Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған, Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе темір жол станциясы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автокөлік жолымен жалғасады.

Сонымен бірге жергілікті деңгейдегі автокөлік жолдары Қарағанды – Теміртау – Астана, Семей – Павлодар – Омбы, Орал – Атырау, Қостанай – Арқалық, Қарағанды – Жезқазған және т.б ірілі – ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.

Маңғыстау түбегіндегі мұнай – газ кен орындарын игеруге байланысты Ақтау қаласын онда жұмыс істеуші барлық мұнай кәсіпшіліктермен байланыстыратын жолдар салынған. Солтүстік Қазақстанда Астана – Көкшктау, Петропавл – Қостанай автокөлік жолдары облыс орталықтарын өзара байланыстырады.

Қорытындылай келе, автокөлікпен жолаушылармен жүктерді тасымалдау оңай тәсіл болып табылады. Автокөлікпен тасымалдау ережесі әр елде әр түрлі болады. Сонымен қатар автокөлікпен тасымалдау арзанырақ, кез келген жерге тоқтау ыңғайлы болып келеді.

Автосаяхатты жоспарлау және талдау.

Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында шағын ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады. Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы.

Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік , қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері.

Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар:

1. Орындарының саны бойынша

2. Отынының түрі боыйнша

3. Категориясы бойынша

4.Жайлылық атрибуты бойынша

Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам)

Двигательдегі (қозғалтқыштағы) отын түрі: бензин, солярка, сұйытылған газ, сығылған газ. Электр қуаты, механикалық (энергия) қуат көзі маховка (гиробус), күн көзі қолданылады.

Этаждағы қабаттығы бойынша автобустар бір, біржарым, екі-үш қабатты және арнайы болады. Лифтілермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалыс қызметі шектелген адамдарды турист, спортышыларды тасымалдайды. Автобус-ң категориясы жайлылық деңгейімен ұсынылатын қызмет түрлерімен анықталады. Категориясыз автобус-ң орындықтары қатты, жылытылмайды, олардағы шу деңгейі жоғары. 2 жұлдызды категориялы автобуста жастықшалары бар жұмсақ креслолар, жылу жүйесі, перделер, дауыс күшйеіткіш құрылған және микрофон бар. 3-жұлдызды автобуста екі жұлдызды автобуста жасалған жағдайымен қатар: тоңазытқыш, әжетхана, жеке жарық бер мен вентияция, көлеңкесі перделер бар. 4 жұлдызды катергорияда қосымша әжетханасымен душы (бірге), теледидарлар, рация, су қанатқышы бар мини бар, гардероб, қасындағы адаммен шалқайтылатын және қозғалтатын креслолар бар. Ең жоғарғы 5 категориялы ең жайлы: креслолар қатарға бір-біреуден орналасқан (яғни бар болғаны шынтақшасы бар креслолардың 2 қатарлы) горизонталь қалпына да қозғалады (жазылады, жатады)

Қазақстан туристік агентігі Мәскеуге дейінгі арзан баруды қамтамасыз етуге тырысуда, бірақ формалықпен бірге (шенген және транзиттік, Польша арқылы, визалар) жолдама құны екі есе дерлік өсті. Мұндай саяхаттарды жүзеге асыру Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс облыстарында жасалады. Ішкі турлар және жақын жатқан мешекеттерге бару, фирмалық бұл бизнесіне мамандалған үшін әдеттегі іс болады.

Автосаяхаттарды ұйымдастыру кезінде ең алдымен, нормативтік-құқықтық акітілермен танысу керек. Құжаттарды білу, автотасымалдуларды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Олардың қатарында: Женева конвенциясы шеңберінде 01,03,1973 ж. қабылданған «жолаушылар мен багаждарды халықаралық автомобильмен тасымалдау келісім шарты туралы конвенция», 1989ж. туризм боыйнша Гаата деклорациясы материялдары, туризм боыйнша басқа деклорациялар және иеленген келісімі. ТМД елдері шеңберіндегі туристік тасымалдаулар 1993 ж. «Туризм саласындағы бірлестіктер туралы» келісім шартпен, 9,09,1994 ж. ТМД туризм-і бойынша Кеңес туралы», 29,10,94 ж. «мемлекет бірлестігінің негізгі принциптері туралы – туризм сала-ғы ТМД қатысушылары» келісім шартымен реттеледі.

Мемлекетте жолаушылар мен багажды тасымалдауда маңызды көмек көрсеткен бірқатар құжаттар жасалған, бұл ең алдымен 1994 ж. 21-қыркүйектегі» толықтырулар мен өзгерістер. Сосын басқа құжаттар қабылданды: «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы заң», т.б.

Автотурларды талдауда мемлекеттік және халықаралық ұйымдар, автомобиль транспортының халықаралық одағы (АТХО) үйлестірген транспорттық келісім (ҮКТ) 1991 ж. құрылған, 1993 ж. ұйымдастырылған АТХО 1995 ж. қабылданған ҚР-ы халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы (Қаз АТО) айтарлықтай маңызды көмек көрсетеді.

Сондықтан автотурды талдау алдындағы алдын-ала жұмыс көп уақытты алуы мүмкін. Автомобильмен саяхат ұйымдастыру – іс-әрекет жоспарын құру. Автосаяхатты жобалау мынадай кезеңдермен тұрады:

  1. Саяхат мақсаты мен тақырыбын анықтау. Туристік кәсіпорын жүйелі түрде өткізетін маркетингтік талдау бұның алдында болу керек. Саяхат мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін (туристермен халықтың демалуға сұранысын қанағаттандыру жолымен табысқа жету. Өздігінен білім алу, өзін-өзі жетілдіру, белгілі бір бұхара халықты балаларды, егде кісілерді, мүгедектерді туризмге тарту, экскюзивті маршруттар құру, қызмет көрсетудің жаңа формаларын және т.б. құру) Саяхат тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін (діни, тарихи-өлкелік оқу, көңіл көтеру, танымдылық, этнографиялық және т.б.)

  2. Жобаланған трассаны жобалау. Бұл кезеңде автожол-ң картасы зерттеледі, маршрут эскизі құрылады.

  3. Туристік ресурстарды таңдау және онымен танысу, Ресурстарды таңдау кезінде ең алдымен тур тақырыбына сәйкес келетін көрікті жерлерінің болуына көңіл бөлінеді.

  4. Маршруттағы шектеулерді анықтау. Олар қорықтар, тапсырыс берушілер, экологиялық және жол постылары, шекаралық және кеден айм ақмақтары, жолсыздық.

  5. Өмірін қамтасыз ететін жерлерді зерттеу (білу); конатын пункттер, тұратын, тамақтанатын жерлер, медициналық санитарлық-тұрмыстық қажеттер, су көздері.

  6. Маршруттағы қауіпсіздікдікті қамтамасыз ету

  7. Маршрутты аралап шығу Оның мақсаты: Трассадағы шектеулерді ескеріп, уақытшхрорнметражы, автомобильге техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктерін білу (сто, жанар май құю); жол ақпараты жоспарынқұру; жарнама үшін материалдар жинау; қызмет көрсету аяқталу үшін серіктестіктерді таңдау. Маршрутты аралап шығу туристік кәсіпоры, автокәсіпорын, қажет болған жағдайда МАИ қызметкері қатысады.

  8. Маршрут схемасына өзгертулер енгізу. Осындан кейін саяхатқ қажетті барлық пункттер белгіленген маршреттың қажетті барлық пункттер белігленген маршруттың карта-схемасын құруға болады.

  9. Келісім-шартқа отыру. Бұл (сапар) жолдама құнының көлемі, қызмет көрсету сапасы, маршруттағы қауіпсіздік тәуелді болатын маңызды кезеңдердің бірі. Келісім-шарттар тұратын жер, тамақтанатын жер, автокәсіпорын, топ жетекшісі немесе нұсқаушы мен және т.б. жасалады.

  10. Маршруттың технологиялық картасын құру, ол алдын ала жасалады.сенімдіілік және қауіпсіздік береді. Ондағы негізгі пункттер мыналар: карта – схемалар, қозғалыс графигі, қонатын жерлермен тоқтайтын жерлерді белгілеу, МАИ посттары, жол – эксплуатациялық қызметтің, СТО дисиокациялау, жолдардың жағдайын, маршруттағы туристер саны, маршурт ұзақтығы ( сағат және күнтізбелік күндермен)

  11. Бағасын белгілеу. Жолдама құнын есептеу келісілген бағалардан алынады. Бір бағытқа бірнеше калькулация жасау керек. Бұл қызмет көрсетуді дифференциялау, әртүрлі сервис ұсынуға көмектеседі.

  12. Маршруттық бекіту (қабылдау,мақұлдау). Бекітуді туристік кәсіпорынның жетекшісі барлық әдістемелік, келісімшарттық, қаржылық құжаттарды дайындағаннан кейін және автокәсіпорындармен маршрутты бекіткенінен кейін жүзеге асырады.

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету технологиясы:

Автокөлікке техникалық қызмет көрсетудің мәні мен міндеттері. Техникалық қызмет көрсету түрлері және оны ұйымдастыру түрлері. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету үшін бекеттерді жабдықтау. Ақауларды жіктеу. Автокөліктік құралдарға техникалық қызмет көрсету тәртібі. Тұтынушыларға қызмет көрсету (қызмет көрсету аумағы). Қызметтерді орындаудың технологиялық үрдісі. Сервистік бөлімнің өндірістік бөлімі.

Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерін көрсету технологиясы

Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерін көрсету қызметтерінің маңызы. Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметтерінің анықтамалары. Киімдерді кірлеу дәрежесі бойынша жіктеу. Химиялық тазалау кәсіпорындарының қызметтерінің жіктелуі және сипаттамалары (көрсеткіштері). Химиялық тазалау, кір жуу кәсіпорындарының технологиялық бөлімдері. Химиялық тазалау, кір жуу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары. Химиялық тазалау, жуу үрдісі. Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және химиялық тазалау, бояу және кір жуудың қабылдау пункттеріндегі жұмыскерлерді басқару тәртібі. Қызмет көрстеу келісім-шартының мазмұны. Химиялық тазалау, кір жуу қызметтерінің сертификациясы.

Фототсуреттер дайындау, пленкаларды өңдеу бойынша фото қызметтер көрсету технологиясы

Фтотсуреттер дайындау, пленкаларды өңдеу бойынша фото қызметтер көрсетудің мәні мен анықтамасы. Жылдам суретке түсіру; фотолабораториялар және фото орталықтар; суретке түсіру қызметтерінің жіктелуі мен сипаттамалары. Суретке түсіру үшін қажетті технологиялық құралдар мен материалдар. Қызмет көрсетудің негізгі түрлері: кешендік, көшпелі. Құжаттарға арналған фотосуреттерге қойылатын негізгі талаптар.

Дәріс 12.

Тақырыбы: Авиациялық транспортпен туристерді тасымалдау.

1. Халықаралық авиатурларды ұйымдастыру.

2. Авиациялық саяхатты(әуе) дайындау мен жоспарлау.

Қолданылғын әдебиеттер: