Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азат отчет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
416.24 Кб
Скачать
    1. Ақпараттық жүйенің құрылымы.

Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйелер деп аталатын жекеленген бөліктер құрайды. Қолдану саласына тәуелсіз ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісін қарастырып, ал ішкі жүйелерді қамсыздандырушы ішкі жүйелер деп аталады. Жүйенің жалпы құрылымын мынадай қамсыздандырушы ішкі жүйелер құрайды: ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, ұйымдастырушылық және құқықтық.

  • Ақпараттық қамсыздандыру ішкі жүйесінің негізгі міндеті басқарудағы шешімдерді қабылдау үшін шынайы ақпаратты дер кезінде ұсыну. Көптеген ұйымдар жұмысын талдау кезінде ондағы құжаттарды жүргізу ісінде бірқатар кемшіліктер байқалды:

  • қолмен өңдеуге арналған құжаттың шамадан тыс үлкен көлем

  • бірдей көрсеткіштердің түрлі құжаттарда қайталануы;

  • құжаттың үлкен көлемімен жұмыс істеу мамандардың негізгі жұмысын орындауына кедергі болуы;

  • жасалған көрсеткіштің қолданылуы;

Аталған кемшіліктерді жою ақпараттық қамсыздандыру алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Ақпарат ағымдарының схемасын жасау ақпараттың қозғалыс маршруттарын сипаттайды. Осындай схемаларды талдау нәтижесінде басқару жүйесін толығымен жетілдірудің іс шараларын жасап шығаруға болады. Ақпараттың көлемін анықтау және оны бөлшектеп талдау мүмкіндіктерін беретін ақпараттық ағымдардың схемалары қайталанатын және қолданылмайтын ақпаратты жоюды ақпаратты тиімді түрде сипаттау және жіктеуді қамсыздандырады. Сонымен қатар ақпараттың басқару деңгейлеріне сәйкес өзара байланыс қозғалысын қарастырған жөн. Басқару шешімін қабылдау үшін қандай көрсеткіштің қажет немесе қажет еместігін анықтау қажет. Орындаушының әрқайсысына оның қолданатын ақпараты ғана келіп тұруы тиіс. Деректер қоймасын құру методологиясы оны жобалаудың теориялық негіздеріне негізделеді. Методологияның негіздерін тәжірибеде тізбектей жүзеге асырылатын екі кезең түрінде атап өтейік.

1 кезең: ұйымның барлық функционалды бөлімшелерін зерттеу мақсаттары: оның іс әрекетінің құрылымы мен спецификасын түсіну; ақпарат ағымдарының схемасын жасау; ондағы құжат айналымы жүйесіне талдау жасау; ақпараттық объектілерді және олардың қасиеттері мен міндеттерін сипаттайтын реквизиттің құрамын анықтау.

2кезең: 1 кезеңде зерттелген іс әрекет саласына арналған концептуалды ақпараттық логикалық деректер моделін жасау. Бқл модельде объектілер мен олардың реквизиттерінің арасындағы барлық байланыстар орнатылып, оңтайландырылуы тиіс. Ақпараттық логикалық модель деректер қорын жасаудың негізі болып табылады.

Ақпараттық қамсыздандыруды жасау үшін: ұйымды басқарудың толық жүйесінің функцияларын, мақсаттары мен міндеттерін айқындау; талдау үшін ақпараттық ағымдар схемасы түрінде ұсынылған ақпараттың пайда болуынан бастап басқарудың түрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі ақпарат қозғалыстарын анықтау;

құжат айналымы жүйесін жетілдіру;

жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру;

ақпараттың өзара байланысын сипаттайтын ақпараттық логикалық моделді жасау методологиясын меңгеру;

қазіргі заманғы техникалық құралдың көмегімен ақпараттың массивтерін тасымалдаушыларға жазу.

  1. Техникалық құралдардың кешенін мыналар құрайды:

  • кез келген модельді компьютерлер;

  • ақпаратты жинау, өңдеу, тасымалдау және шығару құрадары

  • байланыс құралдары

  • ұйымдастыру техникасы;

  • ақпаратты автоматты түрде алу құралдары;

  • эксплуатациялық материалдар.

Қазіргі кезде техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудың негізгі екі формасы қалыптасқан: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған техникалық қамсыздандыру ақпараттық жүйелерде ЭЕМ және есептеуіш орталықтарының қолданылуына негізделеді. Ал орталықтандырылмаған техникалық қамсыздандыру функционалдық ішкі жүйенің жұмыс орындарындағы дербес компьютерлерде жүзеге асырылады. Қарастырылған формалардың ішінен перспективті форма ретінде жартылай орталықтандырылмаған техникалық қамсыздандыру әдісін қарастыруға болады. Мұнда техникалық қамсыздандыру дербес компьютерден және барлық компьютермен байланыстырылған. Деректер қорын сақтайтын үлкен ЭЕМ таратылған желі негізінде жұмыс істейді.

Математикалық және программалық қамсыздандыру. Математикалық қамсыздандыру құралдарына мыналар жатады:

басқару процестерін моделдеу құралдары;

басқарудың типтік есептері;

математикалық программалау, математикалық статистика және жалпыға қызмет ету теориясының әдістері.

Программалық қамсыздандыру құралына жалпы және арнайы программалық құралдар және техникалық құжаттама енеді. Жалпы жүйелік программалық қамсыздандыруға ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған және қолдану саласына бағытталған программалар кешені жатады. Олар компоненттердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпаратты өңдеу процесіне басқару және бақылау орнатады. Арнайы программалық қамсыздандыру нақты бір ақпараттық жүйені жасау кезінде құрылған программалардың жиынтығын құрайды. Оған нақты бір объектінің қызмет етуін сипаттайтын түрлі деңгейдегі моделдерді жүзеге асырушы қолданбалы программалар пакеті енеді. Программалық құралдарды жасауға арналған техникалық құжаттама есептің сипаттамасынан, алгоритмдеу тапсырмасынан, есептің экономикалық математикалық моделінен тексеру мысалынан тұруы тиіс.

5. Ұйымдастырушылық қамсыздандыру мынадай әрекеттерді орындайды: кез келген ұйымның басқару жүйесін талдай отырып, ондағы қолданылатын ақпараттық жүйенің іс әрекеттерін анықтау; есепті компьютерге шешуге дайындау; ақпараттық жүйені жобалаудың техникалық тапсырмасы және оның қоданылу тиімділігінің техникалық-экономикалық негізделуі жасалады; әрекет орындалатын ұйымның құрамы және құрылымына сәйкес басқарушылық шешімдерді жасай отырып, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

5. INTRANET ЖЕЛІСІ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]