
- •1 Қонақ үй шаруашылығы
- •Қонақ үй шаруашылығының тарихы
- •1.2 Қонақ үй классификациясы
- •2. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
- •2.1 Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
- •2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
- •2.3 Қонақ үйдегі қызмет көрсету және оның спецификасы
- •1.4 Қонақ үйдегі тамақтануды ұйымдастыру.
- •3 Туристерді орналастыру индустриясы
- •3.1 Туристерді орналастыру мекемелерінің классификациясы
- •3.2 Орналастыру құралы ретінде қонақ үй түрлерінің классификациясы
- •3.2 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы.
- •Қорытынды
- •Қосымша б
- •Қосымша д Сызбанұсқа-1. «Достық» қонақ үйінің номерлер құны
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе
1. Қонақ үй шаруашылығы
1.1Қонақ үй шаруашылығының тарихы
1.2 Қонақ үй классификациясы
1.3 Дүние жүзінде қонақ үй шаруашылығының даму тенденциясы
2. Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
2.1 Қонақ үйдегі номерлерді брондау және қонақтарды тіркеу мен орналастыру тәртібі
2.2 Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар
2.3 Қонақ үйдегі қызмет көрсету және оның спецификасы
2.4 Қонақ үйдегі тамақтануды ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
3.1 Орналастыру құралдарының халықаралық классификациясы
3.2 Шымкент қаласының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Халықаралық туризм – бұл әлемдік және ішкі нарықтың сараптаушысы және кез келген мемлекеттің қазынасына пайда түсіретін басты сала.
Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемелекеттер туризмнің дамуы үшін туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда. Бірақ кейбір мемелекеттерде туризмнің потенциалды көрсеткіші экономикалық ресурстарға байланысты төмен. Себебі бұл мемелекеттердегі туристік индустрияның салалары халықаралық стандарттарға сай емес. Осы себептердің бірі, біздің қонақ үйлер әлемдік стандарттарға сай дәрежеде туристерді қабылдай алмауда. Басты мәселе қонақ үй орындарының аздығында. Қонақ үйлердің жағдайы жоғары дәрежелі моральды және жеке көзқарастар бойынша дамушы мемелекеттерде қонақ үй бөлімдерінің жағдайының төмендігі көрсетіледі, бұл қызмет түрінің шектеулігі, тозған ескі техникамен сипатталады.
Дамушы мемелекеттерде осындай жетілмеген бұл туризм саласын дамыту үшін қазіргі қонақ үй нарығын зерттеу, қонақ үйдегі қызмет түрлерін арттыру, басқа дамыған мемелекеттермен өз жағдайымызды салыстыру қажет болып отыр.
Қонақ үй саласын дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жету үшін осы салада қызмет ететін мамандардың білім сапасын, қызмет түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы саладағы қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үй ішінде адам өзін жақсы сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта –қайта келу тілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қонақ үй шаруашылығындағы орналастыру құралының өзектілігі туристерді уақытша түнеу мен оған кіретін қызметтерді жоғары сапамен қамтамасыз ету.
Орналастыру дегеніміз – келуші туристерді үймен немесе қонатын жермен қамтамасыз ету. Орналастыру туризмнің ең маңызды элементі болып табылады. Орналастырудың жүйесі мен құралы - әр түрлі сервис деңгейіне байланысты келушілерді уақытша түнеу орнымен қамтамасыз етуді ұймдастыратын және оларды қабылдауда ғимараттардың пайдаланатын ғимарат түрлері өте көп, оларды клиенттің өздері қалауы бойынша таңдайды. Мысалыға, әр клиенттің талғамы әр түрлі, жоғары деңгейлі комфортты қалайтын турист жоғары категориялы қонақ үйді таңдайды, ал студенттер немесе оқушылар пансионаттар мен жатақханаларды қанағат тұтынады деген сияқты орналастырудың қазіргі заманғы түрлері өте көп.
Қазіргі заманғы қонақ үйлер туристерге комфортабельді түрде түнейтін, орын беру және қосымша қызметтермен қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сондай-ақ олардың корпустары көп функционалды құрылыс және техникалық күрделілігі жоғары деңгей түрінде болуы керек. Сол себепті қонақ үйді салу кезіндегі басты назарда болатын міндеттемелерге тоқталып кетемін.
Орналастырудың қонақ үй шаруашылығында қандай ролі бар екендігін анықтау мақсатында дипломдық жұмыс жазылып жатыр.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жалпы орналасудың не екендігін түсіндіру мен қазіргі заманғы орналастырудың даму тенденцияларын анықтау. Орналастыруда инструкция өте үлкен роль ойнайды. Туристерді дұрыс орналастыру үшін ең алдымен орналастыру инструкциясын білу керек. Орналастыру мекемелерінің қазіргі заманғы классификациясының қазіргі деңгейі қарастырылады. Орналастыру мекемелеріне қойылатын жалпы талаптар туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Қонақ үйлердегі қызмет түрлерін ұйымдастыру оның құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, номерлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т.б. факторларға қатысты. Қонақ үй жағдайында қызмет түрлерінің ортақ моделі кездеспейді. Олар әр түрлі қонақ үй статусына тікелей қатысты. Қонақ үй бизнесіндегі басқару жүйесі, нарық жағдайына икемделген, қарапайым, қызмет алушыларға жағымды болуы шарт. Сонымен қатар зерттеу тәсілдері орналастыру инструкциясын қалай басқарады, қонақтарды күтіп алып, регистрация жасау мен орналастыру процесі қалай жүзеге асырылатыны туралы, қонақтардың орналасуына номерлерді қалай дайындау керектігі жайлы ақпараттар және қонақ үй индустрия нарығының қонақ үй қызметінің негізгі бөлігін кімдер көбірек тұтынатыны жайлы жазылады.
Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен бөліп қарастыру мүмкін емес.
1 Қонақ үй шаруашылығы
Қонақ үй шаруашылығының тарихы
Әлемдік қонақ үй индустрияның негізгі кезеңдеріне шолу жасайтын болсақ, саяхатта жүрген адамдарға қызмет көрсету алғашқы қонақ үйлер (Керуен сарайлар) б.э.д 2000 жыл бұрын көне шығыс елдерінде кең таралған.
Ежелгі Греция, ертедегі Рим кезеңінен бастап әртістерге, кубелерге, саяхатшыларға арналған ертедегі қонақ үй түрлері: хаинны, инны, пошта бекеттері т.б. болып саналған. Жоғарыдағы қонақ үйлер қазіргі қонақ үй функцияларына ұқсас қызмет түрлерін көрсеткен.
Сол замандағы негізгі көлік ретінде аттарды пайдалану, ат қаоршаулары мен тұрақтар болуымен қатар адамдар тынығуға арналған, ас ішетін бөлмелерден тұрған. Ал Орта ғасырларда саяхатшыларға арналған бұл кешендерге әжептәуір өзгерістер енгізілген. Қосымша театр сахналары пайда болған. Қонақ үй иелері өз жанұясымен, құлдары мен қызметшілері келген қонақтарға қызмет көрсеткен. Олардың қызмет көрсету деңгейі жоғары сапалы көлемді қызмет көрсетумен ерекшеленген.
Ерте ғасырларда Ресей, Еуропалық бөліктегі ТМД елдерінде және Жібек жолы бойындағы қалаларда атпен серуендеушілердің, саудагерлердің, пошта т.б. мемелекеттік қызметкерлердің жол бойында тынығуға, тамақтануға ыңғайлы керуен сарайлардан басқа, пошта станцияларының салынуы, қонақ үй аулаларының трактирлер құрылысы пайда болып, 1818ж. Өзінде Мәскеу қаласында 7 қонақ үй жұмыс істеген. Оған дейінгі кезеңде көрші мемлекеттерден келген шет елдік қонақтарға арналған демалатын, тамақтанатын орындар болған,
Олар «армяндық», «ағылшындық», «гректік», «голандық» т.б. болып аталған, құрылымында шағын сауда сөрелері, кішігірім дүкендер, зат сақтайтын қоймалар т.б. қызмет көрсетуге арналған нысандар болған. Калуга каласында көненің көзі ретінде қазірге дейін сақталып туристік экскурсиялық нысан құрайды.
1878 ж. Мәскеуде бес қабатты ең ірі қонақ үй және мейрамханамен ашыла отырып «Үлкен Мәскеу» серіктестігі болып аталған.
1890 жылдары «Европа», «Центральный» қонақ үйлерінде «Люкс» нөмірлері ашылды. Кейінірек «Балчуг», «Метрополь» іргетасы қаланған болатын.
1910 жылдары Ресей жерінде 4685 қонақ үйлері пайда болған екен, Бұлардан басқа кішігірім демалыс тамақтану орындарын есептемегенде.
Қазақстан қонақжайлылығының қалыптасуының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қонымтардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты. Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырларына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік. Олар керуен жолының бойындағы қалалардан немесе елді мекендерден шатыр құрып түнейтін болған. Сондықтан, олар ерте кезеңдердегі қонақ үй кешені болып керуен сарайлар деген атауға ие болған. Керуен сарайлар керуеннің тұрғылықты және сату ауласы болып табылса керек. Сол ғасырларда қолайлы қызмет көрсету ұғымы Азияда Еуропаға қарағанда әлдеқайда ілгері болғанымен де, шығыстағы керуен сарайлар ақша табу мақсатында емес, саяхатшының демалысы мен саудасын дамыту мақсатында салынғаны тарих арқылы белгілі. Бірақ 13-ші ғасырдың басы болашақ Алматымен жалпы Жетісу аймағына қай салада болсын үлкен төңкеріс әкелді. Моңғол шапқаншылығы елдің экономикасына ғана емес, қала мәдениетіне де кері ықпалын тигізді. Ұлы Жібек жолы маңындағы қалалардың күйреуі сауда және керуен жолдарының әлсіреуіне әкелсе, ол өз алдына сол кезеңдегі енді өркендеп келе жатқан керуен сарайларының еріксіз өз жұмысын тоқтатуына әкеп соқты. Алайда саудамен көлік жолдарының қайта өркендеп дамуы Ақсақ Темірдің билеу кезеңінде басталады. Соғыс қимылдары алаңының өркендеуіне байланысты елдер жаңа жолдар салып, жаңа қалалардың ашылуы халықаралық қатынасты дамыта түсті. Мұның өзі жаңа қонақ жайларын ашуды міндеттенеді. Тарихтың келесі беттері 15 қасырдың аяғымен 16 ғасырдың кезеңіндегі қонақ үй тұрақтарының жайы.
Осыншама артқа тастаған Қазақстанда қазір 160-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе, оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында орналасқан.
Қонақ үй индустриясының даму тарихы әлемдік адамзат өркениетінің даму тарихымен тұспа тұс келеді.
Еуропа, Азия дүние бөліктеріндегі ірі империалдардың құлауы. Жібек жолы бойындағы қалалардың күйреуі, соғыс әрекеттері, қонақ үй кәсіпшілігіне тоқырау алып келді.
17-19 өндірістік революция, су жолының дамуы дүниежүзілік қонақ үй шаруашылығының қалыптасуына өзіндік үлесін тигізді. 20 ғасырдағы қонақ үй индустриясының ерте кезден бастап 20 ғасырдың соңына дейінгі даму этаптарының негізгі сипаты төмендегідей.
Б.Э. дейінгі ІІ-І мыңжылдық аралығында Ассирия кезінде керуен сарайлар мен алғашқы адамдар демалатын үйлердің саяхатшыларға уақытша тұруына арналып салына басталды. Осы уақытта Шығыс елдерінде, көне Грецияда, Крит аралдарында да керуен сарайлардың ашылғандығы белгілі. Б.Э. дейінгі І мыңжылдықтың Ежелгі Грек жерінде қонақ үйлердің үш типі қалыптасқан; жекеменшік аулалар (кататоталар), мемелекет құзырындағы аулалар (пандокен), ұйықтайтын бөлмелері бар таверналар (тамақ ішетін орындар)
Б.Э. дейінгі 6 ғасырдағы – б. Эрамыздың І ғасырында Ежелгі Рим территориясында жол бойында көне қалаларда көптеген жатын үйлер мен таверналар салынған. Оларды пайдаланушылар саяхатшылармен қатар, мемелекеттік шенеуніктер, саудагерлер, кезбелер, т.б. болып Рим империясындағы пошта байланысының қалыптасуына байланысты мемелекеттік заңға байланысты 70-100 шақырым ат шабыс аралық бекеттерінің ашылуы таверна, қонақ үйлердің дамуына себеп болды. Рим империясының күйреуі, заманында жағарыдағы пайда болған кешендер бұзылып қирауға ұшырады.
Орта ғасыр (5-8 ғ.) заманында Еуропа мен Шығыс елдерінде сауда мен саяхаттың қайта жандануына орай орналастыру мен тамақтану қызмет көрсету саласы дамудың жаңа жолдарына бағытталды. Европалық монастырларда арнайлаы қонақжайлық орындар пайда болды. Бұл кешендердің бірінші қабатында ас ішетін орын және атқора, шаруашылық, қызметшілерге арналған бөлмелермен жабдыөталса, ал жоғарғы қабатында жататын бөлмелер төбесі жабық арнайы театрлық көріністерге арналған орындар болған.
Қайта өрлеу заманында Еуропа дүние бөлігінде кәсіпкершіліктің дамуы, ат жегілген тарантас, көлік құрылысының пайда болуы қонақтар тоқтайтын аулалар орындарының көбеюіне септігін тигізді. Еуропа елдеріндегі мемелекеттердің экономикалық және саяси байланысының дамуы барысында қонақ үй шаруашылығы қарқынды дамуы байқалады. 17-18 ғ. Америка континентіне Европалықтардың келуіне орай Европалық типтегі қонақ үйлер пайда бола бастады. Алғашқы 70 бөлмелі қонақ үй «СитиОтель» Нью-Йорк қаласында 1794 ж. Салынған. 18-19 ғ. Бас кезеңінде тек саяхатшыларға арналған орта және үлкен қонақ үйлер пайда болды. Оның ең үлкені 170 бөлмелі «Тремонт отелі» 1829 ж. Бостон қаласында іргетасын көтерген.
19 ғ. Европа мен Америкада өндірістік революция нәтижесінде көлік түрлерінің пайда болуы (пороход, паровоз) туризмнің дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Нәтижесінде теңіз жағалауында, темір жол бойында қонақ үй құрылысы пайда болды. Қонақ үй компаниялары, корпорациялары, синдикаттардың бизнесмендерге, комерсанттарға және көшіп келушілерге арналған қонақ үй қызметі ұсынылды.
20 ғасырдың бас кезінде қонақ үй құрылысы, шаруашылығында жаңа идеялар, тұжырымдамалар, қонақ үй синдткаттары (Лондонда) қонақ үй иелерінің одағы (Париж) 1906 ж. Құрылған қонақ үй иелерінің халықаралық қонақ үй одағы, дүние жүзінің 1700 қонақ үйлерінің басын біріктірген. Осы мезгілде Европа қонақ үйлерінде керуендер, конференциялар, ойын сауық кештері ұйымдастырылған казино, мейрамханалар пайда болған 20 ғ. 20 жылдарында қонақ үй бизнесіндегі Конрад Хилтон үлесіне тоқталып өткен орынды.
1930 жылдардағы қонақ үй шаруашылығының «Ұлы күйзеліс» өзіндік ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңі де өз септігін тигізді.
1950-1960 жылдары көлік тасымалдау түрлерінің өркендеуі, соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың тұрақталуы, әлеуметтік экономикалық жағдайдың ретке келуі дүние жүзінде қонақ үй шаруашылығының қайта жандануына ықпалын тигізді. Қонақ үйлердің жаңа типтері мотель, отель, кемпинг т.б. пайда болуы және курортты қалаларда демалыс қонақ үйлер салына бастады. Әуежай, жол бойы қонақ үйлері олардың құрамында тамақтану, көңіл көтеру орындары қалыптасты. Адамдардың бос уақытта пайдалану мүмкіншіліктерінің артуына байланысты емдік сауықтыру курорттары белгіленген аймақтарда пайда болды.
ДТҰ мәліметі бойынша 17 млн. Адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ірілері «Шератон», «Мариотт», «Рамада», «Редиссон» қонақ үй класстарына орай «Апартамент», «Кондоминнимум» түрлері пайда болды.
20 ғасырдың 90-шы жылдарында экономикалық күйзелістерге байланысты қонақ үй шаруашылығының дамуының тежелгендігі байқалады.
Отельдердің мамандандырылуы, супер және экзотикалық түрлерінің шыққанын байқаймыз, Қонақ үй шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамалары зор ізденіс бағытта жүргізілді. Шығыс Азия және Тынық мұхит секторында қонақ үй шаруашылығы құрылысы жаңа технологияны пайдаланды.
2000 жылдары жекеменшілік, шағын әртүрлі типтегі қонақ үйлер қалыптасуы нарықтық жағдайда өтуде.
Кеңестер дәуірінде бұрынғы жекеменшік қонақ үйлер мемелекеттік коммуналдық жұйеге көше отырып, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Москва және Ресейдің 669 қалаларда қонақ үйлер салынды. Қонақ үй бизнесінің тоқырауы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде байқалды.
1980 э. Олимпиада ойындары қарсаңында «Космос», «Измаилово», «Севастополь», «Спорт», «Международная» т.б. қонақ үй жұмысы жанданды.
1990 ж. Қонақ үй шаруашылығы күйзелісі Кеңестер ожағының ыдырауы, жекешелендіру, басқа салаға, офистік ойын-сауық орталықтарына көшу тенденциясы байқалады.
Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей, бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. 19 ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын, жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол тарихи жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттерді, қонақ үй шатырларын айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 ж. Алматы қаласында алғашқы «Еуропаң қонақ үйінің салынуына әкеп соқты.
Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған – 45,8%, ішкі туризм бойынша – 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады.
Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді.
Алматының Еуразия орталығы ретіндегі деңгейі өсуде, сонымен қалада көптеген самиттер, халықаралық конференциялар, семинарлар, көрмелер, яғни конгресті және іскер туризмді дамытуға әсерін тигізетінбірнеше бас қосулар өткізіледі. Конгресті туризмнің де өз маусымдылығы бар, ол көктем күз айларына келеді. Қысқы әсіресе жазғы кезде бизнес туризмдердің жұмыс белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар Қазақстанға іскерлік мақсатпен келетін туристердің арасындағы түрлі деңгейдегі қонақтар бар. Бірақ іскер адамдармен бизнес туристердің қонақ үй мен отельдерге деген нақты талаптары бар – ол сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай әрі комфортабельді орналастыру орындары болуы керек. Ал 5 жұлдызды қонақ үйге келетін болсақ, онда қонақ үй бизнесі мамандардың айтуынша, бір орында нөмірге тәулігіне 290 доллар төлейтін туристердің арқасында Алматыдағы әлемдік құрылымдағы The Rejent Ankara және Hyatt Rejency қонақ үйлері Қазақстанға жетіп жатыр. Бірақ алғашқы бекітілген баға көп жағдайда қалыпта баға болып саналмайды да, номерлер түрлі жеңілдіктер бойынша да өткізілуі мүмкін. Ол жеңілдіктер, мысалы: корпоративті клиенттерге немесе отельмен бірге жұмыс жасайтын туристік операторларға берілуі мүмкін. Көрсетілетін жеңілдіктер орасан зор болуы да ықтимал: кейбір тур фирмалар Алматының 5 жұлдызды қонақ үйінің бір орынды номерін прайста көрсетілген бағадан 30% түсіреді. Бірақ The Rejent Ankara немесе Hyatt Rejency деңгейлес қонақ үйлердің мейрамханалардың, түнгі клубтардың, казино, фитнес орталықтарының, конференц залдарының болуы салдарынан. Аталмыш орындар жергілікті компаниялардың презентация, семинар немесе пресс конференцияларды ұйымдастыруында белсенді түрде жалға алынуда. Кейбір деректерге сүйенсек қонақ үйлердің негізгі жұмысы емес, осындай қосалқы қызметтері олардың нарық алаңында қалуын қамтамасыз етеді. Бірақ басқа да көзқарастың барлығын да мойындау керек. Мысалы «Отырар» қонақ үй кешенінің директоры Назигүл Шорманованың айтуынша қонақ үйдің негізгі кірісі оның басты жұмысынан ғана келеді. Ал ғимарат ішінде казино, түнгі клуб, мейрамхана, авиакасса және т.б. болуын тек туристердің ұсынысынан туындағанын айтып түсіндіреді.
Бірақ «Отырар тек 4 жұлдызды қонақ үй екендігін» ескерсек, оның жұмыс спецификасының да біраз өзгеше өтетіндігін түсінеміз. Қалай дегенмен де қосалқы қызметі бар қонақ үйлердің кірісі, ондай қызметсіз қонақ үйлерге қарағанда жоғары екендігін статистика көрсетіп отыр. Яғни қонақ үйдің қосымша қызмет көрсетуі биік сұранысқа ие. Айта кететін бір жағдай: 5 жұлдызды қонақ үйде тұру кезінде жоғарыдағы қосымша қызметтер бағасы номер бағасымен бірігіп кетеді (бассейнге түсу, фитнес орталығында, түнгі клубта болу, саунаға кіру т.б.). Бірақ елімізге келушілердің барлығы да фирмадағы жұмыс орнына байланысты, 5 жұлдызды қонақ үйде бола алмауы мүмкін. Осылайша Қазақстан шетелдік қонақтарға тағы не ұсына алады деген орынды сұрақ туындайды.