
- •1 Қонақ үй шаруашылығы
- •Қонақ үй шаруашылығының тарихы
- •1.2 Қонақ үй классификациясы
- •2. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
- •2.1 Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
- •2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
- •2.3 Қонақ үйдегі қызмет көрсету және оның спецификасы
- •1.4 Қонақ үйдегі тамақтануды ұйымдастыру.
- •3 Туристерді орналастыру индустриясы
- •3.1 Туристерді орналастыру мекемелерінің классификациясы
- •3.2 Орналастыру құралы ретінде қонақ үй түрлерінің классификациясы
- •3.2 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы.
- •Қорытынды
- •Қосымша б
- •Қосымша д Сызбанұсқа-1. «Достық» қонақ үйінің номерлер құны
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
Туристерді орналастыру мекемелері нағыз стандарттар міндеттеріне сай болуы керек.
1 Қоршаған ортаға ыңғыйластырып, жергілікті жердің немесе табиғи ланшафттың ерекшеліктеріне теріс келмеуі керек.
2 Ғимарат конструкциясы табиғи-климаттық факторларды ескеріп құрылуы тиіс, теңіз немесе басқа су қоймаларының жақындығы, желдің бағыты мен жылдамдығы т.б.
3 Қонақүй ғимараты эстетикалық, экологиялық, техникалық, санитарлы-гигиеналық нормаға сай болуы керек.
4 Қолдану режимі, жыл бойы немесе маусымдығына байланысты қонақүй көлемі мен биіктігі сәйкестендіріліп соғылады.
5 Қонақүй интерьері ыңғайлы және эстетикалық көріністе болу керек.
6 Қонақүй құрылысын жасауда мүгедек адамдардың қажеттіліктерін ескеруі тиіс, арнгайы жабдықталған номерлер, лестница, дәретхана, жуынатын бөлмелердің орналасуын ескеру керек.
7 Қонақүй қызметі автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы тиіс. Брондау, билеттерді резервтеу, компютерлік басқару.
8 Клиенттердің қауіпсіздігі әртүрлі жолдармен қамтамас етілуі тиіс. Ішкі электронды сейфтар, электронды құлптар және т.б. қорғау құралдары.
Қоғамдақ транспорт құралдары (поезд, круизді судалар, яхталар), жер және су транспорттары, түнеуге арналып жабдықталған орналастыру орындары салалық нормалар мен ережелерге сай негізделуі керек.
Орналастыру мекемелерінің кіре беріс жерінде жаяу жүру жолы және қажетті жол белгілері болуы керек.
Орналастыру орнына арналған территория көрікті, кешкі уақыттарда жақсы жарықтандырылған болуы, автотранспорттардың тоқтауы үшін жердің қатты жамылғылармен жабдықталуы және қажетті апқараттық-анықтамалық көрсеткіштердің болуы керек.
Орналастыру мекемелерінде мыналардың болуы міндетті:
- тұрғын және қоғамдық бөлмелерін жарықтандыру – табиғи және қолдан, дәліздерде – тәулік бойы табиғи және қолдан;
- салқын және ыстық сужәне канализация, суы аз аудандарды су қорымен қамтамассыз ету керек,
- тұрғын бөлмедегі температураны 18.5ºС төмендетпей ұстап тұратын жылу жүйелері;
- тұрғын бөлмедегі ауа айналымын болдыратын және жағымсыз иістерді жоятын вентиляция (табиғи және қолдан жасалынған);
- телефон желілері;
- пассажирлік лифт.
Тұрғын бөлме алаңының минимальді көлемі 9м² болуы керек.
Мекемедегі бір тұрғынға арналған бөлме алаңының көлемі:
- жыл бойындағы функционалдануы – кем дегенде 6.0м² ;
- мезгілді (жазғы) функционалдануы – кем дегенде 4.5м².
Бұл бөлмелерде келесілердің болуы міндетті:
жиһаз (кереует, тумбочка, үстел, орындық, сөре), инвентарь (кілемшелер, айна т.б.) және тұрғындар санына қарай жатын төсеніштері;
бөлмені қараңғылауға арналған перделер мен жалюзилер;
радио қабылдағыш желілері (желінің барлық тұрғын бөлмелерде жүргізілуі);
төбе (қабырға) және кереует жанына қойылатын жарықтандырғыштар, қуаттылығы көрсетілген электророзеткалар;
іштен құлыптанатын есік құлыптары.
Номердегі санузел қол жуғышпен, унитазбен, ванна және душпен жабдықталуы қажет. Егер номерде санузел болмаса, жалпы қолдануға арналған санитарлық обьектілер болуы керек (кем дегенде 10 адамға арналған бір унитаз, бір қолжуғыш және душ, әйелдер мен еркектердікі бөлек болуы керек).
Топтық орналастыру орындарында мыналар қарастырылуы тиіс:
өзіндік қызмет көрсету бөлмесі, кір жууға және кептіруге арналған құрал-жабдықтар және инвентарьлер;
тамақтануға арналған орын немесе туристердің өзі дайындап ішуіне арналған ас бөлмесі;
теледидар көруге және басқа да мәдени іс-шараларға арналған бөлмелер;
сақтау камерасы;
инвалидтерге жайлы жағдай жасау: есік алдындағы инвалид коляскасы өтуіне арналған жолдар, лифт, арнайы жабдықталған номер және әжетхана т.б.
Орналастыру қызметін атқаратын персонал өз жұмысына қатысты квалификациясы болуы қажет. Персонал қонақ жайлылылық атмосферасын туындатып, ыңғайлылық, сыпайылық және ұқыптылық танытуы керек.
Топтық орналастыру түріндегі туристерге қызмет көрсетудің мынадай минимальді ассортименті ұсынылуы қажет:
тәулік бойы қабылдау;
қоғамдық тамақтану немесе өзі дайындап ішуіне арналған ас бөлмесі;
тұрғын бөлмені (жатын орнын жөндеуді қосқанда) және санузелді (жатақханадан, демалу орнынан, кемпингтерден басқа) күнделікті тазалау;
жатын төсеніштерін ауыстыру – аптасына бір рет, шашықтарды ауыстыру – үш күнде бір рет;
хат және телеграммаларды жіберу, қабылдау және жеткізіп беру;
қымбат заттарды, багаждарды сақтау;
медециналық көмек: жедел жәрдем шақыру, дәрі қобдишасын пайдалану;
туристік ақпарат беру;
Индивидуальді орналастыру түріндегі туристерге көрсетілетін қызметтер:
әр қонақтың келгеніне дейін тұрғын бөлмені тазалау (жатын орнын жөндеуді қосқанда);
жатын төсеніштерін ауыстыру – аптасына бір рет, шашықтарды үш күнде бір ауыстыру (немесе жатын заттары мен шашықтардың бір комплектін әкеліп қою);
электрлі (газды) плита және тоңазытқыштарды пайдалану.
Орналастырудың мамандандырылған мекемелерінде орналастыу қызметінен бөлек мынадай қызметтер ұсынылады: емдеу-сауықтыру, санаторлы-курортты қызметті қызмет көрсету, туристік, спорттық және т.б.