Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_tarikhy_rubezhka_shpor (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.98 Кб
Скачать

11.1 Қр жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі

1995 жылы Президент Жарлығымен республика астанасы Ақмола қаласынна көшірілетіні жөнінде шешім қабылданды да, ол 1997 жылы 10 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының ресми астанасына айналды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана қаласы болып өзгертілді.Қазақстан 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны, гуманист, ойшылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығын кеңінен атап өтті. Абай мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды. Абай мерекесі, Абай оқулары алдымен Мәскеуде, Стамбұлда, Парижде, Лондонда басталып, республика астанасы мен ақынның туған жері - Семейдегі Абай ауданында аяқталды. 1995 жылы 9 тамызда Республика Сарайында салтанатты жиналыс болып өтті, онда Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама жасады. Мерекеге Ф.Майор бастаған ЮНЕСКО өкілдері, ТМД елдерінің басшылары, көптеген делегациялар мен шетелдік қазақ диаспораларының өкілдері жиналды.1996 жыл - көрнекті суырыпсалма ақын Жамбыл Жабаев жылы болды. Ақынның туған жерінде ескерткіш орнатылды, Қазақстан бойынша мерейтойлық салтанаттар өтті. Ұлы ақындардың мерейтойларьын мерекелеу Қазақстан халықтарын біріктірген бүкілхалықтық және интернационалдық мейрамдарға ұласты. Олар республиканың мәдени өмірін жандандыра түсті. Қалаларда әр түрлі халықаралық конференциялар өткізілді, концерттер беріліп, көрмелер ұйымдастырылды. Алматыда аса көрнекті суретші К. Рерихтың көрмесі өткізілді. Иранның, Пәкстанның, Ресейдің белгілі шеберлерінің туындылары көрсетілді.

Дегенмен қоғамдық-саяси жағдайлардың жылдам езгеруіне, әлеуметтік қарама-қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлауына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани көңіл күйі күрделі болып қала берді. Алаңдаушылық тудырып отырған тек әлеуметтік проблемалар ғана емес, сонымен қатар бұрыңғы Одақ кезіндегі республикалар арасындағы интеграцияның бұзылуы. Шешенстандағы соғыс, Тәжікстандағы қанды қақтығыстар, бұрынғы ортақ Отан аумағының барлық аймақтарындағы экономикалық және саяси тұрақсыздықтар да жалпы жағдайды ауырлата түсті.

Қазақстанның тарихи даму қорытындылары

Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі жылдардағы еліміздегі өзгерістер 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелегенде қорытындыланды. Осы айтулы датаға арналған салтанатты жиналыста Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: «Біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жолдан өттік. Біз еркін тыныстайтын, еңсе жазатын күйге көштік. Біздің санамызды, зейін-зердемізді, жанарымызды тұмшалап келген бірталай көнерген сарқыншақтардан, теріс пайым-ұғымдардан арыла алғанымызға да күмән жоқ».

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Ресеймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, ҚХР-мен, Қырғызстанмен шекараға қатысты мәселелерді толық реттеді. Бұл - маңызы аса зор тарихи оқиға, өйткені шекара дауы ондаған жылдарға созылуы және қақтығыстар мен қанды соғыстар тууына себепкер болуы мүмкін.

Ең күрделі мәселелердің бірі - Қарулы Күштерді құру болды. КСРО-дан Қазақстанға мұраға берекесіз, біртұтас басқару жүйесі жоқ армия қалғаны белгілі. Армияның материалдық-техникалық жарақтануы да өте әлсіз еді. Республикамыздың армияны жаңадан құруына тура келді. Қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстан 2005 жылға қарай соғысқа қабілетті армия жасақтай алды. Қазақстандық батальондар Тәжікстан шекарасын қорғауға қатысты. Ресей, АҚШ, Түркия әскерлерімен бірлескен әскери жаттығулар тұрақты өткізілді, оларда Отан қорғаушылардың әскери өнері шыңдалды.

Экономикалық жағдайдың жақсаруы

XXI ғасырдың басына қарай Қазақстан қол жеткізген басты жетістік - экономикалық жағдайдың түбірімен жақсаруы болды. Белгіленген бағдарламаларды дәйекті түрде жүзеге асыру экономиканың жан-жақты құрылымдық өзгерістеріне жеткізді. Нарықтық қайта құруларға бейімделмеген совхоз-колхоздар жүйесі жойылды, жеке меншік енгізілді, шағын және орта бизнестің әр түрлі нысандары қалыптасты, оларда 2001 жылға қарай 1 млн 600 мың адам жұмыс істеді. Мыңдаған кәсіпорындар жеке адам қолына өтті. «Шеврон», «Самсунг» т. б. ірі компаниялар Қазақстан экономикасына берік орнықты. Ескі жүйе догмасынан арылған адамдар билік пен бизнеске келді. Қазақстан экономикасының көркеюіне мұнай бағасының кетерілуі де жағымды әсер етті. Ел экономикасына шетелдік аса ірі компаниялар тартылды. 1993-2000 жылдары Қазақстан 14,7 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция алды. Дегенмен, ең басты ғаламдық өзгеріс адамдар санасында жүрді: олар нарықтың артықшылығын сезінді, мемлекет мәжбүрлемей-ақ жақсы табыс тауып, жақсы өмір сүруге болатынын түсінді.

Ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасы[

1997 жылы 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды, онда Қазақстан дамуының алдағы бағдары нақты көрсетілді. 1998 жылдан Қазақстан зейнеткерлік жүйені, мемлекеттік қызметті, сот, білім беру, денсаулық сақтау жүйесін ұзақ мерзімді реформалауға кірісті. Ауылда да күрделі өзгерістер жүрді. Өте аз уақытта қираған колхоздар мен совхоздар орнына серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, фермер шаруашылықтары пайда болды. Бірақ ауылдағылардың совхоздардың өте тез қиратылуынан алғашында екі ұдай жағдайда қалғаны рас еді. Олардың жеке шаруашылық жүргізу дәстүрінен ажырауының, нарықтық шаруашылыктың қыр-сырын білмеуі де кері әсер етті. Кептеген ауыл тұрғындары өздерінің жер үлестерін өте арзанға сатты, ауыл шаруашылық құралдарын ойланбай бөліске салды.

Нәтижесінде ауылдықтар жаңа алыпсатарлардың, әр түрлі делдал фирмалардың алдауына түсті. Нарыққа өту ауылдық жерлерде өте қиын жүрді. Адамдар деревнялар мен ауылдарды тастап, қалаларға, аудан орталықтарына көше бастады. Алқаптар өнделмеген күйі қалды.

Ауыл шаруашылығы несие беру мәселесі реттеліп, ауылда нағыз қожайын пайда болғанда дами бастады. 2004 жылы күрделі ауа райы жағдайына қарамастан Қазақстан мол астық жинады.

Шешімін таппаған проблемалардың бірі-қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі еді. Республикадағы қазақ тілінің жағдайы сын көтермейтін жағдайға ұшыраған-ды. Егеменді елімізде соңғы жылдары қазақ тілін қайта түлету және дамыта түсу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Мемлекетіміздің одан әрі дамуы барысын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында анықтап беріп отырады. 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан - дамуға» атты Жолдауында Н.Ә.Назарбаев еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың өзекті тұстарын нақты айқындап берді: «Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады».

Серпінді елдің сәулетті Астанасы[

Байтерек

1997 жылы 20 қазанда тәуелсіз Қазақстанның өмірінде тағы бір маңызды оқиға орын алды: Мемлекет басшысының Жарлығымен ел астанасы Ақмола болып белгіленді. 1997 жылы 8 қарашада астанаға мемлекеттік билік атрибуттары - Ту, Елтаңба мен Президент байрағы әкелінді. 1998 жылы 6 мамырда ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Қазақстан астанасына «Әлем қаласы» атағы беріліп, медаль табыс етілді.

1995 жылы «Жаңа астана» арнайы қоры құрылды. Қаланы одан әрі дамытуда 1996 жылы Астананы еркін экономикалық аймақ деп жариялаған шешім маңызды рөл аткарды. Қаладағы құрылыс жұмыстары кең масштабпен құлаш жайып, Астана халықтың көз алдында жайнап сала берді. Астанадағы ірі архитектуралық-көркем композидиялардың бірі «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткіші. Оның биіктігі 97 метр. Монумент астананың барлық көрінісіне шолу жасауға болатын көру алаңшасы бар өзгеше ғимарат.

«Қазмұнайгаз» ғажайып ғимараты

Сол жақ жағалауда «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының ғажайып ғимараты тұрғызылды. Көлік және коммуникациялар, Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерінің және Ұлттық кітапхана мен мұрағаттың ғимараттары салынды.

ҚР Президентінің резиденциясы - Ақорда, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Үкімет пен министрліктердің бірнеше ғимараттары бой көтерді.

Астанада көптеген су бұрқақтары мен саябақтар салынуда. 2001 жылдан бастап жабдықталуы бойынша теңдесі жоқ Республикалық клиникалық аурухана жұмыс істейді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен республикадағы білікті маман дайындаудың жетекші

орталықтарының бірі - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ашылды.

Президенттік мәдениет орталығында тарихи мұражай, қоғамдық кітапхана мен органды концерт залы орналасқан. Астананың көрнекі «Атамекен» этномемориалдық паркінде Қазақстанның барлық облыстары макеттік түрде көрініс тапқан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]