Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EiUR_Ekzmen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
460.8 Кб
Скачать

1 Блок. Тест сұрақтары.

1. Биологиялық ырғақтар дегеніміз, бұл:

1. кейбір организмдердің дыбысқа (мысала, музыкаға) жауап қайтару қабілеті;

2. зиянкестер мен паразиттердің санының оқтын-оқтын қауырт көбейіп кетуі;

3. тірі организмдердегі биохимиялық реакциялардық өту жылдамдығы;

4. биологиялық процестердің циклды тербелістері;

5. таулы жерлерде өсімдік жамылғысының вертикаль бағытта белгілі бір заңдылық бойынша өзгеруі.

2. Жануарлар өз тіршілігі барысында энергияның қандай түрін пайдаланады:

1. электр энергиясын;

2. механикалық энергияны;

3. химиялық энергияны;

4. биологиялық энергиясын;

5. дыбыс энегиясын.

3. Табиғатты қорғау дегеніміз - бұл:

1. биосфера компоненттерінің өзгеруіне жол бермейтін, табиғи ресурстарды үнемді пайдалануға және олардың қалпына келуінің неғұрлым ұтымды режимін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі;

2. даяр өнімдердің белгілі бір түрін шығару үшін пайдаланылатын ресурстардың мөлшері;

3. табиғи ресурстарды қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;

4. территориялардың табиғи-ресурстың мүмкіндіктерін пайдаланудың барлық түрлерінің жиынтығы;

5. қоғамның материалдық және мәдени мұқтаждықтарын өтеу үшін, табиғи ресурстарды қоғамдық өндіріс процесінде пайдалану.

4. Берілген организмдер жұптарының қайсына "жыртқыш-жемтік" қарым-қатынасы тән:

1. жыртқыш ханқызы қоңызы - шөпшiркей;

2. акула - жабысқақ балық;

3. тиін - бұлан;

4. бұқпа шаян - актиния;

5. бұршақ тұқымдас өсімдіктер - азотфиксациялаушы бактериялар.

5. Жер бедерінің таулы болуын қандай фактор мысалы ретінде қарастыруға болады?

1. эдафикалық;

2. климаттық;

3. антропогендік;

4. орографиялық;

5. зоогендік.

6. Төменде келтірілгендердің қайсысы глобалдық (әлемдік) экологиялық проблемалар қатарына жатады:

1. биологиялық алуантүрліліктің кемуі;

2. мекемелердің төңрегіндегі территориялардың ластануы;

3. қоқыстың мезгілімен шығарылмауы;

4. сапасы төмен бензинді пайдалану;

5. мекемелердің шайынды суларында ластаушы заттардың болуы.

7. В.И.Вернадский Жердің қандай аймағын Биосфера деп түсінген?

1. жер планетасының өткен дәуірлерде және қазіргі кезде тіршілік таралған және тіршіліктің ықпалында болған аймақтарын;

2. планетаның қазіргі кезде тіршілік жоқ аймақтарын;

3. жердің қазіргі кездегі тіршілік таралған аймағын;

4. жер планетасының өткен дәуірлерде тіршілік таралған және тіршіліктің ықпалында болған аймақтарын;

5. жер планетасының қазіргі кезеңде тіршіліктің негізгі биомассасы шоғырланған аймағын.

8. Ю.Либихтың минимум ережесінің мәні мынада:

1. экологиялық факторлар жиынтығының ішінде қай фактор минималды мөлшерде болса, тірі организмге сол фактор күштірек әсер етеді;

2. экологиялық фактордың максималды мөлшерінде ғана организм оңтайлы дами алады;

3. экологиялық фактордың минималды мөлшерінде ғана организм оңтайлы дами алады;

4. экологиялық факторлар жиынтығының ішінде қай фактор оптималды мөлшерде болса, тірі организмге сол фактор күштірек әсер етеді;

5. экологиялық факторлардың мөлшері организмге айтарлықтай әсер етпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]