
- •Құжаттарды топтастыру
- •Анықтама
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Мәтінге арналған сөздік
- •5 Жыл сақталады – хранятся 5 лет
- •Өмірбаян
- •Өмірбаян
- •Сенімхат
- •Сенімхат
- •Мәтінге арналған сөздік
- •Бұрыштама
- •Түсініктеме хат
- •Түсініктеме үлгісі
- •Келісімшарт
- •Жарнама
- •Құттықтаухат
- •Түйіндеме
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •Жеделхат
- •Ұсыныс хат
Мәтінге арналған сөздік
Баяндау хат – докладные записки
кәсіпорын – предприятие
басшысы – руководитель
тұжырымдар – выводы
ұсыныстар – предложение
құбылыс – явление
қалыптасқан оқиға – сложивщаяся ситуация
жоғары тұрған – вышестоящий
бастама – инициатива
нұсқау – указание
құрастырушы – составитель
шешім қабылдау – принять решение
мазмұн – содержание
ашатын – раскрывающий
ресімдеу – оформление
5 Жыл сақталады – хранятся 5 лет
7.
Өмірбаян
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады.
Міндетті мәліметтер:
Құжаттың аты (өмірбаян)
Аты-жөні, тегі, туған жылы, айы, күні, туған жері
Ұлты
Білімі, оқыған оқу орындары
Қоғамдық-саяси қызметі
Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет
Қазіргі жұмысы, мекенжайы
Өмірбаян
Мен, Марат Дәулетұлы Тағаев, 1963 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970 жылдан 1980 жылға дейін Нарынқол орта мектебінде оқыдым. 1980 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институтты бітіргеннен кейін 1985 – 1988 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтында жұмыс істедім. 1988 жылғы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. Ата-анам бар: Әкем Тағаев Дәулет – Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті зейнеткер; анам – Тағаева Сатылхан – ұзақ жылдар бойы Нарынқол орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Отбасым бар: жұбайым – Жүнісқызы Тұрағалды, жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар, олар орта мектепте оқиды.
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенанттық әскери шенім бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ұйғыр және ағылшын тілдерін жетік білемін. Компьютерлік бағдарламаларды толық меңгергенмін, Интернетте жұмыс істей аламын.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі, 172 үй.
8.
Сенімхат
Сенімхат – сенімді тұлғаға сеніп тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат.
Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.
Сенімхаттың екі түрі бар: кәсіпорындар беретін ресми сенімхат және азаматтар (жеке тұлғалар) беретін жеке сенімхат.
Ресми сенімхат мәмілелер жасауға, ақша, материалдық-тауар құндылықтарын алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүргізуге кәсіпорын атынан сол кәсіпорынның өкіліне беріледі. Оның мынадай деректемелері болады:
ұйымның атауы;
ұйым туралы анықтамалық деректер;
құжат түрінің атауы;
құжаттың күні;
құжаттың тіркеу нөмірі;
құжаттың мәтіні;
лауазымды тұлғалардың қолы;
кәсіпорынның мөрі.
Сенімхаттың мәтінінде:
сенімді тұлғаның лауазымы және төлқұжат деректері;
сенімхат бойынша іс-әрекет жүргізілетін ұйымның атауы;
іс-әрекет түрі;
сенімхаттың қолдану мерзімі көрсетіледі.
Сенімхатты кәсіпорынның бланкісінде ресімдеуге болады. Сенімхатта көрсетілген іс-әрекет ақшаға немесе материалдық құндылықтарға қатысты болса, оған кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері қол қояды. Көбінесе, сенімхаттардың үлгі бланкілері пайдаланылады.
Жеке сенімхаттар сеніп тапсырушының (азаматтың) атынан жалақы алуға немесе еңбек қатынастарына қатысты басқа да төлемдерді, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды, банктегі салымдарды, хат-хабарларды, оның ішінде ақша аударымдары мен заттай сәлемдемелерді алуға беріледі. Аталған сенімхаттар нотариаттың куәландыруын қажет етпейді.