
- •Мазмұны
- •1 Қаржы ағымдарын басқарудың теориялық аспектілері
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық ағымдарының мәні мен түрлері
- •1.2. Кәсіпорынның қаржы ағымдарын басқару
- •2 “Astana motors” ақ-ң қаржылық ағымдарын басқаруды талдау
- •2.1 “Astana motors” ақ қаржылық–экономикалық дамуы
- •2.2. Кәсіпорынның қаржылық ағымдарының құрылымы және олардың қалыптасу көздерін талдау
- •1.2 Кесте. “astana motors” ақ қаржылық ағымдарының құрылымы мен өзгеру динамикасы
- •2.3 ”Astana motors” ақ-ң қаржы ағымдарын пайдалану тиімдігін бағалау
- •1.3.Кесте “astana motors” ақ қаржылық тұрақтылық коэфиценттері.
- •1.4.Кесте. “astana motors”ақ баласының өтімдігін талдау
- •1.6.Кесте “astana motors” ақ – ң өтімділк коэфиценттері.
- •1.7.Кесте “astana motors” ақ іскерлік белсенділік коэффициенттері
- •3. ”Astana motors” ақ қаржылық ағымдарын басқаруды жетілдіру шаралары
- •1.3.Сурет. Есеп айрысу шотындағы қаражаттарының қалдығының өзгеруінің графигі.
- •1.4. Сурет. Миллер-Орр үлгісі.
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
2.3 ”Astana motors” ақ-ң қаржы ағымдарын пайдалану тиімдігін бағалау
Қаржы ағымдарын пайдалану тиімдігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтығына, өтімділігіне, төмен қабілеттігіне, іскерлік белсендігі мен рентабельдігіне әсер етеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның қаржы ағымдарын басқару тиімділігінің маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді перспективада қызметінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорын балансының құрылымын, оны кредиторлар мен инвесторларға тәуелдігінің дәрежесімен байланысты. Бірақ, кредиторларға тәуелділік дәрежесі қаржы ағымдарының меншікті және қарыз көздерінің қатынасымен ғана анықталмайды. Бұл меншікті капиталды, айналым және айналымнан тыс активтер құрамын, және зияндардың болуын немесе болмауын және тағы басқа бағалауды кіріктіретін көп қырлы түсінік.
Негізгі қорлар немесе өндірістік запастарға капитал салымын жабу үшін қаражат көздерінің өзгеру шегінің шекті мәні кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға және тұрақтылығын арттыруға әкелетін шаруашылық операцияларының ағымын басқаруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңірек бағалау қатысты шамалар болып табылатын қаржылық тұрақтылық коэфценттері көмегімен жүргізіледі. Қажетті қорытынды мәліметтер және қаржылық тұрақтылық коэфиценттерін есептеу 1.3.кестеде келтірілген.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұарқтылығын, оның қаржылық қарыздық көздерге тәуелсіздігінің сипаттамаларының маңыздыларының бірі болып баластық жалпы қорытындысындағы қаражат көздерінің үлесіне тең автономия коэфиценті табылады.
1.3.Кесте “astana motors” ақ қаржылық тұрақтылық коэфиценттері.
Көрсеткіштер |
Формуласы |
Орташа шектеу |
2004ж. |
2005ж. |
1. Автономия коэффициенті |
Ка = ЗС/СК |
Kа>=0,5 |
23,10 |
-3,77 |
2. Меншікті және қарыз қаражатттарының қатынасының коэффициенті |
Кзс = СК/ЗС |
Кзс<=1 |
0,04 |
-0,26 |
3. Мобильді және иммобилденген активтер қатынасының коэффиценті |
Кс = ТА/ДА |
- |
0,05 |
0,24 |
4. Меншікті капиталдың маневрлік коэффициенті |
Км = СС/СК |
Км=0,5 |
-2,80 |
0,77 |
5. Қаржыландырудың меншікті көздерімен запастардың қамтамасыз етілу коэффициенті |
СС/ТМЗ |
Ко>=0,6-0,8 |
-47,91 |
-797,25 |
6.Өндіріске бағытталған мүлік коэффициенті |
ОС/А |
Кп.им>=0,5 |
0,53 |
0,20 |
7. Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарды тарту коэффициенті |
ДО/(ДО + СК) |
- |
0,95 |
1,68 |
8Қысқа мерзімді қарыз коэффициенті |
КЗ/О |
- |
0,17 |
0,35 |
*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері
“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорыны үшін бұл көрсеткіш кезең басында 23.1 тең және кезең аяғында нормалық шегі 0,5 болғанда, -3,77 – дейін азайды. Сәйкесінше, кәсіпорын кредиторға айтарлықтай тәуелді, ал бұл коэфиценттің төмендеуі оң деп бағалауға болмайтын кәсіпорынның тәуелдігінің арту қарқынын білдіреді.
Автономия коэфиценті кәсіпорын міндеттемесінің көлемінің меншікті қаражаттар көлеміне қатынасына тең қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэфицентін толықтырады.“ASTANA MOTORS”АҚ кәсіпорын талдау кезеңінің басында бұл көрсеткішті 0,04 тең болған еді, жыл аяғына нормативті шектеу 1 болғанда –0,26 дейін азайды. Осы көрсеткіштің мәні бірден көп болмаса да, оның тұрақты төмендеу тенденциясы байқалуда. Ол кәсіпорынның кредиторға тәуелдігінің қауыпті артуына әкелуі мүикін.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы сақталған кезде, қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттардың қатынасының коэфиценті кәсіпорынның мобильді қаражаттарының құнының имобильденген активтер құнына қатынасының мәнінен жоғары болуы тиіс. Кезең басында “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл коэфицент 0,05 құрады, ол оңтайлы мән болып табылады, ал кезең соңында 0,24 дейін өсті, осы кезде меншікті және қарыз қаражаттарының қатынасының коэфиценті –0,26 дейін төмендеді. Сәйкесінше, кезең аяғында бұл коэфицент мәні өсті, бұл кәсіпорынның қаржылық тұарықтылығының өскендігін білдіреді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын негізгі сипаттамасы –кәсіпорынның айналым қаражаттарының меншікті қаражат көзінің жалпы мөлшеріне қатынасына тең болатын моневрлік коэфиценті болып табылады. Ол осы қаражаттармен салыстырмалы еркін моневрлеуге мүмкіндік беретін, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі мобильді нысада екендігін көрсетеді.Бірақ, көрсеткіштің тәжірибеде тұрақтанған қандай да бір нормалық мәндері жоқ. Кейде, арнайы әдебиетерде коэфиценттің оңтайлы өлшемі ретінде 0,5 ұсынылады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл коэфицент 2004 жылы теріс мәнге ие және 0,77 ге дейін өседі.
Осыған сәйкес кәсіпорынның запастарды қалыптастыру және шығындар көздерінің қаражаттарымен қамсыздандырылуының қаржылық жағдайын бағалайтын абсолютті көрсеткіштердің маңыздылығын анықтайтын рольге сәйкес қаржылық жағдайдың тұрақтылығының басты қатысты көрсеткіштері болып меншікті айналым қаражаттарының көлемінің кәсіпорын запастары мен шығындарының құнына қатынасына тең меншікті қаражаттармен қамсыздандырылғандық көрсеткіштері табылады.”ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорыны үшін бұл коэфицент нормативтік мәні 0,6 – 0,8 болғанда, сондай – ақ теріс болып табылады.
Кәсіпорын қаражаттары құрылымның маңызды сипатын негізгі қаражаттардың, капиталдық салымдардың, құрал-жабдықтардың, өндірістік запастар мен аяқталмаған өндірістің құндық сомаларының баланс қорытындысына қатынасына тең өндірістік арналымдағы мүлік коэфиценті береді. Шаруашылық тәжірибенің мәліметтері негізінде нормалы болып 0,5 көрсеткіштерінің төменгі шегі табылады. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш кезең басында 0,53 құраған, ал кезең соңында 0,2 дейін төмендеді. Бұл коэфицент мәні норма шегінде болды, ал оның төмендеуі кәсіпорынның өндірістік арналымдағы мүлкінің азаюын білдіреді.
Кәсіпорын қаражаттарының көлемін сипаттау үшін автономия,қарыз және меншікті қаражаттардың қатынасы, маневрлік коэфиценттерімен қатар, көздердің шектелген топтарының құрылымының өзгеруіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштер де қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге, бірінші кезекте, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары мөлшерінің кәсіпорынның меншікті қаражаттары және ұзақ мерзімді несиелері мен зайымдарының көздерінің сомасына қатынасына тең қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэфицеттері жатады. “ASTANA MOTORS” АҚ бүкіл талдау жүргігуден кезеңде ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын шартты, бұл коэфицент кезең басында 0,95 тең және кезең соңында 1,68 дейін өсті.
Қысқа мерзімді қарыз коэфиценті кәсіпорынның жалпы міндеттер сомасында қысқа мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсетеді. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорында бұл көрсеткіш 2004 жылы 0,17 құраған және 2005 жылы 0,35 дейін өсті. Осы коэфиценттің өсуі қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорынның міндеттемелерінің жалпы сомасында үлесінің артуын білдіреді.
Осылайша, қаржылық тұрақтылық коэфиценті абсолютті көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың қорытындыларын растайды.
Баланс өтімділгін талдау қажеттігі қаржылық шектеулердің күшеюімен және кәсіпорынның несие қабілеттігін бағалау қажеттігіне байланысты туындайды. Баланс өтімділігі кәсіпорын міндеттемелерін оның активтерімен жабу дәрежесі ретінде анықталады. Олардың ақшалай нысанына айналу мерзімі міндеттемелерді өтеу мерзіміне сәйкес келеді.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесі топтарға бөлінеді:
А1 – айтарлықтай өтімді активтер – кәсіпорынның ақша қаражаттарын және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
А2 – тез өткізілетін активтер – дебиторлық қарыздар және де активтер.
А3 – жай өткізілетін активтер – запастар (алдағы кезең шығындарын алып тастағанда) және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.
А4 – қиын өткзілетін активтер – алдынғы топтарға енгізілген баптарды қоспағандағы негізгі құралдар.
Баланс пассивтері оларды төлеудің мерзімділік дәрежесі бойынша топталады:
П1 – айтарлықтай мерзімді міндеттемелер – кредиторлық қарыздар.
П2 –қысқа мерзімді пассивтер – қысқа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.
П3 – ұзақ мерзімді пассивтер – ұзақ мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары.
П4 – тұрақты пассивтер – капитал және резервтер.
Активтер мен пассивтер балансының сақталуы үшін П4 тобының қорытындысы болашақ кезең шығындары мен кәсіпорын зияндарының сомасына азаяды.
“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның баласының өтімділігі 1.4. –кестеде талданған.