
- •Мазмұны
- •Есте сақтау құрлығылары
- •Есте сақтау құрлығыларына жалпы сипаттама
- •1.2 Оперативті есте сақтау құрылғылары
- •1.3 Есте сақтау құрылғыларының қолданылуы
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Және-емес, немесе-емес базистерінде сұлба құру
- •2.2 Төрт кірісті логикалық функцияның принциптік схемасын құру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қосымша а
Мазмұны
1 |
Есте сақтау құрылғылары............................................................................... 4 |
1.1 |
Есте сақтау құрлығыларына жалпы сипаттама........................................... 4 |
1.2 |
Оперативті есте сақтау құрылғылары...........................................................7 |
1.3 |
Есте сақтау құрылғыларының қолданылуы..................................................8 |
2 |
Есептеу бөлімі................................................................................................13 |
2.1 |
2ЖӘНЕ-ЕМЕС, 2НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисі бойынша синтездеу................13 |
2.2 |
4 кірісті логикалық функцияның принциптік схемасын құру..................18 Қорытынды......................................................................................................21 Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................22 Қосымша.........................................................................................................23 |
|
|
Кіріспе
Жаңа ХХІ ғасырмен қоса елімізге, ғаламымызға жаңа мегаақпарат ғасыры келді. Адамзаттың жұмыс іс-әрекеттерді жүзеге асыруындағы кез-келген салада заманауи техникалық құрылғылар орын алып, күннен-күнге көптеген өндірістік және ғылыми операцияларды элекронды машиналар көмегімен атқарып отырғанына күнделікті көзіміз жетуде. Осы орайда есептеуіш машиналар жұмысының негізгі принциптерін тереңірек зерттеп, оның басты деген элементтерін айқындап, олардың құрылымын, ерекшеліктерін, жұмыс принциптерін қарастыруды ұйғардық.
Заманауи техника – компьютермен, сандық техникамен алынған және өңделген ақпаратты сақтап, тасымалдаудың қазіргі кезде әр қилы құрылғылары пайда болды. Олардың көмегімен ақпаратты уақытша сақтау, тасымалдау, ұзақ мерзімді сақтау секілді көптеген операцияларды жүзеге асыруға болады.
Курстық жұмыста ақпаратты сақтауға арналған компьютердің перифериялық құрылғылары тобына жататын есте сақтау құрылғылары қарастырылып, олардың негізгі топталуы, түрлері, құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері, соның ішінде компакт-дискілер, оларды қолдану ерекшеліктері, технологиясы ақпараттық процестегі орны мен маңызы көрсетіліп, анықталады.
Белгіленген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда сараптамалық, салыстыстырмалық, проблемалық, индукциялық, дедукциялық, практикалық, ақпаратты жинақтау және сұрыптау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
ДНФ және КНФ функцияларын минимизациялау әдістерін қолдану арқылы біз берілген функцияның құрылымдық сұлбасындағы элементтер санын қысқартамыз. Бұл қысқартулар сол сұлбаның бағасының төмендеуіне әкеледі, яғни минимизация оптимизацияның бір түрі деп айтамыз. Минимизацияны жасауда Куайн әдісін пайдаланамыз, одан әрі импликанттық матрица арқылы ең қысқа функцияны аламыз. Бұл әдістен басқа Карно картасын құру арқылы да минимум алуға болады. Куайн әдісі мен импликант матрицасынан шыққан функция Карно картасынан шыққан функцияға сай келеді. Есептеулер барысында 3 және 4 айнымалылар үшін минимизация жасаймыз.