Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОРГ.Транспорт обслуж Алия ЛЕКЦ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
968.7 Кб
Скачать

Әуе жолаушыларына қызмет ету технологиясы.

Қазіргі кезде халықаралық азаматтық авиацияны басқаруда үлкен әлемдік әбүйірге ие болып отырған екі халықаралық ұйым бар. Олар ICAO және IATA ұйымдары.

ICAO ұйымы (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) 1944 жылы 2 желтоқсан күні Чикаго қаласында құрылған. Оған 52 ел қол қойған. ICAO әуе навигациясы мен әуе транспортындағы қауіпсіздік мәселесімен және әуе қызметін координациялау жұмыстарымен айналысады. 1947 жылы қазаннан бастап ICAO Біріккен Ұлттар ұйымының экономика мен әлеуметтік мәселелерді шешу комитетінің арнаулы агенттігіне айналды {ECOSOS}. Қазіргі күнде ICAO 187 ел бар. 2001 жылы қыркүйек, қазан айларында ICAO-ның штаб квартирасы орналасқан Монреал қаласында 33 кезекті ассамблеясы өтті. Онда халықаралық әуе қатынастарындағы қауіпсіздік мәселесін көтеру туралы үлкен мәселе қаралды. Бұл АҚШ-ғы 11 қыркүйек оқиғасынан кейін қолға алынды. Ассамблеяның шешімі бойынша 2004 жылдан бастап:

  1. әуе қатынастарындағы қауіпсіздік шараларын барынша кеңейту;

  2. ұшу кезеңіндегі қауіпсіздікті күшейту үшін халықаралық қаражаттандыру орталығын құру;

  3. ICAO мен техникалық байланысты нығайту шараларын бекіту;

  4. әскери арласудан сақтандыру үшін арнайы халықаралық авиациялық қауіпсіздендіру қорын құру туралы принциптерді негіздеу.

Бұл екі ұйым БҰҰ – мен ДТҰ бірлесіп отырып, туристтерді әуе кемелерімен тасуды ұйымдастырады. Болашақтағы әуе транспортының дамуы IATA мен ICAO мәліметіне сүйене отырып жасалынады.

Әуе кемелерімен жолаушыларды тасымалдауда жолаушыларға да белгілі бір мөлшерде жауапкершілік жүктеледі. Олар түрлі тіркеулерден уақытында өту үшін егер халықаралық рейспен ұшатын болса, самолет көтерілерден 2,5 сағат бұрын, ал ішкі рейспен ұшатын болса 2 сағат бұрын келуге тиіс. Билеттерді тіркеуге алу уақытысы жүктерді құжаттау уақытысы тасымалдаушы тарапынан билетте немесе жолаушыға берілген басқа құжатта анық көрсетілуге тиіс. Егер құжатта бұл уақыт көрсетілмесе соның салдарынан жолаушы ұшаққа кешігетін болса, онда тасымалдаушы келтірілген шығынды төлеуге міндетті.

Халықаралық тасымалдау қызметін пайдаланушы әрбір жолаушы мына төмендегі әкімгершілік шаралардан өтуге тиіс:

  • кедендік тексеру;

  • санитарлы-эпидемиологиялық тексеру (қажет болса);

  • паспорттық-визалы (шекара) тексеру;

  • ұшу қауіпсіздігі үшін арнаулы тексеру.

Ішкі тасымалдау қызметін пайдаланатын жолаушылар қауіпсіздік бақылауы мен жүктерді тексерту бақылауынан өтеді.

Әуе рейсіне жолаушыларды тіркеуге алу.

Тіркеу кезінде жолаушыларды тасымалдаушының қолындағы тіркеу қағазымен біртіндеп салыстыру жүргізіледі. Бұл тіркеу арнаулы орында өтеді. Бұл жерде рейстің маршруты мен номері көрсетілуге тиіс. Тіркеумен қатар жүктерді құжаттандыру процессі де өтеді. Ол үшін жүктерді тартатын арнаулы аспаптар қойылады. Жүктерді артуда транспортерлар қолданылады. Билеттің класына байланысты бизнес және эконом кластағы жолаушылардың жүктері екі орында қабылданады. Егер бір орында өте қалса, онда бизнес клас жолаушыларының жүктері бірінші қабылданады. Тіркеу ережелері мына төмендегісінше:

  • оператор тіркеуші жолаушыдан авиа билет пен оның жеке басын күәландырушы құжатты алады;

  • құжаттағы фамилия мен билеттееі фамилияны салыстырады;

  • билеттің нақтылығын, орнын, берілген күнін, агенттің қолы, брондау негіздерін тегін жүк тасу нормаларын тексереді;

  • жолаушының фамилиясын, қолындағы жеке бас тізімімен салыстырып, оның тізімде арнайы белгілейді, егер жолаушы жеке бас тізімінде болмаса және самолетте орын болмаса, оператор жолаушыны сол күнгі басқа рейске ауыстыруға, оған дейін мейманханадан тегін орын алып беруге құқылы немесе жолаушының келісімімен билеттің құнын қайтарады.Оған ешқандай айып пұл салынбайды. Аэропорт қызметкерлерінің өзінің ішінде ішкі тексеру жүргізіліп, құжатты дұрыс толтырмаған айыпты қызметкер міндетті түрде жазаланады.