Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эльмира дипломдык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.66 Кб
Скачать

3 Туристерді орналастыру индустриясы

3.1 Туристерді орналастыру мекемелерінің классификациясы

Туристік кәсіпорын технологиясындағы ең бастысы туристерді орналастыру мекемелері. Туристерді орналастыру мекемелері ретінде кез-келген обьект, яғни туристердің түнеуіне арналған эпизодтық немесе тұрақты орындар бола алады. Оларға мыналар жатады: қонақ үй, мотель, кемпинг, туристік база, пансионат, туристік жатақханалар, родтель, ботель, флотель және т.б. Туристерді орналастыру орындары халықаралық міндеттемелер бойынша 4 топқа бөлінеді (қосымша А):

  • қонақ үйлер және аналогиялық кәсіпорындар;

  • қаржылық және әлеуметтік орналастыру орындары;

  • мамандандырылған орналастыру орындары;

  • жеке орналастыру орындары.

Орналастыру орындарының бұлай классификациялануды Дүние жүзілік Туристік Ұйым ұсынған. Қонақ үй классификациясы секілді бұл да барлық елдерде бірдей емес.

Қонақ үй кең мағынада – жиһаздалған бөлмелері бар, қысқа уақытқа тұруға арналған үй дегенді білдіреді.

Туристік қонақ үй – бұл қонақ үйдің ерекше түрі, саяхатқа қатысты туристерге қызмет комплекстері көрсетіледі.

Әрине, турист қарапайым (коммуналды) қонақ үйлерді пайдалануы мүмкін, бірақ бұл қонақ үйлерде туристік қонақ үйлердегідей арнайы қызметтер тобы болмайды.

Барлық туристік қонақ үйлерде қызметтің негізгі 4 түрі ұсынылады:

  • орналастыру;

  • тамақтандыру;

  • бос уақыт;

  • тұрмыстық қызмет көрсету.

Бұлар негізгі қызметтермен қатар қосымша қызметтерді атқарады.

ДТҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі қонақ үйлердің орташа жүктелуі 65-70% (жүктелу коэфициенті – бос емес орындардың жалпы орындарға қатынасы).

Әдетте жоғары категориялы қонақ үйде 60-65% дейінгі клиенттерді жұмыскер адамдар құрайды (бизнес-туризм, конгресс-туризм). Төмен категориялы және категориясыз қонақ үйлерде әдетте танымдық мақсаттағы туристер болады.

ДТҰ санақтары бойынша әлемнің қонақ үй фондының жартысына жуығы Европада орналасқан (49%) екен.

Дүние жүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) ұсынымы бойынша орналастыру құралдарын 2 категория арқылы көрсетеді – топтық және индивидуальді (қосымша Б).

Туристерді топтық орналастыру мекемелеріне қонақ үйлер және аналогиялық құрылымдар, басқа да орналастыру орындары жатады.Қонақ үйдің негізгі белгілері номерлердің болуы. Қонақ үйде басқару ерекшеліктеріне тәуелді жекелеген кәсіпорындар немесе қонақ үйлік шынжырлар құрылуы мүмкін. Көптеген жоғары дәрежелі қонақ үйлер қонақ үй шынжырларына айналған. Дамыған қонақ үйлік шынжырларға мына қонақ үйлер мысал бола алады: Аккор (Франция), Холидей-Инн (АҚШ), Форте (Ұлыбритания), Шератон (АҚШ), Групо Соль (Испания), Скандик Хоутелз (Швеция), Джолли (Италия). Сонымен қатар Европада америкалық, жапондық, австралиялық және басқа да компаниялардың жоғары комфортабельді қонақ үйлерін функционалдануы көзделуде. Қонақ үйлер міндетті түрде орындалатын қызметтер тізімін ұсынады: номерді тазалау, жатын орындарын күнделікті жөндеу, санузелдерді тазалау, сонымен қатар қосымша қызметтер.

Қонақ үйде жабдықтау және көрсетілетін қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне тәуелді қонақ үйдің басқа да кең тараған түрлері ажыратылады: квартиралық типтегі қонақ үйлер, мотельдер, жол бойындағы қонақ үйлер, курорттық қонақ үйлер, клубтар және т.б.

Аналогиялық қонақ үй құрылымдары бірнеше қызмет түрлерінен ұсынатын номерлік фондтары болады. Олар пансиондар, жиһаздалған бөлмелер, туристік жатақханалар, және т.б.

Мамндандырылған құрылымдар (бір басшы болғанда) сонымен қатар туристерге қызмет көрсету орны болып табылады. Оларда номерлер болмайды. Номердің орнына баспана, топтық жататын бөлмелері, алаңдар болады. Мұндай құрылымдар туристерге түнеу орнымен қатар бақа да қызмет түрлерін ұсынады. Бұларға мысал ретінде мамандандырылған сауықтыру орындары (курорттар, санаторилер, сауықтыру «фермалар» және т.б.), лагерлер, қоғамдық транспорт түрлеріне орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтарын алуға болады.

Сауықтыру орындарында, санатория және курорттарда түнеуге арналған орындар функциясы ең басты мәселе болып табылмайды. Ең алдымен, әр түрлі аурулары бар, шаршаған адамдарға ем көрсету. Адам оргагизмне материалды және рухани әсерлер шаршауларды басып, күшін қалыптастырып, келген адамдарды жаңа әсерлерге байытады. Емдеумен қатар туристерге тамақтану, демалыс, спорт, және әрине түнеу қызметтері көрсетіледі.

Басқа да орналастыру мекемелерінде ең алдымен дем алуға арналған үйлер болады. Мұндай орналастыру мекемелері тобына квартиралық типтегі қонақ үйлер, кешенді үйлер және бунгалдар мысал бола алады. Бұл мекемелерде басқару әдістері бірдей, арендаға және ақшаға беріледі, кез-келген адамға немес ұйымдарға тегін беріледі. Мысалыға, Ирландияның туризм бойынша кеңесі дем алуға арналған үйлердің келесідей түрлерін қарастырады. Кешенде кем дегенде тоғыз құрылыс болады, оның біреуінде кеңсе орналасады. Кешендер ұзақ уақытқа беріледі, кіру есіктері бөлек, жақсы эксплуатациялық жағдайда болады. әр үйлерде ұйықтауға, тамақтануға, дем алуға арналған бөлмелер, қойма, керекті жабдықтармен жабдықталған жуынатын бөлмелері мен әжетханалар болады. Үй сыртындағы кеңістік те пайдалану көзделген. әр үй жаңа қонақтың келгеніне дейін тазаланып, дайындалады. Клиенттің үйде тұру кезінде бөлмені тазалау және жатын орын жөндеу сияқты қызметтер көрсетілмейді.

Басқа да орналастыру мекемелері тобына кемпингке арналған алаңдар, бухта сияқты обьектілер жатады. Клиентке түнеу қызметімен қатар ақпараттық, сауда-саттық, жеткізіп беру қызметтері ұсынылады.

Туристік жатақханалар, жастар қонақ үйі, оқушылар мен студенттер жатақханасы, қарияларға арналған демалу үйлері және аналогиялық обьектілерді әлеуметтік тұрғыдан орналастыру мекемелеріне жатқызуға болады

Орналастыруға арналған жекелеген үйлер ақшаға, арендаға және тегін беріледі. Олардың құрамына (квартиралар, коттедждер, особняктар) үй иесі мүшелерімен арендаға берілетін үйлер кіреді (тайм-шеринг).

Турист сонымен қатар жанұялық үйлерде арендаға тұруына болады. Турист жеке адамнан немесе агентстводан толық жабдықталған үйді (үй, квартира, коттедж) арендаға ала алады, немесе туысқандары, таныстарында тегін түнеуіне болады.