Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Магистр-2013-1000 тест.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
19.02.2020
Размер:
270.61 Кб
Скачать

«Психология» пәні бойынша тест сұрақтары -1000

1. Психологиялық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым:

А) Психология

Б) Философия

В) Медицина

Г) Тарих

Д) Социология

2. Психологиялық құбылыстардың топтастырылуы

А) Психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер

Б) Психикалық сана, астар сана, фрейдизм

В) Көңіл, аффект, құмарлық

Г) Логика, философия, этика-эстетика

Д) Жан, тән, рух

3. Әлемдік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді?

А) Екі кезеңге

Б) Төрт кезеңге

В) Алты кезеңге

Г) Бес кезеңге

Д) Үш кезеңге

4. Зейіннің мазмұнын анықта:

A) Зейін — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс

Б) Зейін — психикалық процестердің бірі

В) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтана алу қасиеті

Г) Адамның әрқилы қимыл-әрекеті

Д) Есте сақтау мен қайта жаңғырту

5. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануы:

A) тұтастай қабылдау

Б) уақытты қабылдау

В) мағыналылығы

Г) тұрақтылығы

Д) кеңістікті қабылдау

6. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді қате қабылдау

A) иллюзиялы

Б) аглютинация

В) уақытты қабылдау

Г) тұтастай

Д) апперцепциялы қабылдау

7. Психикалық процестерді анықта:

A) түйсік, қабылдау, қиял, ойлау

Б) қабілет, темперамент

В) зейін, сезім, ерік

Г) мінез, қиял

Д) эмоция, сезім.

8. Қабілет дегеніміз не?

A) Іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті

Б) Біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отыратын маңызды психикалық қасиет

В) Қоршаған ортаның әсерінен пайда болатын психикалық процесс

Г) Өмірдің қай саласында болмасын жаңалық ашу

Д) Сезім мүшелерінің әсерінен мида бейненің тууы.

9.Темпераменттің физиологиялық негізін ғылыми түрде дәлелдеген:

A) И.П.Павлов

Б) Гален

В) И.Кант

Г) П.Ф.Лесгафт

Д) Гиппократ

10. Темперамент типтеріне сипаттама.

Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Әсершіл ақ-жарқын. өкпелеп қалуы оңай, алайда ренжігенін лезде ұмытады. Уәде береді, бірақ орындай алмайды.

  1. холерик

Б) флегматик

  1. сангвиник

Г) меланхолик

Д) интроверт

11. Педагогикалық психологияның тармақтары?

  1. Оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, ұстаз психологиясы

Б) Герантопсихология

  1. Балалар психологиясы, жеткіншектік кезең

Г) Құқық психологиясы

Д) Авиациялық, еңбек психологиясы, инженерлік, техникалық психология

12. Еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және білгірлікті жүйелі игеру процесі не деп аталады?

  1. еңбек

Б) оқу

  1. дағды

Г) қажеттілік

Д) ойын

13. Қазақстанда «Жас және педагогикалық психология» оқулығын жазған ғалым:

А) М. Мұқанов

Б) Є.Сыдықов,

В) С.Балаубаев,

Г) Т.Тәжібаев,

Д) Е. Суфиев

14. Болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды жасау ғылымда қалай аталады?

А) гипотеза

Б) синестезия

В) афазия

Г) мнемоника

Д) синтез

15. Болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы:

  1. ұғым

Б) ой қорытындысы

  1. пікір

Г) талдау

Д) аналогия

16. Адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі.

А) дарындылық

Б) талант

В) интеллект

Г) бейімділік

Д) ерекше бітім

17. Адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейтін психология ғылымының саласын анықта:

А) жануарлар және салыстырмалы психология

Б) әлеуметтік психология

В) медициналық психология

Г) сот психологиясы

Д) жалпы психология

18. Адамның басынан кешкен сезімдерін есінде ұстап, керек кезінде қайта жаңғыртуы естің қай түріне жатады?

  1. эмоциялық ес

Б) сөздік ес

  1. қимылдық ес

Г) бейнелік ес

Д) ассоциация

19. Зейінді бір обьектіден екінші обьектіге әдейі ауыстыру зейіннің қай қасиетінің мазмұны:

  1. зейіннің бөлінуі

Б) зейіннің шоғырлануы

  1. зейіннің тұрақтылығы

Г) зейінін қоймау

Д) зейіннің көлемі.

20. Адамның іс-әрекетті орындаудағы даралығы:

  1. дербестік

Б) табандылық

  1. ұстамдылық

Г) батылдық

Д) қажырлылық.

21. Адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті психологияда не деп аталады?

  1. ерік

Б) мінез

  1. эмоция

Г) талғам

Д) сезім

22. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстар психологияда қалай аталады?

  1. ассоциация

Б) мнемоника

  1. амнезия

Г) реминисценция

Д) афазия

23. Анологиялық ой қорытындысының мәні:

А) ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау

Б) жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы

В) жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы

Г) ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу.

Д) тұтасты жеке бөліктер көмегімен ќұру.

24. Тілімізде сирек қолданылатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер:

  1. пассив сөздер

Б) ішкі сөйлеу

  1. актив сөйлеу

Г) сыртқы сөйлеу

Д) монологты сөйлеу

25. Зейіннің физиологиялық негізін доминанта теориясымен түсіндірген кім?

  1. Ухтомский А.А.

Б) Ананьев Б.Г

В) Рубинштейн С.Л..

Г) Люблинская А.А.

Д) Лурия А.Р

26. Дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы қалай аталады?

А) түйсіну мен қабылдау

Б) зейін

В) ес

Г) ойлау

Д) сезім

27. Дальтонизм деген ұғымның мәні

  1. Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмау кемістігі;

Б) Затты айқын көру үшін көзімізді бір нүктеге бағыттау;

  1. Бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы;

Г) Заттардыњ түстерін айқын ажырата алу қасиеті;

Д) Екі көзбен көріп қабылдау

28. Ойлау процесінің мазмұны:

  1. сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Б) адамның дыбыс арқылы ойын басқа біреуге жеткізуі.

  1. адамға ғана тән эмоциялық күй

Г) өмірдің қай саласы болмасын жаңалық ашуы.

Д) адамның өз бойын меңгере алуы, өзін бірқалыпты ұстауы мен өзін тәрбиелеуі және сыртқы ортадағы адамдарды бағалауы

29. Тіл дегеніміз не?

  1. Сөздік белгілердің жүйесі.

Б) Ой болжамы.

  1. Ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл

Г) Эмоциялық көрініс

Д) Жаңа бейнені жасау

30. Жоғары сезімдерді анықта:

А) ақыл - ой, эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер.

Б) аффект, эмпатия, стресс.

В) стеникалық, астеникалық сезімдер.

Г) кейіп, фрустрация

Д) дистресс.

31. Ерік әрекетінің мазмұны:

А) адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті.

Б) адам көңіл-күйінің ерекше көріністері

В) адамның өзіне,өµзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіруі.

Г) адамдармен тіл табысып кетуі

Д) өз-өзінен пайда болатын адамның қажеттілігі.

32.Сөйлеу процесінің мазмұндылығы дегенді қалай түсінесің?

А) ойдың айқындылығы

Б) адамның ойының мазмұнын сыртқа дыбыс арқылы жеткізу

В) адамның обьектіге эмоциялық қалпын білдіру

Г) талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттерді біріктіру

Д) ойдың екпінді, дұрыс айтылуы.

33. Сезім

А) Адамның басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатынасын білдіріп, бейнелейтін психикалық процесс.

Б) Сырттан әсер еткен сигналдардың адамға не жағымды не жағымсыз есер етуі

В) Сезім жануарларға тән психикалық процесс.

Г) Адамның биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты.

Д) Органикалық қажеттіліктерді өтей алмаудан туады.

34. Аффект:

  1. Аз уақыт болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық процесс.

Б) Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштердің әсерінен адамды әлсіретіп қарсы әрекет жасай алмауы.

  1. Біраз уақыт адамдардың көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күй.

Г) Адамның тіршілік әрекетін жақсартып, өзіне күш беріп, шаттық туғызады.

Д) Күшті түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылатын процесс.

35. Зейін дегеніміз не?

А) Адамның санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.

Б) Жоғарғы формадағы психикалық процесс.

В) Адамның мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

Г) Адамның өзіне, өзге адамдарға қатынасы, беретін бағасы.

Д) Адамның жаңа, тың бейнелер жасауы.

36."Бір уақыт ішінде адамның зейінінің бірнеше обьектілерді қамти алу қасиеті"

  1. Көлемі

Б) Зейіннің алаң болушылығы

В) Зейіннің күші

Г) Тұрақтылығы.

Д) Зейіннің бөлінуі

37. Қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын нерв қызметінің ерекшелігі не деп аталады?

  1. Нышан

Б) Бейімділік

  1. Синестезия

Г) Амнезия

Д) Аффект

38. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер қалай аталады?

  1. стеникалық

Б) стресс

  1. аффект

Г) астеникалық

Д) дистресс

39. Индукциялық ой қорытындысы деген не?

А) жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы

Б) заттар мен құбылыстар туралы ой

В) жалпыдан жекеге қарай жасалатын ой қорытындысы

Г) обьектілер мен болмыстың айырмашылығын табу тәсілі

Д) заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді сипаттарын бейнелеу

40. Адамның әсемдікті, сұлулықты қабылдау арқылы туатын сезім.

  1. эстетикалық

Б) интеллектуалды

В) моральдық

Г) астеникалық

Д) фрустрациялық

41. Жеке адамның дүниеге деген терең талғам-таңдауының көрініс беру күйі:

  1. құмарлық

Б) дистресс

  1. стресс

Г) фобия.

Д) эмпатия

42. Толғаныс тебіреністер мен әрекетке өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй:

  1. көңіл-күй

Б) аффект

  1. фрустрация

Г) эмпатия

Д) құмарлық

43. Эмоциялық күйдің бұл түрі күтпеген шытырман жағдайда туады, қауіп қатер жағдайында шапшаң шешімге келеді:

  1. аффект

Б) эмпатия

  1. фрустрация

Г) стресс

Д) құмарлық

44. Мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдармен қарым-қатынастағы сөйлеу қабілетінің бұзылуы:

  1. афазия

Б) клаустрофобия

  1. адаптация

Г) деффект

Д) энцефалопатия

45. Қарама-қарсылық ассоциацияны анықта:

  1. жіңішке-жуан

Б) тәтті, дәмді

  1. сары, жасыл, қызыл - түстер

Г) су, балық, қайық

Д) құм, саз

46. Ойлаудың даралық айырмашылықтарын анықта:

А) Ойдың ұшқырлығы, кеңдігі, тарлығы, орамдылығы, дербестілігі, жүйелілігі

Б) Ой қорытындысы, пікір.

В) Дедукция, индукция

Г) Бейнелік ойлау, абстракциялығы

Д) Ұғым.

47. Сөйлеу процесінің қызметі қандай?

  1. Адамның ойының мазмұнын сыртқа дыбыс арқылы немесе графикалық белгілер арқылы жеткізеді.

Б) Пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі бір күйде болуы

В) Заттар мен құбылыстарды жан-жақты танып білу

Г) Болмыстағы заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгі қасиеттерін бейнелеуі

Д) Шындықты қайта бейнелеу.

48. Адамда қимыл-қозғалыстың бұзылуы?

А) апраксия

Б) афазия

  1. амнезия

Г) бразифазия

Д) инсайт.

49. Темпераменттің физиологиялық негізі неге байланысты?

А) Мидың физиологиялық ерекшелігіне.

Б) Денедегі сұйықтықтардың мөлшеріне

В) Адамның нышанына

Г) Ағзаның түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне

Д) Ағзадағы химиялық элементтердің азды-көптігіне.

50. Сөйлеудің кешеуілдеп дамуы:

  1. бразифазия

Б) афазия.

В) амнезия.

Г) абстракция.

Д) апраксия.

51. Зейіннің негізгі қасиеттерін анықта: адамның бір уақытта бірнеше обьектіні қамтуы.

  1. Көлемі.

Б) Зейіннің аударылуы.

  1. Зейіннің бөлінуі.

Г) Зейіннің тұрақтылығы.

Д) Алаң болушылығы.

52. Стресс деген не?

  1. күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй.

Б) адамның іске икемділігі

В) ашушаң, қызбалануы

Г) қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті эмоциялық реакция.

Д) күшті түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылатын сезім

53. Астеникалық сезімді анықта:

А) адамның белсенділігін төмендететін сезім

Б) адамға күш беріп әрекетке ұмтылыдыратын көтеріңкі сезім

В) адамның көңіл-күйіне ұнамды әсер ететін сезім

Г) адамның белсенді іс- әрекетін оятатын сезім;

Д) бұрқ етіп пайда болатын қуатты сезім.

54. Біздің психикамызда уақыттың кері жүріс заңы:

  1. Рибо заңы

Б) реминисценция

  1. рефлексия

Г) Зейгарник эффектісі

Д) инсайт

55. Адам интеллектісінің өзін-өзі талдағыштық қасиеті:

  1. рефлексия

Б) инкогерекция

  1. абстракция

Г) инсайт

Д) дедукция

56. Эмоциялық күйдің бұл түрі қысқа мерзімді, бұрқ етпе, өте күшті реакция:

  1. аффект

Б) құмарлық

  1. әуестік

Г) фрустрация

Д) эмпатия

57. Ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністер сезімнің қай түрін сипаттайды:

  1. интеллектуалды

Б) эстетикалық

  1. астеникалық

Г) стеникалық

Д) моральдық

58. Қиындықтарды жеңуде, мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы:

  1. ерік

Б) мінез

  1. зейін

Г) сезім

Д) эмоция

59. Ассоциация ұғымын ғылыми қолданысқа енгізген кім?

  1. Г. Лейбниц

Б) Б. Спиноза

  1. Р. Декарт

Г) Дж. Локк

Д) А.Р. Лурия

60. Көрсетілген әдістердің қайсысы қосымша әдістерге жатады?

A) анкета әдісі,тест

Б) лабораториялық эксперимент

В) бақылау

Г) табиғи эксперимент

Д) ішінара бақылау

61.3ейіннің тұрақтылығы дегініміз не?

  1. сананың объектіге бағытталып ұзақ шоғырлануы

Б) зейіннің бір обьектіден екіншіге әдейілеп ауысуы

  1. бір мезгілде бірнеше обьектіні қамтуы

Г) адам санасының шашыраңқылығы

Д) адам зейінінің бөлінгіштігі.

62. Түйсік зандылықтары қайсысы:

А) адаптация, синестезия, сенсибилизаци

Б) тітіркендіргіштердің әсер ету уақыты мен жиілігі және сезу мүшелерінің жағдайлары

В) әсер ететін тітіркендіргіштердің күші және рецептордың функционалдық жағдайларымен анықталады.

Г) түйсіктің әрбір түрінің өзінің табиғи ерекшеліктері бар

Д) экстроцепция, проприоцепция

63. Эстетикалық сезімдер дегеніміз :

  1. адамның шындықтағы бір сұлулықты сезінуі

Б) адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланысып жатуы

  1. адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын терең тұраќты эмоция

Г) махаббат сезімі

Д) адамның өзге адамға қайғырып, көңіл бөлісуі.

64. Адамның көмек беруге мүлтіксіз дайын болуы

А) альтруизм.

Б) аффилиация

В) фрустрация

Г) талпыныс деңгейі

Д) мотивация.

65. Қабылдаудың таңдамалылығы

  1. толып жатқан обьектілердің бірін таңдап алудан көрінеді

Б) сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттар сол күйінде, өз қалпында қабылданады.

В) көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны, ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады.

Г) обьектіні қате қабылдау.

Д) обьектіні танудағы мүлтіксіздік.

66. Ырықсыз зейіннің пайда болуындағы басты жағдай

А) іс-әрекетті орындауда мақсат қоймау

Б) іс-әрекетті бастау, соған байланысты пайда болатын қызығу.

В) эмоциялық баға беруде туындайды

Г) мақсат қоя білу.

Д) алдына қойылған міндетті шешу барысында обьектіге қызығу

67. Пікір деген не?

А) адам белгілі-бір зат туралы өзінің ойын айтады, олардың өзара байланысын және оған өзінің қатынасын білдіреді.

Б) ойдың шын дүниедегі заттар мен құбылыстардың жалпы және мәнді сипаттарын бейнелейді

В) болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы мәнді және өзіндік белгі-қасиеттерін бейнелейді

Г) ой қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі.

Д) өз мінез-құлқын ерікті басқару

68. Жас ерекшелік психологиясы нені зерттейді?

А) Адамның жас ерекшелігіне сәйкес олардың психикалық дамуын зерттейді.

Б) Оқыту мен тєрбиенің психологиялық зандылықтарын зерттейді

В) Адам және жануарлардың психологиялық даму зандылықтарын

Г) Жеке адамның белгілі бір мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін.

Д) Адамдардың әлеуметтік қарым-қатынасын.

69. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті?

  1. ойын

Б) оқу

  1. еңбек

Г) серуен

Д) ұйқы

70. Ойлау әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын кім жасады:

A) П.Я.Гальперин

Б) А.АЛазурский

В) А.Н.Леонтьев

Г) Д.С.Брунер

Д) Ж.Пиаже

71. Заттар мен құбылыстарды адамның бұрынғы тәжірибесіне, біліміне сүйене қабылдауы:

A) апперцепция

Б) аттракция

В) даралық

Г) ригидтілік

Д) синестезия

72. Әртүрлі топтағы адамдардың өзара әрекеттестігі мен түсіністігін зерттейтін:

A) әлеуметтік психология

Б) дифференциалды психология

В) патопсихология

Г) психофизология

Д) генетикалық психология

73. "Психика" түсінігінің толық сипатын белгілеңіз:

A) объективті әлемнің субъективті бейнеленуі

Б) адамның танымдық процестері

В) нерв жүйесінің қасиеті

Г) қабылдаудың бұзылуы

Д) объективті әлемге адамның эмоциялық жауап қайтаруы

74. Ғылым пәні танылатын тәсілді атаңыз.

A) әдіс

Б) бағыт

В) мәселе

Г) процесс

Д) құрал

75. Психологияда эксперимент жүргізуде алғаш қолданылған құрал:

A) метроном

Б) телескоп

В) фонограф

Г) санақ мәшинкасы

Д) хронометр

76. Психология қандай ғылым болып табылады?

A) гуманитарлы

Б) табиғи

В) интеграциялы

Г) түсінікті

Д) техникалық

77. Ғылым ретінде психология ерекшелігіне тән емес қағида:

A) психология-техникалық ғылым

Б) психология басқа ғылымдардан ерекше

В) психологияның ерекше болуы ондағы танудың объектілері мен субъектілерінің бірлігі

Г) психология ерекшелігі практикалық салдардың бірегейлігінде

Д) психология-психика туралы ғылым .

78. Бұл бағытқа байланысты психологияда санадан тыс түсінігі бекітілді:

A) психоанализ

Б) ассоционизм

В) бихевиоризм

Г) гешталтьпсихология

Д) функционалды психология

79. Жалпы психология құрамына енбейді:

А) өнертану

Б) психологиялық даму теориясы

В) психикалық процестер жайлы оқу

Г) жеке адам психологиясы

Д) психологиялық таным теориясы

80. Адамның қоғамдағы іс-әрекетінің мінез-құлық заңдылықтарын зерттейтін ғылым:

А) жалпы психология

Б) медициналық психология

В) әлеуметтік психология

Г) ұлттық психология

Д) педагогикалық психология

81. Адамның тек өз бастан кешулеріне терең беріліп, шомулары

А) аутизм

Б) дальтонизм

В) ментизм

Г) альтруизм

Д) астения

82. Түрлі бағыттардың дамуына түрткі болған психологиядағы дағдарыстық кезең қай кезде болды.

А) 19 ғасырдың басы

Б) 20 ғасырдың ортасы

В) 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басы

Г) 18 ғасыр

Д) 20 ғасырдың ортасы

83. Қызығулар мен достық негізінде еркін біріккен топ

А) референтті топ

Б) диффузды топ

В) номиналды топ

Г) лабораториялық топ

Д) формальды емес топ

84. Іс-әрекет теориясының авторы:

А) А.Н. Леонтьев

Б) Б.Г. Ананьев

В) А. Маслоу

Г) А. Адлер

Д) Л.С. Выготский

85. Белсенді эксперименттік психология білімінің негізін салушы:

A) В.Вундт

Б) Спиноза

В) Аристотель

Г) Декарт

Д) Платон

86. Психологиялық негіз қаланатын бөлім:

A) жалпы психология

Б) инженерлік психология

В) еңбек психологиясы

Г) клиникалық психология

Д) әскери психология

87. Адамның мінез-құлқы санды және сапалы бағалаудың, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстырумен іске асатын, стандартты психологияның зерттеу әдісі:

A) тест

Б) эксперимент

В) бақылау

Г) сұрау

Д) лабораториялық эксперимент

88. Эксперименттік психологияның лаборатория әлемін алғаш рет Лейпциг қаласында В.Вундт қай жылы ашты:

А) 1879

Б) 1889

В) 1857

Г) 1878

Д) 1869

89. Тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

А) гуманистік психология сананы зерттейді

Б) фрейдизм бейсаналықты зерттейді

В) бихевиоризм мінез-құлықты зерттейді

Г) когнитивті психология танымдық процестерді қарастырады

Д) кеңестік психология психиканы қарастырады

90. Өзге адамның проблемасына эмоционалды үн қосу:

А) эмпатия

Б) рефлексия

В) эмоция

Г) идентификация

Д) аттитюд

91. Ерте заманда жан деп аталған түсінікті қазіргі ғылым былай деп атайды:

А) психика

Б) сана

В) геном

Г) генотип

Д) эмоция

92. Өзге адамды түсіну,оның орнына өзіңді қоя білу:

А) идентификация

Б) эмпатия

В) мотив

Г) рефлексия

Д) перцепция

93. Жеке адамның өзіндік бағасының қалаулы деңгейі:

А) талпыныс деңгейі

Б) аффилиация

В) альтруизм

Г) агония

Д) аффект

94. Адамның мінез-құлқында білімнің шешуші рөлін дәлелдейтін бағыт:

А) когнитивті психология;

Б) Фрейдизм;

В) гештальтпсихология;

Г) гуманизм;

Д) экзистенционализм.

95. “Психология” терминін ғылыми айналымға енгізген ғалым?

  1. Х.Вольф

Б) Г. Лейбниц

  1. Р.Декарт

Г) Аристотель

Д) В. Вундт

96. Б.Г.Ананьев лонгитюдті зерттеу әдісін ... тобына жатқызады.

  1. ұйымдастырушы әдістерге

Б) эмпирикалық әдістерге

  1. мәліметтерді өңдеу тәсілдеріне

Г) интерпретациялық әдістерге

Д) негізгі әдістер

97. “Өзін-өзі бақылау” келесі термин синонимі:

  1. интроспекция

Б) интроекция

  1. интроверсия

Г) интроскопия

Д) экстроверсия.

98. Қазiргi кездегi психологияның зерттейтiн пәнi

A) адамның объективтi шындықты белсендi бейнелеу процесi;

Б) жан;

В) мiнез-құлық;

Г) санадан тыс;

Д) iс-әрекет, сана, дүниені тану бейнесі

99. “Псюхе” ұғымы келесi мағынаны бiлдiредi

A) жан;

Б) мiнез-құлық;

В) iс-әрекет;

Г) сана;

Д) ойлау.

100. Психологияда қарастырылатын барлық психикалық құбылыстардың жиынтығы, бұл

A) психика;

Б) iс-әрекет;

В) мiнез-құлық;

Г) апперцепция;

Д) ойлау.

101. Әлеуметтiк психология төмендегi жағдайларды зерттейдi

A) адамдармен қарым-қатынаста және өзара әрекетте пайда болатын құбылыстарды

Б) адамның қасиеттерi және қалпына психологиялық баға беру проблемеларын

В) адамның мiнез-құлқы мен психиканың жалпы заңдылықтарын

Г) адамның психикалық және жүйке ауруларын анықтау әрi емдеу әдiстерiн

Д) адамның мiнез-құлқы мен психикасының тұқым қуалаушылық механизмдерiн

102. Жалпы психологияның зерттейтiнi

A) адамның мінез-құлқы мен психиканың жалпы заңдылықтары

Б) адамның қалпы мен қасиеттерiн психологиялық бағалау проблемалары

В) адамның қарым-қатынас жасау ерекшеліктері

Г) адамның психикалық және жүйке ауруларын емдеу, анықтау әдiстерi

Д) адамның мiнез-құлқы мен психикасының тұқым қуалаушылық механизмдерi

103. Аналитикалық психологияның негізгі ұғымы

А) архетип

Б) инстинкт

В) артефакт

Г) дағды

Д) әдет

104. Психикалық құбылыс?

А) қызығу

Б) қабықты жасушалар

В) жүйке импульстары

Г) ми қабығы

Д) қабілет

105. Психикалық бейнеленудің жоғарғы формасы:

A) сана

Б) қажеттілік

В) инстинкт

Г) темперамент

Д) түйсік

106. Психиканың физиологиялық негізі:

А) жүйке жүйесі

Б) эндокриндік жүйе

В) қан айналым жүйесі

Г) тірек-қимыл аппараты

Д) лимфа жүйесі

107. Адам ағзасының дамуы.

А) Онтогенез

Б) Филогенез

В) Социогенез

Г) Антропогенез

Д) Гемодез

108. Туылғаннан пайда болған құбылыстар

А) шартсыз рефлекстер

Б) рефлексия

В) құндылықтар

Г) мінез

Д) ерік

109. Адамның өз есі туралы естің түрі:

А) метаес

Б) оперативті

В) автобиографиялық

Г) қысқа мерзімді

Д) механикалық

110. Психиканы тұтас құрылымдар тұрғысынан зерттеу бағдарламасын кім ұсынды:

А) В.Келер

Б) К.Юнг

В) А.Адлер

Г) З.Фрейд

Д) Х.Вольф

111. Фрейд бойынша жағымсыз нәрсе:

A) санадан тыс деңгейге ығыстырылады.

Б) тез естен шығады

В) қайта жаңғыртумен байланысты

Г) есте жақсы сақталады.

Д) есте нашар сақталады

112. Өмір сүру барысында пайда болатын рефлекс түрі:

А) шартты рефлекс

Б) рефлекс

В) рефлекторлы доға

Г) рефлексия

Д) шартсыз рефлекс

113. Мінез-құлықтың туа берілетін формасы

А) инстинкт

Б) рефлекс

В) үйрету

D) дағды

Е) әдет

114. Талдағыш ұғымына не кірмейді?

А) ми қабығы

Б) рецептор

В) қабықты жасушалар

Г) өткізуші жолдар

Д) сенсорлық бөлімдер

115. Психологиялық бейнелеу ерекшеленеді:

А) субъективтілікпен

Б) барабарлықпен

В) биологиялық мақсатқа лайықтылықпен

Г) иллюзиялықпен

Д) әрекетшілдікпен

116. Психикалық бейнеленудің жоғарғы формасы:

A) сана

Б) қажеттілік

В) инстинкт

Г) темперамент

Д) түйсік

117. Қажеттілік – ол:

A) мотив

Б) қалау

В) индивидтің өмір сүруіне және күрделенуіне қажетті күй

Г) күйзеліс

Д) көрініс

118. Жеке адам дамуының көзі:

A) әлеуметтік орта

Б) мәдениет

В) табиғи генетикалық бағдарлама

Г) алдын-ала қалыптасқан рухани құрылым

Д) өсімдіктер ортасы

119. Жеке адамның жалпы психологиясы зерттейді:

А) жеке адамның субъективті қарым-қатынасын

Б) жеке адамның құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтарын

В) жеке адамның атқаратын қызметтерінің жалпы заңдылықтарын

Г) адамның дене дамуын

Д) адамның генетикалық негіздегі жеке дара қасиеттерін

120. Жеке адамның өз мүмкіншілігіне берген бағасы

А) өзіне-өзі баға беру

Б) өзін реттеу

В) өзіндік көрініс

Г) өзіндік нығайту

Д) рефлексия

121. Болатын іс-әрекет нәтижесінің адам санасында бейнеленуін қай ұғыммен бейнелейді:

А) маќсат

Б) түрткі

В) тәсіл

Г) қажет

Д) дағды

122. Жоғарғы қажеттіліктерге не жатады:

А) мәдени, рухани қажеттіліктер

Б) тамаққа деген қажеттілік

В) қорғану инстинкті

Г) ұрпақ жалғастыру инстинктісі

Д) барлық биологиялық қажеттіліктер

123. Мотивацияның негізгі диспозициясы не?

A) түрткі

Б) мақсат

В) арман

Г) мағына

Д) интеллект

124. Адамның және басқа да жандардың белсенділігінің себебі неде:

A) қажеттілік

Б) тәрбие

B) дағды

Г) рефлекс

Д) қызығушылық

125. Өзінің көзқарастарына сай жеке адамға себеп болатын:

A) дүниетаным

Б) икемдері

B) қызығушылық

C) әуестену

D) нанымдар

126. Индивидтің іс-әрекет және қарым-қатынаста ие болған жүйелі әлеуметтік қасиеті, мына түсінікпен аталады:

А) даралық

Б) сөйлеу

В) нышан

Г) темперамент

Д) мотивация

127. Белгілі әрекет операция тәсілінің материалдық формасы:

A) қару

Б) еңбек

B) іс-әрекет

Г) қарулы іс-әрекет

Д) дәріс (жұмыс)

128. Іс-әрекетті орындау тәсілі:

А) операция

Б) сөз

В) қиял

Г) стресс

Д) зейін

129. Адам мінез-құлқы мен дамуында өмірінің мән-мағынасын іздеуі:

А) логотерапия

Б) либидо

В) гештальт

Г) неофрейдизм

Д) сублимация

130. Субъект іс-әрекетінің қандай да бір уақыттағы объектіге шоғырлануы:

А) зейін

Б) ес

В) ќабылдау

Г) эмоция

Д) ойлау

131. Іс-әрекет құрылымына кірмейтіні:

А) тропизмдер

Б) мотивтер

В) мақсаттар

Г) міндеттер

Д) әрекеттер

132. Адам сөйлеуінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым:

A) психолингвистика

Б) психогенетика

B) психодиагностика

D) психоанализ

E) психотехника

133. Өзекті қажеттілікті қанағаттандыратын іс-әрекетпен байланысты нәтиже, ол:

A) мақсат

Б) түрткі

B) мағына

Г) мән

Д) зат

134. Адамның басқа адамдармен эмоциялық оң қатынастарды орнатуға, сақтауға, нығайтуға, қажеттілігі:

A) аффилиация

Б) топтық психотерапия

В) ассоциация

Г) қарым-қатынас

Д) аутотренинг

135. Психологияда тіл арқылы ақпарат алмасу процесі:

А) қарым-қатынас

Б) ойлау

В) ес

Г) түсіну

Д) қабылдау

136. Қатынастардың құрылуы, тану, рефлексия – ол функциялар:

A) қарым-қатынас

Б) ерік

B) ойлау

Г) іс-әрекет

Д) сана

137. Бірлескен іс-әрекетті қажетсінетін адамдар арасындағы байланыс дамуының көп жоспарлық процесі:

A) қарым-қатынас

Б) социум

В) темперамент

Г) ерік

Д) сезім

138. Вербалды коммуникация – бұл процестің іске асуы немен байланысты:

A) тіл

Б) мимика

B) қалып

Г) ым

Д) сигнал

139. Туа біткен адамның қажеттіліктері /бұрыс жауапты көрсет/

A) өз-өзіне ұқсастармен қарым-қатынасқа түсу

Б) тамақтану қажеттілігі

В) танымдық қажеттілігі

Г) ауа қажеттілігі

Д) өзін-өзі тану қажеттілігі

140. Қабылданатын заттың және оның қасиеттерінің дұрыс бейнеленбеуі:

А) галюцинациялар

Б) қабылдаудың иллюзиялары

В) бірізді бейнелер

Г) эйдетизм

Д) түс көру

141. Заттық іс-әрекет нәтижесін алдын-ала көруді қалайтын, бейнелер жасайтын психикалық процесс:

А) елестету

Б) медитация

В) абстракция

Г) түйсіну

Д) қиял

142. Ойлау процесіне не қатысты емес?

А) фиксация

Б) ұмыту

В) сақтау

Г) еске түсіру

Д) елестету

143. Сөз қызметіне жатпайтын;

A) қозғаушы

Б) коммуникативтік

В) мәнерлілік

С) логикалық

Е) мазмұндылық

144. Қарым-қатынастың құрамдас бөлігі ретіндегі бір адамның өзгені қабылдауы.

А) перцепция

Б) апперцепция

В) агнозия

Г) абстракция

Д) рефлексия

145. Төменде көрсетілген ұғымдардың қайсысы ойлау операцияларына қатысы жоқ:

А) ұсыну

Б) салыстыру

В) анализ

Г) синтез

Д) абстракция

146. Қиялдың еріксіз, енжар түрі -

А) түс көру

Б) фантазия

В) шығарма жазу

Г) сабақ айту

Д) галлюцинациялар

147. Затты, құбылысты, жағдайды ойша бөлшектеу:

A) анализ

Б) салыстыру

В) синтез

Д) абстракциялау

Г) наќтылау

148. Қабылдау деген не? Дұрыс жауапты көрсет

A) сыртқы ортаның заттары мен көріністерін тұтас бейнелеу

Б) мағыналы шындықты бейнелеу құбылысы

B) заттардың мүсіндерін бейнелеу

Г) сыртқы ортаны бейнелеу

Д) сезім арқылы заттарды бейнелеу

149. Қабылдаудың қай ерекшелігі арқылы, біз әлемді тұрақты және өзгермелі қабылдаймыз.

A) тұрақтылығы

Б) заттылығы

B) тұтастылығы

D) саналылығы

E) категориялылығы

150. Естің түрлеріне жатпайтын:

A) қозғалыстық

Б) бейнелік

B) эмоционалдық

D) логикалық

E) еріктік

151. Қате жаңғырту және еске түсіре алмау процесінің мазмұны:

А) ұмыту

Б) тану

B) есте сақтау

Г) қабылдау

Д) амнезия

152. Бір уақытта қабылданған және саналы түрдегі бөлшектердің шектеулі саны:

A) көлемі

Б) салмағы

B) сапасы

Г) бояуы

Д) мүсіні

153. Психологияда ойлау термині деп нені айтамыз?

A) психикалық процесс

Б) сапалы әр жақтылы құбылыс

B) құбылыс

Г) іс-әрекет

Д) құбылыс пен іс-әрекет

154. Адамдардың көпшілігінде сарғылт түсі жылылықты, көк – суықтықты білдіреді, бұл құбылыс:

A) синестезия

Б) депривация

В) симуляция

Г) изоляция

Д) адаптация

155. Құрғақ қиял – елестеудің қандай түріне жатады?

A) пассивті алдыға мақсат қоймай

Б) белсенді шығармашылық

B) белсенді қайта жаңғырту

Г) пассивті алдыға мақсат қойып

Д) абстрактілі

156. Қабылдағанды және бастан өткенді еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғырту бұл -

А) ес

Б) зейін

В) іс-әрекет

Г) қабылдау

Д) ойлау

157. Проприоцептивті түйсіктің қызметі:

А) кеңістіктегі дененің орналасу координациясы, қозғалу координациясы

Б) ішкі гомеостазды сақтау

В) интуитивті алдын-ала сезінудің қызметі

Г) қоршаған орта туралы ақпараттарды қайта өңдеу

Д) күшті тітіркендіргіштерге бейімделу

158. Ойлаудың түріне жатпайтын:

A) түсініктік

Б) белсенді

B) бейнелік

Г) бейнелі-әрекеттік

Д) практикалық

159. Қиялдың түрлеріне не жатпайды:

А) нақтылы

Б) пассивті

В) шынайы

Г) ерікті

Д) схематизацияланған

160. Қабылдауға жататын қасиеттерді таңдаңыз:

A) тұтастылық, тұрақтылық

Б) өңсіздік, реңсіздік, панарамдылық

В) дыбыс, суық, жылы

Г) логикалық

Д) қайта жаңғырту

161. Болашақты саналы түрде қиялдау, бұл

A) арман

Б) еріксіз қи ял

B) галюцинация

Г) бейне

Д) ой

162. Негізгі ойлау операцияларына жатпайтындар:

A) ой қорытындысы

Б) анализ

B) салыстыру

Г) жалпылау

Д) абстракциялау

163. Түйсік бұл-

А) заттардың сезімдік қасиеттерін олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету барысында бейнелеуі.

Б) заттың түр пішінін сөз арқылы бейнелеу

В) стимулдың қарқындылығын бейнелеу

Г) бұрынғыны еске түсіру

Д) сезімдік әсерді бастан кешіру

164. Болар-болмас түйсік тудыратын тітіркендіргіштің ең кіші көлемі, бұл табалдырық -

  1. төменгі абсолютті

Б) дифференциалды

  1. уақытша

Г) жоғары абсолютті

Д) айыру.

165. Естің нейропсихологиялық проблемаларын зерттеген ғалым:

  1. А.Р. Лурия

Б) В.М. Бехтерев

  1. П.И. Зинченко

Г) Л.С. Выготский

Д) С.Л. Рубинштейн

166. Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнесінің қалуы қай процеске байланысты?

  1. қабылдауға

Б) түйсікке

  1. еске

Г) ерікке

Д) қиялға

167. Жалпылау - бұл:

А) ойдағы обьектілердің жалпы қасиеттерінің пайда болуы

Б) ойлаудың қорытындысын шығару

В) дедукция

Г) проблемалық жағдайды талдау нәтижесінде сұрақтарды құрастыру

Д) обьектіні талдау

168. Заттар мен құбылыстардың жеке сапасы мен қасиеттерін бейнелеу – бұл

А) түйсік

Б) сезім

В) қабылдау

Г) образ

Д) ойлау

169. Ұғым, пікір, ой қорытындысы ненің формалары болып табылады?

A) ойлаудың

Б) сананың

B) елестің

Г) естің

Д) сөйлеудің

170. Екінші сигналдық жүйеге қатысты:

A) сөйлеу

Б) түйсік

В) қажеттіліктер

Г) бейне

Д) қабылдау

171. Төмендегілердің қайсысы ойлау түріне жатпайды:

A) ұзақ мерзімді

Б) көрнекі-қозғалысты

B) шығармашылық

Г) көрнекі-бейнелі

Д) сөздік-логикалық

172. Адаптация деген не?

A) қоршаған орта өзгерістеріне ағзаның бейімделуі.

Б) объективті тіркелген, бірақ адам саналамаған ағзаның тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы

B) тітіркендіргіштер әсерінен анализаторлар сезімділігінің өзгеруі

Г) бір анализатордың сезімділігі басқа анализаторлардың өзара әрекеттесу нәтижесінде басымдылығы

Д) терінің фотосезгіштігінің жоғарылауы

173. Коммуникация ретінде сөйлеуге жатпайды:

А) ішкі сөйлеу

Б) ауызша сөйлеу

В) монолог

Г) дыбыстап сөйлеу

Д) диалог

174. Ес түрлерінің қайсысы уақыт арқылы өзгешеленеді

A) қысқа мерзімді

Б) еріктік

B) эмоциялық

Г) қозғалыс

Д) иконикалық

175. Ер-төстік қай қиял техникасымен пайда болды:

A) гиперболизация

Б) агглютинация

B) өткірлену

Г) типизация

Д) схемалау

176. Реминисценция дегеніміз, бұл:

А) мәліметтің нашар сақталуы

Б) кештеу қайта жаңғырту

В) тікелей қайта жаңғырту

Г) тікелей және кешірек қайта жаңғырту

Д) қайта жаңғырту есте сақтауға тәуелді емес

177. Экстроцептивті түйсіктің қызметі:

А) сыртқы тітіркендіргіштердің әсер етуі

Б) ішкі гоместозды сақтау

В) интутивті алдын-ала сезудің қызметі

Г) кеңістіктегі дененің орналасу координациясы, қозғалыс координациясы

Д) қоршаған ортаны қайта бейнелеу

178. Түпкі ойға сәйкес келетін материалдарды таңдаудағы жаңа бейнелерді құрастыру қиялы:

А) белсенді шығармашылық

Б) арман

В) пассивті еріксіз

Г) пассивті ерікті

Д) абстрактілі

179. Зейіннің қандай қасиетіне мына мінездеме тән: "бір мезгілде басқа объектілерден объектіге ойысу":

A) шоғырлануы

Б) бөлінгіштігі

B) көлемі

Г) тербелісі

Д) тұрақтылығы

180. Зейіннің қай түрі мақсаттың, сондай-ақ еріктік күштің болмауымен сипатталады:

A) ырықсыз

Б) үйреншікті

B) ырықты

Г) ырықтыдан кейінгі

Д) эмоционалдық

181. Өте күшті, тез пайда болатын, қысқа мерзімдік эмоциялық күй:

A) аффект

Б) ашу

В) реніш

Г) шабыт

Д) қорқыныш

182. Әлсіз немесе орташа күшпен және едәуір тұрақтылықпен сипатталған эмоциялық күй:

A) көңіл-күй

B) стресс

C) аффект

D) құмарлық

E) сезім

183. Төмендегілердің қайсысы еріктік қасиетке жатады:

А) жекелік

Б) интеллект

В) ойлау

Г) елестету

Д) эмоция

184. Ғылыми психологияда жаңа білімдер алудың негізгі жолдары:

A) эксперименттік тәжірибе

Б) далалық эксперимент

B) ойлау процесі

Г) интуиция

Д) бақылау

185. Ағза үшін сырттан ішке біртіндеп ауысатын қандай да бір процесс немесе құбылыс:

А) интериоризация

Б) инсайт

В) интроверсия

Г) импритинг

Д) жадырау кешені

186. Адамның өзінің әрекеті мен мінез-құлқын саналы реттеуі - бұл:

A) ерік

Б) сезім

В) қабілет

Г) мінез

Д) қиял

187. Гиппократ бойынша сангвиниктің ағзасында қай сұйықтық басым:

А) сары өт

Б) қан

В) шырыш

Г) қара шырыш

Д) су

188. Темпераменттің табиғи негізі?

A) нышандар

Б) мінез-құлық

В) қылықтар

Г) қабілеттер

Д) талант

189. Мінез-құлықтың динамикалық ерекшеліктерін аныќтайды?

A) темперамент

Б) мінез

B) қабілет

Г) қызығу

Д) дағдылар

190. Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері туралы ілімді өңдеген:

А) И.П. Павлов

Б) В.М.Бехтеров

В) А.Н. Леонтьев

Г) С.Л.Рубинштейн

Д) В.С. Мерлин

191. Сол адамға тән және оның әсерлерге жауаптарының динамикасында, тонусында көрінетін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері :

А) темперамент

Б) мінез

В) нышан

Г) қабілет

Д) әдет

192. Жеке адамның арнайы іс-әрекетіндегі қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі:

А) талант

Б) данышпан

В) мотив

Г) әдет

Д) мінез

193. Эмоционалдық аумаққа жатпайтын:

А) қиял

Б) сезім

В) аффект

Г) көңіл-күй

Д) қайғыру

194. Басқа адамның қайғысымен бөлісу, эмоциналды күйін түсіну - бұл:

А) эмпатия

Б) рефлексия

В) идентификация

Г) перцепция

Д) қабылдау

195. Саналы түрде адамның өз мінез-құлқын және іс-әрекетін басқара алуы:

A) ерік

Б) сезім

В) қабілет

Г) мінез

Д) сана

196. Іс-әрекет пен қарым-қатынаста байқалып, қалыптасатын тұрақты жеке-дара қасиеттердің жиынтығы, бұл:

  1. мінез