
- •Туризм географиясы
- •Isbn 9965-29-761-4
- •Рекреациялық географияның теориялық негіздері
- •§ 1 Рекреациялық географияның негізгі түсініктері
- •§ 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәні және негізгі функциялары
- •§ 3 Рекреациялық қажеттіліктер – рекреациялық іс-әрекеттің кеңістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі
- •§ 4 Рекреациялық іс-әрекет, оның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.
- •Рекреациялық шаралардың типологиясы
- •§ 5 Рекреациялықсаланың территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторлары
- •§ 6 Рекреациялық география - жаңа қоғамдық-географиялық ғылым
- •§ 7 Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері
- •Туризм географиясының теориялық негіздері
- •§ 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы
- •§ 2 Туризмнің даму тарихы
- •§ 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу
- •§ 4 Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері
- •§ 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні
- •§ 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері
- •§ 7 Туризм географиясының географиялық және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны
- •§ 8 Қазіргі туризм классификациясы
- •Рекреациялықбаға беру жәнеаумақты рекреация үшін пайдалану. Туристік аудандастырудың негіздері
- •§ 1 Туризм дамуының табиғи алғышарттары
- •§ 2 Туризм дамуыньщ әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •§ 3 Туристік-рекреациялық ресурстар
- •§4 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі мен критерийлері
- •§ 5 Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері
- •§ 6 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау
- •§ 7 Демалыс пен туризм мақсатында территорияны аудандастыру. Туристік аудан, оның ерекшеліктері
- •Туризм - халық шаруашылығыныңсаласы
- •§ 1 Туризм - қоғамдық-шаруашылық жүйе
- •Туризмнің экономикалық маңызы (с. Водейко,1997)
- •§ 2 Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс
- •§ 3 Туристік шаруашылық
- •§ 4 Туризм индустриясы және туристік нарық
- •§ 5 Туристерге көрсетілетін қызмет сапасының мәні мен маңызы
- •§ 6 Туризм менеджменті
- •§ 7 Туризм маркетингі
- •§ 8 Туристік қызметтер нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеу
- •§ 1 Халықаралық туризм - сыртқы экономикалық қатынастар түрі
- •§ 2 Шетел туризмінің экономикалық дамуына жасайтын әсері
- •§ 3 Халықаралық туризм дамуыныңнегізгі факторлары мен шарттары
- •§ 4 Қазіргі халықаралық туризм статистикасы
- •§ 5 Халықаралық туризм дамуының қазіргі тенденциялары
- •§ 6 Әлемдік халықаралық туризм географиясы
- •Туризмнен түсетін пайда бойынша алдыңғы катардағы он ел (2009 ж. Халықаралық туристік түсімдер)
- •§ 7 Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуындағы рөлі
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазм¥ны
- •Туризм географиясы "Туризмология негіздері" пәні бойынша оку кұралы
- •050040, Алматы каласы, эл-Фараби даңғылы, 71.
§ 6 Әлемдік халықаралық туризм географиясы
Көптеген жағымсыз факторларға, мысалы, саяси және экономикалық тұрақсыздық, ланкестіктің өршуі сияқты жағдайларға қарамастан, соғыстан кейінгі халықаралық туризм экономиканың сенімді де мықты түріне айналды.Әдетте экономикалық тоқырау кездерінде сұраныс не бұрынгы қалпында қалған, не экономиканың сауығанынан кейін бұрынгы деңгейіне жеткен. Бірақ бұл үрдіс барлық туристік орталықтары арасында бірдей түрде байқалмайды. Кейбір орталықтар сэннен шығып кеткенінен немесе туристердің қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ете алмағанынан ұмытылып кетті.
ЮНВТО өткізген әлемдік туризмнің зерттеуі халықаралық туризміндегі ойдағыдай өзгерістерді анықтады. Еуропаға 1985-1996 ж. келген туристер санының үлесі 65-тен 59% дейін, ал түскен табыс 53-тен 51% дейін төмендесе, дәлосы уақытта Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймағының (ШАТ) елдерінде бұл көрсеткіштер әлдеқайда өсті: 9-дан 15% дейін және 11-ден 19,5% дейін. 1950-1960 ж. жалпы әлемдік келулеріндегі осы аймақтың үлесі бір-ақ пайыз болған, 1970 ж. 3% жетті, 1980 ж. - 7, 1990 ж. - 11, 1996 ж. -15% болды. Халықаралық туризмнен түскен ақша үлесі де үнемі өсуде: 1950 ж. - 1,4%, 1960 ж. - 2,8, 1970 ж. - 6,2, 1980 ж. - 7,3, 1996 ж. -19,5% жетті. Бұл көрсеткіштер Аустралия, Гонконг, Индонезия, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты елдердің туризм саласының қарқынды жәнетұрақты дамуын суреттейді.
Африка, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның халықаралық туризмдегі 50-90-шы жылдарындағы үлесі шамалы болтан, бірақ өзгеріп тұрды. Бұл аймақтар Еуропа, Солтүстік Америка, ШАТаймақтарымен шетел қонақтарының келуі бойынша да, халықаралық туризмнен түсетін пайдасы бойынша да бэсекелесе алмайды. Мұныңастары экономикалық проблемаларда жатыр. Осы аймақтардың туристік орталықтары туристерді шығаратын елдер үшін қызықты нарығы болып табылады. Мұнда халықаралық туризмге кері әсерн тигізетін ланкестік актілері мен соғыс шайқастары болып жүрсе де, туристер шығаратын елдердегі экономикалық қиындықтарынан осы аймақтардағы туризм одан да көп зардап шегеді.
14-кестеде ЮНВТО белгілеген алты аймақтың алдыңғы қатардағы елдер-туристік орталықтар және осы елдерге туристік ағымдарды қалыптастыратын елдер тізімі келтірілген.
Әлемдегі негізгі туристік ағымдар Еуропаның (Ұлыбританиядан Францияға, Германиядан Испанияға т.с.с), Американың (АҚШ-пен Канада арасында), ШАТ (Жапониядан Таиландка) ішінде шоғырланған.
Аймақтар арасындағы агымдардың ішінде Америка мен Еуропа арасындағы ағымдар бірінші орында. Мұның себебі - Атлантика үстінен өтетін әуе тасымалдаудың үлкен ұсынысы және бағалардың төмендеуі. Басқа негізгі бағыттар: Еуропадан ШАТ, Таяу Шығыс және Африка елдеріне; ШАТ елдерінен Америка мен Еуропаға.
90-шы жылдары жылына бір миллионная астам шетел туристерін 50 ел қабылдаган, ал 23 елге 5 миллион және одан коп турист келіп кетті. 15-кестеде келген туристердің саны бойынша алдағы он ел тізімі келтірілген.
Туризмнен түсетін пайда бойынша АҚШ, Испания, Франция, Италия жәнеҰлыбритания алдыңғы орында түр (16-кесте). ЮНВТО берген мәліметтері бойынша 2009 жылы Испания Франция мен Италиядан озып, АҚШ-тан кейін екінші орынға шықты.
ЮНВТО мәліметі бойынша, туристерді шығарушы алдыңгы қатардағы он елдің төртеуі еуропалық елдер.
14-кесте
Әлем аймақтарындағы халықаралықтуризм |
|
Аймақтын туристік орталықтары болып табьшатын елдер |
Аймақка туристерді жіберетін негізгі елдер |
Африка |
|
Тунис, Марокко, Алжир, ОАР, Ботсвана, Кения, Зимбабве, Свазиленд |
Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, АҚПІ, Испания, Швейцария, Нидерланды |
Америка |
|
АҚШ, Пуәрто-Рико, Канада, Доминикан Республикасы, Мексика, Бағам аралдары, Аргентина, Бразилия |
АҚШ, ¥лыбритания, Канада, Германия, Мексика, Франция, Жапония, Скандинавия елдері |
ШАТ* |
|
Қытай, Малайзия, Гонконг, Жапония, Таиланд, Корея, Сингапур, Аустралия |
Жапония, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Корея, Таиланд, Аустралия |
Еуропа |
|
Франция, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Германия, Венгрия, Швейцария |
Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Италия, Скандинавия елдері, АҚШ, Бельгия |
Таяу Шығыс |
|
Иордания, Египет, Сауд Арабиясы, БАӘ, Сирия, Бахрейн |
Египет, Иордания, АҚШ, Германия, ¥лыбритания, Франция |
Оңтүстік Азия |
|
Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Непал, Мальдивы, Бангладеш, Иран |
¥лыбритания, Үндістан, АҚШ, Германия, Франция, Жапония, Италия |
* ШАТ - Шығыс Азия және Тынык мұхит аймағы |
|
Дерекнама: ЮНВТО |
|
2009 ж. туристерді қабылдауы бонынша алдыңғы орындағы он ел
Ел |
Туристер саны, млн. адам |
Бүкіл әлемдегі үлесі, % |
1. Франция |
74,2 |
8,4 |
2. АҚШ |
54,9 |
6,2 |
3. Испания |
52,2 |
5,9 |
4. Қытай |
50,9 |
5,8 |
5. Италия |
43,2 |
4,9 |
6. ¥лыбритания |
28,0 |
3,2 |
7. Түркия |
25,5 |
2,9 |
8. Германия |
24,2 |
2,8 |
9. Малайзия |
23,6 |
2,7 |
10. Мексика |
21,5 |
2,4 |
Әлем бойынша барлыгы |
880 |
100 |
Дерекнама: ЮНВТО
16-кесте