
- •1928-1239 Жылдар аралығында Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Өзбекстаннан көшіп келушілердің есебінен Қазақстанда қала халқының саны қаншаға дейін көбейді?
- •1960 Жылдары Мәскеуде оқитын студент жастардың қазақ халқының рухани өркендеуі мен дамуын жаңғырту мақсатында құрған ұйымы:
- •1998 Жылы «Әлем артисі» атағына ие болған Қазақстанның мәдениет қайраткері:
- •1993 Жылы президент н.Ә.Назарбаев қол қойған Лиссабон хаттамасы Қазақстанды қалай жария етті?
- •1989 Ж. «Тіл туралы» заңда қазақ тіліне берілген статус:
- •Vіі Қысқы олимпияда Азиада қай жылы және қайда болды?
Қазақстан тарихы
Барлық мамандықтар үшін
Қаз
1
Жұмабеков Ж.А.
Елеуханова С.В.
Смағұлов Н.Б.
1870 жылы 28 сәуірде Ташкентте ашылған қазақтың тұңғыш ұлттық баспасөзін ата:
A)& Түркістан уәлаяты газеті
B) Қазақстан
C) Қазақ
D) Айқап
E) Дала уәлаяты газеті.
***** 2
1917 жылға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі темір жол желісін ата:
A) Туркістан-Сібір магистралі
B) Сібір теміржолы
C)& Орынбор-Ташкент
D) Троицк теміржолы
E) Урбах-Астрахан жолы.
***** 3
ХІХғ. соңы мен ХХғ. басындағы Қазақстандағы 300-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар ірі кәсіпорындар:
A)& Спасск, Успенск,
B) Ембі, Доссор
C) Басқұншақ, Бородинск
D) Атбасар, Ақжал
E) Елек, Коряков тұз кәсіпшілігі.
***** 4
Патша әскерлерінің Мерке, Түркістан, Шымкент, Әулие-Ата қамалдарын алуы қашан болған?
A) 1847 ж.
B)& 1864 ж.
C) 1838 ж.
D) 1858 ж.
E) 1865 ж.
***** 5
ХІХ ғ. Жетісудегі атақты ақын, Жамбылдың ұстазы болған?
A)& Сүйінбай
B) Шернияз
C) Шортанбай
D) Шөже
E) Дулат.
***** 6
1883 ж. қазақтың бірінші мұғалімдер мектебі қай қалада ашылды?
A) Омбыда
B) Семейде
C)& Орда
D) Верныйда
E) Орынборда.
***** 7
ХІХ ғ. 60-шы жылдары Қазақстан өлкесін басқару реформаларын дайындауға қатысқан Ш.Уәлиханов ұсынысы:
A) Хан билігін қайта құруды
B) Қазақстанды аймақтарға бөлуді
C) Қазақстан территориясын Петербург сарайының билігіне қаратуды
D)& Қазақстанды басқаруды халықтың өзін-өзі басқару негізіне қайта көшіруді
E) Қазақстанды тұтас генерал-губернаторлық етуді ұсынды.
***** 8
ХІХ ғасырдың күйшісі, шертпе күйдің негізін салушы:
A) Дәулеткерей
B)& Тәттімбет
C) Ықылас
D) Құрманғазы
E) Дина Нұрпейісова.
***** 9
1848 жылы В.Ботов ұйымдастырған Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңке:
A) Қарқара
B) Тайыншы
C) Атбасар
D) Ірбіт
E)& Қоянды.
***** 10
1841 ж. орыс және татар тілдерінде оқытылатын алғашқы мектеп ашылды:
A) Ұлы жүзде
B) Орта жүзде
C) Түркістанда
D)& Бөкей Ордасында
E) Моғолстанда.
***** 11
Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы және қазақ халқының этнографиясы мен поэзиясына ХІХ ғасырдағы орыс ақындарының қайсысы қызығушылық білдірді?
A) А.Фет
B) И.Бунин
C) М.Лермонтов
D) И.Крылов
E)& А.Пушкин.
***** 12
ХVІІІ ғ. аяғында «Азия мектебі» қандай мақсатпен ашылды?
A)& тұрғылықты халықтың әулетті тобынан тілмаштар мен аудармашылар дайындау үшін
B) Азияны танып, білу
C) Орыс балаларын «азия» тілдеріне үйрету үшін
D) Шекаралық аймақтардағы орыс тұрғындарының әулетті топтарынан қазақ даласындағы жұмыстар үшін, шенеуніктер дайындау
E) Статистикалық комитет жұмыстарына арналған шенеуніктер дайындығы үшін.
***** 13
ХІХ ғ. І жартысында қазақтар тарихы жөніндегі «Қырғыз-қайсақ немесе далалық қырғыз-қайсақ ордалары туралы жазбалар» атты түпкілікті еңбегін жазған орыс тарихшысы кім?
A) В.Рубрук
B) П.Паллас
C) В.Даль
D)& А.Левшин
E) В.Вельяминов-Зернов.
***** 14
Ш.Уәлихановтің қандай еңбегі оны дүниежүзіне әйгілі етті?
A) «Ыстық көлге саяхаты туралы күнделігі»
B) «Манас» эпосы
C)& «Алтыашар жағдайы немесе Нан Лу Қытай провинциясының алты шығыстық қалалары (Кіші Бұқар)»
D) «Цинь империясындағы дүнгендер көтерілісі туралы»
E) «Далалық мұсылмандық жөнінде».
***** 15
Қазақтың қоғам қайраткері, ағартушысы, тұңғыш педагогі:
A) А.Құнанбаев
B)& Ы.Алтынсарин
C) Ш.Уәлиханов
D) А.Байтұрсынов
E) Ш.Құдайбердиев.
***** 16
Қазақтың данышпаны, ұлы ақыны, композиторы, классикалық жазба әдебиетінің негізін салушы:
A)& А.Құнанбаев
B) Ы.Алтынсарин
C) Ш.Уәлиханов
D) А.Байтұрсынов
E) Ш.Құдайбердиев.
***** 17
«Ғақлия» көркем-философиялық шығармасының авторы кім?
A)& А.Құнанбаев
B) Ы.Алтынсарин
C) Ш.Уәлиханов
D) А.Байтұрсынов
E) Ш.Құдайбердиев.
***** 18
Ұлы күйші-композитор, домбыра сазының лирикалық бағытын негіздеуші, Шыңғысхан тұқымы:
A) Сүйінбай
B)& Дәулеткерей
C) Ықылас
D) Тәттімбет
E) Құрманғазы.
***** 19
Абайдың таланты шәкірті кім болды?
A) Сұлтанмахмұт Торайғыров
B) Міржақып Дулатов
C)& Шәкәрім Кұдайбердіұлы
D) Жамбыл Жабаев
E) Әлихан.Бөкейханов.
***** 20
Ресей империясының бірінші жалпы халықтық санағы қашан болды?
A)& 1897 ж.
B) 1896 ж.
C) 1880 ж.
D) 1881 ж.
E) 1882 ж.
***** 21
1913 жылы Қазақстандағы жұмысшылардың саны қаншаға жетті:
A) 51 мыңға
B) 90 мыңға
C) 152 мыңға
D)& 75 мыңға
E) 100 мыңға.
***** 22
ХХ ғасырдың басындағы таралымы ең көп балған газетті көрсет:
A)& «Қазақ»
B) «Айқап»
C) «Сарыарқа»
D) «Серке»
E) «Түркістан уәлаяты»
***** 23
Ахмет Байтұрсыновтың 1909 жылға дейінгі қызметі:
A) Қазақ газетінің редакторы
B)& Қарқаралыда мұғалім
C) Ташкентте мұғалім
D) Алашорда үкіметінің мүшесі
E) Сібір ревкомының мүшесі.
***** 24
1865 жылы Ш. Уәлихановтың соңғы рет жарияланған еңбегін атаңыз:
A) «Манас» эпосы туралы
B)& Цинь империясындағы дұңғандар көтерілісі туралы
C) Құлжаға экспедиция жайлы
D) Қашқардың басқармасы туралы
E) Қашқарияға сапары туралы.
***** 25
ІІ мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған депутат:
A) А.Байтұрсынов
B) Ә.Бөкейханов
C)& М.Тынышпаев
D) М.Шоқай
E) Ш.Қосшығұлұлы.
***** 26
Мағжан Жұмабаев жырға қосқан жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың батыры?
A) Қабанбай батыр
B)& Батыр Баян
C) Райымбек батыр
D) Саурық батыр
E) Малайсары батыр.
***** 27
1906-1912 ж.ж. Столыпиннің аграрлық реформасы жүру барысында қазақ халқының қанша жері тартып алынды?
A) 10 млн. десятина
B) 14 млн. десятина
C)& 17 млн. десятина
D) 20 млн. десятина
E) 5 млн. десятина.
***** 28
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлының басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілісі қашан болды?
A) 1838-1942 жж.
B) 1839-1841 жж.
C) 1834-1836 жж.
D)& 1836-1838 жж.
E) 1835-1838 жж.
***** 29
1824 ж. Хандық билік жойылды:
A) Орта жүзде
B)& Кіші жүзде
C) Бөкей Ордасында
D) Ұлы жүзде
E) Қазақстанның бүкіл территориясында.
***** 30
1824 ж. «Орынбор қырғыздарын басқару туралы Ережедегі» Орынбор ведомствасы тұрғындарынан алынатын ең ауыр алым-салықтың түрі:
A)& түтін салығы
B) жасақ салығы
C) қара салық
D) қан салығы
E) жер салығы.
***** 31
Қазақстанда ең алғашқы банк қай жылы және қай қалада ашылды?
A) 1881ж. Петропавлда
B) 1887ж. Семейде
C) 1895ж. Омбыда
D)& 1876ж. Оралда
E) 1912ж. Верныйда.
***** 32
«Жетісуге шаруалардың көшіріп-қондыру туралы уақытша ереженің» авторы?
A)& Г.А.Колпаковский
B) В.А.Перовский
C) Н.А.Крыжановский
D) Н.А.Веревкин
E) А.П.Безак.
***** 33
Қарағанды жерін Игілік Өтеповтан ресей капиталисі Ушаков қанша сомға сатып алған:
A) 500 сом
B)& 250 сом
C) 1000 сом
D) 150 сом
E) 3000 сом.
***** 34
Қазақстанға орыс және украин шаруаларының көптеп көшіп келуі қай уақытта болды?
A)& ХІХ ғ. 60 жылдары
B) ХІХ ғ. басында
C) ХХ басы
D) ХVIII ғ.
E) ХVIII ғ. 60 жылдары.
***** 35
1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы» бойынша Сібір қырғыздарының облысы қай генерал-губернаторлықтың құрамына кірді?
A) Орынбор
B)& Батыс-Сібір
C) Түркістан
D) Омбы
E) Далалық.
***** 36
1824 жылы «Орынбор қырғыздарын басқару туралы Ереже» бойынша Кіші жүз жерлері қанша дистанцияға бөлінді?
A) 33
B) 42
C) 74
D)& 54
E) 107.
***** 37
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша ауыл старшындары неше жылға сайланып қойылды?
A) 2 жылға
B) 1 жылға
C)& 3 жылға
D) 5 жылға
E) 4 жылға.
***** 38
1867-1868 жылдардағы реформаға байланысты облыстарды кім басқарды?
A) сұлтан
B) би
C) старшын
D) генерал-губернатор
E)& әскери-губернатор.
***** 39
Бұрынғы Бөкей хандығы 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қай территорияға енді?
A)& Астрахан губерниясына
B) Батыс-Сібір генерал-губернаторына
C) Орынбор генерал-губернаторына
D) Закаспий облысына
E) Түркістан генерал-губернаторына.
***** 40
1891 жылғы реформа бойынша құрылған генерал-губернаторлық:
A) Түркістан
B)& Дала
C) Батыс-Сібір
D) Шығыс-Сібір
E) Орынбор.
***** 41
1867-1868 жылғы уақытша Ережеге сай ағарту ісін дамытуға қандай құқық берілді?
A) Мұсылмандық мектептер ашуға
B)& Өз еріктерімен қаржы жинауға
C) Ресейдің орталық қалаларында қазақтарға білім алуға
D) Арнайы оқу орындарын ашуға
E) Жоғары оқу орындарын ашуға.
***** 42
1886 жылы «Низамға» сәйкес Түркістан өлкесін басқару орталығы болып саналды?
A)& Ташкент
B) Шымкент
C) Ферғана
D) Самарқанд
E) Түркістан.
***** 43
XIX ғасырдың 20 жылдарында қазақ халқының азаттық күресін басқарған Абылай ханның немересі:
A) Уәли
B) Ғұбайдолла
C) Кенесары
D) Нұралы
E)& Саржан.
***** 44
1870 жылы қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісінің территориясы:
A)& Маңғыстау
B) Орал облысы
C) Торғай облысы
D) Бүкіл Қазақстан жері
E) Жетісу.
***** 45
XIX ғасырдың 60 жылдары Торғай және Орал облысындағы шаруалар көтерілісін кімдер басқарды:
A)& Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов
B) Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
C) Есет Көтібаров
D) Сырым Датұлы
E) Досан Тажиев және Иса Тленбаев.
***** 46
XIX ғасырдың басындағы Кіші Жүзде патша үкіметінің саясаты жөніндегі оппозицияны кім басқарды:
A) Кенесары Қасымұлы
B) Жантөре сұлтан
C)& Қаратай сұлтан
D) Айшуақ сұлтан
E) Шерғазы сұлтан.
***** 47
Дәулеткерей Шығайұлының ой-санасының қалыптасуына XIX ғ. бірінші жартысындағы қандай оқиға әсерін тигізді?
A) Кенесары Қасымұлының қозғалысы
B) Сырым Датұлының көтерілісі
C)& Исатай Тайманұлының көтерілісі
D) Жоламан Тіленбаевтің көтерілісі
E) Есет Көтібарұлының көтерілісі.
***** 48
1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы адайлардың көтерілісін басу үшін қосымша жазалаушы әскерді патша үкіметі қай жерден әкелді?
A) Сібірден
B) Петербургтен
C)& Кавказдан
D) Ташкенттен
E) Омбыдан.
***** 49
Ш.Уәлиханов неше жасында Ресей географиялық қоғамының толық мүшесі болды?
A) 18
B) 20
C)& 22
D) 25
E) 30.
***** 50
1916 жылы Ұлт-азаттық көтерілісте Амангелді батырдың жақын серігі және мергендердің отрядының басшысы болған кім:
A) Әліби Жанбосынов
B) Тоқаш Бокин
C)& Кейкі Көкімбайұлы
D) Міржақып Дулатов
E) Сәкен Сейфуллин.
***** 51
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің неғұрлым жақсы ұйымдасқан 2 орталығын көрсет:
A) Орталық және Шығыс Қазақстанды:
B) Орал және Торғай
C)& Торғай және Жетісу
D) Орал және Маңғыстау
E) Ақмола және Семей.
***** 52
1917 жылғы 21 қарашада Қазақ газеті арқылы жарияланған ұлттық демократиялық Алаш партиясының бағдарламасы неше бөлімнен тұрды:
A) 5 бөлім
B)& 10 бөлім
C) 14 бөлім
D) 20 бөлім
E) 8 бөлім
***** 53
«Алаш» партиясын құрушы кім?
A)& Ә.Бөкейханов
B) Ә.Жангелдин
C) Т.Рысқұлов
D) К.Тоғысов
E) С.Сейфуллин.
***** 54
1917 жылы 22-29 қарашада өткен ІV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан (Қоқон) автономиясының құрылғандығын жариялады, кім премьер-министр болды?
A)& Мұхамежжан Тынышпаев
B) Мұстафа Шоқай
C) Әлихан Бөкейханов
D) Міржақып Дулатов
E) Ахмет Байтұрсынов.
***** 55
Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлау қарсаңында Семей облысы бойынша сайлауда Алаш партиясы қанша пайыз халықтың дауысын алды?
A)& 85,6 %
B) 75%
C) 57,5 %
D) 70%
E) 15%.
***** 56
1926 жылғы санақ бойынша қазақтар бүкіл республика халқының қанша пайызын құрады:
A) 50,5 %
B) 60 %
C)& 61,3 %
D) 81,2 %
E) 40 %.
***** 57
Ахмет Байтұрсыновтың 1919 жылғы жарыққа шыққан саяси мақаласын ата:
A) Маса
B)& Революция және қазақтар
C) Тағы соғыс
D) Мұсылмандық шарт
E) Оян Қазақ.
***** 58
Қазақстандағы интервенция мен азамат соғысының жылдарын көрсет:
A) 1917-1920 жж.
B)& 1918-1920 жж.
C) 1918-1921 жж.
D) 1917-1922 жж.
E) 1919-1921 жж.
***** 59
«Әскери коммунизм» саясатының өткізілген жылдары:
A) 1917-1920 ж.ж.
B)& 1919-1921 ж.ж.
C) 1921-1929 ж.ж.
D) 1921-1925 ж.ж.
E) 1919-1922 ж.ж.
***** 60
Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет (Қазревком) қашан құрылды?
A)& 1919 ж.10 шілдеде
B) 1920 ж. 10 шілдеде
C) 1918 ж. 10 шілдеде
D) 1921 ж. 10 шілдеде
E) 1916 ж. 10 шілдеде.
***** 61
Азамат соғысы кезеңіндегі Дала өлкесінің төтенше комиссары:
A) М.Масанчи
B) А.Оразбаева
C) А.Иманов
D)& Ә.Жанкелдин
E) А.Розыбақиев.
***** 62
ҚазақАКСР-нің хронологиялық мерзімін көрсет:
A)& 1920 - 1936 жж.
B) 1919 – 1920 жж.
C) 1920 – 1937 жж.
D) 1919 – 1936 жж.
E) 1921 – 1928 жж.
***** 63
Ұжымдастыру саясаты барысында Қазақстанда азық-түлік даярлау науқаны Кеңес өкіметі тарапына
н асқан қатігездікпен, өрескел қателікпен жүргізілгені белгілі. Балқаш аудынында халықта 173 мың мал болды, ал орталыққа қанша мал тапсыруды талап етті:
A) 150 мың
B) 173 мың
C) 200 мың
D)& 300 мың
E) 100 мың.
***** 64
Алашорда үкіметінің тұңғыш әскери құрамасы атты әскер полкі қай жерде ұйымдастырылды:
A) Қостанайда
B) Семейде
C)& Ойылда
D) Ақмолада
E) Торғайда.
***** 65
1918 ж. Кеңестік алғашқы қазақтың кавалерия полкі қайда жасақталды?
A) Торғай облысында
B)& Бөкей ордасында
C) Орал облысында
D) Ақмолада
E) Жетісуда.
***** 66
Қырғыз (қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы Декрет қашан шығарылды?
A)& 26 тамыз, 1920 ж.
B) 4 шілде, 1919 ж.
C) 17 сәуір, 1925 ж.
D) 22 сәуір, 1918 ж.
E) 3 қазан, 1920 ж.
***** 67
Тұңғыш ұлттық қазақ театрын басқарған режисер және актер:
A) Қ. Бадыров
B)& Ж. Шанин
C) Қ. Жандарбеков
D) Ш. Айманов
E) С. Қожамқұлов.
***** 68
1917 жылға қарай қазақтардан тартып алынған десятиналық жер көлемі:
A) 17 млн.
B)& 45 млн.
C) 57 млн.
D) 37 млн.
E) 27 млн.
***** 69
Қай жылы сауатсыздықты жою қоғамы ұйымдастырылды:
A) 1921 ж.
B) 1923 ж.
C) 1925 ж.
D)& 1924 ж
E) 1928 ж.
***** 70
Қазақстан туралы тұңғыш деректі фильм қай жылы шықты:
A) 1928 ж.
B)& 1925 ж.
C) 1929 ж.
D) 1924 ж.
E) 1938 ж.
***** 71
Қай жылы Қазақстан аумағында Карлаг ұйымдастырылды:
A) 1929ж.
B) 1932ж.
C)& 1931ж.
D) 1937ж.
E) 1941ж.
***** 72
1921 ж. жер-су реформасының басты мақсаты не болды:
A)& Патша үкіметінің қазақтардан тартып алынған жерлерін қайтару
B) Түркістанға достық көмек көрсету
C) егістіктерге тұқым бөлу
D) бүкіл жерлерді мемлекет қарамағына беру
E) аштықты жою.
***** 73
Қазақстанда 1926-1939 жылдары индустрияландыруды жүзеге асыруды жүзеге асыру барысында қанша жаңа қала пайда болды?
A) 44 қала
B) 30 қала
C)& 37 қала
D) 83 қала
E) 27 қала.
***** 74
Қызыл астананың құрылысына (1928 жылы Қызылордада) қастандық ұйымдастырды деген айыптаумен кімдер жазықсыз жазаға тартылды:
A) С. Нүрпеиісов, Н.Нұрмақов, С.Сегізбаев
B) М.Тәтімов, Қ.Тәштитов, И. Беккер
C) Л. Мирзоян, С. Шариков, Т. Жүргенов
D) Ж.Аймаутов, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов
E)& П.Буддаси, С.Голдгор, М.Тынышпаев.
***** 75
1928-1239 Жылдар аралығында Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Өзбекстаннан көшіп келушілердің есебінен Қазақстанда қала халқының саны қаншаға дейін көбейді?
A) 2 млн.
B)& 1,8 млн.
C) 3 млн.
D) 1,5 млн.
E) 2,5 млн
***** 76
Индустрияландыру барысында КСРО бойынша қорғасын өндіруде Қазақстан нешінші орынға шықты:
A) 3-ші орын
B) 2-ші орын
C) 4-ші орын
D)& 1-ші орын
E) 5-ші орын.
***** 77
Ф.Голощекин қай жылдары ҚазӨК-нің бірінші хатшысы болды?
A) 1920-1930 ж.ж.
B)& 1925-1933 ж.ж.
C) 1930-1933 ж.ж.
D) 1924-1931 ж.ж.
E) 1931-1935 ж.ж.
***** 78
Орта Азия мен Сібірді жалғастыратын Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы қашан басталды?
A)& 1927 ж.
B) 1926 ж.
C) 1925 ж.
D) 1929 ж.
E) 1928 ж.
***** 79
Қазақстанда Стахановшылар қозғалысына қатысқан адамды атаңыз?
A) С.Садуақасов
B) О.Жандосов
C) Д.Омаров
D)& Т.Күзембаев
E) Т.Рысқұлов.
***** 80
Қазақстанды индустрияландырудың нәтижесін қорытындылауда «Қазақстан әлі де сол отар күйінде қалған» сөзін кім айтты?
A)& С.Садуақасов
B) Д.Омаров
C) Ф.Голощекин
D) О.Жандосов
E) Т.Күзембаев.
***** 81
Көрнекті мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақов қай жылдары ҚазақАКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің басшысы болды?
A)& 1924-1929 жж.
B) 1925 -1929 жж.
C) 1922-1928 жж.
D) 1920-1925 жж.
E) 1927-1933 жж.
***** 82
1926 жылы Қазақстан жұмысшыларының санын құрады:
A)& 152000 адам
B) 147000 адам
C) 365000 адам
D) 840000 адам
E) 75000 адам.
***** 83
Қазақстандағы индустрияландыру кезеңіне сәйкес мына төмендегі айтылған үрдістердің қайсысы айқын көрініс тапты?
A) ауыл тұрғындарының санының өсуі
B) көшпенділік өмір салтына қайта келу
C) ауылдардың санының өсуі
D) қалалардың кері кетуі
E)& урбанизациялану.
***** 84
1931 жылы көктемде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылып тастаған аудандар:
A)& Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау
B) Батпаққара, Ырғыз, Торғай
C) Қапал, Лепсі, Сарқант
D) Жымпиты, Ойыл, Торғай
E) Зайсан, Семей, Жарма.
***** 85
Түркістан комсомолы Қазақ бюросының тұңғыш төрағасы:
A)& Ғани Мұратбаев
B) Тұрар Рысқұлов
C) Жұмабек Тәштитов
D) Мұхтар Әуезов
E) Нығмет Нұрмақов.
***** 86
Қуғын-сүрген жылдары ҚазақАКР-нің Ішкі істер халық комиссары болған Н.И. Ежов «Қазақстандағы барлық ұлттық кадрлар жершілдік және ұлтшылдық күреспен уланған» деп кімдерге жазды?
A)& И.В.Сталинге, В.М. Молотовқа, Л.М. Кагановичке
B) Т.Рысқұловқа, М.И. Калининге, Н.И. Бухаринге
C) А.Н. Бөкейхановқа, А.Байтұрсыновқа, М. Дулатовқа
D) Л.Д.Тройцкиге, В.И.Ленинге, И.В. Сталинге
E) Н.И.Бухаринге, А.И.Рыковқа, Каменевке.
***** 87
Қазақ халқына ұжымдастыруға дейінгі санына жетуі үшін қанша жыл қажет болды?
A)& 40 жыл
B) 20 жыл
C) 70 жыл
D) 10 жыл
E) 50 жыл.
***** 88
1940 жылы 9 айға толмайтын уақыт ішінде халықтық құрылыс әдісімен салынған темір жол:
A)& Ақмола-Қарталы
B) Түркістан-Сібір
C) Александр-Гай
D) Жарық-Жезқазған
E) Орынбор-Ташкент.
***** 89
1931-1933 жылдардағы қолдан ұйымдастырылған алапат аштықтан қазақ халқы қанша пайызын жоғалты?
A) 40 %
B) 39 %
C) 50 %
D)& 49 %
E) 20 %.
***** 90
Ұжымдастыру жылдары шаруалардың жауапқа тартылғандардың саны қанша?
A) 30 мыңнан астам адам
B)& 100 мыңнан астам адам
C) 70 мыңнан астам адам
D) 80 мыңнан астам адам
E) 10 мыңнан астам адам.
***** 91
1933 жылы наурызда ұжымдастырудың нәтижесінде туындаған адам айтқысыз қасіреттің көлемі туралы Сталинге хат жазған Қазақстандық қоғам қайраткері кім?
A) І.Құрамысов
B) К.Қуанышев
C) С.Садуақасов
D) С.Орджоникидзе
E)& Т.Рысқұлов.
***** 92
20-жылдары Париждің және Майндағы Франкфурт концерттік залдарының тыңдаушыларын таңқалдырған әнші кім?
A) Л.Хамиди
B) А.Әбішев
C) М.Жұмабаев
D) М.Төлебаев
E)& Ә.Қашаубаев.
***** 93
Құрамы 5 мың адамға жеткен 1930 ж. көтерілісшілер ауданын атаңыз:
A) Созақ
B)& Қарақұм
C) Мойынқұм
D) Шемонайха
E) Қарқаралы.
***** 94
1939 жылы Республикада тұрғындарының саны 100 000 астам үш қала болған, олар:
A)& Алматы, Қарағанды, Семей
B) Орал, Ақтау, Тараз
C) Өскемен, Шымкент, Қызылорда
D) Павлодар, Көкшетау, Балқаш
E) Қызылорда, Атбасар, Теміртау.
***** 95
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандық неше қыз Кеңеңс Одағының Батыры атағын алды?
A) бірде-біреуі
B) 1
C)& 2
D) 4
E) 5.
***** 96
Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы аяқталар тұста қандай әскери құраманы басқарды?
A) взводты
B) ротаны
C) батальонды
D) полкты
E)& дивизияны.
***** 97
1941-1945 жылдары Қазақстанда қанша зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жекеленген өндірістер салынды?
A) 120
B)& 460
C) 240
D) 380
E) 150.
***** 98
«Партизан қызы» хикаятының авторы:
A) Қ.Қайсенов
B)& Ә.Шәріпов
C) Б.Момышұлы
D) М.Ғабдуллин
E) Т.Бигелдинов.
***** 99
Қасым Қайсеновтың партизандар туралы кітабы:
A) «Партизан қызы»
B)& «Партизан соқпақтары»
C) «Жау тылында»
D) «Белоруссия орманы»
E) «Украина партизандары».
***** 100
Солтүстік Кавказ халықтары Қазақстанға қай жылы депортацияланды?
A) 1941 ж.
B) 1942 ж.
C) 1943 ж.
D)& 1944 ж.
E) 1945 ж.
***** 101
Ұлы Отан соғысы жылдары майдан мен қорғаныс өнеркәсіптеріне жіберілді, әрбір:
A) алтыншы Қазақстандық
B) үшінші Қазақстандық
C) бесінші Қазақстандық
D)& төртінші Қазақстандық
E) жетінші Қазақстандық.
***** 102
1945 жылы Берлинде, Рейхстагқа ту тіккен Қазақстандық:
A) Х.Қайдауов
B)& Р.Қошқарбаев
C) Х.Көбеков
D) Р.Қараманов
E) А.Еремеев.
***** 103
Ұшқыш-қазақ, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры:
A) Б. Момышұлы
B) Т.Тоқтаров
C) Қ.Қайсенов
D) Р.Қошқарбаев
E)& Т.Бигилдинов.
***** 104
Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Қазақстандықтар нешеу?
A) 8
B)& 4
C) 1
D) 10
E) 20.
***** 105
1942 жылы Қ.Сәтпаев кен зерттеуде мемлекеттік сыйлық алды:
A) Екібастұз көмір бассейінін
B) Мұнайлы
C) Қарағанды көмір бассейінін
D) Ембі мұнайын
E)& Жезқазған жез қорларын.
***** 106
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қанша атқыштар дивизиясы жасақталды?
A) 20
B) 35
C)& 12
D) 5
E) 18.
***** 107
Қай қалада генерал-майор И.В. Панфиловтың дивизиясы құрылды:
A)& Алматыда
B) Бішкекте
C) Ташкенте
D) Костанайда
E) Ақмолада.
***** 108
Қай жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты өзінің бірінші өнімін берді?
A) 1931ж.
B) 1937 ж.
C)& 1947ж.
D) 1952 ж.
E) 1965 ж.
***** 109
Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің еңбегімен 100 мың сом қаржы жинап, соғыс самолетін жасатқан балуан:
A) Н. Поддубный
B) Балуан Шолақ
C)& Қажымұқан Мұңайтпасов
D) Иманжүсіп
E) Биткөзов.
***** 110
1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-нің астанасы:
A)& Орынбор
B) Ақмола
C) Қызылорда
D) Омбы
E) Алматы.
***** 111
1937 жылы атылған қазақ лингвистикасының негіздеушісі «Алашорда» басшылырының бірі:
A)& А.Байтұрсынов
B) Ә.Бөкейханов
C) А.Әйтиев
D) А.Жұбанов
E) М.Шоқай.
***** 112
Қай жылы Шымкентте шина жөндеу зауыты іске қосылды?
A) 1954 жылы.
B) 1959 жылы
C)& 1963 жылы
D) 1965 жылы
E) 1970 жылы.
***** 113
Қазақстандағы ең алғашқы жоғарғы оқу орны:
A) Алматы зооветинарлық институты
B) Қазақ ауыл шаруашылық институты
C) Қазақ Мемлекеттік университеті
D) Алматы Мемлекеттік Медицина институты
E)& Қазақтың педагогикалық институты.
***** 114
Қазақстандағы сауатсыздықтың түпкілікті жойылған жылы:
A) 1938 жылы
B) 1950 жж. аяғы.
C) 1940 жж. басы.
D)& 1960 жж. аяғы.
E) 1950 жж. басы.
***** 115
Семей ядролық полигоны аймағында 1957-1959 жылдары халыққа медициналық тексеру жүргізіп, аса қатерлі «Қайнар синдромы» атпен белгілі болған қатерлі дертті тапқанқандар:
A) Қ.Сәтбаев, Ш.Есенов
B)& С.Балмұханов, Б.Атшабаров
C) Е.Бөкетов, М.Айтхожин
D) М.Айтхожин, У.Ахметсафин
E) О.Байқоңыров, Д.Сокольский.
***** 116
Қазақстан ОАК «Іс-қағаздарын қырғыз (қазақ) тідінде жүргізу туралы» Декретін қашан қабылдады?
A) 1931 жыды
B) 1924 жылы
C)& 1923 жылы
D) 1927 жылы
E) 1929 жылы.
***** 117
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың көш басшылығымен 1997 жыл аталынды:
A) халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы
B)& жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы
C) мәдениетті қолдау жылы
D) денсаулық жылы
E) ауылды қолдау жылы.
***** 118
1937 ж. қарашада Қазақстанға қай халықтың өкілдері депортацияланды?
A) қытайлықтар
B) немістер
C) буряттар
D)& корейлер
E) хакастар.
***** 119
Қазақ КССР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім болды?
A) М.Қозыбаев
B)& Қ.Сатпаев
C) О.Сүлейменов
D) Е.Бекмаханов
E) А.Байтұрсынов.
***** 120
1953 жылдың аяғында Н.С. Хрущевқа жалған жаламен 25 жылға сотталып кеткен Е.Б. Бекмұхановты ақтау, оны түрмеден босату жөнінде хат жазған көрнекті кеңес тарихшысы:
A) Артомонов
B) Н.М. Дружинин
C) М.П. Вяткин
D)& А.М. Панкратова
E) П.Г. Галузо
***** 121
Әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған жазушының шығармасы:
A) І.Есенберлин «Көшпенділер»
B)& М.Әуезов «Абая жолы»
C) С.Мұқанов «Ботагөз»
D) Ғ.Мүсрепов «Ұлпан»
E) О.Сүлейменов «Аз и Я».
***** 122
1937-1938 жылдары жаппай қуғын-сүргінде мерт болған ақын-жазушылар:
A) Е.Бекмаханов, С.Асфендияров, Т. Шонанов
B) А.Жұбанов, Ж. Шанин, Т. Жүргенов
C)& Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Сейфуллин,
D) Ғ.Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов
E) М.Әуезов, С. Ерубаев, С. Иманжанов.
***** 123
Социализмнің сталиндік үлгі идеологиясы өзінің шырқау шегіне қай жылдары жетті?
A) 1920-30 жылдардың бас кезі
B) 1917-20 жылдардың бас кезі
C)& 1940-50 жылдардың бас кезі
D) 1950-60 жылдардың бас кезі
E) 1960-70 жылдардың бас кезі.
***** 124
А. Затаевичтің өміріндегі ең басты еңбегі, бұл:
A) «Бүлік»
B)& «Қазақ халқының 1000 әні»
C) «Еңлік-Кебек»
D) «Абай жолы»
E) «Қазақ жастарынның Марсельезасы».
***** 125
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев өзінің тұңғыш еңбек жолын қай қаладан бастады?
A) Мәскеуден
B) Алматыдан
C)& Теміртаудан
D) Қарағандыдан
E) Ақмоладан.
***** 126
Қазақстан Ғылым Академиясы қай жылы ашылды?
A)& 1946 жылы
B) 1948 жылы
C) 1951 жылы
D) 1941 жылы
E) 1944 жылы.
***** 127