Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алты айға дейінгі жастағы сәбилерде кездесетін...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

34.Сурет. Жақтауша-кергі

Жақтауша-кергінің көмегімен -222 нәресте, «Ксюша-құрылғысымен» - 92 науқас, Павлик үзенгісімен – 1300 бала емделді.

Авторлар бұл жасалған құрылғылардың тиімділігін атап көрсетті:

  • Ортанжіліктің басының туа біткен шығып кетуінде;

  • Ұршық ойығында ортан жіліктің басының орталықтануын реттеуде;

  • Ортанжіліктің мойынының вальгизациясы дамуының алдын-алуда;

  • Ортанжіліктің мойнының антеторсиясында;

  • ұршық ойығының дұрыс құрылмауында және т.б.

Жамбас буынның дисплазиясын баспалдақ көмегімен емдеу.

Баспалдақты (немесе үзеңгіні) салғаннан 1-2 күнге дейін бала үйренуі керек, сосын ғана шығуды түзетуге арналған аяқты 80º-90º алшақтату мен аяқты бүгу гимнастикалары жасалады. Шығып кетуді клиникалық тұрғыда орнына түсіргенге дейін бала дәрігердің бақылауында болады. Бұл кезеңде ортанжілік басының асептикалық некрозының дамуына септігін тигізетін (шығып кетуді тез арада орнына қою және аяқты жылдам алшақтату кезіндегі ауырсыну сезімдерін болдырмауға) жағдайларға көңіл бөлу керек.

Егер шығып кеткен ортанжілік басы 80º-90º алшақтатуда орнына түспесе, онда үзеңгіні одан да үлкенірек етіп тартып, аяқты аксиялды қалыпта ұстау керек, сол кезде ғана сүйектің басы төмендемей, ұршық ойығының ішкі жиегімен түзетіледі.

Щығып кетуді түзетудің клиникалық белгілері:

  • түзетілген шығуда бөксе мен санның аралығында симметриялы қатпарлардың болуы;

Бұл симптомды анықтау үшін баланы үзеңгіде етбетімен жатқызып қарайды, егер ортан жіліктің басы түзетілмесе, онда бөксе-сан қатпарлары патологиялық жағында өте қысқа болады немесе көрінбейді.

Қалыпты жағдайда бөксе-сан қатпары санның бүйір беткейіне дейін жетеді.

Екінші белгі - Скарпов үшбұрышында ортанжілік басының пальпацияда Скарпов үшбұрышында анықталуы. Бұл симптомды анықтау үшін дәрігер 1-ші саусағы Скарпов ұшбұрышында болатындай етіп, санды ұстайды, ал қалған саусақтары бөкседе болады. Екінші қолымен ротациялық қозғалыстар жасайды. Қалыпты жағдайда және орнына түскенде 1-ші саусақтың астында ортанжіліктің басының қозғалысы анықталады, егер сезілмесе, яғни тек шұңқыр пальпацияланса, онда орнына түспегені. Баланың үзеңгіде болу ұзақтығы 2 айдан 4 айға дейін (баланың жасына, сонымен қатар емнің басталуы, ацетабулярлы бұрыштың көлеміне және жамбас буынының тұрақсыз индексіне байланысты). Содан кейін баланың аяғын 45º созу және алшақтату қалпында жамбас буынының рентгенограммасын жасайды. Нәтижесінде ортанжілік басының орталықтануы бұзылса, ем Павлик үзеңгісінде жалғастырылады. Егер сүйек басының орталықтануы бұзылмаса, емді 2 айдан 6 айға дейін жамбас буынының толық дұрыс дамып, жетілуі үшін Виленский жақтауша құрылғымен жалғастырады. Консервативті емді жүргізу мен оның көрсеткіштерін анықтау үшін орнына түсірудің тұрақты индексін анықтау әдісі қолданылады.

Шығуды сынама түзету жолында қимыл-қозғалыс көлемін градус бойынша анықтау жүргізіледі, яғни бұл кезде релюксация болады, бұл көрсеткішті біз тұрақтылық индексі деп атаймыз.

Бұл әдіс келесідей орындалады:

Сынама орнына қою наркоз арқылы жасалады, егер балаға алдын-ала аддуктотомия жасалса, онда сынама түзету аддуктотомияға дейін және кейін жүргізіледі. Балада шалқасынан жатқан қалпында санды бірте-бірте ию және алшақтату жасалады, зерттеушінің 2-ші және 4-ші саусақтары үлкен ұршық басында болады. Бірмезетте алшақтатумен қатар дистальды бағытта санның осі бойымен тракция жасалды. (35а сурет). Ал ортаңғы саусақпен ұршық ойығы бағытымен үлкен ұршық басын басамыз. Егер ортанжіліктің басы орнына түссе, онда сыртылдау сезіледі. Баланың саны бір-бірінен айтарлықтай алшақтайды (35.в-сурет)

а.

б. в.

35.Сурет. Тұрақтылық индексін анықтау реттері.

Бұрыштың мөлщеріне байланысты тұрақтылық индексі үш түрге бөлінеді:

  1. тұрақсыз – 10º-тан төмен;

  2. шартты тұрақты – 10º-25º-ке дейін;

  3. тұрақты – 25º-тан жоғары.

Осы табылған көрсеткіштерді рентген көрсеткіштерімен салыстыра отырып емнің түрлі әдістерін ұсынуға (консервативті емнің тактикасын және оперативті емнен кейін қимыл-қозғалыс көлемін анықтауға) мүмкіндік туады. Егер ортан жіліктің басы орнына түспесе немесе индекс тұрақсыз болса, оперативті емге нұсқау беріледі. Шартты тұрақты индексте- гипстік байламның ұзақтығы 6 айға дейін созылады, Лоренц 1 қалпынан Лоренц 2 қалпына 3 айдан соң, ал Лоренц 3 қалпына 1-1,5 айдан соң ауыстырылады.

Тұрақты индексте ем ұзақтығы 3-4 айға дейін тоқтатылады, Лоренц 1 қалпынан Лоренц 2 қалпына ауыстыру 1,5-2 айдан соң және қозғалыс көлемі ұлғаяды. Лоренц 3 қалпына 1 айдан соң ауыстырады.

Тұрақтылық индексінің көрсеткіштерінің ауқымы сонымен қатар 6 айға дейінгі балаларда үзеңгіні қолдану арқылы консервативті емде де қолданылады. Бұл жаста тұрақтылық индексін анықтау наркозсыз жасалынады. Рентгенологиялық көрсеткіштермен қоса алынған көрсеткіштер үзеңгіні қоюда, оған әрі қарай Лоренц 1 қалпынан Лоренц 3-ке дейін ауыстыруларында, емнің ұзақтығын анықтауда және диспансерлік бақылауда қолданылады.

Осылай тұрақтылық индексін есептеу салыстырмалы түрде емдеу әдісін таңдауға, консервативті емнің тактикасын дұрыс анықтауда және оперативті емнен кейін емдік дене шынықтыру жаттығуларын тағайындауға зор мүмкіндік береді. Аяқтың туа біткен шығуын емдеу көптеген дәрігер мамандардың – ортопед, невропатолог,физиотерапевт,педиатр, ЕДШ дәрігерлерінің назарында болады.

Шығып кетуде үзеңгінің, жақтауша-құрылғы көмегімен алғашында біртіндеп түзету жүргізіледі, содан кейін ғана жамбас буынының жетілуіне функциональды жағдайлар жасалады. Сол себептен шығудың патологиясын жақсы білетін ортопед ем жүргізуі қажет.

Жоғарыда аталған ұзақ уақыт иммобилизацияның (қимылдатпау, бекіту) теріс жақтарын болдырмау үшін жамбас буынына біртіңдеп көбейтілетін қимыл-қозғалыстар және оның дұрыс дамып-жетілуіне әсер ететін жаттығулар тағайындау керек. Осы жетістіктерге жету үшін тұрақтылық индексіне және ренгенометриялық көрсеткіштерге сүйене отырып, жамбас буынға мөлшерленген көлемде қимыл-қозғалыстар жасауға мүмкіндік беретін кокситті гипсті байлама ұсынылады.

Тұрақсыз жамбас буынында қимыл-қозғалыс көлемі 10º төмен болса, шығуды ашық түрде түзетуге нұсқау беріледі. Егер «тұрақтылық индексі» 10º жоғары болса, аяқтың функциионалды қалпында горизонтальді кеңістіктен басталатын жабысқақ пластрьмен тартып созады:

  • жамбас буынынды 30º-35º-қа дейін бүгу;

  • тізе буынынды 170º-қа дейін бүгу;

  • 15º-қа дейін алшақтату;

Жүкті 0,5-тен 1,5-2 кг-дейін көбейтеміз, күнделікті 0,5кг қосып отырамыз. Горизонтальды кеңістікте 3-5 күн бойы аяқтың функциональды қалпында созамыз, сосын 7-10 күн көлемінде 7-10-қа вертикальды қалыпқа өзгертеміз

а б

в г