Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. Экологиялық-экономикалық тұрғыдан алғанда жауын-шашындар қандай табиғи ресурстар тобына жатқызылады?

1. сарқылмайтын (таусылмайтын);

2. салыстырмалы түрде қалпына келетін;

3. қалпына келетін;

4. қалпына келмейтін;

5. сарқылатын (таусылатын).

2. В.Шелфорд қандай заң ұсынды:

1. тұқым қуалаушылық заңын;

2. қарама-қарсылық пен бірлік заңын;

3. толеранттық заңын;

4. әлемдік тартылыс заңын;

5. энергияның сақталу заңын.

3. Қайталанған сукцессия дегеніміз бұл:

1. организмдер арасындағы бәсекелестік қарым-қатынас;

2. популяция мүшелерiнiң нақтылы бiр территорияда таралуы;

3. табиғи катаклизмдер (апаттар);

4. шаруашылық іс-әрекеттердің нәтижесінде табиғи экожүйелердің бұзылуы;

5. бұзылған территорияларда өсімдіктер қауымдастығының қалпына келу процессі.

4. Биоценоз бен биотоптың қосындысы қалай аталады:

1. галактикалық жүйе;

2. мемлекеттік жүйе;

3. саяси жүйе;

4. тазарту ғимараттарының кешені;

5. экологиялық жүйе.

5. Табиғаттағы мына құбылыстар биосфераның тірі затының қызметімен байланысты:

1. цуниамилер;

2. тау түзу процестері;

3. жердегі жанартаулардың активтілігі;

4. заттардың экожүйедегі толассыз айналымы;

5. күн активтілігінің артуы.

6. Эндемиктер қатарына жататын түрлер:

1. шектеулі ғана географиялық ауданда тіршілік ететін түрлер;

2. сусымылы құмдардың арасында тіршілік етуге бейім түрлер;

3. су түбіндегі жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктерге бекініп тіршілік ететін организмдер;

4. барлық құрлықтарда (континенттерде) тіршілік ететін түрлер;

5. әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді түрлер.

7. Демографиялық жарылыстың нәтижесі мынадай болуы мүмкін емес:

1. егістік жерлердің азаюы;

2. табиғи ресурстардың азаюы;

3. күн активтілігінің артуы;

4. биологиялық әралуандылықтың азаюы;

5. табиғи ортаның ластануының күшеюі.

8. Экологиялық сукцессия нәтижесінде:

1. тау түзiледi;

2. климакстық қауымдастық қалыптасады;

3. материктердің келбеті өзгереді;

4. найзағай разрядтары жүреді;

5. жауын-шашын түседі.

9. Экожүйенің өнімділігі неге тәуелді емес:

1. атмосфераның мөлдірлігі;

2. жылумен және ылғалдықпен қамтамасыз етілуіне;

3. келіп түсетін күн энергиясының мөлшеріне;

4. өсімдік қабатының жағдайы;

5. экватор радиусының ұзындығына.

10. Толерантыттық дегеніміз бұл:

1. организмдердің жаңа тіршілік жаңдайларына бейімделуге қабілеттілігі;

2. организмдердің қоршаған орта жағдайларының белгілі бір аралықта өзгеруін көтеру қабілеттілігі;

3. организмдердің жергілікті формалар түзуге қабілеттілігі;

4. организмдердің тәулік мезгілін анықтауға қабілеттілігі;

5. тіршілік ортасына ықпал етуге қабілеттілігі.

11. Экологияның қолданбалы маңызы неден білінеді?

1. әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттарды нормалаудан;

2. ауыл шаруашылығының зиянкестері мен күресудің пәрменді жаңа әдістерін табу мен қолданудан;

3. зиянды қоспалардың адам денсаулығына әсерін зерттеуден;

4. экологиялық заңдылықтарды табиғат қорғаудың практикалық мәселелерін шешу үшін пайдаланудан;

5. егістік дақылдар мен малдардың өнімділігі жоғары тұқымдарын шығарудан.

12. Биосфераның тірі затына не жатады:

1. мұнай;

2. вирустар;

3. тас көмір;

4. магмалық тау жыныстары;

5. шөгінді жыныстар.

13. "Экожүйе" терминiн алғаш енгiзген:

1. Ю.Либих;

2. А.Тенсли;

3. Ч.Дарвин;

4. Э.Геккель;

5. В.Сукачев.

14. Шөлдік экожүйенің биотикалық факторларына не жатады:

1. жел;

2. жантақ өсімдігі;

3. топырақтың қышқылдық реакциясы;

4. ауа температурасы;

5. тәуліктің жарық бөлігінің ұзақтығы.

15. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалардың бірі болып есептеледі:

1. өндірістің улы қалдықтарын көму;

2. озон қабатының жұқаруы;

3. жаңа технологияларды іске қосу;

4. Интернет желісінің таралуы;

5. көп қабатты ғимараттар салу.

16. Төменде келтірілген экологиялық факторлардың қайсылары эдафикалық факторларға (топырақ факторларына) жатады?

1. дала және оны қоныстанған тірі организмдер қауымдастығы;

2. жер бедері (рельеф) және жер келбеті (ландшафт);

3. топырақтың химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері;

4. судың жарықталғандығы және тұздылығы;

5. жыртқыштық және паразитизм.

17. Стенобионттарға қандай организмдер жатады:

1. әртүрлі экологиялық фактолар бойынша толеранттық ауқымы кең организмдер;

2. тек құрлықтық экожүйелерде тiршiлiк ететiн организмдер;

3. әртүрлі климаттық аймақтарда кеңінен таралған организмдер;

4. тек сулық ортада тіршілік ететін организмдер;

5. барлық экологиялық факторлар бойынша толеранттылық ауқымы тар организмдер.

18. Экология" терминін ұсынған ғалым?

1. Э. Геккель;

2. М.В. Ломоносов;

3. Ж.Б. Ламарк;

4. Ч. Дарвин;

5. В.И. Вернадский.

19. Аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы дара организмдердің орташа саны нені көрсетеді:

1. түр әралуандылығын;

2. популяцияның өсімталдығын;

3. популяция санын;

4. популяция тығыздығын;

5. популяцияның өсу жылдамдығын.

20. Туылым дегеніміз - бұл:

1. популяцияның іштей реттелуге қабілеттілігі;

2. популяцияның шексіз өсуге қабілеттілігі;

3. организмнің сыртқы тітіркендіргіштергі жауап қайтару қабілеті;

4. популяция мүшелерiнiң таралуға бейiмдiлiгi;

5. уақыт бірлігі арасында дүниеге келген дара организмдер саны.

2 блок. Тапсырмалар.

Қазандық мұржасынан шыққан SO2 газының қуаттылығы М= г/с, биіктігі Н - м, жылдамдығы V1= м3/с, және газды-ауалы қоспа мен сыртқы температуралар айырмасы ΔТ=. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан. Жергілікті аймақтың рельефі биіктігі 50 м 1 км тең. Тазалау қондырғылары жоқ. Коэффициент мәндері m=1 және n=1.

Шыққан нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]