Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
finance_kurs_60.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
985.6 Кб
Скачать

1.6.Кесте “astana motors” ақ – ң өтімділк коэфиценттері.

Көрсеткіштер

Нормативті мәндері

2004жыл

2005жыл

Абсолютті өтімділік коэффициенті

Кал >=0.2-0.5

0.128

0.073

Тез өтімділік коэффициенті

Ккл >=1

0,261

0,410

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

Ктл >=2

0,276

0,411

*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері

Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражаттарының айналысының орташа ұзақтығына тең кезеңде кредиттің күтілетін төлем қабілеттігін көрсетеді. Ол тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорында 2 – ге тең немесе одан көп болуы тиіс. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш те нормадан төмен.

Сонымен, “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорындағы барлық өтімділік көрсеткіштері нормативті мәндерден төмен, сәйкесінше кәсіпорын төлем қабілетсіз және қаржылық тұрақсыз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымын белгілеу бойынша әдістемелік ережелер құрамындағы төлем қабілеттілік критерийлерін қарастырайық. Осы құжатқа сәйкес баланс құрылымы 2 көрсеткіш негізінде бағаланады және қолданады: ағымдағы өтімділік коэфициенті және меншікті қаржылармен қамсыздандырылу коэфициенті. Осы құжатқа сәйкес баланс құрылымын қанағаттанарлықсыз,ал кәсіпорындарды-төлемқабілетсіз деп мойындау үшін негіз болып келесі шарттардың бірінің бар болуы табылады:

  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті есепті кезең соңында 2 ден аз мәнге ие;

  • Меншікті қаржылармен қаисыздандыру коэффициенті есепті кезеңнің аяғында 0,1-ден аз мәнге ие.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметті жүргізу және мерзімді міндеттемелерін өз уақытында өтеу үшін айналым қаражаттарымен қамсыздандырылғандығын сипаттайды. Ол кәсіпорынның айналым активтерінің нақты құнының банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар және кредиторлық қарыздар түріндегі кәсіпорынның айтарлықтай мерзімді міндеттемелеріне қатынасы ретінде анықталады.

Меншікті қаржылармен қамсыздандырылу коэффициенті кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығы үшін қажет меншікті айналым қаражаттарының бар болуын сипаттайды. Ол капитал, резервтер мен айналымнан тыс активтердің нақты құнының айналым активтерінің нақты құнының қанасымен анықталады.

“ASTANA MOTORS“ АҚ кәсіпорында ағымдағы өтімділік коэффициенті кезеңінің аяғында 0,844 құрайды, ал меншікті қаржылармен қамсыздандырылғандық коэффициенті жоқ. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні нормативтен төмен, сәйкесінше, “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорны төлемі қабілетсіз. Мұндай жағдайлар үшін 6 ай деп бекітілген кезеңде төлем қабілеттілікті қалпына келтіру коэффициентін есептеу құжатпен қарастырылады. Төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

Кв =(Ктлк + У/Т(Ктлк-Ктлн))/2 (3.1)

Мұндағы: Ктлк - ағымдағы өтімділік коэффициентінің есепті кезең соңындағы мәні.

Ктлн – ағымдағы өтімділік коэффициентінің есепті кезең басындағы мәні.

Т – есепті кезеңнің ұзақтылығы ,ай.

У – төлем қабілеттілікті қалпына келтіру кезеңі.

Кв=((0,411+6/12(0,411-0,276))/2=0,239

“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорнында төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті кезең соңында 0,239 құрады, ал 1-ге тең болатын критикалық деңгейден төмен. Қалпына келтіру коэффициенті 1-ден төмен болса, кәсіпорындарды төлемқабілетсіз, ал баланс құрылымын –қағаттанарлықсыз деп мойындау туралы шешім әлі қабылданбайды, бірақ кәсіпорын банкроттық туралы іс бойынша аймақтық басқармада ерекше есепке тіркеледі. Бірақ, кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп мойындау үшін жоғарыда қарастырылған критерийлер жеткілікті.

Іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорын өз қаражаттарын қаншалықты тиімді пайдаланатындығын талдауға мүмкіндік береді. Әдетте, бұл топқа әртүрлі айналымдылық көрсеткіштері жатады.

Айналыс көрсеткіштерінің компанияның қаржылық жағдайын бағалауда маңызы зор, себебі, қаражаттар айналымының жылдамдығы яғни, олардың ақша нысанына айналу жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тең жағдайларда қаражаттар айналымының жылдамдығының артуы кәсіпорынның өндірістік-техникалық потенциялының жоғарылауын көрсетеді.

Іскерлік белсенділіктің негізгі көрсеткіштерін есептеу 1.7 кстеде көрсетілген.

Капитал айналымдылығы коэффициенті -өнімді өткізуден түскен түсімнің баланс пассивінің барлық қортындысына қатынасы – фирманың барлық бар қаражат көздерін , олардың сипатына тәуелсіз тиімді пайдалануды сипаттайды, яғни пайда түрінде сәйкес әсер әкелетін өндіріс пен айналымның толық циклы жылына қанша рет жүргізілетінін, немесе өткізілген өнімнің қанша ақша бірлігі пассивтің әрбір ақша бірлігін әкелетіндігін көрсетеді.

“ASTANA MOTORS“ АҚ кәсіпорында 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,247, ал 2005 жылы 0,463-ке дейін өсті. Бұл коэффициент өндірістік процестің ерекшелігін көрсете отырып, салаға байланысты өзгеріп отырады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында ол өндітістік циклдің аз мерзімділігіне байланысты айтарлықтай жоғары емес. Осы көрсеткіштің өсуі капитал айналымдылығының тездетілуін көрсететін және кәсіпорын пайдасын арттыратын нәтиже ретіндегі оң фактор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]