
- •К омпания туралы
- •Компания құрылымы
- •Компанияның клиенттері
- •Серіктестер
- •Сапа менеджмент жүйесі және аж-сервистері басқару жүйесі
- •«Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақ Басшылығы және еңбек ұжымының өкілдері ұжымдық шартқа қол қойды
- •«Ұат» қоғамының үлкен жобалары
- •Директорлар кеңесінің құрамы
- •Техникалық қауіпсіздік
- •8.2 Тоқ соққысынан қорғану және электр тоғының адам өміріне қауіпі
- •Өндірістік қызметі Практика кезінде маған келесі міндеттерді орындау қажет болды
- •Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі
- •2012-2014 Жылдар аралығына эқабж бағдарламалық қамтамасыз етуін сүйемелдеу жоспарланды.
- •Байланыстар
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақ Басшылығы және еңбек ұжымының өкілдері ұжымдық шартқа қол қойды
2012 жылғы 12 наурызда Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ еңбек ұжымы жұмыскерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы кәсіби қарым-қатынастардың негізгі аспектілерін реттейтін және компания қызметкерлері ұсыныстарының негізінде жасалған ұжымдық шартқа қол қойды.
Шарттың
негізгі мақсаттары:
оның жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігіне, ұзақмерзімді үдемелі дамуға, оның қоғамдың беделінің артуына және іскерлік беделге барынша жәрдемдесетін әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін құру
Қолданыстағы Еңбек кодексімен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын жақсартатын әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кепілдіктерін орнату
жұмыскерлердің және олардың отбасылары өмірлерінің деңгейін арттыру
ұйымды жетілдіру және еңбек төлемін ынталандыру
еңбекақының өсуін қамтамасыз ету
жұмыскерлерді, зейнеткерлерді, мүгедектерді әлеуметтік қорғау бағдарламаларын толық көлемде іске асырылуы
ұжымда жағымды психологиялық жағдайларды құру болып табылады.
Шартта жұмыс беруші мен жұмыскерлердің бір біріне қатысты міндеттерін, жұмыс уақытының нормалары және оны пайдалану, қызметкерлер демалысының қағидалары және олардың еңбегін төлеу айтылады. Келісімнің негізгі бөлігі «Әлеуметтік кепілдемелер» тарауы болып табылады, онда «ҰАТ» АҚ басшылығының әлеуметтік жауапкершілігінің дәрежесі белгіленген. Атап айтқанда, жұмыс беруші әрбір жұмыс орнына сәйкес жұмыс жағдайларының регламенттерін әзрлеуге және жұмыскерлердің еңбек үдерісінің мазмұнындағы өзгерістермен байланысты қажетті түзетулерді жүйелі түрде енгізуге міндеттенеді. Құжатта сондай-ақ өзара іс-қимылдың тиімді және жағымды жүйесін құрудың аясында тараптардың басқа да қосымша құқықтары мен міндеттері белгіленген.
Осы келісім 2015 жылғы 12 наурызға дейін 3 жыл мерзімге жасалды.
«Ұат» қоғамының үлкен жобалары
Электронды
үкімет жобаларына ондаған алуан түрлі
ақпараттық жүйелер (АЖ), регистрлер,
Мемлекеттік деректер қоры (МДҚ), жүздеген
қосымшалар мен қызметтер жатады. Олар:
«Е-әкімдік» АЖ, «Е-нотариат»
АЖ, «Жеке тұлғалар» АЖ МДҚ, «Заңды
тұлғалар» МДҚ, «Жылжымайтын мүлік
регистрі» МДҚ, Мемлекеттік органдардың
электронды құжат айналымының бірыңғай
жүйесі, «ХҚКО» біріктірілген АЖ,
«Е-лицензирование»
АЖ МДҚ, мемлекеттік органдардың
интернет-порталы, электронды үкімет
шлюзі және төлем шлюзі, т.б. Солардың
бірнешеуіне, яғни сіздер өз беттеріңізше
жүгіне алатын ресурстарға тоқталып
өтейік.
e.gov - Электронды үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дәл осы механизм.
Басқаша айтқанда, электронды үкімет деп лицензияны рәсімдеу үшін ЖСН ғана керек болатын (басқа ақпараттың бәрі дағдылы сұранымдар арқылы алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге болатын, анықтама алу үшін ХҚКО-ға жеке куәлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, немесе электронды үкімет порталында небәрі 10-15 минут ішінде анықтама алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекенжай анықтамасын ұялы телефонға алдыртуға болатын және осы секілді басқа да көптеген жағдайларды айтамыз.
e – license - «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі Қазақстанның барлық азаматтарының лицензия және рұқсат құжаттарын онлайн жүйесінде алуына мүмкіндік береді, бұл әсіресе республиканың шалғай өңірлерінің тұрғындары үшін аса маңызды.
Түрліше мемлекет органдарынан алынатын толып жатқан анықтамалар мен құжаттардың орнына лицензия мен рұқсат құжаттарын алу үшін электронды лицензиялау порталындағы бір ғана онлайн-сұраным талап етіледі. Сонымен бірге лицензия және рұқсат алу үдерісі мейлінше әділ. Оның үстіне, электронды лицензиялардың бірыңғай реестрінің арқасында әрбір азамат компания лицензиясының бар екенін, дұрыстығын және оның мәртебесін тексере алады.
2012 жылдан бастап барлық қызмет түрлеріне арналған лицензиялардың 100% электронды лицензиялау жолымен беріледі.
E – learning - Электронды оқу ақпараттық жүйесі білім беру қызметінің сапасын арттыруға және білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жүйе оқу үдерісінің барлық қатысушыларына арналған: оқушылар онлайн жүйесінде күнделік және күнтізбе жүргізеді, болуға тиісті іс-шаралар жөнінде хабарландыру алады, барша оқу материалына, сабақ кестесіне және онлайн үй тапсырмаларына рұқсат алады.
Мұғалімдер мен оқытушылар онлайн журнал жүргізеді, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар және солардың негізінде сабақ жоспарларын әзірлейді, оқушылар мен олардың ата-аналарын құлақтандыруға, есептілікті қалыптастыруға және тағы басқаларына мүмкіндік алады. Ата-аналар балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын қалаған жағдайда смс-таратылым алу арқылы қадағалай алады, баласының оқу материалын қалай меңгергенін бақылап отырады.
Сонымен
қатар, оқу орны жоғары технологиялық
компьютерлермен және Интернет жүйесіне
кең жолақты қолжетімділікпен, ал
әкімшілік - оқу үдерісін басқарудың
тиімді құралдарымен жабдықталады
E – notary - «Е-нотариат» бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесі – нотариалдық қызметті бақылауды жақсарту және нотариустардың жұмысын оңтайландыру мақсатында әзірленген жүйе.
Жүйе нотариалдық іс-әрекеттердің электронды реестрде тіркелуін жобалайды, сондай-ақ, заңгерлік мәмілелердің барлық қатысушылары үшін пайдалы. «Е-нотариат» нотариустарға құжаттардың түпнұсқалылығын тексеруге, жылжымайтын мүлік жөнінде мәлімет алуға, мұрагерлік істер мен өсиетхаттардың есебін жүргізуге, электронды үкімет порталынан электронды анықтама алуға және сенімхаттардың түпнұсқалылығын тексеруге мүмкіндік береді. Осындай жағдайда нотариусқа жүгінген азаматтардың мәліметтердің анықтығына, мәміленің легитимділігі мен заңдылығына сенімді болуына болады.