
Астана қаласының білім басқармасы
Астана қаласының Политехникалық колледжі
Есеп
Өндірістік – технологиялық тәжірбиесінен
Тәжірбие өту орны: Астана қаласындағы АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар»
Орындаған: Бауыржанұлы Қ.
Группа: П-10-21ГБ
Тексерген_________ Тусупов Е.Б.
Астана 2013 ж.
Мазмұны
Компания туралы Error: Reference source not found
Сапа саясаты Error: Reference source not found
Инвесторлар мен акционерлерге Error: Reference source not found
Басшылық Error: Reference source not found
Директорлар Кеңесі Error: Reference source not found
Басқару Error: Reference source not found
Әлеуметтік жауапкершілік Error: Reference source not found
Тапсырыс берушілер Error: Reference source not found
Компанияның стратегиясы мен миссиясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамы 2000 жылғы 4 сәуірде құрылды.
«ҰАТ» АҚ құрылған кезеңінен бастап электрондық үкіметтің базалық құрауыштарын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды бастамалаудан аяқтағанға дейін АТ-жобаларды басқару жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» ационерлік қоғамы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің еншілес компаниясы болып табылады.
Қоғамның миссиясы – заманауи сервистік, ұйымдық және ақпараттық технологияларды қолдану жолымен мемлекеттік басқарудың сенімді, тиімді, клиентке бағытталған жүйесін құруға жәрдемдесу.
Компанияның құндылығы:
Тиімділік: біздер ең бастысы алға қойылған мақсаттарға үнемі қолжеткізуде жәрдемдесудің және барлық қолжетімді адами, технологиялық және техникалық ресурстарды берудің барлық мүмкіндіктеріне жетудің нәтижесін қоямыз.
Сапа: біздің жұмысымыздың нәтижелері тұтынушылардың талаптары мен күтілетін нәтижелерін үнемі қанағаттандырады, себебі біздермен көрсетілетін қызметтер және құрылатын өнімдер сенімді, қолайлы және қауіпсіз. Біздің қабілеттілігіміз қайта жасаусыз және қайталаусыз сапалы нәтижеде қамтамасыз етуде кәсібилікке, міндеттердің өзін түсінуге, клиенттеріміздің қажеттіліктері мен сұраныстарына негізделген.
Команда: біздің қазіргі және келешектегі жетістіктеріміз – кәсіби, жауапты және жұмылдырылған команданы қалыптастыратын біздің барлық адамдарымыздың жалпы жетістіктері. Білім мен технологияны тиімді қолданатын команданы, өз сөзінде тұра алатын және ауқымын үнемі арттыратын команданы, әрбір мүшесі ішкі қабілеттілікке ие команданы нәтижеге жету үшін жалпы мақсаттар мен жоғарғы ішкі дәлелдеуді негізге алу қажет.
Дамудың стратегиялық бағыттары
Өзінің көрінісіне жету және сенімді, тиімді, клиентке бағытталған мемлекеттік жүйені құру жөніндегі миссияны іске асыру және «электрондық үкіметті» техникалық іске асыру үшін Компания екі стратегиялық бағыт бойынша әрекет ететін болады:
1. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту:
1
мақсат. «Электрондық үкіметті» құрудың
идеологиялары мен технологияларын құру
және ілгерілету.
2 мақсат. Мемлекеттік органдар үшн АТ инфрақұрылымды және сервистерді тиімді қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету.
3 мақсат. «Электрондық үкімет» құрауыштарына қатысты жобаларды басқару және үйлестіру.
2. Компания қызметінің тиімділігін арттыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру. Мақсаты: Тиімді Компанияны қалыптастыру.
Компания мынадай ірі жобаларды басқаруға, олар: мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін және («Жеке тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Мекенжай тіркелімі», «Заңды тұлғалар») Мемлекеттік деректер қорын, мемлекеттік органдардың Куәландырушы орталығын, электрондық үкімет порталы мен шлюзін, ХҚКО ЫАЖ, Е-нотариатты, мемлекеттік органдардың блог-платформалары мен сайттарын құруға және дамытуға тікелей қатысады.
Компанияда бар өңірлік орталықтардың тармақталған желісі өңірлерде ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның жұмыс істеуін дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді.
Компания қызметінің жарқын көрсеткіштерінің бірі – электрондық үкіметке жаһандық даярлық жөніндегі БҰҰ жылсайынғы рейтингі. Халықаралық ұйымдардың деректері бойынша 2012 жылы Қазақстан 46-дан 38-ші орынға көтерілді. Орталық Азия елдерінің арасында 1 орын.
Е-қатысу индексі бойынша критерия заңдардың, қағидалардың, қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігін бағалайды, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимылды, шешімдерді қабылдау процесінде азаматтардың қатысуын бейнелейді, Қазақстан 2 орында.
«ҰАТ» АҚ мынадай әлемдік компаниялармен: IBM, Microsoft, SAP, Oracle, HP, Adobe, Cisco, Fujitsu-Siemens, VerySign, InterSystems әріптестік қатынастар жолға қойылған.
АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Австрия және басқадай елдерден сарапшылармен белсенде ынтымақтасамыз.
Компанияның миссиясы – заманауи сервистік, ұйымдық және ақпараттық технологияларды қолдану жолымен мемлекеттік басқарудың сенімді, тиімді клиенттке бағытталған жүйесін құруға жәрдемдесу.
Компания 2015 жылға электрондық үкіметті дамытудың халықаралық рейтингісінде бірінші 30 елдің қатарына және 2020 жылға - электрондық үкіметті дамытудың халықаралық рейтингісінде бірінші 25 елдің қатарына Қазақстан Республикасын шығару мақсатында электрондық үкіметті қалыптастырудың және дамытудың салыстыра тексерілген бағыты бойынша жылжуда.