Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

14. Экология мына мәселелерді зерттейтін ғылым:

1. жердің географиялық қыртысын;

2. организмдердің бір-бірімен және өзін қоршаған ортамен байланысын;

3. қалалардың өсуі мен дамуын;

4. жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің құрамын;

5. топырақтардың құрылысы мен құрамын.

15. Қандай түрлер космополит болып есептеледі:

1. биік таулы жерлерде тіршілік ететін түрлер;

2. адам тұрағының маңынан өздері үшін өте қолайлы жағдай тапқан түр;

3. аридті (шөлді) жерлерде тіршілік ете алатын түрлер;

4. қоршаған орта температурасының қоңырсалқын болғанын қалайтын түрлер;

5. барлық құрлықтарда (континенттерде) тіршілік ететін түрлер.

16. Қауымдастық құрамындағы турлердің арасындағы бәсекелестік қарым-қатынастарды зерттейтін экологияның бөлімі:

1. глобалдық экология;

2. аутэкология;

3. демэкология;

4. синэкология;

5. геоэкология.

17. Популяция дегеніз, бұл:

1. бір түрге жататын, белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, өзара еркін шағылыса алатын және биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын организмдердің тобы;

2. бөтен түрлерге жататын, белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын организмдердің тобы;

3. белгілі бір орта кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын, бір табынға жататын организмдердің тобы;

4. белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын, бір үйірге жататын организмдердің тобы;

5. белгілі бір ортақ кеңістікті мекендеп, биотикалық қауымдастықтың құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқаратын, бір ұяға жататын организмдердің тобы.

18. Төменде келтірілген экологиялық факторлардың қайсысы абиотикалық факторларға жатпайды?

1. жәндіктердің өсімдіктерді тозаңдандыруы;

2. жер бедері;

3. топырақтың механикалық және химиялық құрамы;

4. судағы оттегінің мөлшері;

5. ауа райы жағдайлары.

19. Энергия көздерінің қайсысы экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза болып есептеледі?

1. жел энергиясын пайдалану;

2. су электр станциялары;

3. атом электр станциялары;

4. жылу электр станциялары;

5. жоғарыда келтірілген энергия көздерінің құндылығы шамалас.

20. Экология ғылымының "экологиялық болжам" деп аталатын бөлімі немен шұғылданады?

1. антропогендік әрекетке байланысты күрделі тізбекті реакциялар нәтижесінде табиғи ортада болуы ықтимал тұрақты өзгерістерді болжаумен;

2. кәсіптік көлемде ауланатын жануарлардың табиғи популяцияларының қандай бөлігін пайдалануға болатынын анықтаумен;

3. ірі су қоймаларын салудың экономикалық пайдасын анықтаумен;

4. табиғи және антропогендік факторлардың ықпалынан болатын өзгерістерін зерттеу;

5. жануарлардың мінез-құлқына қарап жер сілкіністерді алдын-ала болжаумен.

2 Блок. Тапсырмалар.

Қазандық мұржасынан шыққан H2SO4 шашырау газының қуаттылығы М= г/с, биіктігі Н - м, жылдамдығы V1= м3/с, және газды-ауалы қоспа мен сыртқы температуралар айырмасы ΔТ=. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының аймағында орналасқан. Жергілікті аймақтың рельефі биіктігі 50 м 1 км тең. Тазалау қондырғылары жоқ. Коэффициент мәндері m=1 және n=1.

Шыққан нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]