Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРГ.Транспорт обслуж Алия ЛЕКЦ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
968.7 Кб
Скачать

Vip категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшеліктері

VIP (Very Important Person) категориялы жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшелігі, оларға ұшуда максималды деңгейде комфорт пен ыңғайлылық құрылады, ұшу мен қону уақытысы жөнінде ақпарат уақытылы беріледі, административті формальдылық толтыруда жеңілдік жасалады. Қазіргі таңда авиатасымалдауда VIP қызметімен қолданатын жолаушыларға азаматтардың 3 тобын жатқызуға болады:

  1. беделді саяси, қоғамдық, діни орынды алатын тұлғалар; саяси партиялардың басшылары, жоғары өкімет шенеуніктері; діни конфессиялардың басшылары, губернаторлар өкілдері, депутаттар және т.б.;

  2. VIP-қызмет алуға құқық беретін арнайы VIP карталары бар тұлғалар;

  3. Туристік компаниялар мұндай қызметті ұсына алатын туристер.

VIP-жолаушыларын тіркеу, олардың жүктерін рәсімдеу мен қабылдау, сонымен қатар административті формальдылықтар арнайы бөлінген орында, басқа жолаушылардан жеке өткізіледі.

Бұл арнайы орындар ресми делегация залы, VIP-залы болып табылады. Ресми делегация залында қазақстандық және шет елдік жоғары қызметтегі шенеуніктерге қызмет көрсету жүзеге асады. Бұл қызметтер ең төмен бағада өкіметпен төленеді. Бұл залдағы қызмет көрсету әуежай басшылығына хат не факстық шағым негізінде тапсырыс беріледі.

VIP-залдар мемлекеттік қызметке қатысы жоқ немесе әуежайдағы жоғары комфорт үшін өзі төлей алатын басқа да VIP-персоналдарды қабылдайды. Сонымен қатар VIP-залға тегін өту құқығы бар жолаушылар тізімі бар. Оларға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Советтік Союздың, әлеуметтік топтардың батырлары жатады.

Бизнесс-класстың жолаушыларына қызмет көрсету

Бизнесс-класс жолаушыларына қызмет көрсетудің ерешелігі, оларға тасымалдаудың комфортын ұлғайту мақсатында қосымша сервис ұсынылады.

Жоғарыда айтылып өтілгендей, бизнесс-класстың жолаушыларын тіркеу жеке үстелшеде өткізеді не жалпы үстелшеде үстемділік сипатта болады. Әуе суднасының бортына түсетін тіркеу бланкісінде саяхаттаушының тек инициалы ғана емес, толық аты мен тегі көрсетіледі.

Бизнесс-класс жолаушыларының тіркелген жүгі жеке жүк арбасына не контйнеріне артылады. Бұл жүк ұшақтың бортына эконом-класс жолаушыларының жүктерін жеткізгеннен соң артылады және біріншілердің қатарында шығарылады.

Рейске орналастыруды тіркеуден соң бұл тұлғаларды арнайы бөлме – бизнесс-залға шақырады. Бизнесс-залға рұқсаттама тіркеу үстелшесіндегі оператормен берілген арнайы шақыру не бизнесс-класстың авиабилеті болып табылады.

Әуежайда бір немесе бірнеше бизнесс-залдар болуы мүмкін. Бизнесс-залдар кондиционермен, телевизормен, видео және DVD плеермен жабдықталады. Соңғы уақытта халықаралық әуежайлардың бизнесс-залы кішкене бизнесс байланыс орталығымен жабдықтала бастады. Әдетте, тамақтандыру тегін (оның құны авиабилеттің құнына қосылған), бірақ кейде бардың қызметі қосымша ақыға ұсынылады.

Әуе суднасына бизнесс-класстың жолаушылары эконом-класс жолаушыларынан кейін жеке автобуста жеткізіледі. Ұшақ қонған соң бұл тұлғалар бірінші не бірінші класс жолаушыларынан кейін шақырылады. Ұшақ қонған соң келу залына бұл тұлғаларды жеткізу уақыты 10 мин аспауы қажет, ал олардың жүктері 20 мин аралығында жеткізілуі керек.

Трансферлі жолаушыларға қызмет көрсету

Трансферлі жолаушыларға әуежайға авиабилетке сәйкес бір рейс трансферімен келген және сол немесе басқа да тасымалдаушымен басқа рейсте ұшуын жалғастыратын жолаушыларды жатқызамыз.

Трансферлі жолаушыларға қызмет көрсетудің ерекшелігі авиабилетті брондаудан байқалады. Трансферлі жолаушылардың транзиті жүзден астам елдің шет елдік азаматтарына мемлекеттік ұйвмдармен қабылданған брондау талаптары жөнінде оператормен ақпараттануы қажет. Бұл талаптар TIM (Travel Information Manual) анықтамасында жазылған және шығу мен кіру елдерінің паспорттық, визалық, кедендік режиміне қатысты.

Әуежайда трансферлі жолаушыларды жіберуде басқалардан құқықтық басылымдылықтары бар, әсіресе рейс ұсталып қалған жағдайда. Бұл категория жолаушыларын тіркеу стандартты процедуралардан тұтастыру рейсі мен уақытын брондауды куәландырумен, сонымен қатар әуежай трансферінің мемлекеттік органына қажетті құжаттарды тексеруімен ерекшелінеді. Жүкті рәсімдеуде оған маршрут пен рейс нөмері көрсетілген арнайы «Transfer» маркировкалы бирканы жапсырады. Жүк ұшақ бортынабасқалардан жеке, соңғы болып артылады және бірінші болып түсіріледі. Трансферлі жолаушылар мен жүкті қадағалау әуежайдың арнайы трансферлік қызметіне жүктеледі.

Тұтастыру пуктінде трансферлік қызметтің өкілі өзінің клиентін қарсы алып, оған ауысып отыру үшін көмек көрсетеді. Егер келесі рейстің уақыты 2 сағат аралығында болса, онда жолаушыны тұтастыру рейсіне тіркеу үстелшесіне алып келеді. Бұл жағдайда жүк жолаушыға берілмейді, трансферлік қызметтердің қадағалауымен борттан бортқа ауыстырылады. Егер рейстердің уақыты 2 мен 6 сағат аралығын құраса, онда клиентті сәйкесінше административті зонаға немесе күту залына шығарып салады, ал келесі рейстің уақыты 6 сағаттан көп болса, онда трансферлік қызметкер саяхаттаушыларға өз есебінен қонақ үйге жеткізу мен орналастыру қызметін ұсынады.

Трансферлік қызметкерлерге мұндай тасымалдауды ұйымдастыру жүктелгендіктен, қызметтің жақсы нәтижесіне келісе бере алатындай, тұтастыру рейсі арасындағы интервал жария етіледі.

Балаларды тасымалдау ерекшелігі

Әуе суднасында балалар үлкендердіңқарауымен не оларсыз тасымалданады. Бірінші жағдайда халықаралық тәртіпке сәйкес бір үлкен адам екі жасқа дейінгі бір баланы, оған жеке бөлінген орынсыз үлкен адам тарифінің 10 % құнымен өткізе алады. Мұндай балаға тегін жүкті өткізу нормасы 10 кг құрайды. Ал қалған балалар, сонымен қатар 12 жасқа дейінгі балалар қалыпты тарифтің 33-50 % жеңілдікпен жеке бөлінген орында тасымалданады. Бірақ чартерлі рейстерде 2 жастан үлкен балаларға жеке орынға жеңілдік берілмейді.

Рейске балаларды тіркеу кезінде тіркеу бланкілеріндегі арнайы графада СHD (Child) – 2-12 жастағы бала, не INF (Infant) – шақалақ (2 жасқа дейінгі) деп көрсетіледі. Шақалақ әрқашанда арнайы билет бойынша үлкендердің қарауымен тасымалдануы қажет. Бірақ үлкендермен тасымалданатын шақалақтардың саны 2-ден аспау керек. Бұл шектеу балаға қажетті назарды қамтамасыз ету мақсатында авиакомпаниямен енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгендей, балалар үлкендердің қарауынсыз тасымалдана алады. Бұл жағдайда балада авиабилет, виза мен шет елдік паспорт және нотариуспен бекітілген екі ата-ананың рұқсаты болуы керек.

Үлкендердің қарауынсыз тасымалданатын балаларды кедендік, паспорттық-визалық, арнайы қауіпсіздікті тексеру авиакомпания өкілінің қатысуымен жүзеге асады. Әуе суднасының бортына оларды орналастыру басқа жолаушыларды орналастырудан соң басталады.

Жүкті әйелдерді тасымалдау

Жүкті әйелдер отандық авиакомпаниялармен егер босану мерзімі 4 аптадан кем болғанда ғана қабылдана алады. Авиакомпания жүкті әйелден оның денсаулығы жөнінде және жүктілік мерзімінің медициналық шешімін талап етуге құқылы. Бірақ медициналық куәлік ұшу басталардан кем дегенде 7 күн алдын рәсімделуі қажет. Мұндай тасымалдаудың басқа маңызды шарты тасымалдаушыға пайда болған зардап үшін ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Бұл шарт жолаушының кепілдік хатымен расталуы қажет.

Көптеген шет елдік авиакомпанияларда жүкті әйелдерді тасымалдауда шектеулер бар.

Негізінде, шет елге саяхаттауға жүкті әйелдер басқа мемлекетте мерзімінен бұрын босану мүмкіндігін есте сақтауы қажет. Бұл жағдайда баланы өз еліне алып келу үлкен кедергі мен мәселесі. Себебі әр мемлекеттің әркелкі заңдық актілері бар.

Аурулар мен инвалидтерді тасымалдау

Науқастар мен мүгедектер категорияларына ұшу уақытында және оған дайындық кезінде физиологиялық жағдайына ерекшеназарды талап ететін жолаушылар жат. Тасымалдаушы бұл жолаушыдан әуе транспортында тасымалдауға рұқсат беретін медициналық шешімді талап етуге құқылы. Сонымен қатар, бұл категориядағы жолаушылардан хат түрінде кепілдік міндеттемені талап ете алады.

Егер жолаушы балдақтың немесе жиналмалы мүгедек арбасының көмегімен салонда қозғалса, онда оған қосымша ақы төленбейді. Ал егер жолаушы электрлі арбаның көмегімен қозғалса, онда ол қарапайыморындыққа отырғызылады, ал жүгі тіркелген жүк ретінде әуе суднасына артылады. Жолаушыларды тағайындағанда әуежайға мұндай жолаушы келген уақытта бірініш арбаны ұсыну жөнінде хабарлама түседі. Электрлі арбамен тасымалданатын жолаушылар тасымалдауға алып жүрушісімен бірге қабылданады.

Егер ауру адам зембілмен тасымалданатын болса, онда ол тек алып жүруші арқылы жүзеге асады және 3 реттік көлемде төленеді. Бұл зембіл 3 арбаның көлеміндей орын алатындығымен түсіндіріледі. Мұндай жолаушыларды тасымалдау тек эконом-класста жүзеге асады. Транзит, трансфер және тағайындау пунктерінде әуе суднасының бортында мұндай жолаушының барлығы жөнінде тасымалдаушымен хабарландырылады.

Авиакомпания қажетті жағдай болмағанда мұндай жолаушыларды тасымалдауға бас тартуы мүмкін.

Мұндай жолаушыларды ұшаққа орналастыру ең бірінші, ал ең соңғы орында жүзеге асады.

Көр және естімейтін жолаушыларды тасымалдау

Көр және естімейтін жолаушыларды тасымалдау шарты тасымалдаушыға сәйкесінше құжатты ұсыну болып табылады. Бұл категориядағы жолаушылар алып жүрушісімен, онсыз да немесе жетектеуші-ит арқылы тасымалдана алады. Соңғы екі жағдайда жолаушыға ұшу, қону, административті формальдылықтар кезінде көмек көрсету мақсатында брондау жөніндегі оператор оның құжатына бұл ақпаратты енгізу қажет.

Жетектеуші-ит әуе суднасының бортына өткізіледі және оның тасымалдауына ақы төленбейді. Жетектеуші-итпен саяхаттайтын жолаушыда ветеринар сертификаты мен оның оқытылғандығы жөнінде сертификаты болуы қажет. Мұндай жолаушыға қатардың ең соңындағы орын беріледі. Ит жолаушы орындығының аяғына байланады. Жетектеуші-ит міндетті түрде тұмылдырықта болу қажет.

Керең және нашар еститін адамдар арнайы жарықтық ақпараттар мен сигнализациялық құралмен жабдықталған орынға отырғызылады. Мұндай жолаушыларға арнайы карточкаларды беру қарастырылған.

«Жағымсыз жолаушыларды» тасымалдаумен байланысты мәселелер

«Жағымсыз жолаушылардың» қатарына екі топтағы адамдарды жатқызуымызға болады. Біріншіден, оларға қоғамдық тәртіпті бұзған бұзақылар, яғни сотқарлар мен жанжалқорлар жатады. Мұндай тәртібімен көзге түскен жолаушылар «қара тізімге» ілінеді. Соңында бұлардың әуе суднасының бортына кіруі қиынға түседі.

«Жағымсыз жолаушылардың» екінші тобына қарауылшымен алып жүрілген тұтқындар жатады. Мұндай тасымалдауды жүзеге асыру үшін авиакомпания басшылығы арнайы ұшаққа мінуі мен шығуы ең соңғы кезекте жүреді.

Авиажолаушыларды тасымалдау технологиясы

Әуе транспортымен тасымалдаған кезде авиажолаушыларға қызмет көрсету тасымалдың кепілдігін қамтамасыз етуге, ұшыдудың қауіпсіздік шараларын сақтауға,сонымен қатар авиатасымалдаушылардың қызметімен қолданатын азаматтарға ұсынылған мемлекеттік ұйымдардың бірнеше талаптарын орындауға бағытталған тәртіп ережелерінен тұрады.

Жолаушы бұл ережелерден өту үшін әуежайға алдын ала келуі қажет. Әдетте халықаралық рейсте жолаушылардың әуежайға келу уақыты әуе суднасының ұшу уақытын 2,5 сағат алдын, ал ішінде – 2 сағат. Бұл уақыт жолаушыларды тіркеу рәсімі мен административті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қажет.

Билетті тіркеу мен жүкті ұшуға дайындау уақыты тасымалдаушымен белгіленеді немесе ол сатылым кезінде жолаушыға ұсынылатын билетте немесе басқа да құжатта көрсетіледі. Егер ақпарат берілмей, жолаушы рейске кешіккен жағдайда ол ақпарат берілмегендіктің нәтижесінде пайда болған шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Халықаралық рейсте тасымалданатын жолаушы келесі административті тексеру жұмыстарынан өтеді:

  1. кедендік тексеру;

  2. санитарлы-эпидемиологиялық тексеру:

  3. паспорттық-визалық тексеру;

  4. ұшудың қауіпсіздігін арнайы тексеру.

Ішкі тасымалда жолаушылар ұшудың қауіпсіздігін арнайы тексеру мен жүкті тексеруден өтеді.

Жолаушыларды әуе рейсіне тіркеу

Тіркеу фамилиялары PNL-ге (Passenger Name List – рейстегі жолаушылардың фамилияларының тізімі) енгізілген, рейске келген жолаушыларды брондалған жолаушылармен салыстару деп түсіндіріледі. Бұл рәсім маршруттың рейсімен нөмірі көрсетілген тіркеу үстелшесінде жүзеге асады. Жолаушыларды рейске тіркеумен бірге бір уақытта олардың жүктерін рәсімдеу де жүреді. Бұл тіркеу зоналары жүктерді өлшейтін таразы мен оны тексеретін қоймамен, транспорттармен, байланыс құралымен жабдықталған. Жолаушыларды бизнесс және эконом-класстарға тіркеу мен жүктерін рәсімдеу, әдетте, екі тіркеу үстелшесінде жүргізіледі.

Жолаушыларды рейске тіркеу тәртібі келесі түрде жүзеге асады:

  1. жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар мен авиабилетті тіркеу үстелшесіндегі оператор алады;

  2. паспортта көрсетілген фамилияны билеттегімен сәйкестігін салыстырады;

  3. билеттің растылығын, орны мен күнін тексереді;

  4. жолаушылардың фамилиясын PNL-гі брондалған жолаушылардың тізімімен салыстырады және жолаушыларды тіркеу бланкісінде белгілейді.

Фамилияларды салыстырудан кейін оператор қызмет көрсету классына байланысты, ұшақ салонындағы жолаушылардың нақты орнын белгілейді. Сонымен қатар мұнда жолаушылардың қызығушылықтары да есепке алынады – айна алдында немесе жол бойындағы орын, спутниктің жанында немесе бөлек, темекі шегетін немесе шекпейтінсалонда. Кейбір жағдайда жолаушылардың орнын оператор өзі белгілейді. Мысалыға, авариялық қосымша есіктің алдына ақыл-есі жайында, эвокуация жағдайында басқаларға көмек бере алатын немесе ең болмағанда кедергі жасамайтын жолаушылар отырғызылады. Ұшақтағы эвокуация прцессін тездете алмайтын жолаушылар жолды бөгемейтін және авариялық құрал-жабдықтарды қолдануға кедергі келтірмейтін орындарға жайғастырылады. Мұндай жолаушыларға анық физиологиялық және ақыл-есі кем тұлғалар; жылдам жүре алмайтын және денсаулығы төмен адамдар және 12 жасқа дейінгі балалар жатады.

Жолаушылар орнын бекіту белгісі ретінде оған нақты орын, күні мен рейс нөмірі, тіркеу ведомостінің реттік нөмірі, сонымен қатар ұшақ қонатын шығыс нөмірі көрсетілген отырғызатын талон беріледі.

Қазіргі таңда авиакомпаниялар жолаушыларға қызмет көрсету үшін тіркеудің автоматталған жүйесін қолданады. Бұл жүйелер тіркеу процессін жеделдетуге, турист және оның жүгі жайлы қажетті ақпаратты оперативті өңдеп жіберуге, жеке категориялы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тіркеудің автоматтандырылған жүйесі саяхаттаушылардың толық паспорттық мәліметтерін тексеруді қамтамасыз етеді. Бұл ұшақ бортына түрлі қылмыскерлердің кіруінен қорғайды. Сонымен қатар мұндай тіркеу жолы әуе тасымалдауды жүзеге асыруда электронды билетті ендіруге көмектеседі.

Жолаушыларды тіркеумен бір уақытта олардың жүгінің салмағын өлшеу мен рәсімдеу жүреді. Тіркеу үстелшесіндегі оператор тасымалдаушыдан жүр биркасын жыртпалы талонын алып, оны авиабилеттің сыртына жапсырады. Осы уақыттан бастап жолаушының авиабилеті жүк квитанциясы да болып есептеледі. Орын сандары мен тіркелген жүк массасы жайлы ақпарат билетте көрсетіледі.

Егер жолаушыда нормадан үлкен жүк болса, онда ол сәкесінше тариф бойынша төлеуі және тіркеу үстелшесіндегі операторға төленген квитанцияны ұсынуы қажет.

Егер жолаушы қызмет көрсетудің жоғарғы класында ұшқысы келсе, онда ол тіркеу зонасының аға диспетчеріне қызмет көрсету класының жоғарылату жөнінде өтінішімен жолығу қажет. Ұшақтың бизнесс-класс салонында бос орын болған жағдайда өтініш қабылданып, жолаушы билетінің сыртына белгі қойылады. Кейін жолаушы сәкесінше ақша соммасын төлеу үшін, кассаға беру керек.

Әдетте жолаушыларды тіркеу халықаралық рейске ұшардан 40 мин алдын, ал ішкі рейсте 30мин алдын бітеді. Тіркеуге кешіккен жолаушы мұндай рейске жіберілмеуі мүмкін.

Тегін жүкті өткізу нормасы ұшу бағыты мен қызмет көрсету классымен анықталады. Әлемде жүкті тегін өткізу нормасының екі жүйесі бар – салмақтың сандық жүйесі (Weight concept) және орынның сандық жүйесі (Piece concept).

Сандық жүйе жолаушымен тегін өткізілетін жүктің массалық нормасын анықтайды. Тегін өткізілетін жүктің салмағы әуе судносының типіне, нақты маршрутына және жолаушыларға қызмет көрсету классына байланысты тасымалдаушымен жарияланады.

Орынның сандық жүйесі жолаушы өткізе алатын жүктің алатын орын санын анықтайды. Бұл жүйе трансатлантикалық рейстерде қолданылады. Оның ережесіне сәйкес барлық класстағы жолаушылар 32 кг мөлшерінде екі орынды жүкті тегін өткізе алады. Егер бір жүктің салмағы 32 кг-нан асып кетсе, онда оған қосымша ақы төленеді. Эконом-класспен саяхаттайтын жолаушы үшін жүк орыны158 см, ал бірінші және бизнес – кластағы жолаушылар үшін 203 см-ден аспауы керек.

Тіркеу кезінде жолаушы ұшу , қону кезінде оған керек заттардан басқаның бәрін өлшеуге беруі керек.

Тіркелмеген жүкке «кабинаға» немесе «қол жүгі» деген бирко жапсырылады. Әуе судносының салонында бұл заттар жолаушы орындығының үстіндегі жабылатын сөреге немесе алдындағы орындықтың астына орналастырылады. Тіркелмеген жүк тегін жүктің нормасына кіретінін естен шығармау керек.

Тіркелген жүктің әрбір орынына ұшу күні, маршрут пен рейс нөмірі көрсетілген жүк биркасы қадалады. Жүк биркасының жыртылған талоны авиабилетке жапсырылады. Жүк биркасы мен жыртылған талон жүкті идентификациялау үшін қажет.

Тегін жүк нормасы жеке орынды билеті бар барлық жолаушыларға қатысты. Бірақ тегін жүкке жатпайтын жүктер тізімі бар, яғни кез-келген жағдайда бұл заттарды өткізу ақылы. Оларға мыналар жатады:

  • Әрбір класстың қалыптастырылған нормасынан асатын заттар (атауы мен бағытына тәуелсіз);

  • Бір орындағы 32 кг асатын заттар;

  • Жалпы салмағы 5 кг-нан аспайтын ас көгі, кептірілген өсімдіктер, гүлдер, өсімдіктің тұқымдары, ағаштардың бұталары;

  • Курьерлік корреспонденция және посылкалар;

  • Жануарлар (ит, мысық, құс және т.б.).

Жоғарыда айтылған барлық заттар, өсімдіктер, жануарлар жолаушының жалпы жүк салмағына тәуелсіз, тасымалдау үшін ақы төленеді.

Ақылы жүк

Егер жолаушының жүгі тегін жүк нормасының салмағынан асатын болса, онда тасымалдау сәйкесінше тариф бойынша төленеді. Салмақтық жүйеде бұл тариф әр авиакомпанияда әркелкі, бірақ әдетте әрбір артық килограмм үшін билет құнының 1% құрайды. Төленген ақы жолаушыға түбіртек берумен расталады.

Егер жолаушы алдын – ала өзінің жүгінің нормадан асатынын білсе, брондау немесе билетті сатып алу кезінде тасымалдаушыны бұл жөнінде хабардар етуі керек. Сонымен қатар, тасымалдаушы егер жолаушының жүгі, салмағы, көлеміқалыптасқан ережеге сай келмесе, ол тасымалдаудан бас тартуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]