Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРГ.Транспорт обслуж Алия ЛЕКЦ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
968.7 Кб
Скачать

Кедендік бақылау.

Кедендік бақылау тіркеуге алуға дейін немесе бір мезгілде өткізіледі. Көбінесе тіркеуге дейін өтіп кетеді. Кедендік бақылаудың міндеті елден заңсыз валюта алып кетпеуге, қымбат металлдар мен тастардың шығып кетпеуін және шығаруға тиім салған заттардың шығып кетпеуін қадағалау. Мұнда Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы халық банкі белгілеген мөлшерден артық влюта алып кетпеуін бақылауға алады. Шетелдік валюта мөлшері өзгеріп отырады. Себебі жолаушы бара жатқан елдің талабы ескеріледі. Жолаушыда бара жатқан елде күн көру үшін қажетті ақша мөлшері болуға тиіс. Кедендік қызмет елге кіріп келе жатқан заттарға да бақылау жасай алады. Елге тиым салынған заттардың кірмеуіне қадағалау жасайды. Сондықтан кедендік бақылау ұшып келген аэропорттарда жүргізіледі. Бұл жерде де сол жолаушы келген елдің ішкі ұлттық заңдары сақталады. Мысалы, 1999 жылы Кипр елі елге өсідіктер кіргізуге тиым салды. Сондықтан да Кипрге гүл алып барудың керегі жоқ. Себебі Кипр кеденшілері оны елге кіргізбейді. Кедендік бақылаудан өтпестен бұрын әрбір жолаушы кедендік декларация толтырады. Онда:

  • шекарадан өтуші азаматтың аты-жөні, құжатының нөмері, қай елден шықты қай елге барады;

  • өзімен бірге алып жүретін немесе тапсыратын жүгі туралы мәлімет;

  • міндетті түрде декларациядан өтетін тауарлар туралы мәлімет (ұлттық және шетел валютасы, қару жарақ, оқ дәрі, наркотиктер, антиквариаттар, бағалы бұйымдар мен тастар, көлік құралдары, кедендік құн төленетін заттар және т.б.).

Халықаралық ICAO ұйымының кеңесі бойынша жолаушыларға екі түрлі жол ұсынылады. Олар «жасыл» және «қызыл» жолдар. Егер жолаушыда ешқандай тиым салынған заттар болмаса, онда ол «жасыл» корридормен өтеді. Кедендік бақылау мемлекеттік жұмыс болғандықтан оған жолаушылар бағынуға міндетті. Егер жолаушы кедендік бақылаудан өтуден бас тартса, онда тасымалдаушы оны ұшаққа мінгізбейді. Және билеттің құнын қайтармайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау.

Бұл бақылау елге қауіпті инфекциялық аурулардың кіріп кетпеуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай ауруларға жататындар: оба, шешек, безгек, тырысқақ, сүзек, гапатит А т.б. Бұл аурулар көбінесе Африкадан, Оңтүстік Америкадан, Оңтүстік Шығыс Азиядан келеді. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) шешімімен сәйкес арнаулы парақшаларда мұндай жұқпалы аурулар шыққан елдердің тізімі таратылады. Мұндай қауіпті елдерге бара жақтан туристтер алдын ала егу жұмыстарынан өтіп, ол туралы арнаулы сертификат алуға тиіс. Сертификатта егуді өткізген мекеме береді. Кейбір елдердің заңдарында мысалы Ресейде сары безгекке қарсы алдын ала егу жұмыстарынан өту талап етіледі.

Шетелдерге туристтер алып бара жатқан фирмалар міндетті түрде сол елдегі кең тараған аурулар туралы инструктаж өткізуге тиіс. Және соған сәйкес егу жұмыстарын ұйымдастыруға міндетті. Кейбір егу жұмыстары туристтердің сол елге баруынан бір ай бұрын жасалынады. Турфирмаларға түрлі медициналық орталықтар жәрдемдеседі. Ішкі туристтік рейстерде де кейбір арнаулы аудандарға бару үшін арнайы егуден өтуге тура келеді. Мысалы Сібір мен Қиыр Шығысқа бара жатқан туристтер энцефолиттік кенеге қарсы егуден өтеді. Ұшатын аэропорттарда санитарлық бақылау тіркеу кезінде немесе оған дейін ал келген аэропортта самолеттан түскеннен кейін өтеді.

Санитарлық бақылау өсімдіктер мен жануарларға да қатысты. Үй күшіктері мен мысықтарды алып жүру үшін ветеринарлық сертификат болуы тиіс. Мұндай құжаттар біздің Қазақстан Республикасында да бар. Оны ұшардан екі-үш күн бұрын алу керек.