
- •Мазмұны
- •1 Қаржы ағымдарын басқарудың теориялық аспектілері
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық ағымдарының мәні мен түрлері
- •1.2. Кәсіпорынның қаржы ағымдарын басқару
- •2 “Astana motors” ақ-ң қаржылық ағымдарын басқаруды талдау
- •2.1 “Astana motors” ақ қаржылық–экономикалық дамуы
- •2.2. Кәсіпорынның қаржылық ағымдарының құрылымы және олардың қалыптасу көздерін талдау
- •1.2 Кесте. “astana motors” ақ қаржылық ағымдарының құрылымы мен өзгеру динамикасы
- •2.3 ”Astana motors” ақ-ң қаржы ағымдарын пайдалану тиімдігін бағалау
- •1.3.Кесте “astana motors” ақ қаржылық тұрақтылық коэфиценттері.
- •1.4.Кесте. “astana motors”ақ баласының өтімдігін талдау
- •1.6.Кесте “astana motors” ақ – ң өтімділк коэфиценттері.
- •1.7.Кесте “astana motors” ақ іскерлік белсенділік коэффициенттері
- •3. ”Astana motors” ақ қаржылық ағымдарын басқаруды жетілдіру шаралары
- •1.3.Сурет. Есеп айрысу шотындағы қаражаттарының қалдығының өзгеруінің графигі.
- •1.4. Сурет. Миллер-Орр үлгісі.
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
1.2 Кесте. “astana motors” ақ қаржылық ағымдарының құрылымы мен өзгеру динамикасы
Көрсеткіштердің атауы |
2004 ж. |
2005 ж. |
Δ 2005 - 2004 ж. |
|||
Сумма, мың.тг. |
У.В., % |
Сумма, мың.тг. |
У.В., % |
Абс. Ауытқу. |
Ауытқу, % |
|
1. Таза пайда |
8269,05 |
12,36 |
-198075,25 |
-36,82 |
-206344,3 |
-2395,38 |
2. Амортизацияның барлығы |
6649,15 |
9,94 |
17415,07 |
3,24 |
10765,92 |
261,91 |
3. Мақсатты қаржыландыру |
3473 |
5,19 |
2760 |
0,51 |
-713 |
79,47 |
4. Қысқа мерзімді несие мен қарыздар |
16155,06 |
24,14 |
29655,7 |
5,51 |
13500,64 |
183,57 |
5. Ұзақ мерзімді несие мен қарыздар
|
16089,06 |
24,05 |
468177,5 |
87,02 |
452088,44 |
2909,91 |
6. Кредиторлық қарыздар |
16273,6 |
24,32 |
218085,5 |
40,53 |
201811,9 |
1340,12 |
Барлығы қаржылық ағымдар |
66908,92 |
100 |
538018,52 |
100 |
471109,6 |
804,11 |
Өндірістік шығындар |
11884,3 |
|
38396,2 |
|
26511,9 |
323,08 |
Қаржылық ағымдар мен өндіріс шығыстары қатынасының коэффициенті, % |
5,63 |
|
14,01 |
|
8,38 |
248,88 |
*“Astana motors” АҚ 2004-2005 жж. бухгалтерлік балансының мәліметтері
Кестеден көрініп тұрғандай, “ASTANA MOTORS” АҚ қаржы ағымдарының жалпы сомасында меншікті қаржы ағымдарының үлесі 2004 жылы 22,3% болған және 2005 жылы 8 % - ке дейін төмендеген. Меншік қаржы ағымдарының кезеңінде төмендеуі тек кәсіпорын меншік қаржылық ағымдарының негізгі көзі болып табылған таза пайда сомасының азаюынан болды.
“ASTANA MOTORS” АҚ–ң тартылған қаржы ағымдарының бүкіл сомасы – бұл кәсіпорынның айналым қаражаттарын толықтыруға мақсатты қаржыландырулар. Кәсіпорынның тартылған қаражаттары талдау кезеңінің басында 51990,72 мың теңгеден 2005 жылы 743859 мың теңгеге дейін өсті. Тартылған қаржы ағымдарының өсу қарқыны 1430,75 % құрады. Қаржы ағымдарының жалпы сомасындағы тартылған қаржы ағымдарының үлесі өте үлкен. Мұнымен кәсіпорынның тартылған қаржы ағымдарының өсуінің қаржы ағымдарының жалпы сомасына үлкен әсері түсіндіріледі.
“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның қаржы ағымдарындағы ең үлесі көбі – қарыз капиталы. Оның қаржы ағымдарының жалпы сомасындағы үлесі 2004 жылы 77,7% құрады және 2005 жылы 133,5% ке дейін өсті. Кәсіпорынның қарыз капиталы негізінен қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыз есебінен қалыптасқан. Қысқа мерзімді несиелер мен зайымдар талдау кезеңінің басында 16155,06 мың теңге құраса, талдау кезеңінің санында 29655,7 мың теңгеге дейінайтарлықтай өсті. Кредиторлық қарыз өсті, кезең басында ол 16273,6 мың теңгені құрады, ал кезең аяғында 21 8085,5 мың теңгені құрады. Қарыздық қаржы ағымдарының сомасындағы қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар үлесі 2004 жылы 24,14 құраған және 2005 жылы 5,51 % - ке дейін азайды. Сәйкесінше, талдау кезеңінің басында 24,32 % ті құраған кредиторлық қарыз үлесі осы кезеңнің соңына 40,53 % ке дейін өсті. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар үлесі азайды, ал талдау кезеңіндегі қаржы ағымдарының жалпы сомасындағы кредиторлық қарыз айтарлықтай өсті, сондықтан , қарыз капиталының жалпы сомасы бәрібір кәсіпорынның қаржы ағымдарының көп бөлігін алып жатыр. Өнімді өндіру көлемінің өсуінің үлесіміндегі кәсіпорынның қаржы ағымдарындағы қарыз капиталының жалпы үлесі – кәсіпорынның жабдықтаушылар мен кредиторларға жоғары тәуекелдігін және оның төменгі төлем қабілеттігін көрсететін теріс фатор.
Өндірістік процесті қамтамасыз ету үшін қаржы ағымдарының жеткіліктігі, өнім өндірісін кеңейту үшін бос ақша қаражаттарының болуы - қаржы ағымдарын басқарудың тиімдігін бағалаудағы қорытынды факторлар. Кәсіпорынның қаржы ағымдары кем дегенде оның өнімді өндіруге кеткен шығындарының сомасын жабуы керек. Өнімді өндіруге кеткен шығындары 2004 жылы 11884,3 мың теңгені құрады, ал кәсіпорынның қаржы ағымдарының сомасы 66908,92 мың теңгені құрады. Сәйкесінше, өндіріс шығындары мен қаржы ағымдарының % -к қатынасы 2004 жылы 563% құраған. 2005 жылы өндіріс шығындары мен қаржы ағымдарының қатынасы 1401% құрады.
“ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорындағы қаржы ағымдарының өзгеру динамикасы мен құрылымындағы жалпы тенденция – олардың өндіру шығындарының өсуімен бірге өсуі.
Қаржы ағымдары кәсірорын активтеріне трансформацияланады. Қаржы ағымдарын кәсіпорын активтеріне орналастыру рационалдығына және осы активтерді құрылымының оңтайлылығына кәсіпорын пайдасының сапасының, рентабельдігінің өзгеруінің артуы, сәйкесінше оның қаржылық жағдайының жақсаруы тәуелді.
Активтер құрылымы ең алдымен, кәсіпорын мүлкінің мобильділі деңгейін сипаттайды, сондай – ақ, осы мобильділік қандай элементтер есебінен қамсыздандырылады, төмендейді немесе артатынын анықтауға мүмкіндік береді. Активтер құрылымына кәсіпорынның төлем қабілеттілік және қаржылыққ тұрақтылық көрсеткіштері тікелей тәуелді. Сонымен қатар, бұл құрылым іскерлік белсенділік коэффиценттері көрсеткіштерінің жүйесіне де үлкен әсер етеді. Кәсіпорын балансындағы салымның басымды бағыттарын анықтауға жеткілікті негізді база болып табылады.
1.1.кестеде “ASTANA MOTORS” АҚ – ның 2004 – 2005 жж активтер мен пассивтердің құрылымы мен динамикасының өзгеруі талданған.
Кестеден көрініп тұрғандай бүкіл талдау кезеңінде мүлік құрамында иммобильденген активтер басымдыққа ие. 2004 жылы олардың мүлік құрамындағы үлесі 95,6 % болған, ал осы кезеңнің соңында ол 80,7 % ке дейін төмендеді. Сол кезде, ақшалай көріністегі иммобильденген активтер сомасы 2005 жылы қайта бағалау нәтижесінде өскен негізгі қаражаттар құнының өсуі есебінен артты.
Айналым активтерінің үлесі кезең басында 4,4 % - тен 2005 жылы 19,7 % - ке дейін өсті. Бұл кезде айналым активтері олардың мүліктегі үлес салмағы тәуелсіз оның ең мобильді бөлігі болып қалуы және соңғы дәрежеде кәсіпорынның төлем қабілеттігі мен несие қабілеттігін анықтайды. Осыдан келе, айналым активтерінің динамикасын бағалау өте маңызды. Әдетте, олардың өсуі қаржылық көзқарас тұрғысынан мүлік құрылымының жақсаруын білдіреді.
Кәсіпорын мүлкінің жаопы сомасындағы қысқа мерзімді дебиторлық қарыз кезең басында елеусіз үлесті (2,1%) құралған және кезең аяғында 15,8дейін өсті. “ASTANA MOTORS” АҚ кәсіпорынның дебиторлық қарызының сомасында сатып алушылар мен басқа да дебиторлық сенімсіз қарызы жоқ. Сәйкесінше, бүкіл дебиторлық қарызды және оның өсуін активтердің толық қанды мобильді элементі ретінде қарастыруға болады.
Сондай – ақ, айналым активтерінің өсу қарқыны 1134,85, ал иммобильденген активтердің өсу қарқыны – 220,3% құрағандығын айта кеткен жөн. Яғни, айналым активтерінің , өсіміне айналымнан тыс активтердің азаюы әсер еткен жоқ. Бұл мүлік құрамындағы айналым активтерінің үлесінің айналымнан тыс активтердің үлесінің сәйкес төмендеуі кезінде 4,4% - тен 19,3% - ке дейін өзгеруін қамтамасыз етті.