Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корея Республикасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
362.02 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒПАТТЫ ПАЙДАЛАНУ КАФЕДРАСЫ

Орындаған: Төлегенова Ш.М

Қабылдаған: Мылқайдаров Ә.Т

2013-2014 оқу жылы

Жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Географиялық орны

  3. Тарихы

  4. Әкімшілік-территориялық құрылымы

  5. Халқы

  6. Шаруашылығы

  7. Транспорты

  8. Табиғат ресурстары және кен байлықтары

  9. Туризмі

  10. Ішкі экономиқалық-географиялық айырмашылықтары

  11. Халықаралық байланыстары

  12. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Корея Республикасы

Корея Республикасы 대한민국

Корея Республикасының туы

Корея Республикасының елтаңбасы

Координаттар 36°31′00″ с. е. 127°48′00″ ш. б. (G)

 

 (O)

 

Ұраны: «널리 인간 세계를 이롭게 하라(Адамзатқа пайда келтіру, 弘益人間

Әнұраны: «Эгукка» 

Ресми тілі

корей

Астанасы

Сеул

Ірі қалалары

Сеул

Үкімет түрі

Президенттік республика

Президент Премьер-министр

Пак Кын Хе Ким Хван Сик

Жер аумағы • Барлығы • % су беті

107 99 392 км² 0,3

Жұрты • Сарап (2007) • Тығыздығы

49 024 737 адам (25) 480 адам/км²

ЖІӨ (АҚТ)   • Қорытынды   • Жан басына шаққанда

1,457 трлн.[1] $ 27 790[1] $

Валютасы

вона

Корея (кор. 한국 – хангу́к –таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚] – тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010) [2]. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.

Корея Республикасының қысқаша тарихы

Археологиялық зерттеулерге қарағанда Корея жерін палеолит заманынан бастап адамдар қоныстана бастаған. Б.з.б. 1-мыңжылдықта алғашқы мемлекеттер құрыла бастады. Олардың ішінде Чосон мемлекеті б.з.б. 2 — 1 ғ-ларда аса күшті мемлекетке айналды. Б.з. басында Кочуре (солт-те), Пэкче (оңт.-батыста), Силла (оңт.-шығыста) атты мемлекеттер құрылды. 4 — 6 ғ-ларда елге будда діні тарай бастады. Силла, Пэкче, Кочуре мемлекеттері өзара соғысып отырды. Осыны пайдаланған Қытайдағы Таң әулеті мемлекеті Кочуре мен Пэкчені басып алды. Бірақ Силла мемлекеті 676 ж. қытайларға тойтарыс беріп, 8 ғ-да Кореяның көпшілік жерлерін біріктірген біртұтас мемлекет құрды. 9 ғ-да Силла ыдырап, 935 ж. Коре мемлекетінің (елдің қазіргі еуропаша атауы осы Коре атауынан шыққан) негізін қалаушы Ван Гон елді қайта біріктірді. Жаңа мемлекет қидандардың шабуылына (993, 1010 — 11, 1018 — 19) төтеп беріп, елдің тұтастығын сақтап қалды. Шаруашылық өркендеп, сауда мен қолөнер дамыды, металл ақша пайда болды. 1231 — 59 ж. Коре мемлекеті Шыңғыс хан империясының қол астына өтіп, 14 ғ-дың орта тұсында ғана тәуелділіктен құтылды. 1352 — 62 ж. Қытай әскерлерінің шабуылын тойтарып, Чосон атауын (ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) қайтып алды. Астана Кэчен қ-нан Хансонға (Сеул) көшірілді. 16 ғ-дың аяғында елге жапондар, 17 ғ-да маньчжурлар басып кірді. Корей халқы 1592 — 98 ж. жапон басқыншыларына ендікте екі бөлініп, солтүстік КСРО-ның, оңтүстік — АҚШ-тың бақылауына өтті. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО мен АҚШ арасындағы “қырғи-қабақ соғысқа” байланысты ел жасанды түрде екіге бөлінді. 15 тамызда (1948 ж.) Сеулде ресми түрде Корея Республикасы, ал 9 қыркүйекте Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасы құрылды (қ. Корей Халық Демократиялық Республикасы). Екі ел арасында 1949 ж. қарулы қақтығыстар, 1950 — 53 ж. корей соғысы болып өтті. 1953 ж. 27 шілдеде соғыс еш нәтижесіз аяқталып, шекарада ені 4 км созылатын демилитаризацияланған аймақ пайда болды. 1987 жылға дейін К-да әскери төңкерістер (1961, 1979) болып, билік басында әскерилер отырды. Дегенмен 20 ғ-дың 60 — 80-жылдары елде экономика қарқынды дамып, Корея кеме жасау мен электронды бұйымдар жасаудан жетекші орынға шықты. 1987 ж. демокр. қозғалыстардың қысымымен елде либералдық реформалар жасалды, президент сайлауы өткізілді. 1988 ж. Сеулде 24-інші Олимпиада ойындары өтті. 1998 ж. тұңғыш рет оппозиция үкімет басына келді.н елді қорғап қалғанымен, маньчжур шапқыншылығына төтеп бере алмады. 1637 ж. К. билеушісі маньчжур әулетіне бағынды. Дегенмен 17 — 18 ғ-ларда ел әлеум.-экон. жағынан біршама ілгері басты. Ірі қалалар көбейіп, сауда орталықтары құрылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бері экономикада нарықтық қатынастар пайда болды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап дамыған елдер Кореяға күш көрсете бастады. 1876 ж. Жапония Кореяны тиімсіз Канхва шартына қол қоюға мәжбүр етті. Осындай шарттар 1882 ж. АҚШ, 1893 ж. Ұлыбритания, Германия, 1894 ж. Ресей, Франция мемлекеттерімен де жасалды. 1893 — 94 ж. елде болған халық толқуларын басуды сылтауратып, Кореяда Қытай мен Жапония әскерлері өздері таласқа түсті де, соның салдарынан жапон-қытай соғысы (1894 — 95) болып өтті. Қытай Кореядан кетуге мәжбүр болды. 1904 — 05 жылдардағы болған орыс-жапон соғысынан кейін Жапония елге біржолата орнықты, 1910 жылдан бастап Корея отарға айналды. Чосон мемлекеті жойылды. 1919 — 45 ж. елде жұмысшы-шаруа және оқушы жастардың отаршыларға қарсы ұйымдары құрылды.[1]