Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корея Республикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
362.02 Кб
Скачать

Қазақстан мен Корея Республикасының қарым-қатынасы

Қазақстан мен Корея арасын­дағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралы­ғын­да, яғни 15 жылдың ішінде Ко­рея­дан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге тарта бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстанда 2011 жыл - Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.

Соңғы онжылдықта Корея Республикасының сыртқы сауда көлемі 3 еседей өсті. Бұл көрсеткіш жөнінен ел XX ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде он екінші орынға шықты. Мысалы, дүниежүзілік экспорттағы Оңтүстік Кореяның үлесі 2,7%-ға жетті. Ел экспортының 95%-ын дайын өнімдер (кеме, электрон бұйымдары, тұрмыстық техника мен автомобильдер) құрайды. Басты сауда әріптесі – Қытай, оған жалпы сауда айналымының едәуір бөлігі тиесілі.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) енеді.

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін кореялық және бірлескен қазақ-корей кәсіпорындарының саны 2005 жылғы 247-ге жетті. Олардың қатарында аса ірі «Самсунг», «LG» компанияларының қатысуымен құрылған кәсіпорындар бар. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан да өркендеуге; Қазақстанда 100 мыңнан астам корейлер тұрады.

2001 ж. Сауда көлемі екі елдің арасында 3,4 млрд.долларды құрады. Ресейдің ең ірі импорты электронды және электртехникалық құралдар, машина бөлшектері және т.б, тауарлар. Ал Оңтүстік Кореяның негізгі импорт көзі- түрлі түсті теледидар, автомобильдер, киімдер, пештер және т.б. Түсті металдар, теңіз өнімдері және т.б өнімдер Ресейдің экспортын құрайды. 2001ж. Басында Ресейдің кореяға қарызы 1,8 млрд долларды құрады.[6]

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1.  Халықаралық валюта қорығы (сәуір 2008)

  2.  [korea.net http://www.korea.net/AboutKorea/Korea-at-a-Glance/Facts-about-Korea 

  3. Ресми сайт — www.korea.net

  4. Президент әкімшілігі — www.cwd.go.kr  

  5. Ю.Н. Гладкий. Экономическая и социальная география зарубежных стран. Москва, 2009 г. 40-45 ,

  6. Әлем елдері энциклопедиясы. 2001ж. 554б.