Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

20. Организмге әсер ете алатын қоршаған ортаның тірі компоненті қалай деп аталады:

1. химиялық фактор;

2. абиотикалық фактор;

3. биотикалық фактор;

4. физикалық фактор;

5. қышқылдық фактор.

2 Блок. Тапсырмалар.

Қазандық мұржасының қатты заттардың, күлдің максималды концентрациясының қуаттылығы М= г/с, биіктігі Н - м, жылдамдығы V1= м3/с, газды-ауалы қоспа мен сыртқы температуралар айырмасы ΔТ= . Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан. Жергілікті аймақтың рельефі биіктігі 50 м 1 км тең. Тазалау қондырғылары жоқ. Коэффициент мәндері m=1 және n=1.

Нәтижелер бойынша қорытынды жасаңыз.

3 Блок.

Биосфера және В.И. Вернадскийдің биосфера - ноосфералық концепциясы. В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

«Өміртіршілік қауіпсіздігі және экология» кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

« Экология және тұрақты даму» пәні бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Зальцман М.Д._________

«_____»______________2013ж.

№___ Хаттама

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. Экологиялық-экономикалық тұрғыдан алғанда тұщы ауыз су қандай табиғи ресурстар тобына жатқызылады?

1. сарқылмайтын (таусылмайтын);

2. сарқылатын (таусылатын);

3. қалпына келетін;

4. қалпына келмейтін;

5. салыстырмалы түрде қалпына келетін.

2. Ю.Либих қандай ереже (заң) ұсынды:

1. әлемдік тартылыс заңын;

2. энергияның сақталу заңы;

3. сукцессилықорын басу ережесін;

4. минимум ережесін;

5. вертикаль белдемділік заңын.

3. Экологиялық сукцессия - нелердің алмасуы:

1. климаттың;

2. топырақ типтерінің;

3. суландыру режимінің;

4. биоценоздардың;

5. жер бедерінің (рельефтің).

4. Биотоп ненің құрамдас бөлігі:

1. фитоценоздың;

2. фитопланктонның;

3. экожүйенің;

4. зоопланктонның;

5. жер магнитосферасының.

5. Тіршіліктің атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралуын мынадай факторлар шектейді:

1. радиация деңгейінің жоғарылығы және оттегінің парциалдық қысымының төмен болуы;

2. метанның және басқа да көмірсутектерінің концентрациясының жоғары болуы;

3. аргонның және басқа да инертті газдардың концентрациясының жоғары болуы;

4. мұз кристалдарының болуы және су буының жоқтығы;

5. көміртегі тотығының (СО) концентрациясының жоғарылығы.

6. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер;

2. тек құрлықтық экожүйелерде тiршiлiк ететiн организмдер;

3. әртүрлі климаттық аймақтарда кеңінен таралған организмдер;

4. тек сулық ортада тіршілік ететін организмдер;

5. әртүрлі экологиялық фактолар бойынша толеранттық ауқымы кең организмдер;

7. Жердегі ең алғашқы тірі организмдер тек қана сулық ортада пайда бола алды, өйткені:

1. атмосферақұрамында метан басым болған;

2. атмосферада озон қабаты (жамылғысы) болмаған;

3. жердің газ күйдегі қабаты болмаған;

4. жердің бетіне күн сәулесі түспеген;

5. жердің бетін түгелдей су қаптап жатқан.

8. Биосферадағы өнімділігі ең жоғары экожүйе:

1. шөлейт;

2. тундра;

3. шөл;

4. тайга;

5. тропикалық орман.

9. Тәулiктiк жарықталу ырғағына организмнiң жауап реакциясы қалай аталады:

1. тыныс алу;

2. өзгергіштік;

3. фотопериодизм;

4. фотосинтез;

5. тұқым қуалаушылық.

10. Сулық экожүйелерді мекендеуші организмдер үшін бастапқы энергия көзі ол:

1. жер қабатының жылуы;

2. күн сәулесі;

3. жел энергиясы;

4. изотоптардың радиоактивті сәулелері;

5. судың толысуы мен қайтуының энергиясы.

11. Өсімідік жапырақтарында күн сәулесінің әсерімен қандай процесс жүреді:

1. ақуыздардың синтезі;

2. тыныс алу;

3. органикалық заттардық ыдырауы;

4. фотосинтез;

5. мутациялар.

12. Э. Геккель қандай терминнің авторы:

1. экожүйе;

2. экология;

3. биология;

4. биогеоценоз;

5. биосфера.

13. "Экология" ғылымы нені зерттейді :

1. жердегі эволюциялық процестің негізгі бағыттарын;

2. организмдердің бір-бірімен және өздерінің тіршілік ету ортасымен байланыстарын;

3. биологиялық жүйелердің өзін-өзі жаңғырту процестерін;

4. организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің негізгі заңдылықтарын;

5. тірі организмдердің мінез-құлқын және таралуын.

14. Суландыру каналын қандай фактор мысалы ретінде қарастыруға болады?

1. эдафикалық (топырақтың);

2. шектеуші (лимиттеуші);

3. зоогендік;

4. климаттық;

5. антропогендік.

15. Тірі организмдер қауымдастығындағы "паразит-иеленуші" қатынасын зерттейтін экологияның бөлімі:

1. аутэкология;

2. глобалдық экология;

3. синэкология;

4. демэкология;

5. геоэкология.

16. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы абиотикалың факторларға жатады:

1. жәндіктердің өсімдіктерді тозаңдандыруы;

2. ормандағы ағаштардың бөрікбасының тығыздығы;

3. симбиоз;

4. жер бедері (рельефі);

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]