Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эльмира дипломдык жумыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.66 Кб
Скачать

1.2 Қонақ үй классификациясы

Біздің елде қонақ үй сертификациясымен оларға жұлдыздық деңгей беру жүйесі 1994 ж. Ресей Федерациясының Мемлекеттік стандартымен бекітілген ресейлік «қонақ үй жіктелуі» қаулысы бойынша жүргізіледі. Нормалармен ережелердің ескеруінен бе, жоқ әлде біздің сертификат беретін орындардың белгіленген ереже тәртібін түсінбеуінен бе, әйтеуір Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды «ағайындарына» қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады. Мысалы, оңтүстік астанамызда 4 жұлдызды қонақ үйіміз төртеу: «Қазақстан», «Достық», «Отырар», «Ambassador». Сонымен қатар 3 жұлдызды 11 қонақ үй бар. Олардың ішінде «Алматы», «Премьер-Алатау», «Премьер Интернейшнл Медеу», «Пекин», «Каргалинск» отель-санаториі, «КазЖол», «Астана Интернейшнл Отелі» және т.б. Осындағы «Астана» сияқты қонақ үйлер қалаға жетіспеуде. Дәлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет. Дегенмен қонақ үйлердің түрлі бағытта жұмыс жасауы қуандырарлық жағдай, бірақ осы саладағы ғимараттар өз жұлдызына сай қызмет көрсеткені абзал. Жібек Жолы компаниясының қарамағындағы «Жетісу» қонақ үйінің басшылары Қазақстанға, әсіресе Алматыға комфотабельді, әрі қазіргі заманға сай 4 жұлдызды отель жетіспейді деп есептеуде. Жібек Жолы компаниясының менеджері Санжар Бейсембаев: Біздің қонақ үйге 3 жұлдыз деңгецін береді, бірақ әрине біз ондай сатыға әлі көтеріле қойған жоқпыз. Көп дегенде 2 немесе одан да төмен жұлдызда шығармыз. Бірақ дегенмен де, біздің қонақ үй орналасқан жер 4-5 жұлдыз деңгейіне сай болуға иетрмелегендіктен, біз инвесторлармен келіссөз жүргізіп қонақ үйді реконструкциядан өткізуге дайындалудамыз. Ғимараттың фасадын жаңартып, оны европалық стандарттарға сай етіп және нөмірлерді қайта күрделі жөндеуден өткізе отырып, біз қонақ үйдегі төменгі бағаны сақтап қалмақшымыз. Еліміздегі дүние жүзілік тізбектегі 5 жұлдызды отельдер жоғары бағасымен келетін аз туристерден шығынын өтеп алады. Жаңадан өңделген қонақ үйдің шындығында да өз деңгейіне де сай болуын ескерсек, ойлары жаман емес сияқты. Ең бастысы қонақ үй обьектілерінің жұлдызын арттырмаған дұрыс. Себебеі елімізге келіп қонақ үйде түнеген және ондағы қызметтен түңілген турист не сол отельде енді ешқашан тоқтамайды, не ең жаманы біздің елге қайта келмеуге тырысады.

Туристік қонақ үй типіндегі қонақ үйлерді таңдап алу бірнеше факторларға байланысты. Олар функционалды және экономикалық, архитектуралық шарттарға тікелей байланысты.

Архитектуралық-болжамдалған туристік қонақ үй мекемесі туристерге мынадай шарттармен қамтамасыз ету керек:

Жоғары дәрежелі қызмет

Туристердің барлық континентті шарттарға байланысты жағдай жасау

Қызмет түрінің жүйелігі

Қызмет көрсетуге, тамақтандыруға, спортты қызмет көрсетуге кеткен минималды шығындар

Құрылысқа және сол құрылысты жүргізуге жіберілген шығындар

Кез келген туристік мекеменің функционалды сұраныстарын айқындау кезінде, бірнеше басты классификациялық факторларға байланысты:

А) қызмет көрсетілетін континенттің, олардың жас ерекшелігіне байланысты, бос уақыттарына байланысты ерекшеленеді. Көбінше туристік қонақ үйлер туристерге көрсететеін қызметті бір ыңғайлылықпен жүргізуге әрекеттенеді.

Қонақ үй және мотельдердің жұмыс бағыты жыл бойына жоспарланады, турбазалар және приюттар – жыл бойы және жазға жоспарланады. Кемпингтер – тек жаз айында қолданылады. Турбазаларда жаз айлары кезінде туристер саны 50 % асады осыған байланысты бұл мекемелерде қосалқы палатка, үйшіктер жалға беріледі, бұл әрине олардың жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар жаз айларында туристік мекемелер орын сандарына байланысты, өртке сай іс щаралар жүргізеді;

В) туристік мекемелерде туристердің орны, сыйымдылығы мезгілдерге байланысты жоспарланады.

Қонақ үй мекемелерінде орын саны мынандай болғаны шарт

Туристік қонақ үйлерде 300, 500, 800, 1000;

Туристік базаларда 500-ден 1000;

Мотельдерде 300-ден көп емес;

Кемпингтерде 500-ден көп емес;

Туристік приюттарда 50-ден 100-ге дейін.

Туристік мекемелерде және оған қатысты жайларда орын саны және қабылданатын турист саны Мемлекеттік Азаматтар Құрылысы заңдарымен бекітіледі.

Қызмет көрсетушілер саны туристік мекемедегі орын санына байланысты қабылданады. Туристік қонақ үйлерде және мотельдерде 0,4, турбазаларда 0,35, кемпингтерде 0,15.

Туристік комплекстерде туристердің сыйымдылығы мынандай көрсеткіштерге сай болғаны жөн деп қарастырылады: теңіз маңы аудандарда 2-ден 7 мың орын; орман маңы және өзен маңы аудандарда 3-тен 5 мың орын; таулы аудандарда 2-ден 5 мың орын.

Туристік мекемелердің классификациялық белгілері жеке және тәжірибелік бағыттарға байланысты бөлінеді.

Жабдықталғандық – бұл жай ғана ыңғайлылықтың жиыны деп түсінеміз. Кеө келген заттың жоғары дәрежеде жабдықталғандығын сипаттаған кезде біз оның ыңғайлылық деңгейіне баға береміз.

Жоғары дәрежеде жабдықталу туристердің барған жерінде өзін жақсы сезіну, өзін жақсы сезіну үшін күш жігер жұмсатпау.

Жабдықталу бағамы құрылыс нормалары бойынша қонақ үйлер беске бөлінеді, онда қонақ үйлердің жұлдыз белгісі анықталады. 5 жұлдыз (*****), 4 жұлдыз (****), 3 жұлдыз (***), 2 жұлдыз (**). Мұндай құрлыс разрядтарына тек қана кемпингтер кірмейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комценнің бекіткен құрлыс нормалары бойынша қонақ үйлер үшін жеті разряд тағайындалған: «Люкс» (5*,4*,3*), «Жоғары дәрежелі А», «Жоғары дәрежелі Б» І, ІІ, ІІІ, 4. Сонымен қатар туристік кешендерді қолдану үш разрядқа бөлінеді: турбазалар, приюттар және кемпингтер: А, Б және В. Мұндағы разряд түрлері қонақ үйлердегі сияқты бір біріне сай келеді.

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлігінің келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әртүрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялауды бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы, нарық жағдайына байланысты қызмет көрсету деңгейі алуан түрлі. Жекеменшік басқару формасы жүйелігіне, тәуелділік деңгейіне де байланысты.

Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемелекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоцациясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт.

Қонақ үй классификациясы әр елдерде әртүрлі қатегорияларға бөлініп, отызға жуық атауға ие.

1, 2, 3, жұлдызды қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассортименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі. Ассортименттері мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығын бірнеше типтерге бөлуге болады.

Әртүрлі елдерде қонақ үй шаруашылығының комфорттылығына байланысты әртүрлі классификация жүйелігі қолданылады, солардың арасында кең тарағандары:

Жұлдыздық жүйе.

Жұлдыздық жүйе Францияда, Австрияда, Венгрияда, Мысырда, Қытайда, Ресейде және т.б. елдерде қолданылады.

  1. Әріптік жүйе Грецияда қолданылады

  2. Тәжілік жүйе Ұлыбританияға тән

  3. Разрядтық жүйе және т.б.

Комфорттылық деңгейі тек қана қонақ үйлердің базасының тұрмыстық жағдайына байланысты ғана емес, сонымен қатар қонақ үйдің қызмет көрсетушілерінің жұмыс сапасына да байланысты болып келеді. Бүгінгі күнде 30-дан аса әртүрлі классификациялар бар. Дүние жүзіндегі қонақ үйлерге бірдей классификацияны енгізуге мемлекеттердің тарихи мәдени дамуына байланысты кейбір факторлар әсерін тигізеді. Сонымен қатар, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, қызмет көрсету сапасына және т.б. бағалау сапасына байланысты болып келеді. Төменде әртүрлі елдердегі берілген классификацияларының ерекшеліктері қарастырылады.

Жұлдыздық жүйе. Көбінесе кездесетін қонақ үйлердің классификациясы француз ұлттық классифифкациясы болып табылады. Барлық дерлік қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұлдыздық жүйемен белгіленеді, әрбір «жұлдыздар» саны бірқатар көбейеді.

Жұлдызды қонақ үйлердің сипаттамасы мынандай:

1 жұлдызды қонақ үйлердің ғимараты ескі, 1-2 қабатты. Бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмеледрдің кіре берісі жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік түрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортақ. Бөлмелері жиһаздалмаған, 1-2 төсек орны бар, үлкен столы, орындықтары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазытқышы, радиосы жоқ; электр жүйесі ортақ; төсек орын 12 күнде 1 рет ауыстырылады. Қонақ үй бойынша кезекшілік тек қана күндіз, күзеті жоқ.

2 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған, 1-3 қабатты ғимарат. Терезелері ашылады, лоджиясы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар. Холы телевизормен және жұмсақ жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналған лифті бар.Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалаған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар, душы дәретханасымен орналасқан. Төсек орын келеген мерзімнен бастап 2 рет ауыстырылады. Климаты ыстық елдердегі қонақ үйлерде кондиционері бар, 1 қол сүртетін орамал мен сабын беріледі. Стол, тоңазытқыш, орындықтар, телевизор, қонақ үй ішіндегі телефон, қала бойынша телефон кезекшіде ғана бар. Электр жүйесі ортақ. Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асханасы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі. Қонақ үй брйынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.

3 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты бетоннан немесе кірпіштен салынған 2-7 қабатты ғимарат. Қонақ үйдегі ортақ холы едәуір үлкен, холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңғайлы жұмсақ креслолары бар. Қабаттардың бірінде тәулік бойы бар жұмыс істейді. Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген. Қабаттарында кілем төселген, жылдам лифті бар. Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады. Бөлмелер кішігірім жиһаздармен жабдықталған, стандартты жиһаз, стол мен орындықтар болмауы да мүмкін. Төсек орны бар, электр жүйесі бөлме бойынша барлығына даортақ. Терезелері ашылады, балкон мен лоджия міндетті түрде емес, қонақ үйдің қабырғалары суреттермен безендірілген, телевизор пультпен, кондиционер, тоңазытқыш, радиоаппаратура, бар (тек қана «люкс» номерлерінде) қонақ үй бойынша телефон тегін, ал қала бойынша ақылы. Душ дәретханасымен бірге орналасқан, дәретхана қағазы, орамал, сабын. Бөлмені күнделікті жинайды, төсек орын күнделікті ауыстырылып отырады. Туристтердің жеке құнды заттарына арналған сейф ұсынылады. Қонақ үйде тәулік бойы кезекшілік және күзет жүргізіледі.

4 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады. Міндетті түрде сыртқы қас бетінде қонақ үйдің аты жазылып және демеушілердің жарнамасы болуы шарт. Қонақ үйдің көп қабаттылығы 17 қабатқа дейін болуы мүмкін. Қонақ үйде жылдам лифті 3-4 кем болмауы тиіс. Қонақ үйде үлкен холы бар. Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалған, қабырғалары әдемі дизайнды, гүлдермен әсемделінген, жалпы жақсы жарықпен және радио-видео-телеаппаратуралармен жабдықталған. Қонақ үй кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді.

Бассейні қонақ үйдің қасында орналасқан және бильярд ойнайтын жері бар. Әр қабатта және холында кілем төселінген. Бөлмелері – үлкен кіре беріс жиһаздармен және толық жиһазбен жабдықталған. Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, бары бар тоңазытқыш, төсек асты кілемше, қонақ үй ішіндегі және қала бойынша телефон болады. Лоджиялар мен бассейн бар, душы дәретханасымен бірге орналасқан, 2 орамал беріледі. Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлмен күнделікті жинастырылып отырады. Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы жүргізіледі. Буклеттер, визиткалар, қала бойынша проспектілер тегін таратылады.

5 жұлдызды қонақ үйлер ғимараты қазіргі заман талабына сай, көп қабатты. Міндетті түрде сыртқа және ішкі бөлімшелері, қымбат соңғы үлгідегі құрылыс материалдарынан салынған. Кіре беріс есігінде міндетті түрде швейцар тұрады. Кіретін есіктері бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген, міндетті түрде туристердің және қонақ үйдің көліктері тұратын орын болады. Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал жабдықтар тұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады. Егер де қонақ үйдің қасында теңіз болса, онда бассейн қонақ үйдің қасынан салынады және теңізге шыға алады. Төбесі жабылған бассейн қорғалмалы қақпамен салынады. Бассейн жағалауында көптеген де столдар, тербелмелі креслолар, жатқыштар т.б. барлығы да тегін. Бұл жерде-ақ солярий болуы мүмкін. Массаж т.б. қызмет көрсету түрлері бөлек ақылы түрде жүргізіледі. Дүние жүзілік стандартқа сай, көп қабаттардың бірінде теннис корты, пинг-понг ойынына арналған корт салынады. Сонымен қатар, бильярджәне гольф ойындарына арналған залдары бар. Міндетті түрде 2 концерттік залдары; біреуі холдың қасында орналасқан, барлығына да ашық. Бұл концерттік залы едәуір үлкен, бірақ сахынасыз, түнгі бағдарламасыз, орындақсыз тегін. Екіншісі, қымбат концерттерге көрсетулерге, шоу бағдарламаларға, лекцияларға арналған және ақылы. Орталық холл өте үлкен: қабырғалардың дизайны, жиһазы, жарықпен қамтамасыз етілуі жақсы ойластырылған. Қонақ үйдің тұрғындары үшін би кештері тегін, әрбір қабатта барлар тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлменің электронды карточкалары беріледі. Үлкен коридор, кіре беріс және номерлер дыбыстарқыш жүйесімен жабдықталған. Бөлмелерде әдемі кілемдер мен төсек асты кілемшелері төселеген. Ванна, душ, дәретхана, 3 орамал, бөлмеге киетін аяқ киім, халат, тіс пастасысы, сабынсу – әрбір бөлмеде міндетті түрде бар. Номерлер қымбат жиһаздармен жабдықталған. Теле-бейнеаппаратуралары, тоңазытқыш, кондиционер, телефон, сейф – дүние жүзінде ең жақсы деген фирмалардың өнімдері осы қонақ үйлерде бар. Кезекшілік пен күзет қонақ үйде тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлмені жинау мен төсек орын ауыстыру күнделікті. Ал «люкс» номерлерінде бөлмені жинау және төсек орын ауыстыру қонақтың сұрауы бойынша жүргізіледі.

Әр елдердегі қонақ үй жүйелігіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей:

Австрия мемлекеті қонақ үйлері 5 жұлдызды Европа қонақ үй жүйесіне жатады. Ауылды елді мекендерде кішігірім қонақ үйлер категориясыз ең арзан орналасу және түнеу орны болып саналады.

Ұлыбритания қонақ үйлері өте жиі тараған қонақ үй классификация жүйесіндегі тәжі немесе кілт сипатында болып келеді. Европа елдеріндегі қонақ үйлерге қарағанда тәжі жұлдыздық жүйеліктен бір сан жоғары болып есептелінеді. Сонымен қатар, мұнда Британдық Туристік Агенттілікклассификациясы жиі пайдаланылады.Бұл қонақ үй бағасына байланысты әдемі, арнайы туристік топтарға арналып жасақталған қонақ жай орындары.

Аргентина қонақ үйлері ұлттық жүйеге енген. Бес жұлдыздық категорияға сай мынандай бес категория белгілері енгізілген.

«Т» - туристік класс. Ол екі жұлдыздық қонақ үй болып есептелінеді.

«Ғ» - бірінші класс. Бұл үш жұлдызды қонақ үй деп есептелінеді.

«ҒS» - супер класс. Суперкласс – төрт жұлдызды қонақ үйге сай келеді.

«L» - люкс, «DL» - өте жайлы ең жоғарғы қонақ үй категориясы болып бес жұлдызбен тең.

Германия қонақ үйлерінің жүйелігі мемлекеттік бес жұлдызды белгіге ие. Орналастыру тәртібінің іс шаралары; қонақ үйлер, курортты, қонақ жай мекемелері, отель пансиондар және отель-гарнн деп аталады. Осылар орта ауқатты демалушыларға арналған.

Греция мемлекеті қонақ үйлеріне әріппен белгілеу негізге алынған. Олар төрт категорияға жатады. Жоғары, сапалы қонақ үйге «DL», ал бесжұлдызға сай – А, үш жұлдызға – В, екі жұлдызға – С, бір жұлдызды – Д әрпімен белгіленген. Сонымен қатар қарапайым орналастыру орындарына кішігірім аппартаменттер, жеке пәтер үйлер және қонақтарға арналған орындар. Олар негізінен әуежай, автобекет, теміржол бекеттері, порттар маңында шоғырланған.

Египет жерінде бес жұлдызды жүйелік барлық қонақ үйлерге тән. Бірақ кез келген қонақ үйлер жұлодыздары Европа елдеріндегі қонақ үй жұлдыздарына 1 не 2 жұлдызға артығырақ көрсетілген. Европадағы екі жұлдызды қонақ үй қызметі Египеттегі төрт жұлдызды қонақ үйге тән.

Испания категориялық деңгейі жұлдызды болып келегн. Қонақ үйлердің топтарының ерекшеліктері бар. Қонақ үйлерге арналған жұлдыздық жүйелік 1-5 жұлдызға дейін белгіленген. Бургало, жеке аппартаменттер 1-4 жұлдызды белгілерге сай қызмет көрсетеді. Пансиондар мен қонақтарға арналған жайлар 1-3 жұлдызды категорияға сай жұмыс істейді. Өте қарапайым орналастыру орындар 1-2 жұлдызды болып келеді.

Италия қонақ үйлері Еуропа қонақ үй белгілерінің үлгілеріне сай, үш категориядан тұрады. Бірінші категория – 4-5 жұлдызды қонақ үйлері біріктіреді. Екінші категория үш жұлдызды қонақ үйге, үшінші категорияға екі-бір жұлдызды қонақ үйлерді топтастырады.

Қытай республикасында жұлдызды классификациядан қарапайым қонақ үйлерден бастап 5 жұлдызды комфортты қонақ үйлер кешендерін кездестіруге болады. Өте арзан тұраққа хостельдер жатады. Студенттік жатақханаға сай қонақ үйлер көптеп тараған.

Мальдив аралдары қонақ үйлері өте жайлы, жоғарғы сапалы қызмет көрсете алады. Ең жоғарғысы «Стандарт» ауқатты демалушыларға арналған. «DL» қонақ үйлер орта ауқатты адамдарға арналса, «Балалар кешені» жанұялық топтарға арналған арнайы тұрақтар.

Мальдив жері туристік рекреациялық аймақ болғандықтан лауазымды адамдарға арналға «Президенттік кешен» деп аталатын қонақ үйлерді де кездестіреміз.

Мальта мемлекетінің қонақ үйлері бес жұлдызды классификациялық жүйе жаңа ұлттық құрылымды ендірген кезде сақтала отырыполарды үш категорияға бөледі:

1 категория «Алтын»

2 категория «Күміс»

3 категория «Қола»

Мексикада бес жұлдызды классификациялық жүйелік Европаға ұқсас. Кластың деңгейі бірнеше критерий негізінде ерекшелінген. Олардың саны 52-108 дейін. Сонымен қатар бесжұлдыздан да жоғары категория «Гранд туристо» - деп аталады.

Біріккен Араб әмірлігіндегі қонақ үйлер бес жұлдызды классификацияға жатады. Сонымен қатар, жекеленген вилла, аппартаменттер өте көп кездеседі. Оған себеп климаттық т.б. жағдайлар. Қала шетінде категориясыз жататын орынды қонақ үйлер кездеседі. Онда негізінен өндіріс жұмысшылары және әртүрлі сала қызметкерлері тұрады.

Ресей Федкрациясында бес жұлдызды қонақ үйлер 1995 жылдан бастап пайда болды. Ресейдің ұлттық қонақ үйлер ассоциациясына қабылдануымен тікелей байланысты. Қазірде Кеңестік кезеңнен қалған разрядтық қонақ үйлер әлі сақталған.

Франция қонақ үйлері жұлдызды жүйеде болуы тарихи аспектіге ие. Ең алғаг жұлдыз жүйелігіне көшкен Француздар болып табылады. Сондықтан мұнда барлық қонақ үйлер толығымен жұлдыздық бірлікке енгізілген.