Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Куанышбек отчет практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.87 Mб
Скачать

Техникалық қауіпсіздік

Қауіпсіздік техникасы қауіпті өндірістік аймақтарда немесе факторларды жұмыс істеуге келтірілетін зияндардың алдын алатын ұйымдастырушылық ісшаралар мен техникалық құралдар.

Қауіпсіздік техника нұсқаунамасының түрлері:

  • Кіріспе нұсқаунама (білім немесе жұмыс өтіліне байлансыты);

  • Бірінші реттік жұмыс орнында (жұмысқа қабылданған күні);

  • Екінші реттік (6 айда 1 реттен кем емес);

  • Жоспардан тыс (еңбекті қорғау ережелері өзгерген кезде);

  • Ақымдық (жұмыс алдында наряд-рұқсат рәсімдеу үшін қызметкерлермен жүргізіледі).

Дербес компьютермен жұмыс істеген бөлмеде температура артады, ауаның салыстырмалы ылғалдығы төмендейді, ауаның иондық және сапалық құрамы нашарлайды, ауа құрамында органикалық заттар мен көмір қышқыл газы пайда болады. Ауа құрамындағы аталмыш заттардың мөлшері рұқсат етілген мөлшерден жоғары болуы мүмкін. Сондықтан микроклиматтың келесі параметрлерін қадағалап отыру керек:

    • Ауаның температурасы 180С-210С арасында;

    • Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-62%;

    • Ауа қозғалысының жылдамдығы 0.1 м/с кем болуы керек.

Ауа райына байланысты бөлмені желдетіп отыру қажет, ұзақтығы 10 минуттан кем емес болуы керек. Дәл осындай мақсатта терезелерге автономды кондиционерлер орнату қажет. Есептеу техника кешенін қоршаушы конструкциялардың дыбыстық оқшаулары да қандай да бір талапатраға жауап беруі керек. Шу деңгейін төмендету үшін бөлменің төбесі немесе қабырғасы еденнен 1.5-1.7 м жоғары және олардың беттері дыбыс жұтқыштық коэффициенті 63-8000 Гц жиілік арасында болатын дыбыс жұтқыш материалмен қапталуы шарт.

Жарықтаушы қондырғылар ретінде төбелік немесе төбеге ілінетін люминесценциялық шамдар сияқты жалпы жүйесін қолдану қажет.

Қабырғадан 0.8-1.0 м қашықтықта, бөлмені ұзындығы бойымен бір қатар болып орналасқан кездегі және экран қабырғаға перпендикуляр болғандағы жарықтандыру табиғи деп есептелінеді. Табиғи жарық ағымы оң жақтан, алдыңғы немесе артқы жақтан емес, тек сол жақтан түсуі керек. Экран мен адамның көзінің арасы 60-70 см болуы керек, бірақ 50 см кем емес. Сондықтан нәрсені 50 см-ге жақын қашықтықтан қарауға болмайды.

8.2 Тоқ соққысынан қорғану және электр тоғының адам өміріне қауіпі

Компьютерлік бөлмедегі құралдарды реттегенде және желілік кабельдерді жалғағанда адам өміріне электр қауіпі тууы мүмкін.

Адам ағзасы тоқты жақсы өткізетін материя болып саналады. Сондықтан тоқ соққысының әсерінен әр түрлі дәрежелі жарақаттар болуы мүмкін.

Тоқтың адамға әсері, билогоиялық жүйеге әсер ететіндей төрт сатыдан өтеді:

  1. 0.5-1.5 мА өзгерісті және 5-7 мА тұрақты тоқ – бұлшық ет тамырларының тартылуы, бірақ жүрек пен тыеыс алу мүшелеріне қауіпі жоқ.

  2. 8-16 мА өзгерісті тоқ – адамның талып қалуы, бұлшық ет тамырларының тартылуы, адамның тыныс алу және жүрек мүшелерінің жұмыс істеуіне қауіп төндірмейді. 40-80 мА тұрақты тоқ – адамның талып қалуы, бұлшық ет тамырларының тартылуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмысына тоқтап қалуына әкеледі.

  3. Клиникалық өлім – бұлшық ет тамырларының тартылуы, адамның талып қалуы, тыныс алу және жүрек жұмысын тоқтатады.

Билогоиялық өлім – 3-7 минуттан соң клиникалық өлімнен кейін басталады.